Өндірістік іс-тәжірибе есебі. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы . . . 4
1. 1. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің сипаттамасы және бөлімдерінің қызметіне сипаттама . . . 4
ІІ. Кәсіпорынның өндірістік қызметі мен қаржы қызметін ұйымдастыру . . . 7
ІІІ. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің есеп саясаты . . . 10
VI. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктері. 13
4. 1 Ақша қаражаттарының есебі . . . 13
4. 2 ТМҚ есебі . . . 15
4. 3 Дебиторлық борыштар есебі . . . 17
4. 4 Негізгі құралдардың есебі . . . 18
4. 5 Еңбекақы есебі . . . 21
4. 6 Кәсіпорынның қаржылық есептілікті ұсынуы . . . 25
4. 7 «ALMALY-LTD» ЖШС негізінде баланс активінің және құрастырылу көздерінің динамикасын талдау . . . 26
4. 8 «ALMALY-LTD» ЖШС-нің қызметін экономикалық талдау . . . 29
Қорытынды . . . 35
Қосымшалар
І. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы
- «ALMALY-LTD» ЖШС-нің сипаттамасы және бөлімдерінің қызметіне сипаттама
«ALMALY-LTD» ЖШС-гі тіркеуден өткеннен кейін Алматы облыстық Әділет басқармасы органында заңды тұлғасына ие болды. Серіктестік дербес баланс, банкте шот, өз атауы жазылған мөрі бар. Өзінің атына мәміле, мүліктік және өзіндік мүліктік емес құқық, сот алдында жауапты болуына міндетті. Серіктестік Қазақстан Республикасында, және шетелдерде сәйкес филиалдар құрып өкілдер ашуға құқылы. Міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің алдында қарыздарына жауап бермейді. Серіктестік мемлекет алдында жауап бермейді. Серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. «ALMALY-LTD» ЖШС-де бір жылда орташа есеппен саны 50 ден аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып келеді және активінің құны бір жылда орташа есеппен алпыс мың есептік көрсеткіштен аспауы қажет. «ALMALY-LTD» ЖШС қызметінің мақсаты - қатысушы мен еңбек ұжымдарын үстеме қаржы түсірудегі кәсіпкерлік қызмет түрлерін іске асыру арқылы таза пайда табу болып табылады. Серіктестіктің қызметінің нысаны:
-коммерциялық, делдалдық, хабарлау, жарнама қызметі;
-алкогольді және алкогольсіз сусындардың көтерме және бөлшек саудасы;
-құйылмалы сыра өнімдерінің бөлшек және көтерме саудасы;
-сауда нүктелерін ашу;
Серіктестік мүлкін негізгі және айналымдық қаржылар, сондай - ақ құны серіктестіктің дербес балансында көрсетілген басқа мүліктер құрайды. Мүлік серіктестіктің меншік құқында. Серіктестік мүлкін қалыптастыру көздері мыналар:
- жарғылық капиталға салынған салымдар;
- оның қызметіне алынған кірістер;
- заңдылық актілермен тыйым салынбаған басқа көздер.
Қатысушылардың серіктестік мүлкіне қосқан қосымша салымдарды оның жарғылық капиталының көлемін және қатысушылар үлесін өзгертпейді. Серіктестік құрылтайшылары 5 жылдық шамасында кредиторлардың алдында, осының құқы шегінде ортақ жауапты болады, осы бағасынан салымы көтерілген.
«ALMALY-LTD» ЖШС-гінің құрылымын келесі кестеден көріге болады:
«ALMALY-LTD» ЖШС-нің құрылымы
Құрылтайшылар кеңесі
Қойма
Сату орындары
Кадрларды қабылдау бөлімі
Директор
Директордың орынбасары
Сату және маркетинг болімі
Есеп және қаржы бөлімі
1-сурет. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің құрылымы.
Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшы салымынан, серіктестік алған кірістер мен заңмен тиым салынбаған көздерден кірістер есебінен құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталының салымы ақша қаражат-тары, құнды қағаздар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жер пайдалану құқығыжәне өзге де мүліктер бола алады.
Серіктестік қатысушының ерекше құзіреті:
1) Серіктестік жарғысын өзгерту, соның ішінде жарғы капиталының көлемінің өзгеруін қоса алғандағы, тұрған жерін және фирмалық атауын өзгерту немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
2) Серіктестіктің атқарушы органдарын құру және оның өкілетін тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе мүлікті оралымды басқаруға беру;
Бақылау кеңесі мен тексеру комиссиясын сайлау және олардың өкілет-тілігін ерте тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының есептерін және қорытындыларын бекіту.
3) Серіктестіктің жылдық қаржылық есептерін бекіту, таза кірістерді бөлу;
4) Серіктестіктің ішкі қызметтерін реттейтін ережелер, құжаттарды бекіту;
5) Серіктестіктің басқа да шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;
6) Серіктестікті тоқтату және қайта құру;
7) Тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;
Серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылық жасаушы, серіктестіктің атқарушы органы болып директор табылады. Серіктестіктің директоры:
-Серіктестіктің өкілі болуға құқық беретін сенімхат береді;
-Қызметкерлерге қатысты оларды қызметке тағайындау және босатуға бұйрық шығарады, еңбек төлемдерінің жүйесін, қосымша ақы белгілейді, сыйақы беру мәселесін шешеді, тәртіптік шаралар қолданады;
-Қатысушы немесе байқау органдарының құзіретіне жатпайтын өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
Серіктестіктің жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері бойынша алған таза пайдасы, серіктестік қатысушының шешіміне сәйкес бөлінеді.
Серіктестікте резерв капиталға құрылған жағдайда серіктестіктің ықтимал шығындары осы қордың есебінен жабылады. Резерв капиталдың қаражаты жетіспеген кезде немесе резерв капитал болмаған жағдайда шығындарды жабудың көздері туралы шешім қатысушымен қабылданады.
Серіктестіктің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңына сәйкес жасалынады.
Серітестіктің Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте қатысушының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Серіктестіктің мүлкін құрайтындар: негізгі қорлар және айналымдағы қорлар, сонымен қатар серіктестіктің қаржылық есебінде көрсетілген өзге де мүліктер болып табылады.
Мүлік серіктестікке жеке меншік түрінде жатады.
Серіктестіктің мүлкін қалыптастыру көздері:
-қатысушының жарғылық капиталға салған салымы;
-серіктестік қызметінен түскен табыс;
-ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да табыс көздері болып табылады.
ІІ. Кәсіпорынның өндірістік қызметі мен қаржы қызметін ұйымдастыру.
Есеп бөлімінің сипаттамасы және қызметтері
«ALMALY-LTD» ЖШС-де есеп бөлімі бухгалтерлік есеп бас бухгалтерімен басқарылатын бухгалтериямен жүзеге асырылады. Егер кәсіпорында бухгалтерлік қызмет болмаса, басшы есеп пен есеп беру жүргізуді арнайы мамандандырылған ұйымдарға келісімшарт ( көбінесе ол шағын кәсіпорындарға қатысты) негіздерінд тапсыруына құқығы бар.
Кәсіпорынның есеп бөліміндегі жұмыс ереже бойынша бухгалтерлік жұмыстың мөлшеріне қарай мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
-Есеп айырысу;
-Материалдық, алғашқы құжаттар;
-Қаржылық. Бас бухгалтер қызметіне кәсіпорын басшысы тағайындайды немесе қызметінен босатады және оған бағынады. Бас бухгалтер есеп саясатын құруға жауапты, бухгалтерлік есепшоттарда шаруашылық әрекерттерді бейнелеуді және бақылауды, ақпараттарды ұсынуды, Бекітілген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді құруды, кәсіпорынның ішкі шаруашылық резервтерін анықтау және мобилизациялау мақсатында қаржы- шаруашылық қызметтің экономикалық талдауын жүргізуді басқа қызметтермен бірге қамтамасыз етеді. Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге тауарлы- материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын қабылдау және беру, сонымен қатар есеп айырысу, несиелік және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісімшарттар үшін негіздеме болып табылатын құжаттарға қол қояды.
Аталған құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз жарамсыз болып табылады және орындауға қабылданбайды. Қолтаңба қою құқығы кәсіпорын басшысының жазбаша үкімімен осыған өкілетті тұлғаларға берілуі мүмкін. Бас бухгалтерге келісімшарт және қаржылық тәртіпті бұзатын және заңдылыққа қайшы келетін әрекеттер бойынша құжаттарды орындауға және ресімдеуге болмайды. Осындай құжаттар туралы бас бухгалтер кәсіпорын басшысына жазбаша хабарлайды, ол жазбаша үкіммен осы құжаттарды есепке алады. Осы сәттен бастап орындалған әрекеттердің заңсыздығына кәсіпорын басшысы жауапкершілік атқарады.
Бас бухгалтерге тікелей ақша қаражаты және материалдық құндылықтармен байланысты жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Оған чектер мен басқа құжаттар бойынша кәсіпорын үшін ақша қаражаттары мен тауарлы- материалдық құндылықтарды алуға рұқсат етілмейді. Бас бухгалтерді орнынан босатқан кезде қайтадан тағайындалған бас бухгалтерге істерді тапсыру жүргізіледі. Сонымен бір уақытта кәсіпорын басшсымен бекітілген актінің құрылуымен бухгалтерлік есептің жағдайы мен дұрыс ақпараттарды тексеру жүргізіледі.
Кассирдың қызметтері
«ALMALY-LTD» ЖШС - де кассалық операцияларды арнайы тағайындалған кассир жүргізеді. Ол кассадағы ақшалардың сақталуы үшін материалды - жауапты тұлға болып саналады. Және ақшаларды қабылдау, сақтау, өткізу мен беруді жүргізеді. Ұйымда кассирдің материалдық жауапкершілігі жөніндегі ұйым төрағасымен кассир арасында келісім шарт жасасқан. Онда кассир мен төрағаның міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіліп, екі данада толтырылған. Және тараптардың қолдары қойылған. Осы келісім шарттың негізінде ұйымның кассирі «Кассирдің міндеттемесін» қабылдайды, онда кассалық операцияларды жүргізу ережелерін орындауға, оны бұзған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға міндеттенеді. Сондай - ақ кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен танысқандығын растап, қолын қояды. Ұйымның кассирі ауысатындай болса, онда кассаны және құндылықтарды өткізу - беру актісі бойынша рәсімдейді. Бухгалтердің міндеттері «ALMALY-LTD» ЖШС-де бухгалтер мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін (негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнім өткізу шығындарын, шаруашылық-қаржы нәтижелерінің есебін жүргізу, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды. Қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттарды қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды санап өңдеуге дайындайды. Негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетеді. Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының есептік калькуляциясын жасайды, шығындардың және көзделмеген шығындардың пайда болуы көздерін анықтайды, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар дайындайды. Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректер дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа өткізу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді. Бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстар жүргізеді, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгертулер енгізеді. Сату және маркетинг бөлмінің қызметтері Кәсіпорында сату және маркетинг бөлімі ерекше орын алыды. Сату және маркетинг бөлімінің басты мақсаты- нарықтық экономика жағдайында, тауарлар мен қызметтерге ұсыныс пен сұраныстың нәтижелі сәйкестілігін қамтамасыз ету, бәсекелестікті бағалау және тауарлар мен қызметтерді сатудың ерекше стратегияларын ойлап табу болып табылады. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің сату және маркетинг бөлімінде сату бөлімінің басшысы, сату бөлімінің менеджерлері және маркетолог қызмет етеді. Сату және маркетинг бөлімінің басты атқаратын қызметтерін келесі сызбадан көруге болады.
Сату және маркетинг бөлімінің негізгі функциялары
2-сурет. Кәсіпорындағы сату және маркетинг бөлімінің қызметтері.
Осылайша сату және маркетинг бөлімінің қызметкерлері кәсіпорынның тауарлары мен қызметтерінің барынша сұранысқа ие болып, өтімді болуын қадағалап отырады. Тауарға сұранысты қалыптастыру мақсатында көптеген іс-шалалар жүргізіледі.
ІІІ. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің есеп саясаты
Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер жайлы» Кодексіне сәйкес (Салық Кодексі) кәсіпорында барлық салық түрлерін және жинамдарды есептейді және төлейді.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесі келесі нормативтік құқықтық құжаттардағы талаптарға сәйкес жүргізіледі;
1) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңы;
2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары;
3) Қазақстан Республикасында қолданысқа ие қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесі Департаментінің №237-111 2007 жылы бұйрығымен бекітілген шаруашылық операциялардың типтік корреспонденциясы;
6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттары.
Сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу барысында «ALMALY-LTD» ЖШС-нің директоры бекіткен есеп саясатының қағидалары мен негіздеріне сүйенеді.
«ALMALY-LTD» ЖШС-нің есеп саясаты 2009 жылдың 5 қаңтарында №8 хаттамамен қабылданған және ол 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2432 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң негізіндегі ҚР Президентінің қаулысы мен ҚР БЕС №1-20; ҚР Қаржы министрлігінің 21 мамыр 1997 жылғы бұйрықтарының және басқа да заң күші бар нормативтік актілерде көрсетілген кәсіпорын қызметінің өндірістік-экономикалық талаптарына сай жасалған.
Бұл есеп саясатына сәйкес негізгі құралдарға жұмыс істеу кезінде қолданатын құралдар, қолдану мерзімі 12 айдан кем емес, құнына байланыссыз. Кәсіпорынның есеп саясаты анықталған нормативтер негізінде өз бетінше шаруашылықтың ұйымдық құқықтық түрінен, салалық ерекшеліктерінен, айналыс әдіснамасынан және істің сипаты және т. б. есеп және бақылаудың ұйымдастырылуының нақты қалпы мен әдістерін анықталуына құқық береді.
ТМҚ иемденуінің есебі мен оның бағалануының ережесі мен тәртібі, өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі, оның бағалануы, өткізілуі және т. б. есеп саясатымен анықталған. Есеп саясатындағы сонымен қатар бухгалтерлік есептің шоттар жүйесінің құрылымын анықтауы енген.
Есеп саясатының қалыптасуы кезінде мүліктік ерекшелік пен ұйымдық ісінің үздіксіздікті қарастырылады, сонымен қатар есеп саясатының қолданылу кезектілігі, шаруашылық қызмет фактілерінің уақытша анықталғандығын қарастырады. Есеп саясаты толықтылық, байқаушылық, қарама-қайшылық және орнықтылық талаптарына сәйкес келеді.
Есеп саясатында есептің қағидалары мен әдістерін қолдана отырып шаруашылық іс-әрекет туралы нақты және оперативті ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның есеп саясаты ретінде онымен сатып алынған бухгалтерлік есепті жүргізу болып табылады. Ағымдағы топтастыру мен шаруашылық қызметтің барлық фактілерінің жиыстыруының бастапқы барлауы, бағалық өлшемі.
«ALMALY-LTD» ЖШС-нің есеп саясаты толық түрде қолданылады және кәсіпорынды төмендегілермен қамтамасыз етеді:
-қаржы-шаруашылық қызметтің барлық операцияларының бухгалтерлік есепте толық көрініс табуын;
-жасырын қор жасалуына жол бермей, ықтимал кіріс пен активтерге қарағанда шығыстар мен міндеттемелер бухгалтерлік есебіне үлкен дәрежедегі дайындығын;
-қаржылық-шаруашылық қызметінің фактілерінің бухгалтерлік есепте көрініс табуы тек құқықтық түрден ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізудің фактілері мен шарттарының экономикалық мазмұңынан көрініс табылуын;
-аналитикалық есептің мәліметтерінің есептін шоттары бойынша айналым мен қалдықтарына теңдігі, сонымен қатар бухгалтерлік есептіліктің ағымдағы есептілікке мәліметтеріне теңдігін;
-шаруашылық қызметпен кәсіпорын көлемі жағдайына байланысты бухгалтерлік есепті ұқыпты және үнемді жүргізілуін.
Амортизацияны есептеу біркелкі есептеу әдісімен жүргізіледі, яғни құнынан келе және амортизация нормасы келесідей орнатылады:
-ғимараттар мен құрылыстар - 5%; Транспорттар -25%; -негізгі құралдардың басқа да объектілері -15%.
Материалды-өндірістік қорлар 1300 шотында есептеледі, өндіріске жіберілгендер орташа құны бойынша бағаланады.
Түгендеу жүргізіледі:
-Негізгі құралдар мен материалды-өндірістік қорлар - есептілік жыл біткеннен кейін жылына 1 рет;
-Кассадағы ақша қаражаттары - есептілік жыл біткеннен кейін айына 1 рет;
- Несиелік қарыздар - есептілік жыл біткеннен кейін жылына 1 рет;
Міндетті түрде мүлік және міндеттемелердің түгендеуі жүргізіледі:
- Жылдың есептілік жасау алдына есептік жылдың 1қазанынан кеш емес, түгендеу жүргізілген мүліктен басқасы;
- Материалды жауапты адамдардың ауысуы кезінде;
- Ұрлық, қасақана зиян жасау, сонымен қатар құндылықтарды бүлдіру болған кезде;
- Экстремальді жағдайдармен байланысты табиғт апаттар жағдайында; - Ұйымның қайта құрылуы немесе жабылуы кезінде.
Есеп саясатының орындалуына бақылау жасайтын тұлға бас бухгалтер болып табылады. Бухгалтерлік есепке қатысты мағлұматтар коммерциялық құпия ретінде жасырын сақталады. Есептік-бухгалтерлік құжаттар Мемлекеттік комитеттер мен министрліктер іс-әрекеті нәтижесінде пайда болатын типтік құжаттар тізіміне сәйкес сақталады.
Есептік кезең біткеннен кейін, бухгалтерияда тұрған құжаттар, мұражайға өткізіледі, ол есептік саясатта көрсетілген. Мұражайға өткізілген құжаттардың сақталу мерзімі төмендегі 1 кестеде көрсетілген.
1-кесте. Сақталу мерзімі бойынша құжаттар тізімі
VI. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктері
4. 1 Ақша қаражаттарының есебі
«ALMALY-LTD» ЖШС-де қолма қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы бар. Касса - бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді. Ақша қаражаты - кәсіпорын кассасындағы қолма-қол және ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары. Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) - бұл ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар. Кассаға қолма - қол ақшалар есеп айырысу шотынан ақшалай чек бойынша келіп түседі. Кассаға ақша бас бухгалтер қол қойған кассалық кіріс ордерлері (КО-1 үлгіде) бойынша қабылданады. Кассаға ақша салған адамға бас бухгалтер және кассир қол қойған түбіртек (ордердің жыртылатын бөлігі) беріледі. Кассалық кіріс ордері бойынша ақшаны қабылдау тек қана оларды толтырған күні жүргізіледі. «ALMALY-LTD» ЖШС - де кассадан ақша кассалық шығыс ордері (КО - 2 үлгі) арқылы, бас бухгалтер мен төраға қол қойған тиісінше рәсімделген төлем ведомостері арқылы беріледі. «ALMALY-LTD» ЖШС ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу үшін 1000 «Ақша қаражаты» кіші бөлімі арналған. Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша операцияларды келесі кестеден көруге болады: 2-кесте. Ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша шаруашылық операциялары
«ALMALY-LTD» ЖШС-де ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының есебі 1030 шотында жүргізіледі. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі кәсіпорынға банктен келген «Банк көшірмесі» деген құжатнамада толық көрсетіледі. Ондғы ақша қаражаттарымен келесі құжаттар арқылы ғана қолданысқа енгізуге болады.
- төлем тапсырмасы;
- чек кітапшасы
- банк клиент бағдарламасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz