ЖШС «Holiday tour» туристік фирмасы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«География және табиғатты пайдалану» факультеті

«Рекреациялық география және туризм» кафедрасы

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ

«050902 - ТУРИЗМ» мамандығы

ЖШС «HOLIDAY TOUR» туристік фирмасының материалы бойынша

өндірістік (диплом алды) практикасына өту

ЕСЕБІ

Орындаған:

Ахметова Г. Б.

Ахметбекова Г. Х.

Мырзагалиева П. А.

Тохтарова Г. Д.

Орындаған::
:
Ахметова Г. Б.Ахметбекова Г. Х.Мырзагалиева П. А.Тохтарова Г. Д.:
Орындаған:: Кафедрадағы практиканың жетекшісі
:
Ахметова Г. Б.Ахметбекова Г. Х.Мырзагалиева П. А.Тохтарова Г. Д.: Чабаева Б. Қ.
Орындаған::
:
Ахметова Г. Б.Ахметбекова Г. Х.Мырзагалиева П. А.Тохтарова Г. Д.:
Орындаған::
:
Ахметова Г. Б.Ахметбекова Г. Х.Мырзагалиева П. А.Тохтарова Г. Д.:
Орындаған::
:
Ахметова Г. Б.Ахметбекова Г. Х.Мырзагалиева П. А.Тохтарова Г. Д.:
Орындаған::
:
Ахметова Г. Б.Ахметбекова Г. Х.Мырзагалиева П. А.Тохтарова Г. Д.:

Алматы 2012

Мазмұны

:
: Кіріспе . . .
: 3
:
:

Негізгі бөлім . . .

  1. «HOLIDAY TOUR» туристік кәсіпорынын басқару құрылымы және жалпы сипаттамасы . . .
: 6
:
:
  1. «HOLIDAY TOUR» туристік кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау . . .
: 9
:
:
  1. Туристік қызмет көрсету сапасының негізгі көрсеткіштері . . .
: 11
:
:
  1. Туристік фирманың ұсынатын қызметтері . . .
: 17
:
: Қорытынды . . .
: 22
:
: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
: 24

Кіріспе

Практиканың мақсаты: студенттің 4 жыл оқу мерзіміндегі алған теориялық тәжірбесін практика жүзінде іске асыру.

Практиканың міндеттері:

турфирма жұмысымен жақынырақ танысу;

турфирманың туризмдегі орнын бағалау;

брондау бағдарламаларымен танысу, онымен қолдануды үйрену, оның ішінде авиабилеттерді және қонақ үйлерде номерлерді брондау;

4 жыл оқыған пәндер бойынша теориялық негіздерді практика жүзінде іске асыру;

барлық бағдарламалар мен іс қағаздарды практика басталғаннан бастап аяқталғанға дейін танысып үлгеру, толтыру ережелерін қадағалау;

негізгі туризмге қатысты терминдерді қайталау.

Практика өткен орын:

мекен-жайы: Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Наурызбай батыра, 17.
Телефоны: (727) 2323667, 8-701-7772755.

электронды поштасы holiday-tour@mail. ru;

Практиканы өткен мерзім: 7 қаңтардан 16 ақпанға дейін.

Практиканы өткен кезде тек дүйсенбіден жұма күнге дейін қатыстым.

Өндірістік практика барысында фирма жайында мәліметтер жинап, қонақ үй жайында көптеген заңнамаға сәйкес құжаттармен таныстым. Сонымен қатар клиенттермен жұмыс жасауды және нөмірді броньдауды үйрендім. Өзіме жүктелеген тапсырмаларды жоғары деңгейде атқардым.

Мақсаты: өндірістік практика студенттердің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін практитка жүзінде нығайтып, аналитикалық және басқарма жұмыстарын іс жүзінде жүзеге асыруды үйрену және ұйымның немесе мекеменің жұмысын толығымен зерттеу. Болашақта ұжыммен және тұтынушылармен жақсы қарым қатынас орната білуге дағдылану болып табылады.

Міндеттері:

  1. тұтфнушылармен жұмыс жасау тәжірибесін алу;
  2. ұйымдастырушылық-басқармалық және тәжірибелік жұмыстар бойынша тәжірибе алу;
  3. маркетингтік, қаржылық, жарнамалық жұмыстарының материалдарын және олардың стратегияларын анықтау;
  4. өндірістік жиналыстар, ресми кездесулер, келіссөздер өткізу, серіктестердің картотекасын, келісім шарттарын құрастыру, тәжірибесін зерттеу;
  5. броньдау жүйесімен танысу.

Туризм - мемлекет жарнамасы, сонымен қатар туризм - қазына байлығымыз. Қазіргі таңда дүниежүзлік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түпкір-түпкірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес, жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкінішке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі - туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмнің бүгінгі жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық.

Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды.

Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10%-ын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%-ын, әлемдік инвестицияның 7%-ын, әр 16 жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%-ын, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономиаға тікелей әсерін көрсетеді. Туризмнің тиімді дамуы маркетинг жүйесін ендіру арқылы ғана мүмкін. Соңғы жылдары Қазақстанда туристік қызметте маркетинг элементтерін қолдану кең өріс алуда. Алайда, туристік маркетингті ендіру жүйелілік және мақсаттылық сипатқа ие болмай, туристік фирма басшысының эпизодты инициативасы ғана болып табылады.

Сондықтан туристік қызметтің экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін, туризмде маркетингтің бүтіндей концепциясын қолдану қажеттілігі туындап тұр. Туристік фирмалар бәсекелестік артықшылықтарға ғана жету мақсатын көздеп қоймай, сонымен қатар қызметінің әрбір кезеңінде маркетингтік орта өзгерістеріне бейімделуге және нарықта жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тұрақты бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді. Туризмде бәсекелестік артықшылыққа жету оңай емес, бірақ бірнеше артықшылықтарды иемденіп, белгілі бір уақыт мерзімінде нарықтың үлесін алу мүмкіндігі бар. Бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату Қазақстанның туристік фирмаларының даму стратегиясына айналуы керек, сонда ғана туристік фирмалар нарықта қызмет етіп қана қоймай, өз қызметтерін кеңейтуге, нарықтағы үлесін арттыруға мүмкіндік алады.

Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.

Туризм әлемнің көптеген елдерінің баса көңіл аударарлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Сондай-ақ, тәжірибенің ең негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:

  1. студенттің фирманың жалпы басқару туралы және басқарудың жеке қызметтерін үйреніп, тәжірибе алу болып табылады;
  2. осы сияқты тәжірбиені өткені туралы есепті жазу үшін қажетті мәліметтерді жинау және оны өңдеу;
  3. экономикалық мемлекеттік басқару әдісін анықтау;
  4. фирманың қаржылық қызметіне экономикалық талдау жасап және оны ұйымдастыру, сонымен қатар өнімді өткізу нарығын талдау;
  5. келісім-шарт, келіссөзді жүргізгенде қатысу, фирма жиналысын өткізу туралы тәжірибе алу;
  6. кейбір жоспарлық және талдау әдістеріне негізделген есептерді өз бетінше орындау, күн тәртібін анықтау.

Кәсіби практиканың негізгі міндеттері:

  1. кәсіпорынның, турагенттіктің тактикалық және стратегиялық бағыттарымен, іс-шаралар жоспарымен толығырақ танысу;
  2. кәсіпорынның, турагенттіктің ұйымдастырушылық және басқарушылық құрамымен танысу, олардың өзара байланысын ашып көрсету;
  3. кәсіпорынның, турагенттіктің басқару жүйесімен және қызметкерлердің тұтынушылармен (туристермен) өзара әрекет жасау ережелерімен танысу;
  4. теориялық білімді практикалық дағдылармен бірлестіру, бекіту;
  5. туристік қызметтегі негізгі бағыттарына зерттеулер жүргізу.

Өндірістік есеп беруде ЖШС «Беркут - Тур» туристік фирмада кәсіби тәжірибені өткені туралы, және ол жерде жинаған мәліметтердің және жасаған талдаудың қорытындысы көрсетілген.

Кәсіби практиканың мазмұны турагенттіктен алынған көздермен, оқулықтармен толықтырылып ашылған. Есеп беру құрылымы жоспардан, негізгі талдау бөлімінен, қорытындыдан, пайдаланылған көздерден тұрады.

1 « HOLIDAY TOUR » туристік кәсіпорынын басқару құрылымы және жалпы сипаттамасы

ЖШС «HOLIDAY TOUR» 2003 жылдан бастап Қазақстандағы туристiк нарықта ойдағыдай дамып келе жатырған жекеменшік компания болып табылады. ЖШС «HOLIDAY TOUR» 6 штаттық қызметкерлерді және 18 экскурсоводтарды, соның iшiнде өз қатарларындағы туризмның төңiрегiдегi жұмыстың арнайы бiлiм және көп жылдық тәжiрибе болатын жоғары кәсиби кадрларын топтастырды.

«HOLIDAY TOUR» туристік компаниясы 10 жылдан бері өз саласында табысты қызмет етіп келеді. Агенттікте авиакасса, Қажылық туризм бөлімдері қызмет атқарады. Бұл жоғары білікті, жан жақты білімді, тәжірибелі, туризм және авиабилет сату саласынды көпжылдық тәжрибелері бар мамандардың ұжымы. Агенттермен ішкі және халықаралық рейстерге Aır Astana, Lufthansa, British Airways, Turkish Airlines, KLM, Etihad Airways, Air Arabia, Трансаэро секілді атақты әуе компаниялардың билеттеріне бронь жасау, сату және жеткізіп беру қызметі атқарылады . Қазақстандық беделді компаниялармен жұмыс жасайды. Компанияның ұстанымы - клиенттерге жан-жақты жоғары сапалы қызмет көрсетіп, кез-келген сұрақтырына қуана, жылы шыраймен жауап беру. Ұжымның тыңғылықты әрі сапалы қызметі клиенттер және әріптестер тарапынан өзінің жоғары бағасын алуда.

Компания турларының географиясы өте ауқымды. Туристер 60 мемлекеттің ішінен өздеріне ыңғайлы бір мемлекетке саяхат жасай алады. Ең танымал мемлекеттер қатарына: Түркия, БАӘ, Египет, Тайланд, Сингапур, Индонезия, Қытай, Чехия, Болгария, Италия, Франция, Испания, Германия, Венгрия және т. б. кіреді.

Саяхаттың мақсаты бойынша турлар:

  1. Жағажайлы турлар (Тайланд, Малайзия, Хайнань, Европа елдері)
  2. Экскурсиялық турлар (Европа елдері, Тайланд, Қытай)
  3. Емдік турлар (Қытай, Чехия, Германия, Корея)
  4. Оқу турлары (Малайзия, Ұлыбритания, Австралия)
  5. Гострономикалық турлар (Қытай, Тайланд)
  6. Шоп турлар (Турция, Дубай, Қытай)
  7. Оқиғалы турлар (жәрмеңкелерге, фестивальдарға бару, Қытай, Европа елдері)

Осы көрсетілген барлық бағыт және саяхат мақсатына қарай «HOLIDAY TOUR» ЖШС халықаралық туристтік агенттігі туристерді қалаған жағына жибере алады. Практика кезінде байқаған жәйт, Қазақстан азаматтарының көбі Түркия, Тайланд, Хайнань, Дубай, ГОА елдеріне сұраныс жасайды екен[5] .

ЖШС «HOLIDAY TOUR» халықаралық туристтік компаниясының басты мақсаты туристке ұсыныс жасау емес, оған нақты және толық ақпарат беру болып табылады.

Туристтік агенттікке келген туристке қойылатын міндетті сұрақтар:

  1. Ұшу қаласы
  2. Саяхат жасау бағыты
  3. Саяхаттың мерзімін жоспарлауы
  4. Адам саны (балалар жасы жазылуы керек)
  5. Орналастыру, номер саны
  6. Қонақ үй дәрежесі
  7. Бюджетті жоспарлауы(саяхатты қанша қаражатқа жоспарлап отырғаныңыз)
  8. Туристердің субъективті талаптары

Осы сұрақтарға толығымен жауап алғаннан кейін, турды брондауға болады. Тур-тұтынушыға біртұтас таратылатын және туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір бағытқа және мерзімге арналған бірнеше туристік өнімдердің бірігуі (Сурет 2) .

Турдың құнына кіретіндер:

  1. Ұшу өзі таңдаған әуекомпаниясы
  2. Қонақ үйде тұру құны
  3. Тамақтану түрі
  4. Трансфер және сол елдегі туроператорлардан берілетін гид
  5. Медициналық сақтандыру
  6. Виза

Туристерді медициналық сақтандыру қызметі

Туристерді сақтандыру бұл азаматтардың туристік жорықтар, саяхаттар, круиздар және т. с. с. жол жүру кезінде олардың мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыруын қамтамасыз ететін сақтандырудың ерекше түрі. Компания «Казкоммерц-полиc» сақтандыру компаниясымен келісім шарт негізінде жұмыс істейді[6] . Жалпы сақтандыру мәселесі туризм саласында өте маңызды. Тіпті кейбір елдерге сақтандырусыз виза берілмейді. Туристердің жеке сақтандырылуы - сақтандыру тәуекелді түрі болып табылады.

Оған тән сипаты:

- уақыттың қысқалығы

- анықсыздық жағдайларының үлкен дәрежеде болуы (сақтандыру жағдаяттарының мүмкін кезіндегі келтіретін зияндар)

Сақтандыру жағдайлары:

1. Жазатайым жағдайлардын сақтандыру

2. Аурулардан сақтандыру

3. Қайтыс болу немесе өлуден сақтандыру

Халықаралық бөлiм барлық еуропалық және бiрнеше азиялық елдерге сапарлар ұйымдастырылады. Егер бұл еуропалық ел болса, оның ішіндегі ең сұраныс коп Франция, Германия, Италия, Испания мемлекеттері болып табылады. Жазғы мерзiмде әлемнің түкпір-түкпірне турлар ұйымдастырылады. Таиланд, Кипр, Хайнань аралдары көбінесе қысқы мерзiмге бағытталған; ең үлкен сұраныстың күзгi және көктемдегi мерзiмдерiнде Испания, Родос Аралы, Скандинавияларды пайдаланады, Сицилия. Көктемдегi мерзiмге: (ақпан) . Азиялық елдерТүркия және тағы басқалар.

Билеттерді брондау және сату бөлімі

Әуекомпаниямен келісе отырып, турфирма өз алдына бірнеше мүмкіндіктер алуға мүмкіншілік алады. Яғни, олар әуебилеттерін сатуға, бронь жасауға келіседі[8] .

Компанияда авиабилеттерге телефон арқылы және электронды түрде тапсырыс беруді қамтамыз етеді, сапардың ең тиімді маршруттын ұсынады, баға, бос орын, ұшу кестесі, маусымдық шегерім туралы тегін ақпарат береді. Сонымен қатар компания өзіннің клиенттерін танымал маршрутармен және курорттармен таныстырады, Әр клиенттерге жеке, кәсіби ұқыпты қарайды.

Чартер (ұшақты жалға алу) .

Чартерлік рейстер - бұл «жоғарғы» мерзім периодында жүргізіледі, кестеден бөлек, 6 айдан 2 айға дейін, 1 жылға дейінгі келісім жиі жүргізіліп тұрады, тапсырыс беруші(туроператормен) мен авиатасымалдаушының арасындағы чартерлік келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Жиі рейстерге қарағанда, чартерлік рейстің консолидаторы (қожайыны) - авиакомпаниямен келіскен туркомпания ұшақты толығымен брондап керекті бағытына ұшырып жібереді. Жиі турфирмалар чартерді өздері ғана көтеріп алмайды, басқа да бірнеше компаниялармен бірігеді.

Чартерлік әуе тасымалдар бойынша, жалға алушы мен жалға беруші арасында негізгі шарт орындалады, соның ішінде халықаралық жалға алу ережелері ескеріле отырып рейстің жалға алу құнын, ұшақты жалға алу және жанармайдың құны, экипаждың жұмысы, әуежайдағы қарсы алу жұмыстарын ескереді.

Компанияда екі әуе агенттері жұмыс атқарады. әуе билеттерін амадеус бағдарламасы арқылы брондап, сатуға жібереді. Компания air astana, etihad airways, SCAT, turkish airlines және басқа әуе компанияларымен бірлесіп жұмыс атқарады.

Визалық бөлім құрылымы.

Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің ережесі бойынша Қазақстан Республикасына кірушілер мемлекетке кіру үшін виза жасу керек. Туристік немесе бизнес-визалар өз мемлекетерінде орналасқан Қазақстан елшілігінде беріледі. Егер, мемлекетте Қазақстан елшілігі болмаса, компанияның арнайы шақырылуымен Алматы және Астана қаласының әуежайларынан алуға болады[9] .

Визаны келесідейжіктейміз: 1. Шығу

2. Кіру

3. Транзиттік

Тағайындалуына байланысты: 1. Туристік

2. Қонақтық

3. Қызметтік

Саяхат санына байланысты: 1. Бір мәртелік

2. Көп мәртелік

Виза рәсімдейтін тұлға санына байланысты: 1. Жеке тұлға

2. Топтық

Визалық қолдауды ұйымдастыру үшін келесідей мағлұматтар керек: тегі, аты(ағылшын және орыс тілінде), туылған күні және орны, азаматтығы, ұлты, паспорт нөмірі, паспорттың берілген және жарамдылық мерзімі, жұмыс істеу орны және қызметі, тұрғылықты жері, визаны алу орны, ҚР-на келіп-кету мерзімі, вианың ұзақтығы, келу мақсаты, ҚР-да тұрақтайтын орны, маршруты, әуе компаниясының аты, рейс №.

Компания сонымен қатар, Киелі жерлерге тур ұйымдастырылады. Киелі жерлерге қажылыққа бару. Компанияның тағы бір ұсынатын тур бағыты-қажылыққа бару болып табылады. Қажылық - исламның бесінші шарты. Яғни күші жететін, жағдайы келетін адамның өмірінде бір рет қасиетті Қағбаға барып қажылыққа тән болған ғибадаттарды орындауы парыз болып табылады. Екінші рет немесе одан кейін де жасалатын қажылықтар нәпіл қажылық болады. Қажылық - сөздікте белгілі бір жерді, белгілі нәрселерді жасап зиярат ету дегенді білдіреді. Бұл белгілі нәрселерге мәнасық деп айтылады. Мәнасықтың әр біреуіне нусуқ деп айтылады. Нусуқ - ғибадат дегенді білдіреді. Парыз болған қажылыққа баруға тырысу керек. Бір рет парыз болған қажылықты орындау, жиырма рет Аллаһ жолында жиһад етуден де сауапты болып табылады.

Қажылықтың құндылығы. Қажылықтың маңызы, мәні туралы шариғат тұрғысынан түсінік берер болсақ, қажылық Исламдағы бес парыздың бірі. Ол туралы Құран Кәрімде: “Ақиқатына келсек, адамдардың ғибадат етуі үшін тұңғыш салынған үй Меккеде. Бүкіл әлемдегі қасиетті және тура жолға бастайтын үй сол. Ондағы қасиетті белгі Ибраһимнің орны (яғни, Ибраһим халилулланың табанының табы қалған тас) . Ол үйге кірген адам еш нәрседен қатерсіз болады. Мұнда келуге мүмкіндігі болған адамның бәрі Алла үшін сол үйді қажылық етуге қарыздар…” - делінген. Сонымен бірге хазреті Мұхаммед (с. ғ. с. ) пайғамбарымыздың “Күмәнсіз, Алла тағала сендерге қажылықты парыз етті, қажылықты орындаңыздар” және “Кісі өз үйінен үлкен немесе кіші қажылық парызын орындау үшін сапарға шықса, аяғын адымдап жүрген сайын күнәлары денесінен ағаштан түскен жапырақтар секілді төгіледі. Ал, Мадина қаласына жетіп, менімен амандасса, онымен періштелер де қолын алып амандасады…” деген хадис шәріптері бар. пәк болып баруды армандайды[10] .

Умра . Сөздік мағынасы “зиярат ету” дегенді білдіретін умра - белгілі бір уақытқа байланбаған, ихрамға кіріп Қағбаны тауаф ету, Сафа мен Мәруаның арасында сағи жасау және шаш қысқартып ихрамнан шығудан тұратын ғибадат. Умраның міндетті амалдары мыналар:

Ихрамға кіру.

Қағбаны тауаф ету,

Сафа мен Мәруа арасында жеті рет сағи жасау (барып келу) .

Шаштың түгелін немесе бір бөлігін қысқартып, ихрамнан шығу.

Умраға қажетті құжаттар:

Жарамдылығы сапар уақытнан кемдегенде 6 айға жарамды төлқұжат;

4 дана 4х6 сурет; (әйел кісілерге орамалмен түсу міндетті)

Менингитке қарсы халықаралық вакцинация сертификаты;

Жеке куәліктің көшірмесі;

Егер ерлі-зайыптылар болса неке куәлігінің түп нұсқасы;

45 жастан жас әйелдердің махраммен туыстығын растайтын құжаттың түп нұсқасы.

Кредитке тур рәсімдеу.

«Турист» - кірісі бар туристерге арналған жаңалық.
Халықаралық туристік компания тұрақты және жаңа клиенттерге кредитке тур ұсынады. Кредиттің соммасы - 300 000 теңге, мерзімі 12 айға дейін. Кредит алған сәтте 1% комиссияға алынады

ЖШС «COMPLETE SERVICE» туристік компаниясының ұсынатын қызметтер спектрі жылдан-жылға кеңейіп келеді[11] .

Жалпы компания жағажай демалысын, экскурсияларды, шетелдік білім алу, ойын сауық турлары, курорттық ем және арнайы аңшылық, яғни әр адамның қызығушылығына икемді туристік маршруттар ұсына алады. Клиенттердің ыңғайлылығы үшін компанияда авиабилеттерді брондау және сату ұйымдастырылады. Қазақстандық және шетел әуекомпанияларымен шарт негізінде агенттікте әуебилеттерінің кең көлемі ұсынылады.

«Complete Service» корпоративті және VIP қызмет көрсетуге көп көңіл бөледі. Корпоративті тұтынушылар ретінде Қазақстанда бөлімшелері бар шетел компаниялары, ірі коммерциялық ұйымдар, мемлекеттік және банктік құрылымдар, өнер және спорт адамдары саналады

Бүгiнгі күні ЖШС «HOLIDAY TOUR» Оңтүстік Қазақстан облысы өлкесi бойынша жалпы шолу экскурсиялары мен турларын дайындайтын туристік мекеменің бірі болып табылады. Ол бүкіл туристер үшін жазғы маусыммен қатар, қысқы және көктемдегі демалыстарды да ұйымдастырады. Ата-аналарымен кішкентай балаларға арналған немесе ересек баларға арналған сауықтыру демалысын, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы өлкесінің табиғаты мен тарихи ескерткіштерін көріп тамашалауға болатын экскурсияларды ұйымдастырады. ЖШС «HOLIDAY TOUR» "Қазақстан Республикасындағы туристтiк қызметi туралы заң" негiзiнде туроператорлық қызмет лицензиясы бар. ЖШС «HOLIDAY TOUR» негiзде ұзақ мерзiмдi келiсiм шарт бойынша ұйым әрiптестерімен жұмыс iстейдi:

Алматы облысындағы бала демалысы, Щучинск - Боровской курорт зонасы, Шығыс және Батыс Қазақстан өлкелерiндегі, Ресей және алыс шетел;

іскерлік туризм (семинарлардың ұйымы, жәрмеңке, көрме) ;

шетелдегі тiл және кәсiптiк оқытуды үйрететін ұйым;

ТМД және алыс шетел бойынша таңдаулы демалыс орындарымен;

Қазақстан мен Ресейдегi тау шаңғы курорттары және белсендi демалыс орындары.

Туризмнің төңiрегiндегi кадр даярлауды тәжiрибемен ие бола мамандығын жетiлдiруге және экскурсоводтар және iлескен тур топтардың әзiрлеуi бойынша курстар жыл сайын өткiзедi ЖШС «HOLIDAY TOUR». Ұжым халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейдегі семинарлар және курстарда бiлiктiлiктiң деңгейiн үнемi жоғарылатады.

ЖШС «HOLIDAY TOUR» қаланын орталығындағы орналасуы, барлық ақпараттық байланыс құралдарын қолдануы, оргтехниканың болуы, жайлы, кеңсе жайлылығы және имиджi фирманың ары қарай өзара тиiмдi iстестiкке үмiттендіреді және мүмкiндiк бередi.

Бұл авиатурагенттік сонымен қатар алыс-жақын шетелдерге виза ашып беру қызметі және авиабилетпен қамтамысыз етеді. Тұтынушылардың ыңғайлылығы үшін фирмада авиабилеттерді брондау және сату ұйымдастырылады. Қазақстандық және шетел әуекомпанияларымен шарт негізінде агенттікте әуебилеттерінің кең көлемі ұсынылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм индустриясы. Ren- tour
Туристік қызмет нарығында заманауи-ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Қазақстанның туристік нарығында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу және олардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жоладры
Туристік индустрияның құрамдас бөліктері
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын pr-технологиялар туралы
ШҚО туризмнің даму жағдайы және болашағы
Экскурсия әдістемелердің байланысы
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
Туризм кәсіпорынында маркетингтік зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz