Macromedia Flash 5 программасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Macromedia Flash 5 программасы туралы негізгі түсінік ... ... ... ... ... ... ... .4
1. 1 Flash 5 негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. 2 Flash 5 программасының жүйелік талаптары және инсталяциясы ... ..7
1. 3 Macromedia Flash 5 программасының жұмыс ортасы ... ... ... ... ... ... ...9
2 Flash 5 программасының соңғы кеңейтілген мүмкіндіктері ... ... ... ... ... 15
2.1 Flash 5.тің жаңа панелдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Macromedia қолданушының интерфейсі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Macromedia FreeHand.пен интеграциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.4 Action Script мәтіндік редакторы және Debugger ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3 Flash 5 программасында фильм құру нұсқаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.1 Action Script сценарий тілі және Actions панелін қолдану ... ... ... ... ...20
3.2 Actions панелін қарапайым және эксперттік режимдерде қолдану ... .21
3.3 Обьекттерге немесе фрагменттерге процедура тағайындау ... ... ... ... 23
4 Фильмді баспадан шығару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
5 Импоротталатын және экспортталатын файлдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
6 Менің Flash.та құрған алғашқы жобам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Бұл курстық жұмыста Macromedia Flash 5 программасының ортасы жайында қарастырамын. Macromedia Flash 5 программасының қолайлы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген танымдық және қызықты жұмыстар жасауға болады. Ол үшін ең алдымен Macromedia Flash 5 программасы туралы қысқаша мәлімет берейік. Қазіргі техникалық жетістіктердің арқасында Macromedia Flash 5 программасының құрылымы күннен-күнге күрделіленуде. Flash 5-тің жұмыс ортасы бүгінгі графиктік WEB-беттер дизайнерлері үшін өте тиімді және меңгерілуі жеңіл болғандықтан бүкіл дүние жүзінде кеңінен таралған. INTERNET-желісіне кірген болсаңыз ондағы фильмдер, WEB-сайттардың көбісі осы программада жасалғандығын байқауға болады.
1997 жылы Macromedia компаниясы FutureWave компаниясынан “FutureSpash” деп аталатын WEB-қа арналған кішігірім графиктік программасын алады. Басында WEB-те бұл программаны қолдану таңқаларлық мүмкіндіктерге жеткізді. Macromedia-ның қолында басқа атқа ие болған “Flash” одан бетер тереңдей түсіп, қолданушылар қатары артты.
Flash 5 программасы – INTERNET желісінде қанағаттандырар-лықтай қосалқы программа құра алатын бірден-бір қосымша болып табылады. Flash 5 – басқа қолданбаларға ұқсамайтын гибридті программа. Сонымен қатар WEB – орнаминттен бастап жоғары сапалы, жылдам жүктелетін мультиплликациялық фильмдерге анимацияның әр түрін қолдануға жағдай тудырады.
1. П. Лапин «Самоучитель Flash 5» Санкт-Петербург 2002
2. Flash 4. Анимация в Интернете – Дерек Франклин, Брукс Паттон.: СПБ: Символ Плюс – Санкт- Петербург, 2000.
3. Б.Сандерс «Flash ActionScript»
4. И. Шапошников «Web-сайт своими руками»
5. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., А.Б.Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар: инфоматикадан 30 сабақ» Студенттерінг арналған оқулық. 4 басылым, жөнделіп толықтырылған/ - Алматы: ЖТИ. 2005. -400 б.

МАМЗҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Macromedia Flash 5 программасы туралы негізгі
түсінік ... ... ... ... ... ... ... .4
1. 1 Flash 5
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..5
1. 2 Flash 5 программасының жүйелік талаптары және инсталяциясы ... ..7
1. 3 Macromedia Flash 5 программасының жұмыс
ортасы ... ... ... ... ... ... ...9
2 Flash 5 программасының соңғы кеңейтілген
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... 15
2.1 Flash 5-тің жаңа
панелдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 16
2.2 Macromedia қолданушының
интерфейсі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...17
2.3 Macromedia FreeHand-пен
интеграциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.4 Action Script мәтіндік редакторы және
Debugger ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3 Flash 5 программасында фильм құру
нұсқаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .19
3.1 Action Script сценарий тілі және Actions панелін
қолдану ... ... ... ... ...20
3.2 Actions панелін қарапайым және эксперттік режимдерде
қолдану ... .21
3.3 Обьекттерге немесе фрагменттерге процедура
тағайындау ... ... ... ... 23
4 Фильмді баспадан
шығару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..28
5 Импоротталатын және экспортталатын файлдар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
6 Менің Flash-та құрған алғашқы
жобам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 37

КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыста Macromedia Flash 5 программасының ортасы жайында
қарастырамын. Macromedia Flash 5 программасының қолайлы мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, көптеген танымдық және қызықты жұмыстар жасауға болады.
Ол үшін ең алдымен Macromedia Flash 5 программасы туралы қысқаша мәлімет
берейік. Қазіргі техникалық жетістіктердің арқасында Macromedia Flash 5
программасының құрылымы күннен-күнге күрделіленуде. Flash 5-тің жұмыс
ортасы бүгінгі графиктік WEB-беттер дизайнерлері үшін өте тиімді және
меңгерілуі жеңіл болғандықтан бүкіл дүние жүзінде кеңінен таралған.
INTERNET-желісіне кірген болсаңыз ондағы фильмдер, WEB-сайттардың көбісі
осы программада жасалғандығын байқауға болады.
1997 жылы Macromedia компаниясы FutureWave компаниясынан
“FutureSpash” деп аталатын WEB-қа арналған кішігірім графиктік программасын
алады. Басында WEB-те бұл программаны қолдану таңқаларлық мүмкіндіктерге
жеткізді. Macromedia-ның қолында басқа атқа ие болған “Flash” одан бетер
тереңдей түсіп, қолданушылар қатары артты.
Flash 5 программасы – INTERNET желісінде қанағаттандырар-лықтай
қосалқы программа құра алатын бірден-бір қосымша болып табылады. Flash 5 –
басқа қолданбаларға ұқсамайтын гибридті программа. Сонымен қатар WEB –
орнаминттен бастап жоғары сапалы, жылдам жүктелетін мультиплликациялық
фильмдерге анимацияның әр түрін қолдануға жағдай тудырады.

1 Macromedia Flash 5 программасы туралы негізгі түсінік
Flash 5 программасы – фильм құруға, анимация жасауға және WEB-
сайттарды безендіруге өте қолайлы программа. Әр түрлі программалар белгілі
бір мақсатта құрылады, бұл программаның негізгі мақсаты - деңгейі өте
жоғары, көрермендер мен қолданушыларды өзіндік ерекшклігімен қызықтыратын
мультимедиялық фильмдер құру. Оның әрекеттері төменде аталған құралдар
арқылы іске асады:
1. Tools құрал-саймандар панелі (1-сурет);

1-сурет. Tools құрал-саймандар панелі

2. Timeline уақыттық диаграммасы;
3. Library кітапхана терезі;
4. Scene үстелі.
Flash 5 программасын іске қосқанда аталған құралдары бар терезе
ашылады. 1-суреттің төменгі бөлігінде төрт негізгі компоненттері
көрсетілген.
• Үстел – уаққыттық диаграммада таңдалып алынған кадрды көрсетеді.
Үстелде көрініспен жұмыс жасай отырып, фильм құрамыз.
• Кітапхана – символ деп аталатын фильмдердің баттырмасының,
көрінісінің, фрагменттерінің сақталуына арналған.
• Уақыттық диаграмма – фильм мазмұнының уақыт бойынша өзгеру процесін
көрсетеді.
• Tools панелі – мәтінді, графиканы құруға және өңдеуге арналған құрал –
саймандар ұсынады. Панелдің төменгі бөлігінде таңдап алынған құралға
сәйкес модификаторлар батырмалары пайда болады.

1. 1 Flash 5 негізі
Flash 5 фильмі – WEB – сайт үшін графика және анимация. Фильм
негізінен векторлық графикадан тұрады, алайда сырттан әкелінетін растрлық
(шашырама) графика мен дыбыстан да құралады.
Flash 5 фильмдері интерактивті және көрермендермен тікелей байланыста
бола алады. WEB – дизайнерлер Flash-та анимацияланған логотиптер,
дыбыстарды анимациялау сонымен қатар толық метражды мультимедиялық WEB-
сайттар құрады.
Flash фильмі компакты векторлық графикадан тұрғандықтан тез жүктеліп
көрермен экранының көлеміне толық ашылады.

2-сурет. Векторлық және растрлық сурет

3-сурет. Macromedia Flash 5 программасының жұмыс терезесі
Мұндағы 1-үстел; 2-құрал-саймандар панелі; 3-кітапхана; 4-уақыттық
диаграмма;

1. 1. 1 Flash 5-те жұмыс жасау
Flash-та жұмыс жасай отырып, сырттан әкелінген графикадан немесе
өздігінен сурет салу арқылы фильм құруға болады. Анимация жасалған соң оған
интерактивті эффектілерді қосып фильмге кірушілердің іс-әрекетіне сәйкес
жауап беруін қамтамасыз етуге болады. Құрылған фильмді Flash Player үшін
немесе Flash-тың автономдық проекторында көру үшін экспорттау керек.
Flash-тің фильмдерін келесі жолдар арқылы шақырып орындауға болады:
• Flash Player орнатылған браузерлерде, мысалы Netscape Navigator немесе
Internet Explorer;
• Windows үшін Microsoft Internet Explorer, Microsoft Office-тағы Flash
ActiveX арқылы;
• Автономды проекторда; бұл жағдайда фильмнің файлын Flash Player-сіз
шақырып орындатуға болады;

1. 1. 2 Flash-те анимациялау
Flash 5-те анимацияның екі типі бар: қадамдалған және кадрлық.
Қадамдалған анимация үшін әрбір кадр жеке-жеке құрылуы қажет. Ал кадрлық
анимация үшін бастапқы және соңғы кадрларды құрамыз, қалған ортасын Flash
автоматты түрде өзі санайды.

1. 2 Flash 5 программасының жүйелік талаптары және инсталяциясы
Компьютерлерге орнатылуы мүмкін әр түрлі программаларға сәйкесінше
аппараттық құрылғылар және жүйелік талаптар қажет болады. Macromedia Flash
5 программасының да өзіндік талаптары бар. Flash 5-тің фильмдерін шақырып
орындатуға арналған Flash Player үшін қажетті талаптарға тоқталамын және
Flash-ті орнату барысымен таныстырамын.

4-сурет. Flash программасын іске қосу

1. 2. 1 Flash 5-тің жүйелік талаптары
Flash-та жұмыс жасауға қажетті программалық және аппараттық құралдар:

IBM- үйлесімді компьютерлер үшін:
• Intel Pentium 133 немесе эквивалентті процессор;
• Windows 95982000NT – 32 МБ-тық оперативті жады, 32 МБ бос дискілік
кеңістік;
• 800х200 қабілетті түрлі – түсті монитор;
• CD-ROM компакт - дискті оқитын құрылғы;
Macintosh компьютерлері үшін:
• Power Macintosh (G3 немесе одан жоғарысы ұсынылады), OS-тың 8.5
нұсқасы немесе одан жоғары;
• 32 МБ оперативті жады 40 МБ бос дискілік кеңістік;
• 800х600 қабілетті түрлі-түсті монитор;
• CD-ROM копакт дискті оқитын құрылғысы қажет.

1. 2. 2 Flash Player –дің жүйелік талаптары
Flash Player Flash фильмдерді шақырып орындатуға арналған және жеке
программа ретінде орнатуға болады. Flash Player-нің жұмыс жасауы үшін
қажетті талаптарын:
• Microsoft Windows 95NT және жоғары немесе OS 8.1 нұсқасымен бірге
Power PC;
• Егер сіз Netscape-те (Windows немесе Macintosh) жұмыс жасасаңыз-оған
қосылатын модуль (plugin) Netscape3 болуы қажет;
• Егер сіз Microsoft Internet Explorer3-те жұмыс жасасаңыз-Internet
Exporer3 үшін Active X басқару элементі сәйкес келеді;
• Flash Player Java Edition үшін Java-cы бар браузер қажет.

1. 2. 3 Flash инсталяциясы
Windows-та Flash-ті орнатқыңыз келсе төменде берілген әрекеттерді
орындаңыз.
1. Macromedia Flash 5 дистрибутивінде орындалатын файл Setup.exe –ні
тауып, екі рет шертіңіз.
2. Орнату программасын іске қосу үшін ОК түймешесінің (батырма) үстін
шертіңіз.
3. Орнату программасының ұсынысымен жүріңіз.
4. Орнату біткеннен кейін компьютерді жүктеңіз.
Macintosh-та Flash-ті орнату үшін:
1. Flash 4 Installer( Flash 4 инсталяторы) батырмасын екі рет шертіңіз.
2. Орнату программасының ұсынысымен жүріңіз.
3. Орнату біткеннен кейін компьютерді жүктеңіз.

1. 2. 4 Flash-ті қолдау орталығы және интернет қорлары
http:www.macromedia.comSupportfl ash адресті Flash-ті қолдау
орталығының сайтында кез-келген қолданушы Flash туралы соңғы ақпараттарды
табуына болады, сондай-ақ жетік білетін қолданушылардың жауаптары, мысалдар
және толықтырулар береді. Сайтқа жиі кірушілер Flash туралы соңғы
мәліметтерді ала алады.
Macromedia Flаsh-қа арналған интернет қорлары:
➢ http:www.flasher.ru сайты - интернеттің орыс тілді бөлігінде ең
танымал сайт. Бұл сайт флеш-дизайнерлердің бірден-бір байланыс ортасы
болып табылады.
➢ Flash және macromedia-ның басқа өнімдері туралы көлемді ақпаратты
http:www.mpgu.rumacromedia сайтында табуға болады.

1. 3 Macromedia Flash 5 программасының жұмыс ортасы
Бастапқы бөлімдерде айтылған Flash-те фильмдер құру және
редакциялауға арналған компонентермен тереңірек танысайық, өйткені
келешекте білмесек фильм құру қиындық тудырады.
➢ Үстел – тікбұрышты аудан(2-сурет),онда фильмнің құрылуының және
монтаждалуының негізгі жұмысы орындалады. Үстелдің көлемін керек кезде
үлкейтуге, кішірейтуге болады. Ондағы көріністі толығымен немесе
қандай да бір ауданын монитордың қабілетіне және фильмнің размеріне
байланысты үлкейтіпкішірейтіп жұмыс жасауға болады.
Үстелдің түрін өзгерту жолдаы:
1. Tools панеліндегі Zoom(Трансфокатор) құралы:
Enlarge(Үлейту), Reduce(Кішірейту) модификаторларының
көмегімен;
2. View(Түр) менюіндегі ZoomIn(Үлкейту) немесе ZoomOut(кішірейту)
командалары;
3. View(Түр) менюіндегі Magnification(Өлшем) командасына кіріп
масштабқа мән береміз.

5-сурет. Scene-үстел терезесі

➢ Timeline (Уақыттық диаграмма) терезесі – жеке қабаттардың және фильм
кадрларының ұйымдастырылуын көрсетеді, оларды уақыт бойынша басқарады.
Timeline терезесі қабаттардың мазмұнын бұғаттауға немесе мазмұнды
контурмен көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар уақыттық
диаграммада кадрлардың түрін, өлшемін өзгертуге болады, ол үшін келесі
тапсырмаларды орындау керек:
1. 3-суретте көрсетілген Frame View батырмасын басып, оның ағымдық
менюін шақырамыз.
2. Баптаудың келесі түрлерін таңдаймыз:
• Кадрлардың өлшемін өзгертуге арналған - Tiny(кіші), Small
(кішірейтілген), Normal(қарапайым), Medium(орташа), Large(үлкен)
батырмалары. (Large батырмасы дыбыстық файлдарды толығымен көруге
ыңғайлы);
• Кадрлардың биіктігін қысқартуға арналған - Short(қысқа) батырмасы;
• Кадрлардың тізбектегі қанықтылықты өзгертуге арналған- Tinted
Frames(затененные кадлар) батырмасы;
• Preview(қарау) – кадрлардың кішірейтілген көшірмесін уақыттық
диаграммада олардың өлшемі бойынша құру және көрсету;
• Preview In Context (контексте қарау) – жеке әрбір кадрдың
кішірейтілген көшірмесін көрсету. Бұл фильмнің элементтерінің
қозғалысын анимация кезінде қарауға ыңғайлы.

6-сурет. Timeline терезесі
Мұндағы 1-қызметтік қабаттың таңбашасы; 2-қадамдалған анимация; 3-
шақырып орындату бастиегі; 4-кадрланған анимация; 5- Frame View –тің
ағымдық менюін шақыру батырмасы; 6-Center frame батырмасы; 7-Кальки
батырмалары; 8-ағымдағы кадрдың нөмірі; 9-шақырып орындату жылдамдығы; 10-
уақыттың өтуі.

➢ Library терезесі – Flash-та құрылған символдарды, сондай-ақ сырттан
әкелінген файлдарды, дыбыстық файлдарды және Quick Time фильмдері мен
растрлық графикаларды сақтайды.
➢ Library терезесінің элементтерін өзгерту үшін Library Options
(кітапханалық баптау) батырмасы пайдаланылады. Flash жүктелген кезде
бірден іске қосылатын кітапхана құруға болады. Осы программада
құрамдас кітапхана бар, оның негізгі мазмұны фильмдерде қолдануға
ыңғайлы батырмалар, графикалар, фильмнің фрагменттері мен дыбыстары
сияқты элементтердің жиынтығынан тұрады. Құрамдас кітапхананы Window
Common Libraries командасын орындау арқылы шақырамыз. Кітапханадағы
элементтерді жойғанда фильмде осы элементтің барлық трансформасы
өшіріледі. Кітапханадағы Use Count(қолдану индексі) бағанасы бұл
элементтің тағы да қолданылатындығын анықтайды. Кітапханадан элементті
жою үшін Library-дің төменгі бөлігінде орналасқан қоржынның
шартбелгісін басу жеткілікті.
➢ Movie Explorer(фильм бағыттауышы) терезесі – фильмдермен жұмыс
жасағанда кейбір іс-әректтерді жеңілдете түседі:
▪ Фильмде элементтерді атауы бойынша іздеу жүргізеді;
▪ Еншілі элементтің қасиеттер панелін көрсетеді және соның
көмегімен элементті өзгертеміз;
▪ Басқа жасаушы құрған фильмнің құрылымын қарауға болады;
▪ Көрсетілген символдың немесе әрекеттің трансформасын табады;
▪ Қаріпті басқа қаріппен ауыстырады;
▪ Macromedia Generator обьектілері үшін екі бөліктің атын немесе
мәнін қарастырады;
▪ Мәтіннің орфографиясын тексеру үшін мәтінді буферге көшіреді және
оны ішкі мәтіндік редакторға қояды;

7-сурет. Library терезесі
8-суретте көрсетілгендей Movie Explorer-дің жанама менюін шақыруға
болады. Меню келесі бөлімдерден тұрады:
Go to Location – фильмнің таңдалған қабатына, сахнасына немесе
кадрына өту;
Go to Symbol Definition – фильмнің еншілі символына өту;
Select Symbol Instances – бағыттауышта еншіленген символдардың данасы
бар сахнаға өту;
Find in Library – еншілі символ фильмнің кітапханасында көрінеді. Осы
кезде Flash-те Library терезесі ашылмаған болса, өздігінен ашылады;
Properties – еншілі элемент үшін сәйкес панелді немесе бірнеше
панелді ашады;
Rename - еншілі элементтің атын өзгертуге мүмкіндікбереді;
Edit in Place - еншілі символды Үстелде түзетеді;
Edit in New Window - еншілі символды жаңа Үстелде түзетеді;

8-сурет. Фильм бағыттауышы терезесі

Show Movie Elements – фильмнің сахнада құрылған элементтерін
көрсетеді;
Show Symbol Definitions – символға қатысты барлық элементтерді
көрсетеді;
Copy Text to Clipboard – еншілі мәтінді буферге көшіреді;
Cut, Copy, Paste, Clear – еншілі элементке аттарына сәйкес
операцияларды орындайды, бұл өзгерістер фильмге де әсер етеді;
Expand Branch - еншілі элемент үшін иерархиялық тізімді ашады;
Collapse others - еншілі элемент үшін иерархиялық тізімді жабады;
Print – фильмнің бағыттауышындағы иерархиялық тізімді баспаға
шығарады.

2 Flash 5 программасының соңғы кеңейтілген мүмкіндіктері

Уақыттық диаграмма
Flash 5-тің қолайлы құрал-жабдықтары WEB-анимацияларды құруды
жылдамдатады. Уақыттық диаграмма кадрлауды, өзекті кадрларды басқару
мүмкіндіктерін береді. Outline Colors (жиек түстері) режимі экрандағы
әртүрлі қабаттарда орналасқан объектілерді оңай ажыратуға жағдай туғызады.
Қызмет етуші қабаттардың көмегімен автоматты түрде кадрланған объектілердің
қозғалысын траекторияға байланыстырады. Уақыттық диаграмма (Time line
терезесі) интерфейсті күйге келтіру мүмкіндігін береді. Дизайнерші өзекті
кадрларды белгілеп және оны жылжытып ортасындағы кадрлардың мазмұнын жеңіл
өзгерте алады, ал Edit multiple (бірнеше кадрларды түзету) командасының
көмегімен бірнеше кадрды бірден және тез арада өзгертуге мүмкіндік береді.
Ресурстарды басқару құрал-жабдықтары
Macromedia Flash 5 дизайнерлерге графикалық және басқа элементтер
үшін кіріктірілген кітапхана ұсынады. Бұл кітапхана элементтерді басқарудың
қолайлы жолы, мысалы: элементтерді атауы бойынша, құрылған мерзімі, типі
немесе фильмде қолдану жиілігібойынша сұрыптайды; бір бумаға элементтерді
топтау; барлық типті элементтер үшін алдын-ала көру панелі. Сондай-ақ
бірнеше жобамен жұмысты немесе құрушының командаларымен жұмысты жеңілдету
үшін ашық кітапхана құруға болады.
Publish командасы
Publish командасы (жариялау) – интернетте ашу үшін Flash-тің мазмұнын
дайындайды. Publish Settings (жариялауды баптау) терезесінде экспорттың
және баптаудың әртүрлі пішімдері көрсетілген (-суретте көрсетілген).
Дизайнер өзінің жақсы нұсқауы және HTML синтаксисі мен үлгі файлын құра
алады.
MP3 дыбыс ағыны
Macromedia Flash 5 программасында фильмдерді дыбыспен қамтамасыз
етуге арналған сырттан әкелінетін және сыртқа шығарылатын дыбыстардың MP3
пішімі бар. MP3-тің сығылуы файлдың көлемін сақтай отырып ұзақ
анимацияларды әуенмен немесе дауыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.
Анимацияның кадрын дыбыс ағынымен синхрондауға, сонымен қатар
түймешенің(батырма) күйіне сәйкес дыбыс беруге болады( -суретте
көрсетілген).
Парақтың макетін басқару
Flash5 парақтың макетін, мәтінді, көріністі және анимацияны толығымен
бақылай алады. Тәжірибе жасаушы дизайнерге Flash5-тің жаңа нұсқасында әрбір
элементті басқарудағы нақтылық және икемділік ұнары сөзсіз. Flash5 – те
TrueType немесе Macintosh Postscript-тің кез-келген қаріпін қолданып макет
жасауға болады.

2.1 Flash 5-тің жаңа панелдері
Flash - тің жаңа панелдерінің атқаратын қызметтері мен мүмкіндіктері
жаңадан үйренушілерге және бұрыннан таныстарға тиімді әрі жеңіл.
FILL (толтыру) панелімен обьектіні толтыруға, сонымен қатар көптүсті
сызықтық және шапақты градиенттерді түзету және құруға болады.
STROKE (жиек) панелінде жиектің типін, енін және түсін түзетуге
болады.
TRANSFORM (түрлендіру) панелі обьектілердің пішінін өзгертуге оларға
айналу, иілу сияқты өзгерістер жасай алады.
ALIGN (туралау) панелі - обьектілерді туралау, олардың өлшемдерін
жөндеу және обьектілерді жұмыс үстелінде бірдей орналастыру операцияларын
іске асырады.
INFO (ақпарат) панелі обьектілердің орналасу орнын және өлшемін
нақтылы түзетуге мүмкіндік береді.
CHARACTERS (қаріптің символы) панелінде – қаріп, қаріптің өлшемі,
түсі, кернингісін түзетуді және көруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар
гипермәтіндік сілтеме құрады.
PARAGRAPH (параграф) панелі – туралауды, шегіністі және жоларалық
интервалды пішімдеуге мүмкіндік береді.
TEXT_OPTIONS (мәтінді баптау) панелі – динамикалық өрістердің немесе
мәтіндік пішін өрісінің параметрлерін баптауды жеңілдетеді.
SWATCHES (үлгілер) панелі- түстер және градиентті толтыруларды
басқаруға мүмкіндік береді. Осы панелде сырттан әкелу, түстерді топтағанда
сұрыптау амалдарын ұсынады.
MIXER панелі - RGB, HSB, Hex палитраларындағы керекті түстерді жедел
таңдауға, айқындық орнатуға жағдай тудырады.
SCENE (сахна) панелі – бір сахнадан келесіге жедел өтуге, сахналардың
атын ауыстыруға және фильмдегі сахнаның ретін өзгертуге мүмкіндік береді.
FRAME (кадр) панелі – қозғалысты кадрлдауды және пішімін өзгертуді
жеңілдетеді.
SOUND (дыбыс) панелі – дыбыстарды және арнайы эффектілерді тез
түзетуге мүмкіндік береді, мысалы, дыбыстың күшейтілуі және төмендетілуі,
цикл құру және т. б.
GENERATOR (генератор) панелінде Macromedia Generator серверінен
келетін мәліметтермен басқарылатын мазмұнның параметрлерін беруге болады.
EFFECT (эффект) панелінде арнайы векторлық, графикалық эффектілерді
жасай аламыз, мысалы, түстердің айқындығы және реңдер.

2. 2 Macromedia қолданушының интерфейсі
Macromedia қолданбалары үшін стандартты қолданушы интерфейсі Flash 5
программасында да қамтылған. Macromediaның қолданушы интерфейсі Macromedia
қолданбаларымен жұмыс жасаушы дизайнерлерге көптеген мүмкіндіктер бере
отырып, олардың өтімді де сапалы өнім шығаруын қамтамсыз етеді.
Қолданушы интерфейсінің негізгі ерекшеліктері:
▪ Бапталатын ыстық пернелер
Ыстық пернелерді өзінің ыңғайына қарай өзгертуге болады.
▪ Launcher (іске қосу) панелі
Екпінді терезеде жиі қолданатын құралдарды жылдам шақыруды ұсынады.
▪ Саймандар жиыны
Саймандар жиынының орналасуы және қолданылуы барлық қолданбаларда
бірдей.

2. 3 Macromedia FreeHand-пен интеграциясы
Macromedia FreeHand-пен интеграциясы дайын платформааралық өнім
құруға жағдай тудырады.
Macromedia FreeHand 9 – баспаға және Интернетке шығаруға дайындайтын
профессионалдық қолданба. Macromedia FreeHand өте қиын көркемдеу құралдарын
ұсынады, өнімділігін арттырады және Macromedia Flash-пен жақсы жинақталады.
Flash және Free Hand жинақталуынан тартымды көркемдеулер, лаготиптер
жасауға болады. Тағы да қиын дайындалатын Web-сайдтар мен документтер
жасауға мүмкіндік бар. Macromedia Flash 5, Macromedia Free Hand 7, 8 және 9
нұсқаларының файлдарын тікелей сырттан әкелуді қолдайды. Дизайнерлер осы
файлдарды жай жылжыту арқылы импорттай алады, буферге көшіру және Import
(импорт) сұхбаттық терезе арқылы импорттай алады.
Flash 5-те Free Hand файлдарын импорттау кезінде көп беттік Free Hand
құжатының әрбір бетін өзгертуде Flash сахнасына немесе жеке түйінді
кадрларда іске асады. Flash 5-те Free Hand файлдарын тікелей импорттауға
болады.

2. 4 Action Script мәтіндік редакторы және Debugger
Күрделі интерактивті эффектілерді құру алғаш рет Flash 4-те ұсынылған
болатын: сол кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Macromedіa Flash алынған мәліметті талдау және жөндеу
Macromedіa flash технологиясы туралы
Action Script көмегімен анимация құру әдістемесі
Macromedia flash технологиясы
«Сайтта интро-роликтер құру. интро-роликтер құрудың негізгі принциптері» оқыту әдістемесі
Macromedia Flash ММХ программасы көмегімен «Маркетинг негіздері» пәнінен электронды оқу-әдістемелік құрал жасақтау
Flash MX ортасының интерактивтілігі
Macromedia flash технологиясы жайлы
Компьютерлік желілер және онда графикалық ақпараттарды тасымалдау
Оқу үрдісінде Macromedia Flash программалық жабдығын қолдану
Пәндер