Франция


Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Франция бұрыннан бері дүние жүзінің экономикасында ғылымда мәдинетте және халықаралық қатынастарда басты рөлде ойнайды дүние жүзінің бірден бір басты елі. Көлемі жағынан европадағы үшінші мемлекет (Ресей мен Украйнадан кейінгі) . Европа материгінің батыс бөлігін алып жатыр оның конфигурациясының максимальды қашықтығы 900 - 1000 км болатын алты бұрышты еске түсіреді. Францияның құрамына Корсика аралы мен ұсақ жағалау аралдарының тобы кіреді. Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің арасында орналасқан Франция елі басқа дамыған елдермен шекаралас жатыр. Европаның басты сулытранспоттық магистралі Рейн өзені оның Германия мен шекарасын ұзына бойын қамтиды.

Ірі батыс Европалық мемлекеттердің арасындағы Францияның тізбекті географиялық жағдайы, оңтүстік -шығыс Азия, рейналды Германия, Батыс Швейцария, Италияның солтүстік - батыс региондарының экономикалық орталықтарымен көршілес болуы, теңіз қатынастарының ыңғайлығы- осының барлығы елдің ерте экономикалық дамуына ықпал етті. Алайда Франция жаулап алушылардан көбірек зәбір көрді.

Табиғат ресурстарымен жағдайлары адам өмірімен өндірісінің дамуына түгелдей дерлік жағымды. Шетелдік Европаның басқа ірі елдеріне қарағанда олар әркелкі болып келеді.

Франция минералдық ресурстарға бай емес Тас көмір, мұнай мен табиғи газға кедей. Ең басты енергетикалық ресурстары болып -Орталық массивтегі уран қоры және таулардағы өзен энергиясы табылады. Елдің жағалауындағы биіктігі 12-16 метрге жететін теңіз толысуының энергиясының көптеген қорын болашақта қолдануға болады. Жерортатеңіздік Франциядағы боксит пен Лотаренгиядағы темір рудасының қоры өзінің маңызын жоғалтты. Эльзаста калий тұздары өндіріледі. Бұл ел табиғи құрылыс материялдарына бай болып келеді.

Табиғат жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы. Территорияның көптеген бөлігінде жылына 600-1000мм жауын-шашын түседі. Қысқы температурасы қолайлы, қар жамылғысы болмайды және өзендері қатпайды. Тек елдің солтүстік -батысында ауыл шаруашылығы ылғалдан, ал жерортатеңіздік климат қалыптасатын Жерорта теңізі жағалауында жазғы кездерде ылғалдың жетіспеушілігінен зәбір көреді

Францияның табиғаты адаммен қатты мәдинеленген: көлемінің 33 пайызын шабынды жерлер, 21 пайызын жайылым, 2 пайызын көп жылдық өсім (жүзімдер, бақтаржәне т. б) ; 27 пайызын ормандар (негізінен отырғызылған) ; шамамен 17 пайызын қолданылмайтын жерлер құрайды.

Жұмсақ жағымды климаты, табиғатының көркемдігі, мыңдаған километрлі теңіз жағалаулары, туризмнің альпинизмнің және таудағы қысқы спорт түрлері дамуына біршама жағдайлардың болуы, тарихи және архитектуралық ескерткіштердің болуы, тегіс жолдары, қонақ үй мен мейрамханалары Францияны - туризмнің классикалық елі жасайды. Оның бай рекреациондық ресурстарын жыл сайын елге үлкен табыс алып келетінін ондаған миллион шетелдіктер пайдаланады.

Халқы:

Европаның роман халықтарының бірден -бірі болып табылатын француздар- тұрғындардың шамамен 85 пайызын құрайды.

Халықтардың қалған бөлігі-басқа ұлттар (корсикалықтар, эльзастықтар және т. б) мен эмиграннттар. Соңғылары 6миллионнан да көп. (португалдар, алжирліктер, мароккандықтар және т. б. ) . Соннымен бірге Франция азаматтарының 1, 3 миллионы елден тыс жерлерде тұрады. Тууды және эммиграцияны қолдайтын мемлекеттің саясаты тұрғындардың Европаның басқа ірі елдерінен қарағанда тез өсуін көрсетеді. Тұрғындардың социялды-кластық құрылымы капитализмнің жоғарғы деңгейде өсуін куәландырады. Жұмысшылардың 85 пайызын жалданып жұмыс жасайтындар құрайды, 12 пайызын ауыл мен қаланың ұсақ кәсіпкерлері және оларға көмектесетін отбасы құрамы. Шамамен 3 пайызын ірі бизнесмен -жұмыскерлер құрайды. Тұрғындардың өмір сүру деңгейі Германия мен Ұлыбританияға ұқсайды. Отбасыларының 75 пайызында автокөлік 95 пайызы түрлі түсті теледидар және 1/3 жеке компиютерлері бар десек жеткілікті. Басты социялдық проблемасы-жаппай жұмыссыздық (1999 жылы -11, 5 %) .

Италия және Испанияға қарағанда шіркеудің маңызы төмен.

Дінге сенушілердің көбі-католиктер. 6 дан 18 жастағы балалардың тегін оқуы қарастырылған. Бірақ іс жүзінде орта білімді жастардың 4/5 бөлігі алады. Шамамен балалардың 1/5 бөлігі үлкен религиоздық мекемелер қадағалайтын жеке мектептерде оқиды.

Орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға 107 адам. Тауда (Переней, Альпінің оңтүстік бөлігі және Орталық массивте) және басқа аз өнімді аудандарда (Ланд, Солонь) тығыздық 20 адамға да жетпейді. Ал, басқа жағынан, Париж, Лионда өнеркәсіптің жоғарғы концентрациясы мен қалалардың тығыздығынан бір шарша шақырымғы 300 адамнан келеді. Әсіресе, өзен жағалауларындағы өнімді ауыл аудандарында жәнеде ауыл шаруашылығы балық аулау жене рекреациялық зоналармен ұласатын Нормандия, Бретань, Жерорта теңізі жағалауларында тұрғындар тығыз орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франция туралы жалпы мағлұмат
Францияның экономикасы
Вашингтон конференциясының бірінші келісімі
Франция мемлекеті жайлы
Франция мемлекеті туралы
Қазақстан Республикасы және Еуропа мемлекеттері арасындағы байланыс
Франция экономикасы
Франция ХХ ғасыр табалдырығында
Франция унитарлы мемлекет ретінде
Жеті жылдық соғыс, 7 жылдық соғыстан кейінгі Еуропа дипломатиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz