Аудиттің халықаралық стандарттары


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ОӨЖ

Тақырыбы: Аудиттің халықаралық стандарттары

Орындаған: Кабенова А. С

Топ: УА-303

Тексерген: Серекбаева Б. С

Семей 2015 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе:Аудит объектісі және оның атқаратын қызметтері
  2. Негізгі бөлім:Аудиттің халықаралық стандарттарыАудит стандарттарына сәйкес аудиторлық қорытындыны құру ерекшеліктері
  3. Қорытынды;
  4. Пайдаланған әдебиеттер.

Аудиттің халықаралық стандарттары

Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің негізі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы - бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет.

Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері стандарттарды аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрстеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырыды.

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің жиырма жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.

Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, нақтылық, жариялық қағидаларын басшылықа алу керек. Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік қағидаларының талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.

Аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді. Аудит теориясың негізгі элементтері компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалардан тұрады.

Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпарат жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.

Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерециясы бар. ХБФ аясында аудиорлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет тікелей айналысады. ХАС жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келседе, ол жергілікті жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғыни одан басым түспейді.

1948 жылы Америкалық алқалы бухгалтер институты “Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарты ” деген атаудағы он қаулыны мақұлдап қабылдады. Содан бері олар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және олардың пайдалануын бақылау көкейтесті ету және қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және әдістік басшылықты жүзеге асырушы ХБФ арқылы Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет әзірлеген ХАС негізінде жатады. Осынау негіз қалаушы он принциптің мәнін кеңінен түсіндіріп беретін ХАС та олар өз көрінісін тапты. Кейбір мемлекеттерде ХАС ты өз стандарттарын әзірлеу үшін база ретінде пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекетер ХАС ты ұлттық ретінде қабылдайды.

2000 жылдың 16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен ҚР аудиторларының бесінші республикалық конференциясында ҚХАС қарастырылып қабылданды. “Қазақстандағы ХАС ” атты біздің нұсқамызды Халықаралық аймақтық бухгалтерлер федерациясымен Евразия аудиторлары барлық ТМД елдеріне негіз етіп алуға ұсыныс білдірді. ҚР аудитор палатасының Кеңесіне осы бухгалтерлер мен аудиторлардың Халықаралық Кодексін қабылдауды тапсырды. Қалыптасқан жағдайға қарай Аудиторлық қызмет туралы заңның бухгалтерлік есеппен аудитті жетілдіру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы ХАС қа өтудің тұжырымдамасын сайлады. ХБФ тың қолданылуына ұсынылған қолданыстағы барлық ХАС түпнұсқадан орыс және мемлекеттік тілдерге аударылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудит стандарттары
Халықаралық аудит стандарттарының мәні
Аудиторлық қызметтің негіздер
Аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы
Қазақстан Республикасындағы сыртқы аудитті реттеуші заңдар
Аудит стандарттары және аудитордың кәсіби этикасы
Қаржылық есеп беру аудиті
Аудит стандарттарының ерекшелігі
Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы
ХАС 510 Алғашқы тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz