Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу



ЖОСПАР

I Кіріспе

Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу

II Негізгі бөлім
1 Маркетингтің қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктері

2 Отандық өндірістің жайы қалай?

3 2005 жылы Алматы қаласында тамақ өнімдерін өндіру

4 «Рахат»: «Тәтті өмір баршамызға!»

5 «Рахат» ААҚ.ының маркетингтік қызметін талдау

6 Маркетинг бөлімінің құрылымы

III Қорытынды
Кіріспе

Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen», BISAM, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $.
Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық объект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін.
Пайдалу мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады.Оған материалдық бұйымдарды (сабын, нан, сыра, т.б.) жатқызуға болады.Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына (тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар т.б.) қолданылады.
Түпкі тұтынылуына байланысты тауарлар тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынушының қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар – күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді. Күнделікті сұраныстағы тауарлар – бұл тұтынушылар ойланбай-ақ, әрі еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы сияқты тауарларды жатқызуға болады. Әдетте бұл тауарлар арзан, әрі оларды күнделікті сатып алуға болады. Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы тауарларға қарағанда, жиі сатып алынбайды. Тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне басты назар аударып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т.б. жатады. Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жұмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркалары, электрондық, электрлі-тұрмыстық техникалар жатады. Ал пассивті сұранымдағы тауарлар – тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар: жаңа енгізулер, сақтандыру түрлері, күзет жүйесі және т.б.
Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар – кейін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни, шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және тағы басқа заттар.
Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Мысалы, «Рахат» кондитерлік фабрикасы әрқайсысы өзіндік маркетингтік стратегиясын талап ететін кәмпит өнімдерінің ассортиментін, яғни әр алуан тауар жинағын өндіреді.
Тауар ассортиментінің кеңдігін және тереңдігін бөліп көрсетуге болады.
Тауар ассортиментінің кеңдігі фирманың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Нарықтың көп бөлігін қамтуды мақсат ететін фирма ауқымды тауар ассортиментіне ие болуы қажет, ал егер фирма тек пайда табуды көздесе, онда ол пайдалы тауарлардың санаулы ассортиментімен ғана шектеледі. Уақыт озған сайын фирманың тауар асортименті әдетте кеңейе түседі, ол өсу және толықтыру арқылы жүзеге асырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1 С. Р. Есімжанова
Маркетинг, оқу құралы
Алматы, 2003 (190-201 беттер)
2 Алматы қаласында тамақ өнімдерін өндіру
// Алматы ақшамы, 2000, 13 наурыз
3 Г.Л. Багиев
Маркетинг
ОАО Экономика баспасы, 1999 (703 бет)
4 Рахат тәтті өмір баршамызға
// Жас алаш, 2005, 26 наурыз
5 Ф. Котлер
Маркетинг негіздері
Алматы, 2000 (196-200 беттер)
6 Отандық өндіріс- Рахат ААҚ
// Алматы ақшамы, 2000, 16 қараша
7 Рахат ААҚ маркетинг қызметін талдау
// Қаржы-қаражат, 2003, №4 (29-34 беттер)

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I Кіріспе
Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу

II Негізгі бөлім
1 Маркетингтің қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктері

2 Отандық өндірістің жайы қалай?

3 2005 жылы Алматы қаласында тамақ өнімдерін өндіру

4 Рахат: Тәтті өмір баршамызға!

5 Рахат ААҚ-ының маркетингтік қызметін талдау

6 Маркетинг бөлімінің құрылымы

III Қорытынды

Кіріспе

Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін
дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес
ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың
нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын,
тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын
зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін
зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын,
макроортаны талдау.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар
жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер
агенттігі, Gallup Media Asia, Amer-Nielsen, BISAM, Сиар, Cessi
Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы
басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық
кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, Amer-Nielsen фирмасының жылдық
айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік
зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $.
Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену,
пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық
объект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін.
Пайдалу мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде
қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе
бірнеше рет пайдалануға болады.Оған материалдық бұйымдарды (сабын, нан,
сыра, т.б.) жатқызуға болады.Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар
бойына (тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар т.б.) қолданылады.
Түпкі тұтынылуына байланысты тауарлар тұтыну тауарлары және өндіріске
арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынушының
қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар – күнделікті сұранымдағы,
алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті сұраныстағы
тауарлар деп бөлінеді. Күнделікті сұраныстағы тауарлар – бұл тұтынушылар
ойланбай-ақ, әрі еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар
мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы сияқты тауарларды жатқызуға
болады. Әдетте бұл тауарлар арзан, әрі оларды күнделікті сатып алуға
болады. Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы тауарларға
қарағанда, жиі сатып алынбайды. Тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу
процесінде олардың безендірілуіне басты назар аударып, қасиеттерінің өзара
үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер,
электроника түрлері және т.б. жатады. Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек
сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш
жұмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркалары, электрондық, электрлі-
тұрмыстық техникалар жатады. Ал пассивті сұранымдағы тауарлар – тұтынушы
білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін
кең тұтынудағы тауарлар: жаңа енгізулер, сақтандыру түрлері, күзет жүйесі
және т.б.
Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар – кейін қайта өңдеуге немесе
өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни, шикізат, материалдар,
жабдықтар, қосалқы бөлшектер және тағы басқа заттар.
Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық
сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы.
Мысалы, Рахат кондитерлік фабрикасы әрқайсысы өзіндік маркетингтік
стратегиясын талап ететін кәмпит өнімдерінің ассортиментін, яғни әр алуан
тауар жинағын өндіреді.
Тауар ассортиментінің кеңдігін және тереңдігін бөліп көрсетуге
болады.
Тауар ассортиментінің кеңдігі фирманың мақсаттары мен міндеттеріне
байланысты. Нарықтың көп бөлігін қамтуды мақсат ететін фирма ауқымды тауар
ассортиментіне ие болуы қажет, ал егер фирма тек пайда табуды көздесе, онда
ол пайдалы тауарлардың санаулы ассортиментімен ғана шектеледі. Уақыт озған
сайын фирманың тауар асортименті әдетте кеңейе түседі, ол өсу және
толықтыру арқылы жүзеге асырылады.

Негізгі бөлім
Маркетингтің қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктері
Осы заманғы экономиканың әлемдік тенденцияларының бірі – қызмет
көрсету салаларының жедел өсуі. Дамыған елдердің көбі қызмет көрсетуші
экономикаға айналуда. Өндірісі дамыған елдердегі ЖҰӨ 23-ден 34-ке
дейінгі бөлігін қызмет көрсету саласы құрайды. АҚШ-та қызмет көрсету
саласында жұмыс істейтіндер саны жалпы жұмысшылардың 77% -ын құрайды, ал
Қазақстанда бұл көрсеткіш 58%-ға жуық.
Қызмет көрсету – тұтынушылар сатып алатын, бірақ меншік құқығына ие
бола алмайтын сезілмейтін игілік.
Маркетингтің қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктері қызметтің
материалдық өнімнен айырмашылығымен анықталады.
Қызмет көрсету маркетингісінде қызметтің сезілмейтіндігі арқылы оның
материалдық еместігі шешушуі мәнге ие. Тұтынушы сатып алу процесінде
әлдебір көзге көрінбейтін, сезілмейтін қызметті сатып алады. Мысалы,
қызметтің көзге көрінбейтіндігі сатып алғанға дейін оны көруге, байқап
көруге, дәмін татуға, иіскеуге болмайтындығымен түсіндіріледі. Мысалы,
шаштараз қызметін пайдаланушы шаш қиюдың нәтижесін алдын ала көре алмайды.
Тауармен салыстырғанда, қызметтер қайта сату мақсатымен сақтауға,
қоймаға қоюға және тасымалдауға келмейді. Қызмет дәл уақытында
қолданылмаған жағдайда жарамсыз болып қалады. Мысалы, ұшақтағы сатып
алынған орында сақтап қоя алмайсың, жолаушы уақытында ұшпаса, ол орынның
құндылығы жоғалады.
Қызмет көрсету сипаттамасының бірі – олардың қайнар көздерінен
бөлінбейтіндігі. Қызметтің қайнар көзі адам немесе техника болуы мүмкін.
Қоймада сақталып, өткізудің әр түрлі жолымен жеткізілетін тауарлармен
салыстырғанда, қызметтер бір мезгілде тұтынылады, сондықтан да олардың
меншік құқығын басқаға беруге және қайта сатуға болмайды.
Қызмет көрсету маркетингісінде ұсыныстар басым, ал тауарлар оларды
толықтырады. Мысалы, шаш қию құнының негізгі бөлігін пайдаланатын
жабдықтарға кеткен шығын емес, шаштараздың жұмсаған уақыты құрайды.
Қазақстандағы қызмет көрсету саласында маркетинг қағидалары мен
әдістерін қолдану өндіріс саласымен салыстырғанда төмен. Алайда соңғы
уақытта қызмет көрсету саласы да жақсара бастады.
Қызметтерді бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады.
Адамдар тұтынатын қызмет тұтынушылық, ал компанияларға көрсетілетіні
іскер қызметтер деп аталады.
Қазақстанда қызмет көрсетудің барлық түрлері қарқынды дамуда. 1990
жылы Қазақстан халқына көрсетілген қызмет құрамында жолаушы тасымалдау
қызметі (28, 4%) мен тұрмыстық қызмет (22, 2%) басым болса, қазіргі кезде
байланыс, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, банктік қызметтердің өсу
тенденциясы байқалып, тұрмыстық, мәдени демалыс, санаторий – курорттық және
сауықтыру қызметтерінің үлесі азайып отыр.
Өндірістік-техникалық қызметтерге жөндеу, сервис және автокөліктерге
кепілдемелік қызмет көрсету жатады. Astana Motors, Skoda, Center Almaty
және тағы басқа фирмалар автобөлшектерге сервистік қызмет көрсетуді
ұсынады.
Ақпаратты – консалтингтік қызметтерге басқарушылық, бухгалтерлік,
құқықтық, ақпаратты-кеңес берушілік, үйрету және т.б.
1990 жылдан бастап, Қазақстанда Қазагроқаржы, Альянс-лизинг,
Халық лизинг сияқты ауқымды лизингтік құрылымдар қалыптаса бастады.
Қазіргі кезде мемлекетімізде техникалық жабдықтарды прокатқа берумен
айналысатын 18 лизингтік компания қызмет етеді.
Сонымен қатар Қазақстанда қаржылық және банктік қызметтер секторы
дамуда. Елімізде 35 коммерциялық банктер халыққа және ұйымдарға банктік
қызметтің ауқымды түрлерін ұсынуда.
Қызмет көрсетудің қарқынды дамушы секторына коммуникациялық қызметтер
де жатады. Қоғамның ақпараттануы қызметтің жаңа байланысы мен құралдарының
дамуына себепкер болды (факс, телекс, ұялы байланыс, кабельді теледидар,
бейнесалондар, бейне кассеталарын уақытша ала тұру және т.б.)
Қазақстанның нарықтық эканомикаға өтуіне байланысты делдалдық және
коммерциялық қызметтер қарқынды дамуда, Статистика агенттігінің соңғы
жүргізген санағының мәліметтері бойынша 2000 жылдың 1 қазанындағы жағдайда
сәйкес елімізде көтерме саудада 29, 5 мың дүкен және мыңға жуық бөлшек
сауда кәсіпорындары қалыптасқан.
Бүгінде Қазақстанның білім беру қызметі қарқынды түрде дамуда. Ақылы
білім берудің өмірге енуіне байланысты, оның түрлері мен қызмет көрсету
деңгейі өсті. Бұл – гувернанттық, репититорлық , аудармашылық қызметтер,
ақы төлеп оқитын курс, сондай-ақ бизнес-мектептер, колледжер, институттар
және университеттер көрсететін қызметтер .
Қоғамдық тамақтандыру саласындағы біріккен кәсіпкерлік пен қонақүй
шаруашылығының дамуы қытай, корей, түрік, австрия және итальяндық
кәсіпкерлермен бірігіп, мейрамханалар мен қонақүйлер ашылуына әкелді.
Соңғы жылдары халықаралық туризімнің жылдам өсуі байқалады. Бұл
Қазақстандағы туризм нарығының кеңейіп, туристік қызметке деген сұраныстың
өсуінен айқын көрінеді. Қазіргі кезде республикамызда басты қызметі
туризмге бағытталған 600-ден аса ұйымдар қалыптасқан.
Әлеуметтік сипаттағы қызметтер – бұл гувернаттардың, таныстыру
агенттіктерінің, сенім телефондарының және т.б. көрсететін қызметтері.
Қызмет көрсетудің әрбір түрі оның қызмет көрсету және тұтыну
ерекшеліктеріне байланысты сипатталады. Мысалы, сақтандыру қызметі
ақпаратты-консалтингтіктен, банктік, туристік қызметтерден тұтынылуы және
пайдаланылуымен ерекшеленеді. Әр қызмет түрінің ерекшілігі мен артықшылығын
анықтайды. Сондықтан да жеке қызмет түрі маркетингінің ерекшілігін оның
мақсатына сай қарастыру қажет. Өйткені техникалық және сервистік қызмет
көрсетуде қолданылатын маркетинг кешенін жасауға тиіс. Зерттеушілердің
пайымдауынша, дәстүрлі 4р моделі қызмет саласында тағы да үш p мен толығуы
мүмкін бұлар-персонал, материалдық куәліктер және қызмет көрсету процесі.
Американдық ғалымдар М.Битнер мен Б. Бумс бұл модельді ұсына отырып,
қызмет маркетингі жүйесіндегі персоналдың үлкен мәнге ие екенін атап
көрсетеді .Бұл қызметтің басым бөлігі тұтынушының қызметті өндірушімен
тікелей, жеке байланысы арқылы болатын нәрсе. Сондықтан да қызмет
саласында персоналды таңдау, оқыту және мотивациялану үлкен рөл атқарады.
Қызмет саласының қызметкерлері қайырымды, адал, ынталы, білікті болуы
қажет.
Материалдық куәлікте ғимараттың сыртқы бейнесі, ішкі көрінісі,
дизайны және тазалығы басты орын алады. Бұлар клиенттердің назарын
аударатындай болуы керек.
Ал оның процесі қызметті жеткізу әдісін сипаттайды, яғни бұл
персоналдардың сыпайылығы мен клиенттерге шапшаң қызмет етуді білдіреді.
Қызмет маркетингі кешенінің бұл элементтері тұтынушыларға қызмет ету
стандартын жасаудың негізін құрайды.
Қызмет көрсету саласы үшін фирманың өзі ішінде және оны қоршаған
сыртқы жағдайларда жүргізілетін маркетинктің іс – шараларын жасау қажет.
Сыртқы маркетинг дегеніміз - компания клиенттеріне бағытталған маркетинг
жүйесін жасау. Ал, ішкі маркетинг-бұл көрсетілген қызметтің сапасын
жетілдіру үшін персоналды оқыту және оны мотивациялау.
Қызмет көрсетудің сапасы кім, қашан және қайда ұсынғанына байланысты
болғандықтан оны бақылау қиынға соғады. Қызмет сапасы біліктік деңгейі мен
қарым-қатынасқа да байланысты. Сондықтан персоналды оқыту, таңдау және
мотивациялау үлкен мәнге ие.
Белгілі бір зерттеулер негізінде қызмет сапасының мынадай параметрлері
анықталған:
1. Қызметті алу мүмкіншілігі.
2.Компания беделі.
3. Менеджерлердің клиеттер қажеттілігін білуі.
4. Қызмет қауіпсіздігі.
5. Персоналдың құзыреті.
6. Компаниядағы коммуникация деңгейі.
7. Қызмет көрсетушінің мұқияттылығы, сыпайылығы, ізеттілігі.
8. Қызмет көрсету шапшаңдығы.
9. Қызметтің тиімділігі.
10. Көзге көрінетін факторлар (сыртқы түрі, физикалық жағдайы және т.б.)
Қызмет көрсету саласындағы компаниялар осы факторларға сүйене отырып,
тұтынушылардың қалауы мен тілеген қызметін қамтамасыз етуі мүмкін.
Қызмет көрсетуді өткізу. Қызмет көрсету оны тұтыну бір уақытта іске
асады, сондықтан қызмет адамдарға жекелей көрсетіледі және сатылады. Осыған
байланысты қызмет көрсету фирмаларының персоналы тауар өндіретін фирма
қызметкеріне қарағанда үлкен рөл атқарады.
Баға белгілеу. Тауар құны кетен шығын негізінде айқындалса, қызмет
көрсету бағалары шығындар негізінде және белгіленген үстеме бағаны есепке
алу арқылы белгіленеді. Қызмет көрсету бағасында адам еңбегі басым
болғандықтан, шығындарды анықтау өте қиын. Сондықтан да көптеген фирмалар
баға белгілеуде көрсетілген қызметтің маңыздылығын, құндылығын ескереді.
Қызмет бағасы оқуға төленетін төлем, қаржылық операцияларға арналған
делдалдық, сақтандыру сыйақысы, адвокат қаламақысы және т.б. деген
терминдермен түсіндіріледі.
Жарнама. Қызмет көрсету сезілмейтін сипатта болғандықтан, оны
тұтынушылар санасына жарнама арқылы ұғындырып, жеткізу қиын. Сондықтан да
тұтынушылардың сенімділігін арттыруға бағытталған ақпаратты жарнаманы
қолдану қажет.
Маркетинг мамандары қызмет көрсету сапасының бірегей стандарттарын
жасап, оған деген сұраныстың өсуі мен құлдырау кезеңдерінде ұсыныс пен
бағаны реттеп отырулары қажет. Қызмет көрсету мен тауардың маркетингтік
жоспары ұқсас. Қызмет көрсету саласындағы маркетингті жоспарлау процесі
тауарлар маркетингін жоспарлаудағы сияқты кезеңдерден тұрады, яғни
компанияның маркетингтік мүмкіндіктерін, нарықтың мақсатты сегменттерін
және позициясын көрсетіп, маркетинг бағдарламасын жасап, орындалуын
қадағалауға бағытталады.

Отандық өндірістің жайы қалай?

Өндірістің бүгінгі таңдағы жай-күйі баршамызға белгілі. Шындығында
жалпы жағдай онша мәз емес. Және оның түрлі себептеріне тоқталып, таратып,
талдап айта берудің де қажеті аз болар. Тек кейбір салалардағы санаулы
кәсіпорындар ғана қазір жұмыс істеп жатыр. Бүгін тоқтап, ертесінде жүрсе де
әйтеуір ұмтылыс үстінде. Үміт бар. Олардың ішінде мемлекеттік бағдарламалар
бойынша несие ала алғандары бар, әлі күнге ала алмай жүргендері бар,
барлығы өндірісті тоқтатпаудың қамын жасап құлшынып бағуда. Қалай болғанда
да қазіргі кезде жұмысшыларына қысқару жүргізіпті, жабылып қалыпты
дейтіндей кәсіпорындар жоқ. Сонысы қуантады.
Сонымен, отандық өндірісіміздің бүгінгі тынысы қалай? Демігіп
дағдарысқа түскендері немесе қолдау таппай қажығандары бар ма екен, соны
бір шолып көрелік...

Виталий Сульменев, Алматы ауыр машина жасау зауыты АҚ-ның
президенті:

- Егер өндірістің бүгінгі жайы қалай дегенге келсек, жалпы тірлігіміз
жаман емес. Кәсіпорнымыз жұмыс істеп тұр. 2000-ға тарта жұмысшыларымыз бар.
Еңбекақы деңгейі орта шамамен 12 мың теңге болады. Оны ай сайын уақтылы
төлеп отырмыз. Сонымен бірге жергілікті бюджет төлемдерін де кешіктірген
кезіміз жоқ. Тек республикалық бюджет болмаса...
Әрине бұлайша жұмыс істеу үшін қазіргі кезде тұрақты тапсырыс және сол
өндірілген өнімге деген сұраныс болуы керек екендігі белгілі. Бізде ондай
тапсырыс та, сұраныс та бар. Олай дейтінім, біз Ресейдегі металлургия
кәсіпорындары үшін прокат құрал-жабдықтарын, Қазақойл компаниясы үшін
мұнай-газ құрал-жабдықтарын және Дондағы кен байыту комбинаты, Испат-
Кармет, бұрынғы Ермак темір қорыту зауыты үшін түрлі жабдықтарды шығарамыз.
Соған орай, қажетті шикізат өнімдерінің негізгі бөлігін Ресейден аламыз. Ал
қалған бөлігі өзіміздікі.
Былай қарағанда, проблема жоқ тәрізді көрінеді. Бірақ қазір
проблемасыз өндіріс орнын табу мүмкін бе. Бізде де әзірге толық шешілмей
жатқан проблемалар бар. Солардың ең бастысы-кадр мәселесі болып тұр. Қазір
кейбір цехтарымызға тәжірибелі кәсіби деңгейі жоғары мамандар жетіспей
жатыр. Сондай мамандарымызды толықтырып алсақ, үлкен жеңілдік болар еді.

Гүлнұр Әубәкірқызы, Алматыкілем АҚ-ның вице-президенті:

-Біздің саламызға, яғни кілем өндірісіне қатысты басты проблема
бүгінде ішкі рыногымызды небір импорт тауарлардың жаулап алуы болып отыр.
Отандық өндіріске – біз тәрізді өнеркәсіпшілердің ісіне, үлкен кедергі
келтіріп жатқан жайт осы. Әрине, мұны үкіметіміз көрмей, білмей отырған
жоқ. Базарлар мен дүкендерге түрлі Парсы, Түркі, Иран кілемдерінің қаптап
кеткендігі жасырын емес қой. Тек соған қарсы әлі күнге жанды шара
қолданылар түрі жоқ. Бұл орайда үкіметіміз қолға алған импортты алмастыру
бағдарламасының да нақты нәтижесі көрінер емес.
Әрине, бұл айтылғандарға қарап еліміздегі кілем өндірісіндегі ең ірі
кәсіпорынның бүгінгі жағдайы мүшкіл екен дегендей ой тумауға тиіс. Өндіріс
тынысы ойдағыдай. Өйткені, импорттық өнімдерге қарағнда өз кілемдеріміздің
сапасы әлдеқайда мықты болатындығын бүгінде жұрт жақсы біледі. Себебі
біздің кілемдеріміздің 70 пайызы таза жүннен тоқылады. Әрі оған жұмсалатын
шикізаттың 60 пайызы өз өнімдеріміз, қалғанын Ресейден аламыз. Сапа
дегеніміз сол емес пе.
Өнім сапалы болған соң, сұраныс өсіп, кәсіпорынның өндірістік қуаты
артатындығы анық қой. Бізде биылғы жыл басында өндіріс көлемінің  880 мың
шаршы метр болғандығы соның дәлелі.
363 адам еңбек ететін ұжымдағы жүйелі істің нәтижесі сондай. Және бұл
қарқын алдағы уақытта да бәсеңдемейді деген ойдамын.

Галина Кадыш, Ақ жіп акционерлік қоғамының атқарушы директоры:

-Жасыратын несі бар, біз он күннен бері тоқтап тұрмыз. Өндірістің
тоқтауына басты себеп – шикізаттың жоқтығы. Осы мәселе бойынша мен жақында
ғана Шымкент облысына барып келдім. Бірақ барғандағы мәселем оңды
шешілмеді. Шикізат ала алмай қайттым. Өйткені, Шымкенттегі бар мақта
Еуропаға жөнелтіліп жатқан көрінеді. Алған несиелерімізді мақтамен
қайтарудамыз дейді.
Бұрын 5 мың тонна мақта қажет болған екен. Ал енді 1-1,5 мың тонна
болса жетеді екен. Тіпті қазір олар 700-800 тоннаның өзін місе тұтатын еді.
Соның өзі Шымкент облысында болмаған.
Ақ жіп акционерлік қоғамының мұндай қиын жағдайын Үкімет біледі.
Бірақ соның өзінде оңды нәтиже болмай жатыр.
Кәсіпорында 415 адам жұмыс істейтін. 2 ауысым бар. Қазір жұмысшылардың
жағдайы қиын.

2005 жылы Алматы қаласында тамақ өнімдерін өндіру жөнінде (Алматы
қалалық Статистика басқармасының мәліметі)

Алматы қаласының өнеркәсіп өндірісіндегі басты орында- тамақ өнімдерін
өндіру. Оның үлесіне бір жылда өндірілген жалпы өнеркәсіп өнім көлемінің
27,2 пайызы тиеді.
Азық-түлік шығаруда соңғы екі жылда өндіріс көлемінің тұрақты өсімі
байқалуда. Яғни, 2004 жылы өнім көлемі 11,3 пайызға, 2005 жылы - 16,6
пайызға өскен.
Сол жылы өндірілген тамақ өнімдері ішінде өндіріс едәуір өскен шұжық
бұйымдары -  32,9 пайызға, жеміс-жидек пен көкөніс шырыны – 6,3 есе,
маргарин өнімі -  46,5 пайызға, сары май -  11,0 есе, йогурт пен ашыған сүт
өнімі - 2,0 есе, печенье мен ұзақ сақталатын кондитерлік бұйымдар – 76,4
пайызға, арақ -  47,4 пайызға, шампан -  49,7 пайызға, минералды су - 2,2
есе, шай -  76,4 пайызға өскен.
Сонымен бірге, бірқатар азық-түлік пен сусындар өндірісінің елеулі
құлдырағаны байқалуда. Яғни, 2004 жылғы деңгейден сүт пен кілегей өндірісі
- 45,9, ұн - 43,5, ликер-арақ бұйымдары -  81,3, жүзім шарабы -  80,2,
алкогольсіз сусындар өндірісі – 66,6 пайызға төмендеген. Өндіріс
құлдырауының  негізгі себептері шикізат алуға қаражат айналымының жетіспеуі
және өнім өткізу рыногындағы бәсекеге байланысты қиындықтар.
Қала кәсіпорындары бірқатар азық-түлік шығарудағы республикалық
көлемнің басым бөлігін өндіреді. Ал шай шампан мен нан ашытқысы тек қалада
шығарылады. Республика бойынша өндірілген өнімдерден – 48,9 пайыз шұжық
бұйымдары,  95,8 пайыз жеміс-жидек пен көкөніс шырын, 32,0 пайыз өсімдік
майы, 36,6 пайыз маргатин өнімі,  32,2 пайыз жаңа піскен нан, 21,1 пайыз
құймақ пен жаңа піскен кондитерлік бұйымдары,  26,8 пайыз печенье мен ұзақ
сақталатын кондитерлік бұйымдары,  47,5 пайыз шоколадтан және қанттан
жасалған кондитерлік бұйымдары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортименті
Тауар ассортиментінің көрсеткіштері
Нарық жағдайындағы фирма қызметіндегі тауар саясаты
БК Беккер және К ЖШС компаниясының тауар саясатын талдау
Ескендір ЖШС тауар ассортиментінің қалыптасуы
Тауарды өткізудің құлдырау кезеңі
Маркетинг қызметіндегі тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, нан және нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда маркетингтік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру
Ассортименттік саясат туралы жалпы түсінік
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясатын жетілдіру
Стартап қызметіндегі Маркетинг
Пәндер