Әдебиеттегі мазмұны мен пішіні



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Әдебиеттегі мазмұн мен пішін
2.2. Көркем мәтінді зерттеудің негізгі бағыттары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Менің жазып отырған жұмысымның тақырыбы «Әдебиеттегі мазмұны мен пішіні». Бүгінгі ғылымда «мәтін» ұғымын талқылаудың түрлі жолдары бар. Мысалы, Д.Н.Лихачев өз еңбектерінде мәтіннің ең алдымен автордың шығармашылық ойының жүзеге асуына мән береді, яғни мәтіндегі ең маңыздысы автор тұлғасы. Ал О.Л.Каменская мәтінді вербалды коммуникация құралы ретінде қарастырады. А.А.Леонтьев аталмыш ұғымның функционалды аяқталғандығын атап көрсетеді. Р.И.Гальперин мәтінді «белгілі бір құрылымнан тұратын (атауы, бастамасы, дамуы, аяқталуы), түрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланысы бар, мақсатты, прагматикалық құралымды атайды.
1. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
2. Хасенов М. Ұнамды образ және типтендіру. – Алматы, 1966ж.
3. Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы, Астана, 2003ж.
4. Ахметов К. Әдебиметтануға кіріспе. Қарағанды, 2004ж.
5. Хализев Е.В. Теория литературы. М., 2002.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Әдебиеттегі мазмұны мен пішіні

Орындаған: Есқалиева А.Д.
Тексерген: Секей Ж

Семей 2015 ж.
Мазмұны

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Әдебиеттегі мазмұн мен пішін
2.2. Көркем мәтінді зерттеудің негізгі бағыттары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Менің жазып отырған жұмысымның тақырыбы Әдебиеттегі мазмұны мен пішіні. Бүгінгі ғылымда мәтін ұғымын талқылаудың түрлі жолдары бар. Мысалы, Д.Н.Лихачев өз еңбектерінде мәтіннің ең алдымен автордың шығармашылық ойының жүзеге асуына мән береді, яғни мәтіндегі ең маңыздысы автор тұлғасы. Ал О.Л.Каменская мәтінді вербалды коммуникация құралы ретінде қарастырады. А.А.Леонтьев аталмыш ұғымның функционалды аяқталғандығын атап көрсетеді. Р.И.Гальперин мәтінді белгілі бір құрылымнан тұратын (атауы, бастамасы, дамуы, аяқталуы), түрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланысы бар, мақсатты, прагматикалық құралымды атайды.

2.1. Мазмұн мен пішін бірлігі-көркемдік арты. Мазмұн мен пішін-іргелі философиялық ұғым. Бұл екеуі бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте болады. Көркем шығарманың күллі құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішінінің бірлігінде жатыр. Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретн бір нәрсе-бір мамұнының бірнеше пішіні болатыны. Мысыла, Ұлы Отан соғысының сөз өнерінде әр түрлі пішінде суреттелгенін Қ.Аманжоловтың Ақын өлімі туралы аңыз, Б.Момышұлының Москва үшін шайқас, Ә.Әбішевтің Намыс гвардиясы атты шығармаларынан аңғаруға болады. (поэзия, проза, драматургия).Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне байланысты. Мазмұнға қарағанда, пішін өзгермелі болады. Мысалы, махаббат. Бұл - өмірде тұрақты шындық, өнерге мәңгілік тақырып. Бірақ өмірдің осы шындығының өнердегі пішіні әр дәуірде әр алуан. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отырады. Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде ескеретін тағы бір ерекшелік-мазмұнын мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мамұнын ала келеді. Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз-өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі - оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы. Мазмұн дегеніміз шығарманың өмір шындығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-сезімге әсер беретін мағыналылығы деуге болады. Шығарманың мазмұны баяндалған, көрсетілген уақиға,жағдай өмір құбылыстарының тікелей өзі емес, соның көркемдік көрінісі сөзбен мүсіндеп берілген суреті. Өмір шындығы әдебиет шығармасындағы көркем шындыққа айналғанда оған жазушының дүниетанымы, көркем ой-сезімі, адамгершілік, азаматтық мұрат-идеалдары келіп қосылады. Шығарманың көркемдік тұлға-пішініне, өрнек-кестесіне, өн бойына қан жүгіртіп, жан беретін, өң нұр беретін идеалық мазмұн-жазушының биік қоғамдық мақсаттарының көрінісі. Әдеби шығарманың көркем түрін (пішінін) оның мазмұн-мағынасынан бөліп қарауға еш болмайды. Шығарманың көркемік сапасы алдымен идеялық мазмұнның тереңдігіне байланысты. Әдебиеттегі мазмұн мен пішінді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек былай болар еді: шығарманың мазмұны-оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы - суретті сөз, яки көркем шығарманың тілі. Мазмұн мен пішін - күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін - тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе. Мазмұн мен пішін ең алдымен бір - бірінен айырылмас байланыста, бірлікте; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ. Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен - ақ анық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда ғана әрқайсысы өзінен - өзі айқындай алады. Жалғыз-ақ осынау мазмұн мен пішіннің бір-біріне ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болсын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішіннің мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан жөн.
Енді осы ұғымды көркем әдебиетке көшіріп көрелік. Әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не? Бұл арада тағы да біз сөз өнерінің қоғамдық санаға қатысын, әдебиеттің объектісі - өмір, предметі - адам екенін, өмір шындығынан тыс, адам тағдырынан сырт өнер туындысы болмайтынын еске түсіреміз. Сана - шындықтың сәулесі болса, адам санасының мазмұны - сол адам таныған шындық екені мәлім. Сонда әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішіні - осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармандар өмірі екенін түсіну қиын емес. мәселен, Ботакөз романының мазмұны кәдімгі ақиқат өмірде болған келелі шындық - Қазан социалистік революциясының арқасында қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының жеңісі нәтижесінде Қазақстанда Совет өкіметінің орнауы. Осы шындықты жазушы өзінің эстетикалық идеалының тұрғысынан суреттеп көрсетті. Бұл жердегі мазмұнның пішіні - Сәбит Мұқанов романында көркем жинақталған әдеби қаһармандардың, дәлірек айтқанда, Асқардың, Ботакөздің, Амантайдың, Кенжетайдың, Кузнецовтың, Темірбектің, Бүркітбайдың, Сағиттың, Асанның, Итбайдың, Байтөбеттің, Кулаковтың, Кошкиннің, Сарбастың, Құзғынбаевтың, Мадиярдың, Базарханның қым-қиғаш күрес пен тартысқа толы қиян-қилы тағдыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығарманың мазмұны мен пішіні
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін жайлы мәлімет
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы мәлімет
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы
Мазмұн және пішін
Мазмұн мен пішін
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін
Көркем шығарманың пішіні
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Шығарманың мазмұны мен пішіні туралы
Пәндер