ҚР ауыл шаруашылығының дамуының негізгі бағыттары жайлы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Баяндама

ҚР ауыл шаруашылығының дамуының негізгі бағыттары

Жоспар:

  1. Ауыл шаруашылығының қазіргі даму жағдайы және оның дамуын талдау
  2. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің ғылыми - теороиялық негіздері
  3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

“ … Қазақстанда тарихи, әсіресі әміршіл экономика дәуірінде, адамдарды ауылдық жерлерге қоныстандыру нарықтық экономика тұрғысынан да, әлеуметтік және экологиялық жағынан да сәтсіз қалыптасып келеді . Нәтижесінде құлдырау экономикасы көптеген ауылдық аудандардың сипатты белгісіне айналды .
… Мемлекеттің күллі қаржы - экономикалық саясаты, соның ішінде әлеуметтік және ауыл шаруашылық саясаты адамның тіршілігі мен нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан тек перспективалы аумақтарға ғана іріктеп бағытталуға тиіс “
Н. Ә. Назарбаев .

Еліміздің аграрлық саласындағы инвестициялық саясат кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Бұл мемлекетіміздің отандық және шетелдік инвесторға қолайлы жағдай жасау саясатын ұстап отырғанын көрсетеді. Ол үшін баламалы рыноктың институттар жүйесін құру қажет дегеніміз-шаруашылық қызыметіне қосымша реттеушілік енгізу немесе мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, әкімшілік тарапынан қойылатып кедергілерді жою, тіркеу жүйелерін және де ауыл шаруашылығындағы жеке кәсіпкердің қызыметтерін бақылауды ықшамдау, тауар өндірушілер үшін қолайлы экономикалық жағдайлар туғызу. Салынған қаржыдан дұрыс нәтиже шығаруды алдын ала болжай білу инвестициялық жобаны дұрыс бағытқа салуға мүмкіндік береді.

Еліміздің ауыл шаруашылығының қазіргі кездегі жағдайы инвесторлар үшін мына факторларға байланысты тиімсіз, қауіпті сала болып отыр.

- аграрлық өндірістің табиғи факторларға тәуелділігіне байланысты дұрыс өнім алып, салынған қаржыны қайтаруға толық сенім жоқ;

шығаруды алдын ала болжай білу инвестициялық жобаны дұрыс бағытқа салуға мүмкіндік береді.

Еліміздің ауыл шаруашылығының қазіргі кездегі жағдайы инвесторлар үшін мына факторларға байланысты тиімсіз, қауіпті сала болып отыр.

- аграрлық өндірістің табиғи факторларға тәуелділігіне байланысты дұрыс өнім алып, салынған қаржыны қайтаруға толық сенім жоқ;

- ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдылығы жұмыс күшін, материалдық-техникалық және басқа қорларды толық пайдалануға мүмкіндік бермейді, яғни табыс бірқалыпты түспейді.

Осы факторларға байланысты аграрлық өнімді өндіруге капитал айналымы жәй және түсетін пайда өте төмен болғандықтан инвесторлар бұл салаға аса қызықпайды.

Әлемдегі аграрлық экономиканы дамыған елдер тәжіребиесіне қарасақ, олар табиғи факторларға байланысты алдын ала шаралар қолданып, ауыл шаруашылығының өнімін өндірушілерге әртүрлі қолдау көрсетіп жағдай туғызып отырады.

Қазіргі кезде қаржы ресурсы кез-келген кәсіпорындар үшін бірінші кезектегі маңызды құралдар болып табылады. Олар өндірісті ұлғайтуға (қызмет көрсету), өндірісте қажетті шикізатты сатып алуға және өз қарамағандағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын қанағаттандыруға жұмсайды.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының меншікті инвестициялық мүмкіндігі шектеулі. Меншікті салымдар үлесінің азаюына көптеген жағдайлар әсер етеді, солардың ішінде ағымдық тұтынуға пайданы бөлу, амортизациялвіқ аударылымдардың төмендеуі, қажетті ақша айналымдарының жоқтығы, мемлекеттік қолдаудың тез арада төмендеуі, салықтың өсуі, инфляциялық процестер және т. б.

АӨК-е шет елдік инвесторлардві тарту өңдеуші салалардағы негізгі құралдар үшін маңызды болып табылады. Өйткені негізгі құралдарды жаңартуға, реконструкциялауға мүмкіндік беріп, өндіріске жаңа отандық

технолгияларды енгізуге жағдай жасайды. Алайда ел экономикасына шет елдік инвестицияны тартудың жақсы жақтарымен қатар, кері жақтары да қалыптасады, яғни экономикалық байланыстылықтағы өсуі шет елдік капиталмен сипатталады. октік экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру мен дамыту мәселесі үшін біріншіден, баға теңсіздігін (диспаритет) жою, екіншіден, кәсіпорындар үшін несиені кеңейту және оны беру механизмдерін жеңілдету, үшіншіден, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында маркетингтік кызметті жандандыру және рынок конъюнктурасын үнемі бақылау, төртіншіден, ауыл алдыңғы қатарлы тәжірибелі шаруашылық-лидерді бұқаралық ақпарат құралдарында кең түрде баяндау.

Жыл сайын республикада және жекелеген аймақ, облыстарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтеді. Мұнда тауар өндірушілер өздерін, өндірілген өнімдерінің ассортименті мен көрсетілетін қызмет түрлері жайында ақпараттар бере алады. Сондай-ақ, өндірген өнімдерін сатуды ынталандыруда насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Мұнда өнім және алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің жетістігі жөнінде ақпараттар түседі.

Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2020 жылдарға арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемалары басымдық болып айқындалды . 2005-2020 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс - шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып, ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған тапсырыстардың қалыптасуына себеп болды . Осы бағыттар аясында ауылдың ең бір елеулі проблемаларын игеруге орай, мына мәселелерге аса көңіл бөлінді .
- жергілікті әкімшілік нарықтық қатынастарға араласудан шеттету .
- жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын, күмәнді жеке шаруашылықтарға жекелендіру жүргізу .
- банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыру .
- ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандату .
- азия мен Еуропа қайта жаңарту және даму банктері заемдарының, басқа ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту .
- 25-30 мың теңге көлемінде кіші кредиттер үлестіру . Үкімет үш жыл ішінде мал мен мүлік сатып алу үшін, заңда тиым салынбаған кез - келген бизнеспен шұғылдануы үшін, өздерінің іскерлік дағдыларын ұштауы үшін өте қиын жағдацда қалған кемінде 150 мың ауыл адамына қажетті осындай қаражатпен қамтамасыз етуге .
- тікелей отандық және шетел инвестицияларын тарту .
- фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем көрсету .
- сумен жабдықтау және иррегация проблемаларын шешу .
- барлық министрліктер мен қорлар желі бойынша ауыл проблемаларын басымдықпен қаржыландырылуының қадағалау .
Осы мәселелер қарастырылған . Бұл мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр . Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 миллиард теңге қаржы бөлінсе, соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып 57, 5 миллиард теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл саланы тиімді бизнес көзіне айналдырып, оған инвестициялық ағымдарының құйылуына оң жағдай туғызды . Өткен жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 милиярд теңге құйды . Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері басталып іріленген өндіріс құрылымдары қанат жаюда . Соңғй екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайданың мөлшері 20 миллиярд теңгеге артты . Ауылдағы әлеуметтік саланың даму мәселелеріне де аса назар аударылуда . Ауылдық аймақтарды дамытудың 2004- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткен жылы әлеуметтік дамудың нормативтік негізі қалыптастырылып, оның мониторингін жүргізу жұмыстары жүзеге асты . Осы бағдарлама бойынша ауылдық әсерлердің әуеуметтік мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан бағытталған 51, 3 милиярд теңгенің игерілу жұмыстары қадағаланып сарапталды .
Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге биімделе бастаған Республикамыздың ауыл шаруашылығы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты . Мемлекет басшысы атап өткендей, ауыл шаруашылығын реформалауда таңдалған жолдың дұрыстығын сала дмуындағы нақты қорытындылар дәлелдеп отыр . Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ауылға қолдау көрсету үшін қабылданған үш жылдық бағдарламаның алғашқы жылы 2013 жылы 534 миллиярд теңге болса

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стратегиялық жоспарлаудың ғылыми-теориялық негіздері
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
Менеджмент жүйесін жоспарлаудың мәні мен қажеттілігі
Дәрістер жинағы. (Экономика.)
Экономикадағы интеграциялық процестер
Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолдану
Заманауи мемлекетіндегі инвестициялардың ролі
Қазіргі заман жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы аграрлық саясат. Қазақстан Республикасының ғаламдық аграрлық нарығында алатын орны мен перспективалары
Аймақтық өндірістік аөк инфрақұрылымының құрылуымен қалыптасуының теориялық және әдістемелік негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz