Қазақстанның ең ірі жазушыларының шығармасы (шет тілінде)



Қазақ ұлтының өсіп, өніп, өркендеу аясында алыс-жақын шет елдермен біте қайнасып даму ерекшеліктерін сөз ететін ғылыми зерттеулер азды-көпті қазақ әдебиеті саласында орын алатыны белгілі.
Әдеби байланыстар негізінде қаралып, кең ауқымды туындылар қатарына саналатын еңбектер аясында қазақ әдебиетінің шығыс және батыс еуропалық әдебиеттермен байланысы Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Мұқанов, З.Ахметов, Б.Ысқақов, С.Сейітов, З.Кедрина, С.Қирабаев, Ш.Елеукенов, М.Базарбаев, Р.Бердібай, Ә.Қоңыратбаев, А.Қыраубаева, С.Қасқабасов, Р.Нұрғали, Ж.Ысмағұлов, Ә.Дербісәлі, Е.Лизунова, Ө.Күмісбаев, Б.Әзібаева, А.Жақсылықов, Б.Мамраев, К.Ш.Кереева-Канафиева, С.Дәуітов, М.Маданова, А.Түсіпова, С.Алтыбаева, С.Аненьева және тағы басқа ғалымдар еңбектерінде сөз болады.
Ал, шетелдік ғалымдардан әдеби байланыстар мәселесі бойынша В.Жирмунский, А.Веселевский, Н.Конрад, Д.Дюришин, А.Дюма, Г.Белинский, М.Бахтин, В.Шкловский шығармашылықтарын жатқызсақ, қазақ әдебиетіндегі әдеби байланыстардың іргесін қаласып, дамуына үлес қосушы ғалым Ш.Сәтбаева екендігін бірнеше әдебиеттанушылардың мақалалары мен рецензиялары негізінен ғалымды сол қоғамның өзінде-ақ жете танып бағасын бергендігін танимыз. М.Әуезов, З.Ахметов, С.Қасқабасов, Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағұлов, Т.Кәкішев, М.Жармұхамедұлы, Ә.Нарымбетов, Ж.Тілепов, Б.Мамыраев, А.Ісмақова, М.Маданова, Г.Елеукенова, А.Ананьева, А.Түсіпова, Мантебаева А. сынды ғалымдар өз еңбектерінде Ш.Сәтбаеваны әдеби байланыстардың негізін қаласушылардың бірі ретінде қарастырады.
Демек, әдеби байланыстардың тамыры тереңде жатқандығын өзекті мәселе ретінде алға тартып зерттеу ісі ХХ ғасырдың 30-70 жылдар кезеңдерін қамтығандығын көрсетеді.
1. Сәтбаева Ш. Уақыт шуағы. – Алматы: Ғылым, 2000. -656 б.
2. Рсалиева Н. «Көшпенділерге»… тосқауыл керек.// қазақ әдебиеті №8(3012) 23 ақпан –1наурыз. 2007 ж. - 6-б.
3. Ментебаева А. «Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы» ф.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты. –Алматы; 2007 . - 22-б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласыныңШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанның ең ірі жазушыларының шығармасы (шет тілінде)

Орындыған:Едилова М.Н.
Тексерген:Мұқанова Қ.Қ

Семей 2015ж
Қазақстанның ең ірі жазушыларының шығармасы (шет тілінде)
Қазақ ұлтының өсіп, өніп, өркендеу аясында алыс-жақын шет елдермен біте қайнасып даму ерекшеліктерін сөз ететін ғылыми зерттеулер азды-көпті қазақ әдебиеті саласында орын алатыны белгілі.
Әдеби байланыстар негізінде қаралып, кең ауқымды туындылар қатарына саналатын еңбектер аясында қазақ әдебиетінің шығыс және батыс еуропалық әдебиеттермен байланысы Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Мұқанов, З.Ахметов, Б.Ысқақов, С.Сейітов, З.Кедрина, С.Қирабаев, Ш.Елеукенов, М.Базарбаев, Р.Бердібай, Ә.Қоңыратбаев, А.Қыраубаева, С.Қасқабасов, Р.Нұрғали, Ж.Ысмағұлов, Ә.Дербісәлі, Е.Лизунова, Ө.Күмісбаев, Б.Әзібаева, А.Жақсылықов, Б.Мамраев, К.Ш.Кереева-Канафиева, С.Дәуітов, М.Маданова, А.Түсіпова, С.Алтыбаева, С.Аненьева және тағы басқа ғалымдар еңбектерінде сөз болады.
Ал, шетелдік ғалымдардан әдеби байланыстар мәселесі бойынша В.Жирмунский, А.Веселевский, Н.Конрад, Д.Дюришин, А.Дюма, Г.Белинский, М.Бахтин, В.Шкловский шығармашылықтарын жатқызсақ, қазақ әдебиетіндегі әдеби байланыстардың іргесін қаласып, дамуына үлес қосушы ғалым Ш.Сәтбаева екендігін бірнеше әдебиеттанушылардың мақалалары мен рецензиялары негізінен ғалымды сол қоғамның өзінде-ақ жете танып бағасын бергендігін танимыз. М.Әуезов, З.Ахметов, С.Қасқабасов, Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағұлов, Т.Кәкішев, М.Жармұхамедұлы, Ә.Нарымбетов, Ж.Тілепов, Б.Мамыраев, А.Ісмақова, М.Маданова, Г.Елеукенова, А.Ананьева, А.Түсіпова, Мантебаева А. сынды ғалымдар өз еңбектерінде Ш.Сәтбаеваны әдеби байланыстардың негізін қаласушылардың бірі ретінде қарастырады.
Демек, әдеби байланыстардың тамыры тереңде жатқандығын өзекті мәселе ретінде алға тартып зерттеу ісі ХХ ғасырдың 30-70 жылдар кезеңдерін қамтығандығын көрсетеді.
Осы зерттеулер негізінде қазақ әдебиетінің шетелдерде зерттелуі жайына бойлар болсақ, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің шетелдерде бағаланулары және аударма істерінің жалпы ұлт тағдырына қаншалықты әсерін тигізетіндігін сараптауға болады.
Тәуелсіздік алып өз еншіміз өзімізге тиген шақта тарихтың тереңіне үңіліп құндылықтардың арыда жатқандығын дәлелдейтін кез туғаннан бері, ескі ой-сананы өзгертетін сәттер де таяп келеді. Яғни, жазба әдебиетін ХҮІІІ ғасырдан бастау алады деп келген көзқарастың бұлты сейілді. Қазіргі құндылық Орхон-Енесей бойынан табылған құлпытастағы ескерткіштер екендігін бүкіл ел мойындады. Шетел ғалымдары қазақ филологиясындағы қалыптасқан тұжырымдарды әрдайым ескеріп отырады. Бұл жайында ғалым Ш.Сәтбаева өз зерттеуінде қарастырған: Совет Одағы халықтарының әдебиетіндегі қазақ әдебиеті бөлімін белгілі неміс ғалымы филология ғылымының докторы Хаксельшнайдер дәріптеген еңбектегі бірер мәліметтерге ғалым көңіл бөле қарайды.
Мәселен, біздің қазақ филологиясында жазба әдебиетіміздің тууы, қалыптасу мерзімі шамамен ХҮІІІ ғасырдан басталады деп саналып келеді ғой. Содан болуы керек, бұл тұжырым неміс достар шығарған кітапта да орын алыпты -- деп мәселенің мән-жайын айқын танытқан ғалым ары қарай былай сабақтайды: Бұл жағдай бізде қандай да бір тарихи, мәдени, әдеби құбылыстарды зерттеуде қорытынды тұжырымдарымызда ғылыми дәлелді негіздерге аса мұқият болуды тағы да ескерткендей[1, 121] - деп әрбір тұжырымға сақтықпен қарау керектігін де ашып айтады.
Фольклор мен әдебиеттің қайсысы бірінші пайда болды деген сұрақ төңірегінде әлем ғалымдары түрлі заңдылықтарды аша отырып, айқындаған заңдылықтарының бірі фольклордың жазба әдебиетіне тигізген әсері. Бұл мәселе қазақ кеңес әдебиетінде де көтерілді. Демек, әлемдік аренадан тысқары қалмай өз кезеңімен қалыптасып келе жатқан тағы бір теориялық тұжырымның қазақ әдебиетінде де көрініс тапқанын неміс ғалымы өз еңбегінде бергендігін Ш.Сәтбаева толымды жеткізеді: Қазақ жазба әдебиеті алғашқы кезде фольклормен қатарласа қалыптасқаны, аралары бірден емес, бара-бара алшақтай дамыды сондықтан да, бірсыпыра уақыт онда фольклор белгілері мен жанрлары да басым болғаны анық дей келіп ғалым, сөз етіп отырған кітабындағы дерекпен ұштастырады. ХҮІІІ-ХІХ ғасыр әдебиетінің тарихында екі ағым, екі бағыт болғаны, оның бірі - демократтық халық арманы мен оның жарқын өмірге құштарлығын көрсету, екіншісі, -- үстемдік етуші құрылысты, оның байлар мен ислам діні өкілдерінің өктем, феодалдық билігін мадақтау бағытында екені анық айтылғандығы, бұл бағыттар өзара күресте болғаны айтылады[1, 122].
Қазақ әдебиетіндегі әрбір жазушының көркем әлеміндегі құндылықтары көркем мәтінге енген тұсының өзінде де оларға әсер ететін белгілі ағымдар мен бағыттардан ауытқи алмайтындарын да әдеби заңдылық деп қарасақ, әлемдік деңгейдегі түрлі ағымдардың қазақ әдебиетіне де тигізген ықпалын сол тұстарда дүниеге келген шығармалардан анық аңғарамыз. Сондықтан қазақ елінде жазылған туындылар өзге ел өкілдеріне де ортақ мұра, идеялық көркемдік қасиеттері бір еңбектер. Шетел ғалымдары ой-пікірлерін білдіріп, сын көзқарастарын түрлі газет-журналдарда жариялап отырулары белгілі бір әдеби байланыстардың жібін жалғайды. Қазақ шығармаларын талдап, көңілге толымды пікірін білдірген авторлардың есімдерін ғалым тізбектей көрсетеді: Андре Стиль, Алфред Курелла, Имре Тренчени, Вольдапфель, Пьер Филибер, Людвич Гржебичек, Герберт Кремпиен т.б.[1, 120];
Ерек екшеп көрсететін мәселе, шетел ғалымдарының қазақ әдебиеттеріне және олардың шығармаларына арнаулы зертеулер жүргізіп, диссертациялық еңбектер жазулары. Ғалым мұндай іргелі істерді жете танытады: Бұлардың ішінде академик Имре Тренчени Вальдапфельдің Жамбыл кітабын, чехтың жас ғалымы Гржебичектің Абай тілі туралы диссертациясын, Азия және Африка халықтарының әдебиеттері (ІІ-бөлім, СССР-дің Азиялық әдебиеттері) аталып, Чехословакия жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарының Қазақ әдебиеті бөлімін өзгеше айтамыз. Совет Одағы халықтарының әдебиеттері делініп, Лейпципте шыққан көлемді жинақ және Чехославакия мен ГДР-де шыққан СССР жазушылары[1-121]. Неміс жазушысы Хаксельшнайдер М.Әуезовтың Абай жолы және Ғ.Мұстафин романдары арқылы қазақ совет әдебиеті дүниежүзілік әдебиетте маңызды орынға шықты делінген; Ал, 1966-1967 жылдары Прагада және Лейпцигте шыққан Совет жазушылары деп аталатын кітаптарда он алты қазақ ақын-жазушыларының өмірі мен шығармаларына анықтамалар берілген. Бұл кітаптың библиография ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма өнері – идеология майданындағы зор құралдардың бірі
Қазақ-өзбек әдеби байланыстары
Тарихи романдарды ерекше тездікпен даму сипаты
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі
Азия мен Қазақстан халықтары әдебиеттерінің өзара жақындастығы
Тахауи Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасы тіліндегі диалектілік сөздердің қолданысы
Әдеби байланыс. Хасен Оралтай және Қажығұмар Шабданұлы
Өнер мамандарын дарлаудағы Республика өнер қайраткерлерінің рөлі
Қазақтың ақын-жазушылары
Пәндер