Басқару деңгейлері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Тігінен және көлденең еңбек бөлінісі. Басқару деңгейлері. Басқару субъектісі мен объектісі.

Орындаған: Ануарбекова Б. Д

Тексерген: Кушуков Г. С

Семей-2015ж

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Тігінен және көлденең еңбек бөлінісі.
  2. Басқару деңгейлері.
  3. Басқару субъектісі мен объектісі.
  1. Қортынды
  2. Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Саяси экономияның негізін қалаушылардың бірі Адам Смит «Халықтар байлығы» (1776 ж. ) атты еңбегінде, тұрмыстық жағдайдың еңбектің бөлінісімен байланысты болатынына көз жеткізіп, мынадай ой айтады: егер әр адам өздерінің жұмыс орындарында әртүрлі еңбек операцияларын орындауға толық маманданса, онда еңбек өнімділігі көтеріліп, оның бөлінісі тиімді түрде жүзеге асады, ал еңбектің бөлінісі дұрыс болуы үшін барлық өндіріс факторлары мен дайын өнім өзара байланыста болуы шарт. Еңбекті ұйымдастыру - жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндіріс барысында адамдарды тиісінше орналастыруды‚ еңбек бөлінісін‚ әдістерін‚ оны біріктіруді‚ нормалауды‚ ынталандыруды‚ жұмыс орындарын ұйымдастыруды‚ оларға қызмет көрсетуді‚ қажетті еңбек жағдайын қамтиды. Тиімділік пен ғылыми негізделудің түрлі дәрежесімен сипатталады. Өзара байланысты экономикалық‚ психофизиологикалық және әлеуметтік міндеттердің топтарын қамтамасыз етуге тиіс. Экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыруға‚ өндіріс құрал-жабдығын толық пайдалануға‚ өзіндік құнды төмендетуге‚ өнім сапасын жақсартуға бағытталған; психо-физиологиялық міндеттер қоғамның басты өндіргіш күші - адамның денсаулығын сақтауды және жұмыс істеу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін қолайлы өндірістік жағдай жасауға бағытталған; әлеуметтік міндеттер - еңбекті материалдық және ағлақтық жағынан қанағаттандыруға‚ жұмыссыздықтан қорғауға‚ жұмысшылардың басқа да әлеуметтік мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған. Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі мазмұны - мына бағыттар бойынша шаралар кешенін жобалап‚ енгізу: жұмыс орындарын мамандандыру‚ қызметкерлер құрамын ұтымды іріктеу‚ олардың еңбегін жұмыс түрлері мен біліктілік бойынша бөлу негізінде еңбек бөлінісі мен бірігуі нысандарын жетілдіру; жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетудің озық нысандарын енгізу; еңбек тәсілдері мен әдістерін оңтайландыру; еңбек жағдайын жақсарту; еңбекті нормалау мен оған ақы төлеуді жетілдіру; кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

Еңбек бөлінісі - еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады. Еңбек бөлінісі 2 бағытта жүреді: тігінен (басқару деңгейлері) және көлденең (маркетинг, қаржы және т. б. сияқты қызмет аймақтарының аса сынды бөліп алынған мамандандыру) .

Көлденең еңбек бөлінісі дегеніміз - басқару процесіндегі әртүрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелінуі, яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы. Көлденең еңбек бөлінісі арқылы ұйымда бастапқы өндірістік цехтармен бөлімдер мен қатар барлық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін˸ жоспарлау, қаржы, жаңалықтар енгізу, қызметтекерлерді басқару, маркетинг, жабдықтау т. б. бөлімдер құрылады.

Тік еңбек бөлінісі - басқару ісінің күрделі жүйелі сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіріп отыруы қажет. Осыдан барып қызметтердің анықталуы, өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзеге асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта͵ төмен болып бөлінеді.

Басқару деңгейлері.

Әр түрлі ұйымдарда басқару деңгейінің әр түрлі көлемі болуы мүмкін, бірақ олардың барлығы үш негізгі категорияға бөлінеді (Парсостың анықтауы бойынша) .

Инстититуционалды деңгей Жоғарғы звеноны басқару (топ- менеджерлер)

Басқару деңгей Ортаңғы звеноны басқару

(мидл-менеджерлер)

Техникалық деңгей Төменгі звенонны басқару (супервайзорлар)

Төменгі звено жетекшілері - бұлар операциялық жетекешілер басқарушылырдың емес, жұмысшылардың үстінен бақылайтын ұйым деңгейі. Қаржылық органдарда бұл - инспекторлар, бухгалтерлер, ревизорлар, операторлар. Олардың қызмет мазмұнының негізі құрамы:

-Міндеттердің дұрыс орындалуы ақпаратты үздіксіз қамтамасыз етуге байланысты өндірістік міндеттердің орындалуын бақылау;

-Бөлінген ресурстардың қолдануына жауапты;

-Төменгі звено басқарушының қызметі әр түрлі, көптеген өзара байланысты жұмыстан тұрады.

Ортаңғы жұмыстың жетекшілері төменгі звено қозғалыстарын басқарады. Олар мәселелерді анықтайды, талқылау жүргізеді, жаңа шығармашылық ұсыныстар жасайды. ортаңғы звено жетекшілері - жоғарғы звено мен төменгі звено жетекшісінің арасындағы буын. Олар жоғарғы звено жасаған шешімдердің ақпаратын дайындайды және осы шешімдерді трансформация арқылы технологиялық ыңғайлы формада береді. Қаржы органдарында бұларға бухгалтерлер, жетекші және басты ревизор, аға операторлар жатады.

Жоғарғы звено жетекшілері - аз көлемдегі топ. Тіпті ең ірі ұйымдарда санаулы адамдар ғана болады. Қаржы органдарының құрамына қаржылық бақылау басқарушылары, салық комитетінің төреағасының орынбасарлары және төреағалары, қаржы бөлігінің басқарушы, инспектор, бухгалтер, ревизор, оператор бөлігінің басқарушылары кіреді. Жоғарғы звенонвң мықты жетекшілері компанияның барлық бейнесіне өз ізін қалдарады. Жетістікті қызмет жасайтын қызметшілер үлкен ұйымдарда өте жоғары бағаланады, олардың еңбегі жақсы төленеді.

Басқару субъектісі мен объектісі.

Басқару мен менеджментте бірдей категориялар пайдаланылады, бұларға жататын ұғымдар мынадай - «басқарудың объектісі мен субъектісің, «олардың арасындағы тура және кері байланысың, «басқару жүйесің, «қоршаған орта. Басқару объектісі - бұл бақарылатындардың барлығы, яғни сала, кәсіпорын, бөлімшелер және т. б. Менеджментте басқару объектісі ретінде әр уақытта белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің іс-қызметтерін үйлестіретін және бағытталатын адамдар тобы қарастырылады. Басқару субъектісі - бұл басқарушылардың барлығы, яғни саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің басқару аппараты. Басқарудың объектісі мен субъектісінің арасында тура және кері байланыс болады. Тура байланыс - бұл басқару объектісіне субъектіден түсетін әмір (команда) . Кері байланыс - бұл басқару субъектісіне объектіден әмірдің орындалғаны және оның жағдайы туралы түсетін ақпарат.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет деңгейлері арасындағы қаржылық ағындарды ретке келтіру
Муниципалды басқаруды жүзеге асыруда бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің рөлі
Тігінен және көлденең еңбек бөлінісі. Басқару деңгейлері
Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕФОРМАЛАУ ҮРДІСІ
Жергілікті өзін-өзі басқару
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
Тігінен және көлденең еңбек бөлісу. Басқару деңгейлері
Менеджмент психологиясы жайлы лекциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz