Диплом алдындағы тәжірибенің есебі.«АТФБанк» АҚ


Мазмұны
Кіріспе
1. «АТФ» АҚ жалпы сипаттамасы
1. 1. «АТФ» АҚ-ның құрылу тарихы және дамуы
1. 2. «АТФБанк» АҚ-ның акционерлері және басқару ұйымдарының
құрылымы
2. «АТФБанк» АҚ-ның негізгі қызметтерін ұйымдастыру
2. 1. Банктің несие қызметін талдау
2. 2. Депозит саясатын талдау
2. 3. Карточкалық Бизнес Департаментінің қызметі, карточкалар түрлері
3. «АТФБанк» АҚ жалпы қаржылық жағдайын талдау
3. 1. Банктің актив және пассив бөлімін талдау
3. 2. Банктің қаржылық көрсеткішін тадау
3. 3. Банктің кіріс және шығыс бөлімін талдау
4. «АТФБанк» АҚ маркетингтік іс әрекетін талдау
5. «АТФБанк» АҚ маркетингтік іс-әрекетін жетілдіру жағдайын жақсарту бойынша шаралар енгізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
7 қаңтар мен 20 сәуір аралығында Шымкент қаласындағы "АТФ" АҚ өндірістік тәжірбиеден өтті.
Өндірістік тәжірбие мақсатында - оқу процесінде және тәжірбие алдында алған теориялық пәндерінің білімін және практикалық қабілеттерді орнықтыру, сонымен қатар, кәсіпорынның маркетинг қызметін талдай отырып тәжірбие алу, бітіру жұмысы үшін қажетті материалдар жинау, алған теориялық білімді кәсіпорынның маркетингтік қызметінде іс жүзінде қолданып көру және оған шығармашылық белсенділік таныту арқылы тиімді маркетингтік шешімдерді ұсыну болып табылады.
Елімізде нарықтық экономикалық реформаның жаңадан ашылған алғашқы деңгейдегі банктер. Өте маңызды жағдайда біздің елімізде банктердің биікке дамуы және үлкен нәтижеге жетуі басқа да несие институттары оның тәжірибелік ретінде тарауы жетілдірілген. Қазақстанда тәжірибелік ретінде шешілу мақсаты ол білімділікте және де шетелдік банктермен бірге тәжірибелік жұмыстар жүргізіле бастағаны. Соңғы жылдары банктің дамуы қаржы және капитал жағынан өте жоғары нығаюда. Оның себебі ол банктің ресурстары және елге несие беру жағынан, сонымен ақша салымы және ақша аудару арқылы жоғары деңгейге көтерілді. Банктік операциялық жұмыстары ол клиенттермен көп жұмыс істеп ақша аудару жағынан тағыда басқа шетелмен де қарым - қатынас жасайды. Барлығына белгілі, коммерциялық банктер әрқайсысы өздерін жоғары деңгейде екенін көрсетіп банктер арасында бәсекелестік болады, сол үшін әр банк өзінің сондай маңызды жұмыс істей алатындығын көрсетеді. Бәсекелестік ол клиенттер алдында өте маңызды жағдай, себебі банк қызметкерлері клиенттер алдында өте зор үлесін қосып мінездеме бере алады. Банктің мақсаты ол елдің алдында өзіндік құнын жоғалтпай жұмыс деңгейі жоғары екенін білдіреді.
Менің диплом алдындағы тәжірибе өткен жерім «АТФБанк» Акцинерлік Қоғамы. Оның орналасқан жері: Шымкентқаласы, Фурманова көшесі 100. Осы төмендегі ұсынылған өндірістік тәжірибеде «АТФ Банкі» АҚ-ның бүгінгі күннің ҚР-ның қаржы жүйедегі орнын көрсетуге, ұйымдастыру құрылымын ашып 2006-2007 жылғы банк қызметін талдай отырып және осы талдау негізінде банк қызметінің тиімділігін жақсарту үшін тәжірибелік кепілдемелер ұсынылған мақсаттар бар.
Қандай да бір қаржылық институттың мақсаты- пайда табу, сонымен қатар ол экономикалық талдаудың ең негізгі объектісі. Пайда нарықтық экономика қатынастарының жалпы құндылық жүйесінде маңызды орынға ие және экономикалық механизм қоғамдық өндірісті басқарудың негізгі элементі болып есептеледі. Бұл құндылық форманың көмегімен экономиканың барлық кәсіпорындарының қызметі бағаланады. Пайда- кеңейтілген ұдайы өндірісті қаржыландырудың ең ірі қайнар көзі, оның тиімділігінің басты критерийі, экономикалық қорлардың қалыптасуына жағдай туғызатын және мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі қайнар көзі болып келеді. Пайданың экономикалық табиғатының дұрыс түсінігі экономикада бұл категорияның тәжірибелік қолданылуының механизмінің жақсаруына негіз болып келеді.
Қалыптасқан жағдайда қаржылық мекеменің өмірін қамтамасыз ету үшін, қаржылық менеджмент ең алдымен қаржылық мекемеге және потенциалды бәсекелестерге нақты баға бере алуы қажет. Қаржылық мекеменің қаржылық жағдайын анықтаудың маңызы - оның уақытылы және сапалы қаржылық шаруашылық қызметін талдауында. Қазақстандағы банк саласының жағдайын дұрыс бағалау арқылы және оның ары қарай дамуын болжау арқылы банк меңгерушісі жұмыстың бөлшектелінген бағытын ең басымды дамудың бағыты деп жариялады. Банк көптеген салымшылар санын тарту үшін рекламалық компанияларда рекламалар жасалынды және өткізілді.
Диплом алдындағы тәжірибенің негізгі мақсаты - зерттеу объектісінің болашақ талдауына қажетті мәліметтерді жинау, пайданы қалыптастыру мен бөлуде теориялық және тәжірибелік дағдыларды алу, пайдаға әсер ететін факторларды табу, банктің ақша табысы және қаржылық - шаруашылық қызметі нәтижесін зерттеу, банктің құқықтық- ұйымдастыру нысанымен танысу болып келеді.
1. «АТФ» АҚ - ның жалпы сипаттамасы
1. 1. «АТФ» АҚ-ның қалыптасуы және құрылу тарихы
1995жыл
- маусымда«Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ болып тіркелді.
- қарашада«Шымкентсауда-қаржы банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей, ұлттық және шетел валютасында операцияларды жүргізуге ҚР ҰБ-нің № 59 басты лицензиясын алды;
1996жыл
- қарашада- Visa, EuroCard MasterCard, DinersClub, JCB, American Express- қызмет көрсетуде.
1997жыл
- ақпанда«Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Қарағанды қаласында филиал ашылуы;
- наурыздаАтырау облысы, Көлсары елді мекенінде «Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның есеп айырысу бөлімінің ашылуы;
- мамырдаҚР ҰБ-мен «Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейтін банктердің бірінші тобына қосылуы;
- қазанда«Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Өскемен қаласында филиалы ашылуы;
1998жыл
- қаңтарда«Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Шымкент қаласында филиалы ашылуы;
- сәуірде«Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Қостанай қаласында филиалы ашылуы;
- мамырда«Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Шымкентқаласында есеп айырысу бөлімінің ашылуы;
- маусымда«Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Астана қаласында филиалы ашылуы;
- шілдеде«Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ы Европалық Реконструкция және Даму Банкімен бірігіп шағын және орта бизнесті несиелендіре бастады;
- тамызда«Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Атырау қаласында филиалы ашылуы;
- қарашадаөз логотиптерімен, салмағы 10-20 гр. алтын құймалар алғашқы рет Қазақстанда шығарыла бастады;
- желтоқсандаЕҚБД-мен ынтымақтастық шеңберінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарын несиелеуде және Германия несие желісінің (KFM) қаржы операторы ретінде жұмысын бастады.
1999жыл
- наурыздаөз логотиптерімен халықаралық төлем карточкаларын: VISA-Classic, VISA-Gold, VISA-Business карточкаларының шығарылуы;
- мамырда«Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Павлодар қаласында филиалы ашылуы;
- шілдеде«Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Тараз қаласында есеп айырысу бөлімінің ашылуы;
- қыркүйектеWester Union (АҚШ) компаниясының құрамына кіретін 170 мемлекетте банктік шот ашпай, жеке тұлғалардың ұсынысы бойынша жылдам ақша аударымдары жүргізіле бастады;
- желтоқсандаVisa және Altyn халықаралық карточкаларын өз логотипімен шығара бастады;
- «АТФ Полис» сақтандыру компаниясы құрылды.
2000жыл
- шілдеде«Шымкентсауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Шымкентқаласында филиалдарының ашылуы;
- қазанда5 млн АҚШ доллар көлеміндегі алғашқы шығарылған атаулы купондық облигациялар орналастырылды;
- «АТФ Лизинг» лизингтік компаниясы құрылды.
2001жыл
- наурыздақоғам түрі өзгеріп, «Шымкентсауда-қаржы банкі» Ашық Акционерлік Қоғамға айналды;
- сәуірде«Шымкентсауда-қаржы банкі» ААҚ-ның Тараз қаласындағы есеп айырысу бөлімінің филиалға айналуы;
- мамырда«Шымкентсауда-қаржы банкі» ААҚ-ның Ақсай қаласында (Батыс Қазақстан облысы) филиалы ашылуы;
- маусымда400 млн. Теңге алтыншы эмиссияның артықшылығы бар акцияның орналасуы;
- №2 есеп айырысу бөлімінің ашылуы;
- қыркүйекте20 млн АҚШ доллары мөлшерінде синдикатталған қарыз тартылды;
- қыркүйекте«Казпромбанк» АҚ-ның «Шымкентсауда-қаржы банкі» ААҚ- на қосылуының мемлекеттік тіркеуден өтуі;
- қазанда5 млн АҚШ доллары көлемінде 2000 жылы қазанда шығарылған атаулы купондық облигациялар бойынша сыйақы төленуі және негізгі соманың жабылуы;
- қарашада1088 млн. теңге сомасында жетінші эмиссиялық акциялардың тіркелуі;
- желтоқсанда10 млн. АҚШ доллары көлеміндегі екінші ішкі облигациялардың тіркелуі;
2002жыл
- қаңтардаАстана қаласында №2 есеп айырысу бөлімінің ашылуы;
- ақпанда«Шымкентсауда-қаржы банкі» ААҚ-ы Қазақстанның Ұлттық Жинақтаушы Банкінің акционерлерінің бірі болды;
- наурызда«Апогей» Банкінің 88, 15% сатып алынды;
- сәуірдереттелген екінші эмиссия облигацияларын орналастыру есебінен меншікті капитал 5, 9 млрд теңгеге өсті;
- мамырдаVISA Virtuon виртуалды карточкаларының шығарылуы;
- маусымдабанктің атауы «Шымкентсауда-қаржы банкі» ААҚ-нан «АТФ Банк» АҚ-ға өзгертілді.
- шілдедеосы жылдың бірінші тоқсаны бойынша 231, 7 млн. теңге таза пайда алды;
- тамыздажалпы сомасы 40 млн АҚШ доллары болатын синдикатталған қарыз тартылды.
- қазанда«АТФ Банк» АҚ-ы 2001 жылы тартылған 26, 5 млн. АҚШ доллар сомасындағы синдицирленген заемды түгелдей және уақытында жапты;
2003жыл
- ақпанда«АТФ Банк» АҚ-ы ҚРҰБ-тен Ақтөбе қаласында филиал ашуға рұқсат алды;
- наурызда«АТФ Банк» АҚ- ның еншілес банкі «Апогей» «АТФ Банк» АҚ-ға қосылды.
- сәуірдесомасы 142 млн АҚШ доллары болатын 3 синдикатталған қарыз тартылды.
- мамырда«АТФ Банк» АҚ-ы жарғылық капиталдың 2, 4 есе ұлғайғандығын жариялады. 3, 1 млрд. теңгеден 7, 6 млрд теңгеге дейін;
- маусымда«АТФ Банк» АҚ-ы 30 млн. АҚШ доллар көлеміндегі синдицирленген заемды тартты. Заем 1 жылға беріліп, LIBOR+2, 7%. Заем алуға 18 әлемнің үлкен банктер мен инвестициялық компаниялар қатысты;
- қыркүйекте«АТФ Банк» АҚ-ы 50 млн. АҚШ доллары сомасында синдицирленген заем тартты. Ұйымдастырушы ретінде голандттық ABN AMRO BANK болды;
- «АТФ Банк» АҚ-ның мемлекеттік қайта тіркелуден өтуі;
- ҚР-ның Әділет Министрлігі «АТФ Банк» АҚ-ның жарғылық капиталы 11. 590. 761. 000, 00 теңгеге дейін ұлғайғандығы толықтырулар мен өзгертулер енгізді;
2004жыл
- қаңтардаСК «АТФ-Полис» пен ЖҚ«Отан» бірігіп жүргізетін «Партнер» бағдарламасын «АТФ Банк» АҚ-ы енгізгені туралы жариялауы;
- ақпандаАтырау қаласындағы «АТФ Банк» АҚ-ның филиалы әділдік органдарында қайта тіркеуден өтті;
- наурыздаMoody&apos's рейтингтік агенттік «АТФ Банк» АҚ-ның ұзақ мерзімді депозиттік ретингісін Ва1 «тұрақты» бағасын берді;
- мамырда«АТФ Банк» АҚ-ы «Отан» АЖЗҚ-ның негізгі акционерінің бірі болды;
- шілдедехалықаралық капитал нарығында жалпы сомасы 1, 150 млн АҚШ долллары болатын дебюттік еурооблигациялар шығарылымы орналастырылды.
- қыркүйекте«Энергобанк» АҚ-ның (Қырғызстан) акциялар пакеті сатып алынды.
- қазанда«АТФ Банк» АҚ-ның активтері 1 млрд АҚШ долларынан асты.
- қарашадаБанктің жаңа мақсаты - жаңа логотипі мен «Сенімді Өркендеу Банкі» слоганы көпшілікке жария етілді.
2005ж. - ЕҚДБ- мен ынтымақтастық кеңейтілді:
- өнімдерін өндірушілерге несие беру үшін
сомасы 10 млн АҚШ доллары болатын несиелік келісімге қол қойылды;
- ақпанда«Арнайы техникалық бағдарламаны іске асыру шеңберінде
шағын және орта бизнес кәсіпорындарын несиелеу процесін өзі жүзеге
асыру өкілеттігін АТФ Банкке беру туралы» меморандумға қол қойылды.
- наурызда«Сибирь» Коммерциялық банкі (Ресей Федерациясы) сатып алынды;
- сәуірдеEUROMONEY АТФ Банкті корпоративті басқаруда Қазақстан
Республикасының жетекші қаржы институты және Қазақстаннның
шағын және орта бизнесі үшін ең қолайлы банк деп таныды.
- маусымда«АТФ Банк» АҚ мен «Қазақстанның Экономикалық Университеті» арасындағы қарым қатынас туралы Меморандумға қол қойылды;
- шілдеде«АТФ Банк» АҚ мен «TEMNOS GROUP» компаниясы арасында қол қойылды. Контракт бойынша «АТФ Банк» АҚның бас офисі, 18 филиалы мен 13 есеп айырысу бөлімдері TEMNOS Т24 және флагман модуліндегі бағдарламалармен қамтамасыздандырылды;
- қыркүйектеҚырғыз Республикасының заңдарына сәкес «АТФ Банк» АҚ «Энергобанк» ААҚ-ның 72, 92% акциясын сатып алғаны туралы келісім шартқа қол қойылды;
- қарашада«АТФ Банк» АҚ купон ставквсы 8, 125% жылына, мерзімі 5 жылға, сомасы 200 млн. АҚШ доллары еврооблигацияларды шығару туралы келісім шартты тиімді орналастырылды.
2006жыл
- наурызда«EUROMONEY» Халықаралық агенсттігі АТФ Банкті корпоративті басқаруда Дамушы Европа елдерінің арасындағы жетекші банк деп таныды.
- маусымда«АТФ Банк» АҚ 2016 жылғы жобаланумен өтелуі тиіс 350млн№ АҚШ доллары сомасындағы шығарылған еврооблигациялар тиімді орналастырылды;
- қазанда«АТФ Банк» АҚ бір қатар халықаралық қаржылық институттармен 550 млн. АҚШ доллары сомасындағы синдицирленген займ алу туралы келісімге отырды;
2007ж. - «АТФ Банк» АҚ-ның акция пакетінің басым бөлігі бүкіләлемге танымал «UNI CREDIT» банк тобымен сатып алынды.
Банк қызметінің табысты кепілі Қазақстандық және халықаралық ұйымдастырушыларының халықаралық стандарттар мен банк қызметкерлерінің жоғары біліктілігінде. АТФ Банк банктік қызметтердің барлық түрін шапшаң дамытып жатқан универсалды банк.
Банк клиенттері Республиканың әр аймағында орналасқан, әрі ірі өндірістік және сауда кәсіпорындар болып келеді. Сонымен қатар банк ерекше назарды кіші және орта бизнес кәсіпорындарына бөледі, оларға арналған арнайы несиелік бағдарлама құрастырылған. Банк кіші және орта бизнесті қаржыландыруға байланысты Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі(EBRD), Германия Несие Желісі(KfW), Азия Даму Банкі(ADB), Әлем банкімен(WB) арнайы бірлескен жобаларға қатысады.
Ашылған жаңа филиалдар банктен қосымша техникалық қаруландыруды, персоналдарды оқытуды, құрылымдық бөлімдердің өзара әрекетінің тиімді жүйесін құруды талап етеді.
Банктің орталық офисінің басты мақсаты - персоналдарының профессионалдық деңгейін жоғарлату, оның барлық филиалдары мен есеп - касса бөлімдерінің деңгейін жетілдіру, командамен жұмыс дағдыларын жетілдіру, даму тапсырмасын шешу мүмкіншілігі және бизнесті нығайту.
Банктік, соның ішінде көтерме бизнестің халықаралық стандарттарына сәйкестігін, жаңа қаржы өнімдерін дер кезінде енгізу.
Банктің бөлімшелерінің дамуындағы экономикалық мақсаттылық позициясын сақтау арқылы жаңа филиалдар ашу.
АТФ бактің негізгі приоритеті - клиенттерге жоғары сапалы банктік қызметті көрсету. АТФ банк клиенттері 11 жыл бойы тұрақты табыс өсімін алуда. Он бір жыл ішінде банк барлық банктік қызмет салаларында үлкен жетістіктерге қол жеткізді және компанияның ірі қаржылық тобына айналды.
АТФ Банк Қазақстанның қаржы институттарының актив көлемі жағынан ең үздік үштікке кіреді. Банктің активтері 2007 жылы 7млрд 918млн АҚШ долларын құрады- бұл көрсеткіш ұзақ мерзімді келісім шарттың кепілі бола алалы. Меншік капиталы - 522млн 160 мың АҚШ долларын құрады, ал табыс көлемі ұлғайып - 6млн 187 мың АҚШ долларын құрады.
Жедел қызмет көрсету, біліктілік және банк қызметкерлерінің тілектестік қарым қатынасы көрсететін қызметтерді жылдам және жеңіл етеді. АТФ банк қазіргі заманға технологияларды қолданады және клиенттерді көптеген қағаздық жүгірулерден босатады.
«АТФБанк» АҚ - бұл әділ бизнес тұрғысында банкті лидерге апаратын 2500 адамнан тұратын профессионалдар командасы.
АТФБанкі әмбебап комерциялық банк болып келеді, яғни банкаралық нарықта белсенді жұмыс істеуші және ірі корпоративтік клиенттеріне орта және кіші бизнес кәсіпорындарына және халыққа жоғары технологиялық комплекстік қызметті толық ұсынушы банк болып келеді.
1. 2. «АТФБанк» АҚ-ның басқарудың ұйымдастыру құрылымы
Банк - бұл кәсіпорын ретінде қарастырылады және басқа кәсіпорындар сияқты мұның өзінің басқару аппараттары болады. Банттердің де басқа кәсіпорындардағыдай өз дирекциясы, бухгалтериясы, кассасы, кадрлар бөлімі және тағы сол сияқты бөлімшелері болады.
Дегенмен банк - бұл ерекше кәсіпорын болғандықтан оның тауарлары немесе өндірілген өнімі ретінде, оның депозиттері, несиелері және басқа да көрсетілетін қызметтері қарастырылады. Ал дәл осындай қызмет түрлері болған жерде әрине тәуелділік деңгейі өте жоғары болады. Ал ол өз кезегінде қалыптасқан ұйымдастырылу қызметімен тікелей байланыста болады.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы дегеніміз - алдына қойған мақсатты жету үшін, оның әртүрлі бөліктері арасында жүзеге асырылатын байланыстарды білдіреді. Басқаша айтқанда банктегі орындалатын қызметтерді және міндеттерді бөлістіру, сонымен қатар әртүрлі бөлімшелердің бір-бірімен байланыстылығы.
Банктың ұйымдастырылу құрылымы қарастыра отырып, оның басты функцияларын қарастырған да жөн болар. Сонымен банктың басты функциялары келесі жағдайларды анықтайды:
- Банктің даму стратегиясын анықтайды;
- Негізгі шешімдерді қабылдайды және филиалдар үшін нормативті құжаттар мен жұмыстың методологиясын жасайды;
- Филллиалдар байланысының масштабын анықтайды;
- Даму жоспарына сай филиалдардың жұмысын ұйымдастырып, қызметін қадағалайды;
- Банктің басты ұйымдастыру құрылымын анықтайды.
Жарғыға сәйкес, банктің Директорлар Кеңесі - банктің басқару органы, Басқармасы , банктің атқарушы органы, және Аудиторы бар. Директорлар Кеңесінің мүшесін акционерлер сайлайды. Ал Директорлар Кеңесі, өз кезегінде, Басқарманы сайлайды, сондай-ақ, акционерлердің мүддесін қорғайды. Кеңес банктің жалпы басқармасы үшін жауапты, және оның стратегиялық, әрі шұғыл жоспарын бекітеді. Басқарма Банктің ағымдағы жұмысы үшін толық жауап береді.
Акционерлердің жалпы жиналысы.
Акционерлердің жалпы жиналысы банктің жоғарғы органы болып табылады. Банктің жарғысына сай Акционерлердің жалпы жиналысының құзырына мыналар жатады :
- Банктің Жарғысына өзгерістер мен толықтурылар еңгізу. Банктің Жарғысын жаңа баспада бекіту;
- Банктің нысаның өзгерту;
- Банкті тарату және қайта құру туралы шешім қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің сандық құрамын анықтау және Директорлар Кеңесінің мүшелерін таңдау;
- Банктің сыртқы аудиторын анықтау;
- Банктің жылдық есеп беру қорытындысын анықтау;
- Акцияларды жұмылдыру;
- Банктің таза табысын бөлу тәртібін анықтау;
- Банктің мақсатты құру және тарату туралы шешім қабылдау;
- Жылдың қорытындысы бойынша дивиденттер мөлшерін анықтау;
- Ірі мәмілерді анықтау;
- Басқа да мәселелер.
Диеркторлар Кеңесі.
Директорлар Кеңесі банктің қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді.
Директорлар Кеңесінің құзырына келесі мәселелер жатады :
- Банк қызметінің басты бағыттарын анықтау;
- Банк дамуының стратегиялық және операциондық жоспарларын анықтау;
- Банк акционерлерінің Жылдық Жалпы жиналыысын шақыру туралы шешім қабылдау;
- Жалпы Акционерлер жиналысын дайындау мен жүргізуге қатысты басқа да мәселелерді шешу;
- Банктің төленген капиталының мөлшерін азайту және Банкпен шығарылған акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешім қабылдау;
- Тоқсан немесе жарты жылдың қорытындысы бойынша дивиденттерді төлеудің мөлшерін, көздерін және тәртібін анықтау;
- Банк қызметінің тәртібін анықтайтын ішкі құжаттарды бекіту;
- Банктің филиалдары мен өкілеттіліктерін құру туралы шешім қабылдау;
- Коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттар мен мәліметтерді анықтау;
- Басқарма мүшелерін таңдау және олардың құқықтарын тоқтату;
- Басқа да мәселелер.
Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі «АТФ Банк» АҚ-ның қызметін басқарумен айналысады. Директорлар кеңесі 5 адамнан тұрады
Директорлар кеңесінің төрағасы - Исатаев Тимур Ризабекович
Директорлар кеңесінің мүшелері:
- Қуанышов Талғат Жуманович
- Смагулов Нурлан Эркебуланович
- Утемуратло Алидар Булатович
- Хуберт А. Пандза - тәуелсіз директор
Басшылық
«АТФ Банк» АҚ-ның басқармасы «АТФ Банк» АҚ-ның оперативтік басқаруын және стратегиялық жоспарын жүзеге асырумен айналысады. 10 адамнан құрылып, 5 жылға сайланады.
Пикер Александр Алоизвич
2007 жылдың қараша айынан бастап «АТФ Банк» АҚ-ның басқарма төрағасы орнына тағайындалды. Ол Зальцбургте туылып, біраз уақыттан кейін Австрияда орнығып, сол жерде мектепті, университетті бітірді. Банк саласында 18 жыл бойы еңбектенуде. Алғашқы сынақ мерзімін Венадағы Австрия банкінде өтуден бастды. 5 жыл бойы Халықаралық Мәскеу банкінде жұмыс істеген. Жұмыс атқару барысында әртүрлі салаларды меңгеріп, корпоративті банкинг департаментін басқарды. 1997 жылдан бастап басқарма мүшесі болып, дағдарыс кезінде несиелік тәукелдердің алдын алу шараларымен айналысты. 1998 жылы дағдарыс кезінде казначейлік қаражатты басқарды. Ресейден кейін 5 жыл Польшадағы PBK S. A. және BPH S. A. ірі банктерді дамытумен айналысты. Соңғы жылдары Сибириядағы UniCreditBank басқарма төрағасының орнын иеленді. «АТФ Банк» АҚ-да 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz