Инфляцияның себептері мен салдарлары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.бет
Инфляция, оның пайда болу себептері, өлшемі және түрлері
1.1. Инфляцияның экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... .4.бет
1.2. Инфляцияның пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ...5.бет
1.3. Инфляцияны өлшеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.бет
1.4. Инфляцияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.бет
Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық салдары, тежеу шаралары мен әдістері, инфляцияға қарсы саясат
2.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.бет
2.2. Инфляцияны тежеу шаралары мен әдістері ... ... ..20.бет
2.3. Инфляцияға қарсы саясат ... ... ... ... ... ... ... ... .22.бет
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестің дамуы және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32.бет
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 34.бет

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та және басқа өнеркәсібі дамыған елдерде инфляцияның ұзақ уақытты мәселесі шықты. 30 жылдан астам уақыт бұрын 30 жыл уақыт ішінде бағалар жылдан жылға өседі деген ойдың өзі ақылға сыймайтын еді. Бірақ 1955 жылдан бастап бағалар шынымен өсе бастады және қазір көптеген білімді адамдары осы тенденция кейін де сақталып қалады дейді. 1950 жылға дейін болған жоғары инфляция қарқыны соғыстармен байланысты болған. Ең жоғары инфляция дәрежесі Азамат соғысы жылдарында, екінші дүниежүзілік соғысы кезеңінде және Кореядағы соғыс кезеңінде болды. Бірақ инфляцияның жоғарылауымен қатар дефлятор кезінде бағаның төмендеу кезеңі де болған. Олар көбіне XIX ғасырда жиі болған, бірақ өткен ғасырда да орын болған. Мысалы, 1921 жылы батыста ұлы депрессия кезінде II-дүниежүзілік соғысқа дейін инфляция мен дефляция кезектесіп отырды. Бұл құбылыс жүйелі болмағанымен, мысалы 1905 жылы бағаны 1860 жылғы дәрежеге жеткізе алатындай масштабқа ие болды.
Біз тұрақты инфляцияның пайда болу себебін, оның шығысын көрсетіп және оның динамикасына қалай әсер ететінін түсінгіміз келеді. Көп ғалымдар алдарына мынадай сұрақтар қояды: неге инфляцияны бақылау өте қиын, неге жоспарлар мен үкіметтердің есептеулеріне қарамастан инфляция бар, неге біз инфляция туралы уайымдауымыз керек, инфляция қандай зиян немесе пайда алып келеді, инфляциядан айрылу үшін экономика құрылғыларын біз өзгерте аламыз ба, мәселен алтын стандартына оралып, яғни қағаз ақшаларды алтынға ауыстырып немесе инфляция кезінде бізге өмір сүруге оңай болу үшін экономиканы қайта құру керек пе?
Біздің елімізде ресми ғылымдар мен насихаттаумен социализм кезеңінде инфляция болуы мүмкін деген пікірдің мойындалмағанына көп уақыт да болған жоқ. Ал инфляция жасырын нысанда кішкене өлшемде болса да болды. Созылмалы тауар тапшылығы кезінде, тұрақты баға кезеңінде де ақшалар өз маңыздылығын жоғалтты.
Қазір инфляция үйреншікті болып, оның масштабы өсуде. Бірақ тек халықтың кең қабаты ғана емес, оның қағидалы механизмдері, түсінігі және ол туралы ақпараттармен мамандардың өздері де жетік иемденбеген.

1. Мақыш С.Б. Ақша және ақша айналысы
2. Көшенова Б. Ақша, несие, бактер.
3. Әубәкіров Я.Ә. Экономикс.Оқу құралы. Алматы: Экономика, 1995.
4. Гордиевич Т.И. Инфляционные процессы в переходной экономике: Генезис и проблемы регулирования:(На примере Республики Казахстан): /Университет “Туран”.-Алматы, 1997.
5. Макроэкономика: Учебное пособие/Под ред. И. П. Николаевой. - Москва: Финстатинформ, 2000.
6. Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу құралы. Алматы. 1994.
7. Саниев М.С. Ақша, Несие, Банктер. Оқу құралы-Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001.
8. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер Оқулық-Алматы: Экономика, 2001.
9. Селищев А. С. Макроэкономика. - Москва: Питер, 2001.
10. Сембиева Л.М. Социальные аспекты инфля-ции:/ КазГНУ им. Аль-Фараби.-Алматы, 1995.
11. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент в условиях инфляции.-Москва: Перспектива, 1994.
12. Көшенова Б.А. Ақша.Несие.Банктер.Валюта қатынастары. Оқу құралы/-Алматы: Экономика, 2000.
13. Казахстанская правда-27.02.2001. 2000-жылдың көрсеткіші.
14. Экономикалық теория негіздері. Оқулық.-Алматы, “Санат”, 1998.
15. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ Университеті.2000.
16. Усов В.В. Деньги. Денежное обращение. Инфляция: Учебное пособие.-Москва:Банки и биржи, 1999

Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
экономика және бизнес факультеті
Қаржы және несие кафедрасы
Курстық жұмыс
Инфляцияның себептері мен салдарлары
Алматы – 200
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-бет
Инфляция, оның пайда болу себептері, өлшемі және түрлері
1.1. Инфляцияның экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... .4-бет
1.2. Инфляцияның пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ...5-бет
1.3. Инфляцияны өлшеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-бет
1.4. Инфляцияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-бет
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары, тежеу шаралары мен әдістері, инфляцияға қарсы саясат
2.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-бет
2.2. Инфляцияны тежеу шаралары мен әдістері ... ... ..20-бет
2.3. Инфляцияға қарсы саясат ... ... ... ... ... ... ... ... .22-бет
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестің дамуы және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32-бет
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 34-бет
КІРІСПЕ
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та және басқа өнеркәсібі дамыған елдерде инфляцияның ұзақ уақытты мәселесі шықты. 30 жылдан астам уақыт бұрын 30 жыл уақыт ішінде бағалар жылдан жылға өседі деген ойдың өзі ақылға сыймайтын еді. Бірақ 1955 жылдан бастап бағалар шынымен өсе бастады және қазір көптеген білімді адамдары осы тенденция кейін де сақталып қалады дейді. 1950 жылға дейін болған жоғары инфляция қарқыны соғыстармен байланысты болған. Ең жоғары инфляция дәрежесі Азамат соғысы жылдарында, екінші дүниежүзілік соғысы кезеңінде және Кореядағы соғыс кезеңінде болды. Бірақ инфляцияның жоғарылауымен қатар дефлятор кезінде бағаның төмендеу кезеңі де болған. Олар көбіне XIX ғасырда жиі болған, бірақ өткен ғасырда да орын болған. Мысалы, 1921 жылы батыста ұлы депрессия кезінде II-дүниежүзілік соғысқа дейін инфляция мен дефляция кезектесіп отырды. Бұл құбылыс жүйелі болмағанымен, мысалы 1905 жылы бағаны 1860 жылғы дәрежеге жеткізе алатындай масштабқа ие болды.
Біз тұрақты инфляцияның пайда болу себебін, оның шығысын көрсетіп және оның динамикасына қалай әсер ететінін түсінгіміз келеді. Көп ғалымдар алдарына мынадай сұрақтар қояды: неге инфляцияны бақылау өте қиын, неге жоспарлар мен үкіметтердің есептеулеріне қарамастан инфляция бар, неге біз инфляция туралы уайымдауымыз керек, инфляция қандай зиян немесе пайда алып келеді, инфляциядан айрылу үшін экономика құрылғыларын біз өзгерте аламыз ба, мәселен алтын стандартына оралып, яғни қағаз ақшаларды алтынға ауыстырып немесе инфляция кезінде бізге өмір сүруге оңай болу үшін экономиканы қайта құру керек пе?
Біздің елімізде ресми ғылымдар мен насихаттаумен социализм кезеңінде инфляция болуы мүмкін деген пікірдің мойындалмағанына көп уақыт да болған жоқ. Ал инфляция жасырын нысанда кішкене өлшемде болса да болды. Созылмалы тауар тапшылығы кезінде, тұрақты баға кезеңінде де ақшалар өз маңыздылығын жоғалтты.
Қазір инфляция үйреншікті болып, оның масштабы өсуде. Бірақ тек халықтың кең қабаты ғана емес, оның қағидалы механизмдері, түсінігі және ол туралы ақпараттармен мамандардың өздері де жетік иемденбеген.
1. Инфляция, оның пайда болу себептері,
өлшемі және түрлері
1.1. Инфляцияның экономикалық мәні
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуы қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын тілінен – inflatio – қампаю, ісіну, көтерілу деген мағына береді. Инфляция -бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан, тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуін түсіндіреді. Инфляция бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Шынында да қауырт жағдайларда, мысалы, соғыс, революция және сол сияқты кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт “көтеріліп”, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соғады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналымынан көруге болады. Тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдары Азамат соғысы кезінде “инфляция” термині пайда болды. Оның соңғы екі жылында доллардың сатып алу мүмкіндігі 60% дейін төмендеген; XIX ғасырдың бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791ж.ж. Француз революциясы; әсіресе дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті. Осы келтірілген мәселелер инфляцияның бұрыннан келе жатқан айрықша құбылыс екенін дәлелдейді. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция-дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Инфляция сұраныс пен ұсыныс баланссыздығын, бағаның өсуінде көрінетін басқа да ұлттық шаруашылық пропорцияларын түсіндіреді. Бірақ инфляция кезінде барлық бағалар өседі деп айтуға болмайды. Бір тауарлардың бағасы өсуі мүмкін, басқа тауарлардың бағалары тұрақты болып қалуы мүмкін, бір тауарлар мен қызметтердің бағалары басқаларына қарағанда тез өсуі мүмкін. Осы пропорция негіздерінде сұраныс пен ұсыныс арасында әртүрлі арақатынас пен әртүрлі икемділік жатыр.
Инфляцияның мазмұнын әр автор әр түрлі жазып жүр. Мысалы, “Ақша, несие, банктер” деген, 1998 жылы, Мәскеуден шыққан көлемді оқулықта (орыс тілінде),: “инфляция, бағаның жоғарлағанын, тауардың жетіспеушілігінен жәнен тауармен көрсетілген қызметтің сапасыздығынан шыққан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкін-шілігінің төмендеуі болып көрінеді” делінген.
Бұл анықтаманың басты кемшілігі, айналымдағы ақша белгілерінің аса көбейіп кетуінің инф-ляцияға тигізетін әсері көрінбейді.
1999 жылы, Алматыда шыққан “Толық экономикалық орысша-қазақша сөздікте” инфляция былай сипатталады: “Ақшалай табыстың тауарлар-мен көрсетілетін қызметтерден асып түсуі, рынокта қаржы активтерінің көбеюі салдарынан тауарлармен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі”.
Мұндай анықтамадан байқайтынымыз, ең басты мәселе табыстың өсуінде сияқты. Соның салдарынан айналымда ақша көбейіп кетеді деген ой туады. Бірақ, бұл да теріс түсінік. Әңгіме табыста емес. Ол өскен жоқ, ал тауарлар мен қызмет жетпегендіктен, олардың сапалары төмен болған-дықтан, ұсыным азайып, сұраным көбейгеннен кейін, айналымда ақша көбейген сияқты болып көрінеді.
Осының бәрін еске алып, инфляция дегенді былай анықтаған жөн дейміз: “Айналым арнала-рының, артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің, тауарлар мен қызметтердің жетіспеуші-лігінің және олардың сапасыздығының салдары-нан, ақшаның құнсыздануы, тауармен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі, сөйтіп халықтың нақты табысының төмендетілуі”.
1.2. Инфляцияның пайда болу себептері
Бағаның өсуі және ақшаның шамадан көп шығуы бұл тек инфляцияның сыртқы көрінісі ғана: Ұлттық шаруашылық пропорциясының бұзылуы, жалпы тепе-теңдіктің бұзылуы инфляцияның терең себептері. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде инфляцияны және ұлттық шаруашылықты баланс-сыздыққа алып келетін 3 негізгі күші бөліп көрсетеді.
- қағаз ақша эмиссиясына мемлекеттік монополия, сыртқы сауда өндіріссіздігі, әскери және басқа шығындар, қазіргі мемлекеттің функцияларымен байланысты;
- жалақының деңгейіне және мөлшеріне кәсіподақ-тардың монополиясы;
- жеке шығындар мен белгілі бір бағаларға ірі фирмалардың монополизмі.
Осы үш себептер бір-бірімен байланысты және әрқайсысы баланстарды бұзып, ұсыныс пен сұраныстың өсуіне немесе төмендеуіне алып келуі мүмкін. Инфляцияға қарсы нақты шара қолдану үшін инфляцияның қайнар көзін білу керек.
Нарықтық экономикаға тән көптеген басқа көріністер сияқты инфляция бір мағыналық болып бағаланбайды. Инфляцияның негативті зардаптары біздің елімізде белгілі. Инфляцияның экономика-лық өсуге себепкер болатыны бізге онша мәлім емес. Сондықтан инфляцияны жалпы жаман деп, басу, жою керек деп қарауға болмайды. Ол экономиканы дамыту үшін мемлекеттің қолданатын құралы болуы мүмкін. Инфляция пайда мөлшері мен бағаның өсуіне әсер етеді, алдымен конъюнктураны өмірге әкелетін фактор ретінде болады, бірақ мемлекеттегі экономикалық тұрақсыздықты күшейте-тін тежеушіге айналады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жылжымалы инфляция экономикалық өсудің қалыпты факторы ретінде қаралады. Себебі олар үлкен әлемдік экономикалық шығынды алып келеді. Инфля-цияға қарсы күрес ол макроэкономикалық мәселе болып табылады. Мемлекет алдында мынадай негізгі мәселелер тұрады: радикалды шара арқылы инфляцияны жою немесе оған бейімделу. Әр елдер осы дилемманы өздерінше шешеді. Мәселен, АҚШ және Ұлыбритания инфляциямен активті түрде күресуде, ал басқа мемлекеттер болса комплексті бейімделетін мемлекеттік шаралар құруда.
XX ғасыр ортасындағы өнеркәсібі дамыған елдерге инфляциялық тенденция тән. Оған негізгі екі фактор әсер етті: қаржы және ақша-несие жүйесінің ауытқымай қайта құрылуы және экономи-када олигополиялық құрылымның қалыптасуы.
Кәсіпкердің бағаны көтеру арқылы табыстың артынан қууы ерікті бәсекені шектеді. Ақша айналымы мен бағаның құрылуының тұрақтылығын алтын монеталы стандарт анықтады. Банкнотты алтынға еркін айырбастау ақшаның құнсыздануына әкелмейді делінді. Сонымен қатар қатаң сәйкес-тікте орналасқан алтын қорлары бар банктер айналымға белгілі бір мөлшерде банкнот шығаруы мүмкін болды.
Экономикалық дамудың жаңа кезеңге өтуі баға қозғалысының бағытын өзгертті. Ақша айналымында қағаз ақша келуімен алтын шеттетілді, мемлекет-тік шығынның тұрақты өсуі мен мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы нәтижесінде несиелік-ақша механизмі ақша массасының ісінуіне жақсы жағдай жасады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында барлық нарықтық экономика елдерінде бағаның өсуі бай-қалды. Осы инфляциялық процесстердің негізі екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өндірістің бұзылуы болды. Өндірістегі өзгеріс қаржы мен ақша салаларына әсерін тигізбей қоймады: бюджет тапшылығының өсуі, мемлекет қарыздарының өсуі, қағаз ақшаларының эмиссиясы байқалды. Соғыстан кейін бағаның өсуінің жалпы тенденциясы сақта-лынды. Экономикалық дағдарыс кездің өзінде де барлық елдерде ылғи бағалар өсті. Бірақ бағаның өсуінің қарқындылығы барлық уақытта бірдей болмады: 50-60 жылдардағы бірқалыпты өсуден 70-80 жылдары қарқынды өсуге дейін жетті.
1970 жылдары инфляцияның өсуінің негізгі факторы өнеркәсіптің өсу қарқынының тұрақты төмен тенденциясы болды, ол негізінде дағдарыс құрылымдарының әсерінен еді. Инфляцияның өсуіне сол жылдары сыртқы факторлар – доллардың девальвациясы мен дүниежүзілік нарықта шикізат бағасының өсуі де әсер етті.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысыты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикаылқ жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7-%-ке, 1979 жылы-9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуы-на, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок конъюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстарының ықпалына және т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Конъюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе XIX-XX ғасырдың бас кезіне тән “классикалық түрі”) бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себепте-ріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздік-термен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын айтайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда “ақша станогы” белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айыр-бастың сандық теңдігін MV=PO еске түсірсек, M мен P көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыс-тарға тартылуы барысында “импорттық” инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда талған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтануы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді. “Импорттық” инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол “инфляцияны күту” нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономис-тері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
1.3. Инфляцияны өлшеу
Инфляцияның бар болуы немесе болмауының ең көрнекті көрсеткіштерінің бірі-баға индексінің көрсеткіші.
Индекстер – бағалардың уақыт ішіндегі арақатынастарын анықтайтын өзгермелі көрсеткіш-тер. Олар базалық кезеңге байланысты есептелі-неді. Баға индексінің төменде көрсетілгендей бірнеше түрлері бар.
Ең маңызды деген 25 азық-түлік тауарлардың баға көрсеткіші болып табылатын бөлшек баға индексі, айналымдағы қолда бар ақша саны мен айналымға шығарылған ақша индексі, номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасы немесе нақты ЖҰӨ-нің төмендеуінің көрсеткіші болып табылатын ЖҰӨ индексі (ЖҰӨ-нің дефляторы), көтерме нарықтағы шикізат, шала фабрикаттар мен материалдар және дайын өнімдердің бағаларының өзгеруінің көрсеткіші-көтерме баға индексі. Инфляция қарқынын өлшейтін негізгі көрсеткіш, тұтыну бағалар индексі, 275-ке жуық тауарлар мен қызметтерді қамтитын “тұтыну қоржыны” негізінде анықталады.
Тұтыну бағаларының индексін есептеуде келесі формула қолданылады:
ТБИ = Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасы Базалық жылдағы тұтыну қоржынының бағасы*100
Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:
Баға индексі 100% -қа тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
Баға индексі 100%-тен жоғары, мысалы 140% -ке тең. Сонда ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды;
Баға индексі 100 %- тен төмен, айталық 80%- ке тең, яғни ағымдағы жылдағы басқа базалыққа қарағанда 20%-ке төмендеген. Бұл дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді.
Қазақстанда ТБИ 1991 ж. белгіленді. Тұтыну қоржынына біздің елде 275 тауарлар мен қызмет түрлері кіреді. Бағаның және тұтыну тауарлары құрылымының өзгерілуі ескеріліп ТБИ-нің құрылымы да әлсін-әлсін қайта қаралады. 1995 жылғы әр отбасының бюджетін тексеру нәтижесіне байланысты 1996 ж. шілдеден бастап тұтыну қоржынының төмендегідей құрамы бекітілген: азық-түлік 62,6 процент (бұрынғысы 58,2), азық-түлік емес тауарлар–23,2 процент бұрынғысы (30), көрсеті-летін ақылы қызмет 14,2 процент (11,8) құрайды.
Тәжірибеде көбінесе жалпы ұлттық өнім индексі, тұтыну бағалар индексі және көтерме баға индексі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім индексі тұтыну баға индексімен салыстырғанда кеңірек және әмбебапты. Ол тұтыну тауарлары мен қызметтердің бағаларын ғана емес, шикізаттардың, материалдар мен құрал-жабдықтардың бағаларын енгізеді.
1.4. Инфляцияның түрлері
Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
экономикадағы қамтитын аумағына байланысты-жергілікті және әлемдік инфляция;
жүру қарқынына байланысты – біркелкі ( баға үнемі төмен қарқынмен өседі), үздіксіз және сатылы инфляция;
даму қарқынына байланысты – жылжымалы инфляция – онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа 5-10 проценттен аспайды; қарқынды инфляция - онда бағаның өсуі жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейін (ал кейде 100 процентке) жетеді; ұшқыр инфляция - онда бағаның өсуі жылына 100 проценттен асады; Халықаралық валюта қоры баға айына 50 процентке өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп аталады. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштаса оны стагфляция деп атайды;
әсер ететін факторлар бойынша – сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы “көтеріліп”, соның салдарынан төлем қабілеті бар сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарылап, бағаның көтерілуіне соқтырады.
Ақша массасының “көтерілуі” себептерінің ең негізгісі - әскери шығындардың өсуі, яғни шыға-рылған әскери техника күнбе-күнгі өмірде қолдануға жарамайтындықтан оның ақшалы экви-валенті бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады, немесе ақша нарығына мемлекеттік зайымдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша массасын шығарудың алғашқы сатысында өндірістің дамуы, жұмыссыздықтың азаюы және бағаның төмендеуі тепе-теңдік орнайды. Сондықтан аз мөлшерлі инфляция пайдалы деген қорытынды шығады, себебі ондай инфляция артық өндіру дағдарысынан және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады. Одан әрі бүкіл экономикада бос жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа өнімді қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің құлдырауына, оның тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның қарқындауына себепші факторлар әсер ете бастайды.
Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектелуі ұсыныспен салыстырғанда айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады және ақшаны құнсыздандырады.
Шығын инфляциясы өндіріс шығынының көбеюіне байланысты әсіресе еңбек ақының көбеюіне байланысты бағаның өсуі. Бұл жағдай №1 сұлбада көрсетілген. өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол - ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмен-деуіне, қолданып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады: бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның “инфляциялық серіппе” теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнімнің әрбір өлшемінің шығыны көтеріліп, соған байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын элементтердің тек біреуі ғана. Сонымен қатар, тауар өндірісі шикізат, энергия көздерін алу, транспорт қызметін төлеу шығындары көтерілуіне байланысты да қымбаттайды. Шикізат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығындардың өсуі – бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнімнің әрбір өлшемінің шығындарын төмендететін жаңа технологияны пайдалану.
Шығын инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бірімен-бірі тығыз байланысты. Оны мынандай жүйеліктен байқауға болады: (2-сурет). Қазіргі кез келген экономика жүйесін инфляцияға ұшырататын – немесе сұраныс инфляциясына немесе шығын инфляциясына әсер ететін факторлар.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шара-лары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.
Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері жатады, оларда 80-жылдар-дың аяғы–90-жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару станогы мен үнемі индекстеу механизмінің қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы төмендеді. Никарагуада, мысалы, 1990 ж. ақшаның құнсыздануы 8500 процентке, Перуде-8291,5 процентке жетті.
Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия, Чили елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспанссияға (несиені ұлғайту) ерекше көңіл бөлінді. Бұл елдерде қарқынды инфляция (бағаның жылдық орташа өсуі 20-40% шамасында) сақталып, бірен-саран индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.
Үшінші топқа жататын елдер – Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Біріккен Арабтар Әміршілігі, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн – жеткілікті деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы инфляция (1-5%) сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген. Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор роль атқарды, жұмыссыздық бірқалыпты деңгейде жүруде.
Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген бұрынғы социалистік мемлекеттер кіреді (ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және т.б.). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы-бөлу жүйесінен нарыққа өту барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады. Себебі, инфляция факторлары, біріншіден, мемле-кеттік бюджеттің бұрыннан келе жатқан тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде анықталады; екіншіден, құрылым факторлары, мысалы, тез қай-тарылымы болмайтын ауыр өнеркәсіпке салынатын инвестицияның қауыр өсуі; үшіншіден, “баға қай-шысы” деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасымен салыстырғандағы өнеркәсіп өнімдері бағасының қарқынды өсуінің арасындағы үйлесім-сіздік. Құрылым факторлары тек бағаны қауырт көтеріп шығын инфляциясына жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін тигізеді.
Бұл мемлекеттер өндірістің өсуі мен ішкі нарықтың аз сұранысы арасындағы қайшылықтарды, бір жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни ақша массасын басып шығарумен, екінші жағынан шетел займдарын көптеген мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде бұл топтағы мемлекеттерде көп мөлшерде ішкі және сыртқы қарыздар пайда болады.
Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нышаны - ақша айналымы жылдамдығының өсуі, ақша массасының жиынтық сатып алу мүмкіншілігінің кенет төмендеуі және ақша айналысынан ұсақ монеталар түгілі бірте-бірте ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуі мемлекет ішінде доллардың немесе басқа шетел валютасының қолданылуына жол ашады. Бұл процесс инфляцияның одан әрі қарқындауына және елден капиталдың “әкетілуіне” соқтырады.
2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары, тежеу шаралары мен әдістері, инфляцияға қарсы саясат.
2.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша конъюктураны жандандырады. Процестің у шығуы барысында инфляция ұдацйы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.
Кейбір экономистер инфляцияның онша жоғары емес деңгейі экономикалық конъюпктураны жандандырады дейді. Тәжірибеде инфляцияның келесі негізгі әлеуметтік-экономикалық салдарлары орын алады.
Ақша табысының құнсыздануы
Инфляция барлық ақша табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Номиналды табыс-бұл адамның жалақы, рента, пайда немесе пайыз түрінде алынатын ақша құралы болса, нақты табыс- номиналды табыс сомасына сатып ала алатын тауарлар мен қызметтердің санымен анықталады. Егер номиналды табыс тұрақты болса немесе инфляция қарқынына қарағанда баяу өссе, онда нақты табыс төмендейді. Сондықтан инфляцияда белгілі табысы бар адамдар көп зардап шегеді. Егер табыстың өсуі инфляция қарқынының алдында болса, онда жанұя, фирманың қаржы жағдайы жақсарады. Егер сұраныстың икемсіз жағдайында фирма өз өнімінің бағасын инфляция өсуіне дейін тезірек көтерсе, онда ол инфляциядан зардап шекпейді. Бірақ көп фирмалардың ондай мүмкіндіктері жоқ, демек инфляция кезінде олардың қаржылық жағдайы нашарлайды.
Табыс пен байлықтың қайта бөлінуі
Инфляция табыс пен байлықты қайта бөледі. Осылай несие берушілердің арқасында қарызы бар адамдар байиды. Барлық жағдайларда дебиторлар ұтады; себебі ссуда ақшаның белгілі бір сатып алу қабілеті бар кезінде алынады да, ол сомаға аз сатып алу қабілеті бар кезінде қайтарылады. Сонымен қарызы бар кәсіпорындар инфляциядан ұтады және мемлекеттің қарызы бар үкімет те ұтады. Себебі инфляция оған қарыздарын сатып алу қабілеті болатын теңгемен төлеу мүмкіндігін береді.
Бағалар бір-біріне күтпеген уақытта, тез және баланссыз өсетін болса, онда бұл жағдай нарықтық экономикадағы кейбір субъектер үшін пайдалы, ал басқалары үшін зиянды болады. Мысалы, бағаның бірден тез өсуін жоспарламай кәсіпкер мен кәсіподақ арасында коллективті шарт жасалса, баға өскен жағдайда жалданбалы жұмысшылар ұтылуы мүмкін. Басқа тауарлар мен қызметтердің бағалары өскен жағдайда кәсіпкерлер де зардап шегуі мүмкін. Сонымен инфляция табыс пен байлықты төлемді кейінге қалдырғандар пайдасына, ал номиналды және ұзақ уақытқа, белгіленген шарт негізінде (несиеге процент ставкасы, жалақы) ақша беретіндердің зиянына бөледі. Осындай қайта бөлуді инфляцияның жылдамдығы, кездейсоқтық пен баланссыздығын күшейтеді.
Инфляция жылжымайтын мүлік құнын жоғарылатады. Сондықтан иеліктерінде жылжымайтын мүліктері бар жанұялар мен фирмалар бай болады.
Ақша қаражаттарының пайдаланылуы
Инфляция кезінде нарықта сұранысқа ие болған тауарлы заттық құндылықтардың бағасы өседі. Сондықтан халық пен кәсіпорындар өздерінің тез құнсызданатын ақша қаражаттарын пайдалануға асығады, нәтижесінде де халық пен кәсіпорындар-дың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі пайда болады. Заттардың көп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz