ЖШС «Аbat management» компаниясында өткен іс-тәжірибе есебі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЖШС «Abat Management»-ке жалпы сипаттама . . . 5
2 ЖШС «Abat Management»-тің ұйымдық басқарушылық құрылымы . . . 14
3 ЖШС «Abat Management»-тің ұжымын ынталандыру жүйесі . . . 19
4 ЖШС «Abat Management» компаниясының стратегиялық даму жоспары . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26
Қосымша 1 . . . 27
Қосымша 2 . . . 28
КІРІСПЕ
Мен 2010 жылдың 18-қаңтарынан 10-сәуіріне дейін ЖШС «Abat Management»-тің есеп бөлімінде, бас бухгалтердің көмекшісі болып, диплом алдындағы тәжірибені өттім. ЖШС «Abat Management» Қазақстан Республикасының консалтингтік қызмет көрсету нарығында 2005 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бұл компанияда мен ең алдымен оның немен айналысатынымен таныстым, келіп түскен қаржылық құралдардың толық есебін жүргізу, қызметкерлерге сыйақы мен еңбекақыны есептеу, бухгалтерлік баланс құрастыру, бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеп олардың мұрағатқа өткізу және т. б. жұмыстарымен айналыстым.
Тәжірибе бойынша есепті жазу барысында мен ЖШС «Abat Management»-тен алынған метериалдарды, арнайы әдебиетті, бұқаралық ақпарат құралдарын және интернет ресурстарды пайдаландым.
Тәжірибе уақытында мен ЖШС «Abat Management» туралы келесідей ақпарат жинақтадым: ЖШС «Abat Management» компаниясының Ережесі; ЖШС «Abat Management»-тің бизнесті дамыту стратегиясы; ЖШС «Abat Management»-тің басқарушылық ұйымдық құрылымы туралы ақпарат; ЖШС «Abat Management»-тің 2008 жылға арналған Бухгалтерлік есебі; ЖШС «Abat Management»-тің 2008 жылға арналған Ақша қозғалысы туралы есебі; ЖШС «Abat Management»-тің Шығындар мен табыстар туралы есебі.
«Abat Management» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі консалтингтік қызмет көрсетудің жоғары сапа стандарттарымен, сондай-ақ клиенттерінің әр түрлі мәселелерін кез-келген уақытта шешуге дайын болуымен ерекшеленеді. ЖШС «Abat Management» консалтингтік компанияның негізгі мақсаты - Орта Азия мен Қазақстанның қызмет көрсету нарығында сапа көшбасшысына айналу болып табылады. Сондықтан да ЖШС «Abat Management» консалтингтік компанияның басты басымдылығы бұл жоғары маманданған бедел болып табылады.
Тәжірибенің негізгі мақсаты - оқу процессінде алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсету, оны әр түрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысында пайдалана білу болып табылады.
Тәжірибенің негізгі мақсаттарына жету үшін ең алдымен келесідей міндеттерді орындау қажет:
- Компанияны толық зерттеу, оның қызметін талдау, негізгі нормативтік құжаттардың қолданылуын қарастыру;
- Компанияның қаржылық құрамын ашып көрсету, оларды ұйымдастырудың қағидаларын талдау;
- Компанияның қаржылық-экономикалық қызметіне байланысты құжаттарымен жұмыс істеу тәжірибесін жинақтау;
- Компанияның бизнесті дамыту стратегиясына байланысты негізгі ерекшеліктерді талдау, оның компания үшін қаншалықты маңызды екенін жеткізу;
- Компанияның өз қызметкерлерін ынталандыру жүйесін талдау;
- Компанияның басқарушылық ұйымдық құқығына талдау жасап, басшылық пен қарапайым қызметкерлердің арасындағы байланыс ерекшеліктерін ашып көрсету;
- Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметіне қорытынды жасауды және оларды жетелдіру жөнінде дербес шешімдерді қабылдауды үйрену.
1 ЖШС «Abat Management»-ке жалпы сипаттама
ЖШС «Abat Management» Қазақстанның консалтингтік нарығында 2005 жылдан жұмыс істей бастады. Бұл компания жоғары сапа стандарттарымен және өз клиенттерінің кез-келген проблемасын шешуге деген дайындығымен ерекшеленеді. ЖШС «Abat Management» консалтингтік компанияның негізгі мақсаты - Орта Азия мен Қазақстанның қызмет көрсету нарығында сапа көшбасшысы болу. Сондықтан да ЖШС «Abat Management» консалтингтік компанияның басты бағалылығы бұл жоғары маманданған бедел болып табылады.
ЖШС «Abat Management» консалтингтік компаниясы 2007 жылдың мамырында халықаралық консалтингтің коммерциялық емес әріптестікке «РСМ Топ-АС»-қа (НП МАК «РСМ Топ АС») енді. Бұл ұйым 1964 жылдан бастап жұмыс істейді, сондай-ақ әлемнің 72 елінің фирмаларын біріктіріп дүние жүзінде консалтингтік жүйенің ішінде 6-шы орынды иеленеді. Қазіргі уақытта коммерциялық емес ұйымның мүшелері Ресейдің және ТМД елдерінің 40-тан астам консалтингтік компаниялары болып табылады. «РСМ Топ-АС»-қа кіру ЖШС «Abat Management» консалтингтік компаниясына клиенттік базаның санын ұлғайтуға мүмкіндік беретін бизнестің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік алды.
НП МАК «РСМ Топ АС»-тың жұмыс стандарттарының жоғары мамандануынан басқа негізгі бәсекелестік артықшылығы - RSM International халықаралық консалтингтік жүйенің мүшелерімен үнемі тәжірибе алмасып отыруы болып табылады. Бұл компанияның қызметкерлер штаты 20 мыңға жуық адам және олар әлемнің 80-ге жуық елдерінде жұмыс істейді. RSM International халықаралық консалтингтік жүйенің мүшесі болуы компания үшін барлық көрсетілетін қызметтердің бағыттары бойынша алдыңғы технологияларға кіру мүмкіндігін туғызды. Компания қызметкерлері Ұлыбританияда, Ресейде және АҚШ-та тәжірибе алмасып келуіне мүмкіндік алды. Сондай-ақ халықаралық семинарлар мен конференцияларда қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстан экономикасы қазіргі уақытта бүкіл мемлекет көлемінде қарқынды даму үстінде. Бұл ресейлік және шетел инвесторларының активтілігінде жағымды түрде көрініс алуда. Дамушы бизнестің шарттары басқарушылық шешімдерді қабылдауды тиімді және сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатын алдыңғы қатарлы прогрессивті технологияларды енгізуді қажет етеді. Бұндай технологияларды тиімді қолдану ең алдымен консалтингтік компаниялардың қызметімен қамтамасыз етіледі. Өйткені бұл компаниялар нарықтық экономиканың тұрақтану кезеңінде мемлекеттің ірі деген кәсіпорындарына жоғары квалификациялы қызмет көрсетеді.
Бұл компания өзінің брендін қозғау мәселесінде консервативті емес және тұтынушылар нарығында нақты орын алу - бизнес табыстылығының басты факторы деп санайды. Барлық нарықта болу, бірден көп жұмысты атқару, кез-келген компаниямен бірлесіп істеу және кадрлік консалтингтің барлық бағыттарында табысты болу мүмкін емес. Сондықтан да ЖШС «Abat Management» консалтингтік компаниясы өз бизнесінің аймағын, ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынас орнататын компанияларын және №1 рекрутингтік компания болуға ұмтылатын нарықты нақты анықтайды.
ЖШС «Abat Management» консалтингтік компаниясының мақсаттық аудиториясы және клиенттері - бұл дамыған корпоративтік мәдениеті бар, сапалы тауар өндіретін және тұрақты дамуды қамтамасыз ететін мамандары бар мультиұлттық компаниялар болып табылады. ЖШС «Abat Management» денсаулыққа зиянды өнімді нарыққа шығаратын компаниялармен серіктестік қарым-қатынаста болмайды және кез-келген жеке алынған салада нақты компания-клиенттермен жұмыс жасайды. Бұл берілген нарықта потенциалды үміткерлердің көзі ретінде жұмыс істейтін компаниялардың арқасында зор нәтижелерге жетуге үлкен мүмкіндік туғызады.
Қазірдің өзінде ЖШС «Abat Management» компаниясы өзінің көптеген жобаларын бұрынғы клиенттерінен немесе сол клиенттерінің ұсыныстары бойынша алады. Бизнесті осылай ұйымдастыру улиенттерді қанағаттандырумен бірге олармен және потенциалды клиенттермен ұзақ мерзімді қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.
ЖШС «Abat Management» Қазақстан Республикасының барлық территориясында қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарының саясатын ұстанады. Бұл стандарттар маманданған қызметтің жалпы жағдайларына, методология мен технологиялардың берілуіне, тәуелсіздікке деген талаптың жоғары болуына және сапаны бақылау жүйесін құруға негізделеді. Бұл өте ыңғайлы болып табылады, өйткені Қазақстан Республикасының кез-келген аймағында халықаралық деңгейдегі консалтингтік қызмет көрсетіледі.
Компания ұжымы өзінің мамандығының бағыттары бойынша жұмыс тәжірибесі бар маманданған қызметкерлерден тұрады. Компанияның кең әріптестік байланыстары болғандықтан, ол үнемі Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының консалтингтік компанияларының атақты мамандарымен тығыз жұмыс жасайды. ЖШС «Abat Management» консалтингтік компаниясының басты мақсаты - көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, Қазақстандағы консалтингтік компанияларға халықтың сенімін арттыру.
Компанияның басты қағидалары деп төмендегілерді көрсетуге болады:
- Қандай да болмасын қиындығы бар проблеманы шешуде жоғары сапалы маманданған әдістерді қолдану.
- Клиенттікі әрдайым дұрыс деп үнемі оның айтқанымен жүрмей, қажет болған жағдайда кез-келген мәселені клиентке түсіндіріп, сапалы қызмет көрсету.
ЖШС «Abat Management» консалтингтік компаниясы қалай жұмыс істейді:
- Клиенттерге әріптестіктің бүкіл кезеңінде консультациялық және ақпараттық қолдау көрсете отырып, толық және ыңғайлы қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.
- Компания мамандары клиенттердің проблемаларымен таныс және оларды шешуге әрдайым дайын болып келеді.
- «Abat Management» өз клиенттеріне мамандарының жауапкершілігімен кепіл береді.
- Консалтингтік компанияның жауапкершілігі келісімшарттың сәйкес пункттерінде айтылады.
ЖШС «Abat Management» консалтингтік компаниясымен әріптестік төмендегі артықшылықтармен анықталады:
- Әлемдік сапа деңгейінде консалтингті жүзеге асыра алатын жоғары маманданған қызметкерлерлердің болуы.
- Көрсетілген қызмет үшін төлемақының онша жоғары болмауы.
Компанияның негізгі мақсаты:
- Қазақстан Республикасының ірі қалаларында өз филиалдарын ашу.
- Компания қызметкерлерінің квалификациясын үнемі жоғарылатып отыру.
Компания клиентпен ұсынылған уақыт ішінде халықаралық тәжірибе талап еткетіндей жоғары сапалы қызмет көрсетуге әрдайым дайын.
ЖШС «Abat Management» консалтингтік компаниясы өзінің жұмысын төмендегі жобалар мен бағыттар бойынша көрсетті:
- Шикізатты терең өңдеу бойынша өндірістік комплекске жоғары технологиялы жабдықты жеткізу бойынша сыртқы экономикалық келісімдерді ілестіру.
- Техника-экономикалық негіздеуді, бизнес-жобаны өңдеу және шикізатты терең өңдеудің жоғары технологиялы ондірістік комплексінің жобасы бойынша маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
- Этил спиртін және бидайды өңдеу мен өткізу үшін лицензия алу кезіндегі консультациялық жұмыстар өткізу.
- Бизнес-жобаның, негіздеудің техника-экономикалық өңделуі, жоба бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу.
- Жеткізу және голланд розаларын өсіретін жабдықтың жоғары технологиялы жылу комплексі бойынша ілестіру. (КХ «Глоривэй») ;
- Көп пәтерлі тұрғын-үй комплексін салу кезінде консультациялық жұмыстар өткізу. (соның ішінде үлестік қатысу)
- Коммерциялық объектілерді салу кезінде консультациялық жұмыстарды жүргізу (қонақ-үй, сауда-ойын кешендері, офистер және т. б. ) .
- Ауылшаруашылық кәсіпорындарды, шаруашылық қожалықтарын салу кезінде консультациялық жұмыстарды өткізу.
- Құрылыс материалдарын өндіретін зауыттың қызметін корпоративтік жағынан қолдау.
- Астана қаласындағы жылу магистралін салу кезінде құқықтық жағынан қолдау.
- Алматы қаласының орталығындағы газ-құбырлық электр станциясының құрылысы бойынша жобаны дайындауда кеңес жұмыстарын өткізу.
- Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резиденттер емес үшін инвестицияға салынатын салықты оптимизациялау (Ресей, Қырғызстан, Германия, Жапония және т. б. )
ЖШС «Abat Management» консалтингтік компаниясы төмендегідей бухгалтерлік есептілік бойынша қызмет көрсетеді:
- Бухгалтерлік және салық есебін жүргізу және қалпына келтіру
- Кәсіпорынның статистикалық есептілігін құрастыру.
- Салықтық есептілікті толтыру.
- Кәсіпорынның Есеп саясатын құрастыру.
- Кәсіпорынның Салық саясатын құрастыру.
Сондай-ақ компания канцелярияның және іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша кадрлік қызметтің жұмысшыларын оқыту қызметтерін ұйымдастырады.
- Жалпы іс жүргізуді басқару саласында:
- Құжаттарды және реквизиттерді рәсімдеу талаптары;
- Негізгі қызмет бойынша шешімдерді және бұйрықтарды рәсімдеу талаптары;
- Ұйым жұмыстарының номенклатурасын өңдеу талаптары;
- Компания құжаттарын оперативті сақтау және іс-әрекеттерге арналған құжаттарды рәсімдеу талаптары;
- Тұрақты және уақытша мерзімге сақталатын іс-әрекеттердің тізімдемесін құрастыру;
- Электронды құжат айналымын енгізу;
- Ведомствалық архивтің жайының болуына талап;
- Іс-жүргізу қызметінің жұмысшыларының санын есептеу.
- Кадрлік жұмысты ұйымдастыру саласында:
- Жеке құрылым бойынша бұйрықтарды дайындау және рәсімдеу;
- Еңбек келісмшарттарын өңдеу және жасау;
- Компания қызметкерлерінің жеке істерін рәсімдеу;
- Компания қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын рәсімдеу талаптары.
ЖШС «Abat Management» консалтингтік компаниясының семинар-тренингтерінің бағдарламасы:
1. Басшылар үшін:
- Басшының лидерлік потенциалын дамыту;
- Қазіргі заманғы басшының жеке әсерлілігі;
- Дағдарыстан шығу;
- Топты біріктіру;
- Персоналды басқару;
- Басшының жеке психологиялық компетенттілігі.
2. Персонал және сату бойынша менеджерлер үшін, сақтандыру компанияларының қызметкерлері үшін:
- Персоналды басқару;
- Коммуникативті компетенттілік;
- Лидерлік қасиеттерді дамыту.
- Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері үшін:
- Қауіпсіздік қызметі бөлімшелерінің күзетшілерінің психологиялық компетенттілігі;
- Қауіпсіздік қызметі бөлімшелерінің жеке қорғаушыларының психологиялық компетенттілігі;
- Инкассация қызметінің қызметкерлеріне тренинг.
- Өзіне-өзі сенімді арттыру тренингі.
- Антисстресстік релаксация.
- Позитивті ойлауды қалыптастыру.
- Сөйлесу процессінің психологиялық аспектілері.
- Психологиялық әсер етудің әдістері.
- Әйел адам психологиясының ерекшеліктері.
- Психологтар үшін тренинг:
- Психологтар үшін тренинг;
- Психологтар үшін тереңдетілген тренинг;
- Басқарушылық қызмет үшін психологиялық тренинг.
- Кадрларды орналастыру және таңдау, психологиялық тестілеу және анализдің басқа әдістері арқылы ұжым ішіндегі климатты моральді-психологиялық талдау (жазу анализі, портреттік диагностика, психодиагностика, әлеуметтік әдістемелер) .
ЖШС «Abat Management» консалтингтік компаниясының қызметкерлері шетелмен тікелей байланыста болғандықтан тренингтерді Ресейде, Германияда, АҚШ-та оқыған және үлкен практикалық тәжірибесі бар, квалификациясы жоғары Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жүргізеді. Семинар-тренингтер жеке және 14 адамға арналған топ үшін жүргізіледі. Сондай-ақ компания көшпелі тренингтерді ұйымдастырады.
Төменде ЖШС «Abat Management»-тің Ережесі көрсетілген. Ол осы серіктестіктің мәртебесін анықтайды.
1-бап. ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР
1. 1. «Abat Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай Серіктестік) заңды тұлға және Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады.
1. 2. Серіктестіктің құрылтайшысы (әрі қарай қатысушысы) :
АМАНЖОЛОВ ДАУРЕН ЕСЕНОВИЧ
Тұрғылықты жері:
Алматы қаласы, Таугүл-2.
Туған күні: 07. 08. 1972ж.
Жеке куәлігі:
№ 008636845 берілді 28. 01. 1998ж. ҚР-ның ІІМ. Туған жері: Қарағанды облысы.
1. 3. Серіктестіктің фирмалық атауы: толық фирмалық атауы - Жуапкершілігі шектеулі серіктестігі; қысқаша фирмалық атауы - ЖШС «Abat Management».
1. 4. Серіктестіктің мекенжайы:
Қазақстан Республикасы 050057 Алматы қаласы, Бұхар Жырау көшесі 66-шы үй, телефон/факс: +7 (727) 275 49 43.
1. 5. Серіктестіктің жұмыс істеу уақыты шексіз.
1. 6. Серіктестік Заңнамалық актілермен және құрылтайшылық құжаттармен тыйым салынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Заңнамалық актілермен анықталған қызметтің басқа түрлерімен Серіктестік лицензия негізінде жұмыс істеуіне болады.
2-бап. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЗАҢДЫҚ СТАТУСЫ
2. 1. Серіктестік заңдық тұлғаның құқықтарына оның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ие болады.
2. 2. Серіктестіктің өзінің мөрі, өзіндік жеке балансы, банктегі шоттары, өз атуларымен бланктері болады.
2. 3. Серіктестік қойылған мақсатына жету үшін өз атынан мәмілеге отыруына, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуына, сотта талапкер және жауапты болуына құқылы.
2. 4. Серіктестік Қазақстан Республикасының территориясында және шетелде өз өкілдіктері мен филиалдарын ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге кіруіне, сондай-ақ басқа заңды тұлғаларға қатысушы болуына құқылы.
2. 5. Серіктестік өзіне тиесілі міндеттемелер бойынша жауап береді. Мемлекет серіктестіктің қарыздары бойынша жапкершілікте емес. Серіктестік мемлекет қарыздары бойынша жапкершілікте емес. Серіктестік өз қатысушысының міндеттемелері бойынша жауапкершілкте емес (заңнамада ерекеше көрсетілген жағдайлардан басқа) .
2. 6. Қатысушы серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауапкершілікте емес және серіктестіктің қызметімен байланысты шығындар мен тәуекелділікке ие болады (өзі енгізген салымның сомасы шегінде) .
3-бап. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
3. 1. Серіктестіктің қатысушысы құқықтарға ие:
3. 1. 1. Осы Ереже тәртібіне сәйкес Серіктестіктің іс-әрекеттерін басқаруға қатысу;
3. 1. 2. Серіктестіктің қызметі жайлы ақпарат алу және оның құжаттарымен танысу;
3. 1. 3. Серіктестіктің қызметінен түскен табысты алу;
3. 1. 4. Серіктестікті тарату жағдайы туындаса, кредиторлармен есеп айырып болғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне немесе сол мүліктің заттай түріндегі бөлігіне ие болу;
3. 1. 5. Өз үлесінен бас тарту арқылы Серіктестікке қатысушы болуды тоқтату;
3. 1. 6. Серіктестік органдары қабылдаған шешімдер осы Ережемен және Қазақстан Республикасының Заңнамасымен қарастырылған құқықтарды бұзған жағдайда сот тәртібінде өз құқықтарын қорғау;
3. 2. Серіктестік қатысушысы міндетті:
3. 2. 1. Құрылтайшы құжаттарының талаптарын орындау;
3. 2. 2. Құрылтайшы құжаттарының тәртібіне байланысты салымдарды бекітілген мөлшерде, бекітілген әдісте және уақытында салу;
3. 2. 3. Серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді сыртқа таратпау;
3. 2. 4. Серіктестіктің орындаушы органын осы Ереженің 1. 2. пунктінде қарастырылған өзгертулері болған жағдайында жазбаша түрде хабарлау;
3. 3. Серіктестік қатысушысы Заңнамада қарастырылған басқа да құқықтарға (міндеттерге) ие бола алады;
4-бап. СЕРІКТЕСТІК ТАБЫСЫ
4. 1. Серіктестіктің негізгі мақсаты пайда табу болып табылады.
4. 2. Серіктестік Қазақстан Республикасының Заңнамасымен бекітілген тәртіпте және білгілі бір уақытта салық төлейді.
4. 3. Салық және басқа да міндетті төлемдерден кейін қалған табыс Серіктестік меншігі болып табылады және қатысушылар арасында бөлінеді немесе Серіктестік қажеттілігіне жұмсалады.
5-бап. СЕРІКТЕСТІК МҮЛІГІ
5. 1. Серіктестіктің Жарғылық капиталы 109 200 ( жүз тоғыз мың екі жүз теңге) . Құрылтайшы Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өтпей тұрып жарғылық капиталдың бүкіл сомасын енгізеді.
5. 2. Серіктестіктің Жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, сондай-ақ жерді пайдалану және интеллектуалды меншік құқықтары түрінде болуы мүмкін. Жеке мүліктік емес құқықтар және басқа да материалдық емес құндылықтар түрінде салымдар қарастырылмайды.
5. 3. Серіктестік мүлкі Жарғылық капиталға қатысушының салған салымынан, қосымша салымдардан, кәсіпкерлік және шаруашылық қызметтен түсетін табыстардан, сондай-ақ қарыз қаражаттары мен басқа да мүліктен тұрады.
5. 4. Қатысушының шешімі бойынша Жарғылық капиталдың мөлшері өзгертілуі мүмкін. Жарғылық капиталды көбейту үшін қатысушы қосымша салымдарды сала алады, сондай-ақ жаңа қатысушылар келіп қосылған жағдайда да жарғылық капитал ұлғаюы мүмкін. Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері Серіктестік қатысушысының салымы мөлшерінде азаюы мүмкін. Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің азаюы мемлекеттік тіркеуден өткен кездегі Заңнамаға сәкес бекітілген минималды мөлшерден төмен болмау керек.
6-бап. СЕРІКТЕСТІК ОРГАНЫ
6. 1. Қатысушы Серіктестіктің жоғары Органының өкілеттік құқықтарына ие болады және бүкіл шешімдерді өзі қабылдайды. Қатысушының айрықша компетенциясына:
6. 1. 1. Серіктестік Ережесінің өзгеруі, бұған қоса Жарғылық капиталдың мөлшерінің, орналасу жері мен фирмалық атауының өзгеруі немесе Серіктестік Ережесін жаңа редакцияда жаңадан бекітілуі;
6. 1. 2. Серіктестіктің жаңа орындаушы органының құрылуы және оның өкілеттігінің тоқтатылуы, сондай-ақ Серіктестікті немесе оның мүлкін сенімді басқаруға тапсыру;
6. 1. 3. Бақылау кеңесінің және Серіктестік ревизорының өкілеттігінің уақыттан бұрын тоқтатылуы мен сайлануы, сондай-ақ Серіктестік ревизорының есептіліктерін және қорытындыларын бекіту;
6. 1. 4. Жылдық қаржылық есептілікті бекіту және таза табысты бөлу;
6. 1. 5. Осы Ережемен сәкес өзге органның компетенциясына берілген құжаттардан басқа серіктестіктің ішкі қызметін бақылайтын құжаттарды қабылдау, ішкі ережелерді бекіту;
6. 1. 6. Серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктерде және коммерциялық емес ұйымдарда қатысуға шешім қабылдау;
6. 1. 7. Серіктестіктің қайта құрылуы және таратылуы туралы шешім қабылдау;
6. 1. 8. Тарату комиссиясын бекіту және тарату баланстарын бекіту;
6. 1. 9. Серіктестік қатысушысының үлесін еріксіз сатып алу шешімі;
6. 1. 10. Серіктестіктің бүкіл мүлкінің кепілге алынуы;
6. 1. 11. Серіктестіктің мүлкіне қосымша салымдарды салу туралы шешім;
6. 1. 12. Серіктестік қызметі туралы ақпаратты алушыларға және Серіктестікке қатысушыға уақыт пен тәртіпті белгілеу;
6. 2. Қатысушы Серіктестіктің қызметімен байланысты кез-келген мәселені қарастыру туралы шешім қабылдай алады.
6. 3. Қатысушыға есепті және шешімдерді ұйымдастыратын орындаушы орган директор болып табылады. Қатысушы директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек Заңнамасымен реттеледі.
6. 4. Серіктестік директорының өкілеттігі:
6. 4. 1. Серіктестік атынан сенімхатсыз істйді;
6. 4. 2. Серіктестік мүдделерін ұсыну құқығы үшін сенімхат тапсыра алады;
6. 4. 3. Серіктестік қызметкерлерін тағайындау, ауыстыру және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ лауазымдық жалақыларды және жеке үстемақыларды бекітеді, премиялық мәселелерді шешеді;
6. 4. 4. Серіктестік мүлкін (қатысушы ұсынған шегінде ақша мөлшері) реттейді;
6. 4. 5. Серіктестіктің банкте және басқа несиелік ұйымдарда өз шоттарын аша алады;
6. 4. 6. Ұжым міндетті түрде орындауға тиісті өз компетенциясының шегінде бұйрықтарды шығара алады;
6. 4. 7. Серіктестіктің ағымдағы және болашақтағы жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді.
6. 4. 8. Келісімшарттарға отырады, олардың және басқа жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
6. 4. 9. Серіктестік қатысушысына жылына бір реттен кем емес Серіктестік қызметі жайлы ақпарат ұсынады;
6. 4. 10. Қатысушының ерекше компетенциясына немесе бақылаушы органның компетенциясына берілмеген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады;
6. 5. Серіктестік өзінің қызметі бойынша бухгалтерлік есептілікті жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі ережелеріне сәкес статистикалық және қаржылық есептіліктерді жүргізеді. Есептілік пен қорытынды Заңнамаға сай жүзеге асырылмаған жағдайда Серіктестік жауапкершілікке тартылады.
6. 6. Серіктестік қаржылық қызметті және қаржылық есептілікті тексеру үшін маманданған аудиторды (Серіктестік мүлкіне мүдделі емес) тартуына болады.
7-бап. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫ
7. 1. Директор жеке еңбек келісімшарттардың негізінде жұмысшыларды жұмысқа алу, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттейтін басқа формаларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие.
7. 2. Серіктестік өз қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Заңнамасымен бекітілген барлық әлеуметтік-экономикалық құқықтарының қадағалауын кепіл етеді.
7. 3. Әр жұмысшының еңбек табыстары максималды мөлшермен шектелмейді және оған бекітілген тәртіп бойынша салық салынып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz