Шағын бизнесті субъктілері қызметінің есебінен жүргізу тәртібі және әдістемесі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Семей қаласы
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
«Есеп және аудит» кафедрасы
Шағын және орта бизнестегі бухгалтерлік есеп пәні
СӨЖ
Тақырып :Шағын бизнесті субъктілері қызметінің есебінен жүргізу тәртібі және әдістемесі.
Орындаған: Нәсіпбек Айғаным. УА-205 тобы.
Тексерген: Серекбаева Б. С
Семей қаласы
2015
Жоспар:
1. Шағын бизнес субъектінің қызметін құқықтық реттеу.
2. Шағын бизнес субъектілері қызметінің есебінен жүргізу тәртібі және әдістемесі.
3. Бухгалтерлік есептің техникасы мен формалары.
4. Есептің журнал-ордерлі формасын қолданатын шыған кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері-нің құқытқы жағдайы бірқатар нормативті-құқықтық актілермен реттеледі. Ол актілерге мыналарды жатқызуға болады:
• 27. 12. 1994 және 01. 07. 1999 жылғы ҚР Азаматтық кодексі;
• 19. 06. 1997 жылғы ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы;
• 19. 26. 1997 жылғы ҚР-ның «Шағын кәсіпті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы;
• 22. 04. 1998 жылғы ҚР-ның «Жауапкершілігі шектеулі және толық серіктестіктер туралы» Заңы;
• 04. 10. 1995 жылғы ҚР-сы Президентінің заң күші бар «Өндірістік кооператив туралы» Жарлығы;
• 17. 04. 1995 жылғы ҚР-ның «Лицензиялау туралы» Заңы;
• 12. 06. 2001 жылғы ҚР-ның «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі және т. б.
шағын кәсіпкерлік субъектілері-рі өздерінң құқықтарын қорғау үшін және заңды мүдделерін бүлдіру үшін өздерінің бірлестіктерін құра алады.
Заңды тұлғалар бірлестіктерді ассоциациялар түрінде, ал жеке кәсіпкерлер қоғамдық ұйым түрінде құруға құқылы.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен арақатынасы ҚР-ның заңдарымен реттеледі. Мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың шағын кәсіпкерлік субъектілері-нің шаруашылық қызметіне негізсіз араласуына жол бермейді. шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен арақатынасындағы проблемалардың негізгі үлесі осы субъектілердің қызметін тексеру кезінде анықталады. Бірақ заң осындай тексерулерді шектейтін нормаларды бекіту жолымен шаруашылық субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзінің реттеушілік функциясын атқарады.
шағын кәсіпкерлік субъектілері-нің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді өкіметті мемлекеттік органдар жылына бір реттен артық жүргізбейді (егер шағын кәсіпкерлік субъектілері-сі Қазақстан заңдарын ешбір түзбесе) . Адам саны 10-ға дейінгі шағын кәсіпкерлік субъектілері-рін мемлекеттік бақылаушы органдар үш жылда бір реттен артық жүргізбейді (салық органдарынан басқасы) . шағын кәсіпкерлік субъектілері-рі заңдағы нормаларды бұзатын болса, онда өкіметті мемлекеттік органдар тарапынан тексеру қамтамасыз етіледі.
Бақылау және қадағалау функцияларын орындайтын мемлекеттік органдар шағын кәсіпкерлік субъектілері-нің қызметіне шек қоюды не тоқтатуды тек сот арқылы жүргізе алады. Соттың шешімінсіз шағын кәсіпкерлік субъектілері-нің қызметін тоқтату не шектеук тек бірқатар жағдайларда үш күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. шағын кәсіпкерлік субъектілері-нің қызметін шектеу не тоқтату туралы акті сот шешімі шыққанша әрекет етеді.
Қадағалау және бақылау функцияларын орындайтын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, соның ішінде кәсіпкерлік қызметке кедергі жасайтын заңсыз актілерді шығару және заңсыз нұсқауларды беру 50-ден 100 айлық есеп көрсеткішіне дейін айыппұл төлеуді міндеттейді (30. 01. 01 жылдағы ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекс 151 бап) .
Әдетте мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық қызметіне араласуы олар үшін бірқатар кедергілерге соқтырады. Сондықтан мемлекеттік органдардың өкіметі туралы толық ақпарат білген артық етпес.
шағын кәсіпкерлік субъектілері-не тексеру жүргізетін көп жағдайда салық органдарының жұмысшылары болады. Тексеруші органдардың өкіметінің ауқымы зор, олардың құқықтары мен міндеттері заңда белгіленген. Бірақ кәсіпкерлер тексеруші органдармен конфликттік қатынасқа түсудің жөн емес екендігін білуі керек. Егер тексеруші органдар келе қалған жағдайда келесідей ережелерді ұстанған жөн:
• кез-келген тексерістің негізі болады, сондықтан тексерудің себебін білу керек,
• әрбір тексерудің тексеруді тағайындау актісі болады, ол акті облыстық прокуратурадағы статистика және ақпарат орталығында тіркелуі тиіс,
• егер тексеру қылмыстық істі қозғаумен байланысты болған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілерірін тексеру туралы акті тіркелмейді,
• егер кәсіпкердің формасына тексеруші органның өкілі келсе, онда мыналарды есте сақтау керек:
• сыпайы түрде тексерушінің жеке басын және құқығын куәландыратын құжатты көрсетуін сұраңыз,
• мемлекеттік орагынның басшысымен қол қойылған және дөңгелек мөрмен куәландырылған тексеруді жүргізу туралы арнайы бланктегі тіркелген бұйрық көрсетуді талап етіңіз,
• бұл бұйрықта нақты сіздің фирмаңыздағы нақты сұрақтар бойынша тексеру жүргізу туралы мәліметтер жазылады,
• мемлекетті органдардың тарапынан болатын тексерулер есебінің арнайы журналы болуы керек, онда барлық мәліметтер жазылады,
• фирманың құжаттары тұрған жерде тексерушіні жалғыз қалдырмаңыз,
• егер тексеруші қандай да бір құжатты не оның көшірмесін алғысы келсе, онда осы құжатты алу туралы актіні екі дана етіп жазуын талап етіңіз,
• тексеруші фирмаңыздың аумағында жүрген кезде оның қасында тексеру сұрақтары бойынша нақты әрі қажетті жуаптарды бере алатын билікті қызметкердің жүргені жөн,
• әсіресе тексеруші тұлғаның жасаған құжаттарына (актілер, анықтамалар және т. б. ) қол қою кезінде сақ болу керек,
• егер кәсіпкер бұл құжаттардағы фактілермен келіспесе, онда сол құжатта келіспеу себептерін жазбаша түрде жазып, өз қолымен және қажет болса фирма мөрімен растауы керек,
• акті міндетті түрде кәсіпкерде жазылуын талап ету керек,
• тексеруші тұлғамен қарым-қатынаста сыпайылық және нақтылық әдептілік таныту керек, мұнда дөрекі сөздерге жол бермеу,
• егер тексеруші тұлға тарапынан мәжбүрлеу не заңсыз әрекеттер болып жатса өзіңіздің кез-келген қызметткеріңізді шақырып айтылған мәжбүрлеу сөздерін немесе заңсыз әрекеттерін қайталауын сұраңыз, мұнда мемлекеттік орган басшысының телефон номерін теріп оны осы жай туралы хабардар ете аласыз,
• ашуланып айқай-шуға баспаңыз, өйткені заң жүзінде әрекет етсең әрқашан да тексеруші органның өкілдерімен өзіндік қарым-қатынас орната аласыз,
• есіңізде болсын, тексерушінің қабылдаған шешімі кәсіпкердің құқығын бұрмалайтын болса, не дөрекі түрде болса, онда тексеруші органның басшысына, прокуратураға не сотқа шағымдануға болады, ал егер қандай да бір шығын келтірілген болса оның орнын толтыруды (компенсация) талап тете аласыз.
2. шағын кәсіпкерлік субъектілері-рі қызметінің есебінен жүргізу тәртібі және әдістемесі.
Шағын кәсіпорындар (шағын кәсіпкерлік) бухгалтерлік есептің келесідей регистрлер жүйесін қолдана отырып бухгалтерлік есепті жүргізеді (шағын кәсіпкерлік субъектілері-рі үшін бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша типтік нұсқауларға сәйкес) :
- кәсіпорындар үшін есеп жүргізудің бірыңғай журнал-ордерлі формасы,
- шағын кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдар үшін есеп жүргізудің журнал-ордерлі формасы,
- бухгалтерлік есептің жеңілдетілген формасы. Мұнда шағын кәсіпкерлік жоғарғы органдармен бекітілген бухгалтерлік есептің формасын өзі таңдайды.
3. Бухгалтерлік формалары мен техникасы.
Бухгалтерлік есептің техникасы дегеніміз - бұл оны жүргізу тәсілдері, яғни есептік ақпаратты тіркеу, ол қолмен не автоматтандыру құралдарын қолдана отырып жүргізіледі. Бұл мақсат үшін есептік регистрлер жасалынған.
Олар сыртқы сипаты бойынша карточкалар, бос парақтар мен кітаптар, ал мазмұны бойынша талдаушы есеп регистрлер, жинақ есебінің регистрлері және үйлесімді есеп регистрлері, яғни алғашқы екі есеп түрінің үйлесімі.
Карточкалар негізгі құралдардың (инвенторлық карточкалар) және сақталатын жері бойынша материалдық құндылықтардың талдау есебі (материалдық қоймалық есебінің карточкалары) үшін қолданылады. Осылардың негізінде бухгалтерия негізгі құралдардың карточкасын жасайды, ал материалдарға жауапты тұлғалар материалдардың, құрама бөлшектердің, төмен құндылықты және тез тозатын заттардың сондай-ақ дайын өнімдердің картотекасын жасайды.
Бос парақтар - үлкен форматтағы есептік регистрлер, онда карточкаға қатысты кең ауқымды мәліметтер қамтылған. Олар талдау және жинақ есебі үшін арналған, үйлесімді регистрлердің ролін атқарады. Оған мыналар жатады: журнал-ордер, ведомостер, табулляграмдар мен машиограмдар. Олар қолдануға қолайлы, өйткені ол міндеттерді есеп қызметкерлері арасында тиімді бөлістіруге мүмкіндік береді. Бұл есеп регистрлерінің ең кең тараған түрі.
Кітаптар - нақты форматтағы және графления бос парақтардың жинағы. Олардың қолданылуы шектеулі, өйткені оны жүргізу жұмыстарын есеп жұмысшылары арасында бөлістіруге болмайды. Әрқайсысын бір адам жүргізуі тиіс. Осылайша кассалық кітап міндетті түрде жүргізіледі. Оның парақтары номерленген, тігілген және соңғы бетінде кәсіпорын басшысы мен бас есепшісінің қойылған қолынан соң беттердің саны көрсетіледі. Кітаптардың артықшылығы беттер бүлінген кезде немесе ұрланса парақтар жаңасына ауыстырылмайды. Кәсіпорындарға жинақ есебінің регистрі ретінде басты кітап қолданылады, сондай-ақ талдау есебінің регистрі ретінде қоймадағы материалдар қалдықтарының кітабы қолданылады. Олар бухгалтерлік есеп мәліметтерін оперативті қойма есебінің мәліметтерімен салыстыру үшін және түрлі меншіктерге бақылау жүргізу үшін қажет. Есеп регистрлеріндегі жазулар жан-жақты тексерілген құжаттар негізінде жазылады, сондықтан регистрлердің өздері оның көрсеткіштерін кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау үшін қолданылған кезде, құралдардың жағдайына бақылау жүргізуде және оның жұмыс нәтижелерін анықтау кезінде заң күші бар құжатқа айналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz