Стресс жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.
БӨЖ
Тақырыбы: Стресс
Орындаған: Балықпаева Л. Е.
Тобы: ВС-303
Тексерген: Нуркенова М. К.
Семей 2015ж
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
2. 1. Адаптациялық синдром
2. 2. Стресстің жіктелуі
2. 3. Стрессті тудыратын фактор
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Стрессорлық
жағдай бірқатар клиникалық, морфологиялық, гематологиялық өзгерістермен сипатталады. Онда болатын негізгі өзгерістер: малдың халінің нашарлауы, әлсіреуі, тершеңдік, дене қызуының төмендеуі, қан қысымының жоғарлауы, бұлшық еттерінің жирылуының нашарлауы; жүрек, ми, қан тамырлары, ас қорыту жүйелерінің қызметтерінің бұзылуы; тимус, көкбауыр, лимфа бездерінің өлі еттенуі; асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарының қанталауы; қандағы эозинофилдер мен лимфоциттердің, бүйрек бездері мен гипоталамустың гормондарының азаюы байқалады. Аса бір ерекше, күшті тітіркендіргіштің әсерінен организмдегі гомеостаз - тұрақтылық процесі өзгереді. Ол өзгерістің ұзақтығы мен тереңдігі стрессордың күшіне байланысты. Стресс туралы ілім - Ганс Сельемен негізі құралған қазіргі медицинаның ең басты бөлімдерінің бірі. Ганс Селье 1926 жылы әр түрлі өзін нашар сезінумен зардап шегетін аурулар туралы алғашқы бақылауын жазды. Бұндай аурулардың бәрінде тәбеттің болмауы, бұлшық ет әлсіздігі, артериялық қысымның жоғарлауы, жетістікке талпынудың жоғалуы сияқты өзгерістер байқалады. Ол оны «жай ауру синдромы» сияқты белгіледі. Ол көптеген ағзасында ауырған кезде біртекті байқалатынын көрсетті: бүйрек үсті безінің қыртысындағы өзгеріс (гипертрофия), лимфоидты тіннің құлдырауы (лимфатикалық түйіндер және айырша без), асқазанның жаралануы. Ағза ішіндегі барлық мұндай өзгерістердің жиынтығын сипаттау үшін ол «күйзеліс» түсінігін енгізді. Осыдан кейін ол ұзақ жылдар бойы зерттеу медициналық және хирургия институтында және кейіннен стресстің халықаралық институты болған Монреальда жұмыс істеді. 1936 жылы Г. Селье өзінің стерсс туралы түсінігін құрастырған кішене стаьясын жазды және бір мезгілде (Әр түрлі зақымдаушы себеппен шақырылатын стресс» және «Жалпы бейімделу синдромы» және «биологиялық стресс синдромы» деген жаңа ұғымдарын енгізді. Шамамен Г. Селье бүкіл ағзаға қатысты стресс концепциясын құрған кездері, 1934 жылы ҚССР-да Насосов Д. Н. бірінші рет тірі клетканың құрамы айналадағы қоршаған ортаның кез келген өзгерістеріне біртекті сезімтал екендігін көрсетті. Өзгеріс ең басты келесе түрде өтті: цитоплазманың тұтқырлығы өсті, оның диперсиясы азайды, сутегі иондарының концентрациясы жоғарлады. Бұл көрініс «паранекроз» деп аталады. Д. Н. Насосовтың жолын қуушы, Александров В. Я. 1965 жылы зақымданудың денатурациялық теориясын ұсынды. Одан кейінірек Тагеева С. В. кез келген клетканың органелласы сыртқы орта әсерлеріне біркелкі морфологиялық және қызметтік өзгерістер комплексімен жауап беретінін көрсетті. Сондықтан стресстің организм деңгейіндегі концепциясы Г. Сельенікі болса, клеткалық деңгейдегі (клеткалық бейімделу) бейспецификалық жауап теориясы Кеңес Одағында дамыды деп айтсақ шындық болып саналады. Г. Селье бойынша стресс анықтамасы былай: стресс бұл кез келген сыртқы талаптарға ағзаның бейспецификалық реакциясы.
Стресс
- организмнің күшті әсерлерге реакциясы, ол өз табиғаты бойынша стресстік жауап - зақымдаушы факторлар әсер еткенде организмнің тұрақтылыққы (резистентікке) жету әдісі. Сонымен қалыпты дені сау организмде қолайсыз факторлармен күресуге бағытталған механизм бар. Сол қолайсыз фактор әсерінен организм өліп кетуі де мүмкін. Бұл механизм -
стресс-реакция
немесе жалпы
бейімделу синдромы
деп аталады.
Негізгі бөлім
Адаптациялық синдром
Организмге стресстер әсер еткенде онда жалпы адаптациялық синдром пайда болады (ЖАС) . Оны 3 сатыға бөлуге болады:
- Қамдану сатысы2 күнге созылуы мүмкін. Ол үшін организмдегі глюкоза мен гликогеннің ыдырауынан туындайтын энергия қоры пайдаланылады. Орталық нерв жүйесі, эндокрин механизмі, симпатикалық жүйе белсенді түрде болып, жүректің, қан тамырларының, бүйрек бездерінің (катехоламиндер, адреналин, норадреналин босап гликогенді пайдаланады) жұмыстарын жақсартады. Гипофиздің гормондары бөлініп, қандағы глюкозаның деңгейін арттырады. Бұл сатыда организмдегі өзгерістерді физиологиялық қалыптылыққа келтіруге болады.
- Резистенттік-адаптациялық сатысыбірнеше жұмаға созылады. Жүйке жүйесі мен гуморалды реакция; клиникалық, биохимиялық көрсеткіштер қалыптасады. Организмнің стрессорға қарсы тұру қабілеті қалыпты жағдайдағыдан жоғары. Ол организмнің резистенттілігіне байланысты.
- Әлсіреу, қалжырау, жүдеу сатысыкүшті стрессор ұзақ уақыт әсер еткенде болады. Стресстің негізгі белгілері анық білінеді. Мал өлім-жітімге ұшырауы да мүмкін.
Стресстің бұл келтірілген сатыларын тек үлгі ретінде пайдалануға болады. Ал нақтылы организмнің резистенттілігіне, стрессордың күшіне байланысты, әрбір шаруашылықтарда әртүрлі болып кездесуі сөзсіз.
Стресстің жіктелуі
Жалпы стресстің біртұтас алынған жіктелуі жоқ. Малдәрігерлерінің тәжірибесінде оның себептеріне байланысты жіктеуді қолданған дұрыс сияқты. Ол бойынша:
- транспортты-тасымалдау;
- технологиялық - малды күтіп-бағу; ауырсынғандық; ауа райына байланысты;
- вакцина жасауға байланысты;
- температураға байланысты;
- малдың қозғалмай, бір орнында тұрып қалуына байланысты; жылқы, ит, маймылдарда көңіл-күйге (эмоционалды) байланысты т. б. түрлерін ажыратуға болады.
1. Транспорттық-тасымалдау стрессі . Малдарды тасымалдау кезіндегі ережелерді бұзудан болатын стресс. Бірнеше стрессорлар әсер етеді: мал таситын көлікті дұрыс дайындамау; жаңадан әкелінген малдарды бірінші күндері дұрыс күтпеу; ауа райының, температураның өзгеруі; т. б. қосымша әсерлер ретінде көп малды тығыз күйінде тасымалдау. Мұндай стресс асыл тұқымды, буаз малдарда, бұзауларда кездеседі. Малдарды ыстық күні, ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда тасымалдағанда жиі кездеседі. Су уақытында берілмей, рацион дұрыс болмағанда, әсіресе онда: кальций, магний аз, калий көп болғанда; арық малдарды тасымалдағанда; бұзауларды стресске қарсы дәрі беріп дайындамағанда да пайда болады.
Организмнің резистенттілігі нашарлап бұзаулар өкпе, ас қорыту жүйесінің ауруларына шалдыққыш келеді.
Емі. Шаруашылықта ұйымдастыру, санитарлық мәселелерді дұрыстап шешу керек.
Организмнің табиғи резистенттілігін арттыратын, қозу процесін төмендететін дәрілерді қолданады (димедрол, хлоралгидрат, валериана тұнбасы) . Нейролептиктер ретінде аминазин, стресснил жақсы әсер етеді. Бұзауларға еттің ішіне тасымалдауға дейін 30-40 минут қалғанда, тасымалдау қашықтығына байланысты, аминазинді 0, 5-2 мг/кг; стресснилді 1-2 мг/кг мөлшерінде жібереді. Егер бұл дәрілерді ауыз қуысы арқылы берсе, онда мөлшерін 2-2, 5 есе өсіреді.
Малдың резистенттілік қабілетін жоғарлату үшін элеутерококктың сығындысын тасымалдауға дейін және одан кейін сүтке араластырып күніне 1 рет 10-14 күндей, 0, 1 мл/кг мөлшерінде беруге болады.
Энергияны толықтыру үшін бұзауларға 2, 5 г/кг мөлшерінде глюкоза ертіндісін ішкізеді. А, Д2, Е витаминдерін жіберуге болады. Стресске қарсы ТВАГ (транквизин, витамин, аминазин, глюкоза) және АнВАГ (антибиотик, витамин, аминазин, глюкоза) препараттары бар. Бұл препараттарды ауруды емдеу және олардан сақтандыру ретінде арнайы нұсқаулар бойынша қолданады.
Стресстің белгілеріне қарсы күрес: венаға кальций хлоридін, күкірт қышқыл магнийді, глюкозаға кофеин қосып, оймақ гүл, кордиамин, лобелин препараттарын жібереді. Өкпе ісінгенде қан ағызып, венаға хлорлы кальций ертіндісін құяды.
2. Технологиялық стресс . Малдарды күтіп-бағуда жіберілетін кемшіліктерден туындайтын стресс. Оған жататындар:
- малдардың жиі-жиі орнын ауыстырып, жиі-жиі жаңа топтарға бөлу;
- төлдерді енелерінен ерте айыру;
- малдарды байлап, қозғалыссыз ұстау - адинамия;
- кенеттен жаңа күту әдістеріне ауыстыру.
Көбінесе стресс бірнеше факторлар қатарынан әсер еткенде пайда болады. Ауру малдардың өнімі азаяды, өнімінің сапасы төмендейді. Өсіп-өнуден қалады. Клиникалық белгілері, әсіресе шошқаларда, қамдану сатысында-ақ біліне бастайды. Ауруды емдеу әдістері алдыңғы ауруды емдеу әдістеріндей. Әсіресе сақтандыру шараларына көп көңіл бөлген жөн.
3. Эмоционалды стресс. Малдарға қатты ауырту арқылы әсер еткенде, олардың көңіл-күйінің өзгеруімен сипатталатын стресс. Нерв жүйесі тез қозатын спорт аттарының, декоративті иттердің, зоопарк және цирк малдарының арасында кездеседі. Дайындықсыз, дұрыс ұйымдастырылмаған малдәрігерлік істер: қан алу, мүйізсіздендіру, пішу, өлшеу, косметикалық операциялар (құлаққа, құйрыққа т. б. ) жасау стресс жағдайын туғызуы мүмкін.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
- үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
- төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
- әлсіреу- бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.
Стрессті тудыратын әсерлерге қарай:
- физиологиялық стресс
- психологиялық стресс деп екіге бөледі.
Стрессті тудыратын факторлар
Стрессті тудыратын факторларды «стессорлар» деп атайды. Оның негізгі себептері: температураның, атмосфера, қысымы мен ылғалдылықтың ауытқуы; сізге жақын жерде бос жүрген аң; тым жарқыраған шам, у-шу, ыстық, жабық кеңістік; ішкі улармен, ағза гармондарымен, дәрілермен белсендірілген паразиттер немесе вирустар; мақсат пен идеал арасындағы нәтижеге деген қажеттілік пен тиісті мерзім ішінде оған қол жеткізу арасындағы тартыс; ауырсыну және ішкі жайсыздық; ағзада стимуляторлар мен депрессанттардың жоғарғы деңгейде болуы; омыртұалардың орнынан жылжып кетуі және т. б.
Сондай-ақ Ганс Селье стресс аффектілерінің үлгісін жасаған. Үлгі үш сатыдан тұрады.
- Бірінші -қобалжу және мобилизациясатысы, бұл ағза стрессордың қатысып отырғанын байқаған кезде болады
- Келесі саты -қарсыласу. Стрессормен дербес күресуге дайындалу. Қарсыласу кезінде ағза түрлі жағдайларды қолданады. Стрессорды жеңу кейде сәтті болады, бәрақ ол физикалық және психологиялық жалпы күйге тәуеді. Егер қарсыласу адекватты болмаса, модельдің соңғы сатысы қажуға жетеді.
- Қажу сатысыкезінде ағзаның қабілеті стрессордың төмедеуіне бейімделеді. Бұл жағдайда стресстің жағымсыз салдарынан физикалық ауру, жиі ашулану немесе маңызды жағдайды шындықпен байланысты жоғалтпау және дезориентация белең алады.
Қорытынды
Стресс кез - келген аурулардың дамуына себепші болатынын мамандардың зерттеулері дәлелдейді. Ұйқыссыздықтың, жүректің жиі соғуы, бастың ауруы, гипертония, сексуалдық бұзылу және басқа да аурулық жағдайдың себебі стресс болуы мүмкін. Стресс жіті түрде тез өтеді. Болжамы нәтижелі. 5-10 күнде ауру мал қалыпты жағдайына келеді. Емдеу әдістері жоғарыдағыдай. Ауырсынуға қарсы аромпун - хилозин препаратын 2 %-ды ертінді түрінде 0, 25-0, 5 мл 100 кг салмағына есептеп, еттің ішіне жіберуге болады.
Сақтандыру шаралары:
- аттарды, иттерді, цирк малдарын дұрыс тренингке үйрету;
- малдәрігерлік жұмыстарды жақсы дайындап, дұрыс жүргізу;
- малдарды үйрету тобына аларда, олардың жоғарғы нерв жүйесінің түрін еске алу керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Б. К. Ілиясов. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. (Оқу құралы) . Алматы. 2011 жыл.
- Б. К Ілиясов. «Ветеринариялық хирургия». (Оқу құралы) . Алматы. 2008 жыл.
- К. Н. Қожанов «Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» (Оқу құралы) . Семей. 2005 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.
БӨЖ
Тақырыбы: Ісіну
Орындаған: Балықпаева Л. Е.
Тобы: ВС-303
Тексерген: Нуркенова М. К.
Семей 2015ж
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
2. 1. Ісінудің түрлері
2. 2. Ісінудің организмдегі маңызы
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Организм үшін судың маңызы өте үлкен. Ол көптеген органикалық және бейорганикалық заттарды, газдарды, ерітіп олардың тасымалдануын, алмасуын қамтамасыз етеді; организмнің ішкі ортасын бірімен-бірін және сыртқы ортамен байланыстырады. Тәулігіне организмге түсетін судың мөлшерімен, одан шығарылатын судың арасында қатаң тепе-теңдік болады.
Судың артық мөлшері қанда ұсталып тұрмай тіндерге, ең алдымен жасуша аралық кеңістіктерге ауысады. осыдан ісіну дамиды.
Ісіну ( oedema) -қан мен тіндер арасында су алмасуының бүзылуынан тіндерде сұйықтықтың артық жиналуы. Сұйықтықтың дене қуыстарында жиналуын шемен (hydrops) дейді. Іш қуысы сулануын гидроторакс, ми қарыншалары сулануын - гидроцефалус, жүрек қалтасы сулануын гидроперикардиум деп атайды.
Негізгі бөлім
Ісінудің түрлері.
Ісіну көптеген аурулар кездерінде болатын біртектес дерттік үрдіс. Қан мен тіндердің арасында су алмасуы микроциркуляциялық арнада қылтамырлардың кемерлері арқылы болады. Ісінудің даму жолдарында капилляр ішінде қан қысымы көтерілуі, онкотикалық қысым азаюы, капиллярлардың өткізгіштігі жоғарылауы, лимфа ағуының және онкотикалық қысымдардың көтерілуі де өзінің үлксін қосады. Ас тұзын артық пайдаланғанда және бүйрек қызметтері бұзылғанда жасуша аралық кеңістіктерде натрий иондары жиналып қалуы мумкін.
Пайда болу себебіне және даму жолдарына қарай:
- Жүректік
- Бүйректің
- Бауырлар
- Ашылулық
- Қабынулық
- Уыттық
- Неирогендік
- Аллергиялық
- лимфогендік ж. б. ісінулер ажыратылады.
Жүректік ісіну . Жүректік ісіну жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде веналық тамырларда қан іркіліп қалудан және жүректен шығатын қан көлемі азаюынан болады. Жүректен шығатын қан көлемі азаюы:
1. гипосияға, метоболизмдік ацидозға, капиллярлар кемерлердінің өткізгіштігі жоғарылауына;
2. бұйрек ишемиясына, ренин-ангитензин жүйесі арқылы әлдостеренонның артық түзілуіне, гипернатриемияға, гипоталамуста антидиурездік гормонның түзілуі көбейуне, бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңіріуі артуына әкеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz