Өсу мен даму антропометриясы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО

Тақырыбы: Өсу мен даму антропометриясы.

Орындаған: Журсинтай Г

Топ: П­-415

Тексерген: Құнанбаева Н. С

2015 жылы

Жоспар:

1. Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері.

2. Адам организмінің жалпы сызбанұсқасы.

3. Өсу мен даму заңдылықтары.

4. Жас кезеңдері.

Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері

Физиология - мүшелер мен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым.

Осы физилогия ғылымының бір саласы жас ерекшеліктер физиологиясы ағзаның бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді. Негізгі міндеті - өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап, балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриямен тығыз байланысты. Сонымен қатар физика, химия, метеорология сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін пайдаланады.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы эмбриология, қалыпты физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экологиялық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валеология ғылымының теориялық түп негізін құрайды.

Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін қолданады:

1) бақылау - сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме;

2) табиғи тәжірибе - мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін табиғи жағдайда қолданады.

3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.

Лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:

-функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;

-эргометрия;

-есепті шығару әдісі;

-телеметрия;

-антропометрия.

Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтап, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді.

Адам организмінің құрылысының жалпы сызбанұсқасы.

Адам ағзасы атқаратын қызметі мен құрылысының ортақтығы бойынша біріктірілген бір-біріне өзара бағынышты ұйымдастырылған күрделі жүйе. Жүйе элементі болып жасуша табылады. Шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы ұлпа деп аталады. Ұлпалардың негізгі түрлері: жабын, дәнекер, сүйек, бұлшықет және жүйке. Ұлпалар мүшелерді, мүшелер мүшелер жүйесін құрайды.

Жасушадан басталып, мүшелер жүйесінен аяқталатын ағзаның барлық құрылымдарының қызметі келісіп жұмыс істеп бір тұтастық принципіне бағынады. Біртұтас ағзаның қызметі қоршаған ортамен тығыз байланыста болған кезде ғана жүзеге асады. Ағза қызметінің барлық процестері ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асады.

Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады.

Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады.

Осы тұрақтылықты сақтау үшін ағзада өзін-өзі реттеу процесі үздіксіз жүріп жатады.

Өзін-өзі реттеудің 2 түрі бар:

1) гуморальдық реттелу;

2) жүйке арқылы реттелу.

Өсу мен даму заңдылықтары

Балалар мен жасөспірімдердің организмдері үнемі өсіп дамуда болады.

Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады.

Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері.

Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінң артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмінің дамуы екі түрлі: 1) физикалық, 2) функциялық.

Дамудың негізінде 3 фактор жатыр:

1) өсу,

2) органдар мен ұлпалардың мамандануы немесе дифференциация, 3) форма түзілу.

Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты.

Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:

1) дамып жетілу, 2) кемелдену, 3) қартаю.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:

1) өсу мен даму гетерохронды болады.

2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі келеді.

3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты.

4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;

5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі

6) өсу мен дамудың акселерациясы (балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп аталады) .

Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның eкi саласын қамтиды: адам организмiнің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерiнің қызметтерiнің жас ерекшелiктерiнің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа ерекше-лшіктер физиологиясы мен адамның денсаулығын caқтayғa қажеттi жағдайларды қа-растырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байла-нысты физиология мен мектеп гигиена­сының пәні педагогика ғылымымен де байла-нысты, себебi педагогика жоғары жүйке әpeкeтiнiң, заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негiзде iскe асырады.

Балаларға дұрыс тәрбие беріп, оқытудың нәтижесі оның анатомиялық-физио-логиялық ерекшеліктерінің қаншалықты ескерілігенімен, қай жағдайда сыртқы орта әсеріне төзімді, сезімтал, қай кезде ағзаның қорғаныш қабілетінің төмен екендігін білуімен тығыз байланысты. Балалардың ми қызметінің ерекшеліктерін білу арқылы әр кезеңде болатын психикалық, психофизиологиялық өзгерістерді, назарының артуын, еске сақтау қабілеттерінің жоғарғы деңгейін біле аламыз. Басқа ғылымдар iспеттi жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бiрнеше ғылыми зерттеу әдicтерiн пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.

Басқа ғылымдарға қарағанда, балалар және жасөспірімдердің жас ерекшелігі физиологиясы мен гигиенасында, өсу және даму ұғымдары тым нақтылы, айқын айтылған. Өсу - бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Ол негізгі жас ерекшелік-жыныстық белгілердің бірі болып табылады және бала организміндегі сандық өзгерістерді сиппатайды. Даму - тканьдердің, мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организмнің физиологиялық қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардың қызметінің жетілуін сипаттайтын, саналық өзгерістердің көрсеткіші.

Адам организмінде бүкіл организмнің қанша өмірі болса, сонша өмір сүретін көбеймейтін клеткалар болады. Оларды ұзақ жасайтын клеткалар деп атайды. Олар - нерв жүйесінің клеткалары. Бұл клеткалар организммен бірге туады, ал оның өсіп жетілуі процесінде ол белгілі шекте тек көлемін ғана ұлғайтады әрі функциясы жетіле береді. Егер бұл клеткалар өлсе, олардың орнына жаңалары пайда болмайды.

Оқушылардың өсіп-жетілуін сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша жылына бір не екі рет қадағалайды. Өсіп жетілу көрсеткіштердің алу процесі антро-пометрия, көрсеткіштердің өзі - антропометриялық немесе негізгі деп аталады.

Антропометриялық көрсеткіштері бойынша оқушылар денесінің жетілуін ба-ғалау - бойын, салмағын, кеуде қуыстарының шеңберлеріне қосылған үстемдерді есептеу, осы көрсеткіштердің аудан, облыс, республика бойынша орта мәліметтерін салыстыру жолымен жүргізіледі.

Антропометриялық мәліметтер оқушының жеке дамуының арнаулы картасына жазылады, ол мектепте немесе емтиханың жеткішектер кабинетінде сақталады. Мәліметтер статистикалық әдістермен өңделеді және солардың негізінде дамудың пропорциональдығы туралы соңғы жорамалдар мен қажетті қорытындылар жасайды.

Балалар мен жасөспірімдер денесі дамуының мәліметтерін зерттеу мынаны көрсетеді: олардың бойының орташа өсуі соғысқа дейінгі балалар бойынан 10 см-ге дерлік артық. Бойдың өсуі салмақтың өсуіне жеткізеді. Балалардың сүт тістері тұрақты тістерге ертерек ауысады, жыны-стық жетілуі тезірек басталады және аяқталады.

Акселерацияның қолайлы да, қолайсыз да жақтары бар. Психикалық функция-ларнетұрлым тез дамуы, өмірінің ұзаруы т. б. оның қолайлы жақтары деп есептеуге болады. Сонымен бірге осындай балалардың тыныс алу мүшелерінің ауруға ұшыра-уы тонзиллитпен, ревматизммен, аллергиялық аурулармен көбірек ауыратындық-тары туралы мәліметтер бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсу және даму антропометриясы
Өсу даму антропометриясы
Өсу даму антропометриясы жайлы
Қазақ халқының қалыптасуы туралы
Тарихи антропологияның мәні және оның методологиясы мен әдістемелері
Сыртқы жыныс ағзаларын карау
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
Әйелдерді гинекологиялық тексеру
«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХИ АНТРОПОЛОГИЯСЫ»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz