Экологиялық сараптама әдістері, түрлері



1. Экологиялық сараптаманың түсінігі, мақсаты,міндеті, қағидалары
2. Экологиялық сараптаманың объектілері
3. Мемлекеттік экологиялық сараптама
4. Қоғамдық экологиялық сараптама
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Азамттың табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдыруда. Қазіргі кезде экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төңдіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез-келген аумақтардан көруге болады.
Экологияны қорғау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес, жүйелі түрде, кешенді жүргізілетін, ұзақ мерзімді, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар проблемаларға айналып отыр. Өйткені, жалпы айтқанда экологияны қорғау еліміздің тұрмысы мен әл-ауқатының артуына, денсаулығының мықты болуына, айналаның, қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының өркендеуіне және т.б. жағдайларды жақсаруына әкеп соғады.
Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы – экологиялық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық бағыттарын айқындай отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғат пайдаланудағы экологиялық шектеулер арқылы мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін және тұрақты дамуының негізгі ірге тасы болып табылады. Бірақ, қазіргі мекемелер белгіленген лимиттерді және қоршаған ортаны қорғау талаптарын үнемі орындай бермейді. Мекемелер экологиялық акцияларды жүргізу барысында қазіргі және болашақ ұрпақ алдында қоршаған ортаның ластануының алдын алу жауапкершілігін біледі. Бірақ, экологиялық зиянды қызметпен айналысатын адамдар пайда табудың арқасында, өз уақыттарын экологиялық жағдайдың қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасауға жұмсамайды.
1. ҚР Экологиялық Кодексі
2. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

СӨЖ №4
Тақырыбы: Экологиялық сараптама әдістері, түрлері

Орындаған: Бликс Айгерім
Тобы: БЖ-215
Тексерген: Жұмабеков С.Ж.

Семей 2015

Жоспар:
1. Экологиялық сараптаманың түсінігі, мақсаты,міндеті, қағидалары
2. Экологиялық сараптаманың объектілері
3. Мемлекеттік экологиялық сараптама
4. Қоғамдық экологиялық сараптама

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Азамттың табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдыруда. Қазіргі кезде экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төңдіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез-келген аумақтардан көруге болады.
Экологияны қорғау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес, жүйелі түрде, кешенді жүргізілетін, ұзақ мерзімді, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар проблемаларға айналып отыр. Өйткені, жалпы айтқанда экологияны қорғау еліміздің тұрмысы мен әл-ауқатының артуына, денсаулығының мықты болуына, айналаның, қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының өркендеуіне және т.б. жағдайларды жақсаруына әкеп соғады.
Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы - экологиялық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық бағыттарын айқындай отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғат пайдаланудағы экологиялық шектеулер арқылы мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін және тұрақты дамуының негізгі ірге тасы болып табылады. Бірақ, қазіргі мекемелер белгіленген лимиттерді және қоршаған ортаны қорғау талаптарын үнемі орындай бермейді. Мекемелер экологиялық акцияларды жүргізу барысында қазіргі және болашақ ұрпақ алдында қоршаған ортаның ластануының алдын алу жауапкершілігін біледі. Бірақ, экологиялық зиянды қызметпен айналысатын адамдар пайда табудың арқасында, өз уақыттарын экологиялық жағдайдың қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасауға жұмсамайды. Сондықтан да мемлекет экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші субъект ретінде барлық субъектілерге бірінші кезекте экологиялық мүдденің тұруына ықпал етуі қажет. Сол себептен азаматтардың экологиялық мүдделерін қорғау үшін қоршаған ортаны қорғауда қолайлы механизм табу қажет. Бұл үшін экологиялық сараптама институтының рөлі маңызды болып табылады.
Экологиялық сараптама институты іске қосылатын объектінің нақты экологиялық жағдайдағы мүмкіншілігін және қоршаған ортаға деген жағымсыз әсер ету дәрежесін анықтап, жобаны жүзеге асыруға экологиялық көзқарас тұрғысында ғылыми қортындылармен сипаттамалар береді. Яғни, экологиялық сараптама шаруашылық және өзге де қызметтің мүмкін болатын жағымыз әсерін ескертеді және бұл қызметтің экологиялық талаптарға сай келетінін анықтайды. Экологиялық сараптама жүзеге асырылатын объектінің экологиялық зиянды қызмет екендігін анықтайтындықтан табиғат қорғау қызметінің басты құрамы болып табылады. Себебі экологиялық сараптама қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын алдын алу шарасы болып табылады.
Экологиялық сараптаманы дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін құқықтық реттеу қажет. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін шаруашылық қызметтің көп түрі дамуына байланысты қоршаған ортаны қорғау және де табиғатты ұтымды пайдалану мақсатында 18 1997 жылдың наурызында "Экологиялық сараптама туралың заң қабылданды. Бұл заңда "қоршаған ортаны қорғау туралың заңда бекітілген экологиялық сараптаманың жағдайы жетілдірілді.
Экологиялық сараптама - қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу құралы болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Экологиялық сараптаманың түрлеріне, мәселелеріне және оның ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу.
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:
- экологиялық сараптаманың мақсатын міндеттерін саралау;
- экологиялық сараптаманың қағидаларын қарастыру;
- экологиялық сараптама субъектілерін зерттеу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.
Экологиялық сараптаманың мақсаттары:
1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметті іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал теріс зардаптарын айқындау және шектеу;
2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға залал келтіруді болдырмау мақсатында жүргізіледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптама oбъектілерi
1. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мыналар жатады:
1) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға ілеспе, осы Кодекстің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары;
2) табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлері, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметі негізгі бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келісімшарттар, оның ішінде меншік және жекешелендіру нысандарын өзгертуге қатыстылары;
3) қолданыстағы oбъектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары;
4) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары;
5) іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
6) кәсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейімдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер (есептер) және жобалар, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын өндіру мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
7) аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары;
8) қалалар мен аумақтарды, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметті жүргізудің айрықша режиміндегі аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
9) осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін, аумақтар учаскелерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Сараптама әдістері,түрлері
Қоршаған ортаның сапасын басқару пәні бойынша лекциялар жоспары
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары
Экология құқығының дәрістері
Бұйымның тұтыну қасиеттерінің сараптамасы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу ережелері
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Экология - Дәрістік курс
Пәндер