Аналықтардың бедеулігі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірліг
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Аналықтардың бедеулігі. Аталықтардың белсіздігі. Туғаннан кейінгі кезең аурулары
Тексерген:Мухамадиева Н. Н.
Орындаған: Ыбрай И
Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Аналықтардың бедеулігі
- Аталықтардың белсіздігі.
- Туғаннан кейінгі кезең аурулары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ мал бедеулігінің алдын алуда ең алдымен бедеулікке әкелетін факторларды және бедеулік түрлерін анықтап алған дұрыс деп есептейміз. Бүгінгі таңда теориялық және тәжрибелік тұрғыдан алғанда профессор А. П. Студенцовтың мал бедеулігі туралы ілімі негізге алынады. Профессор А. П. Студенцов бедеулікке байланысты төмендегі ұғымдарды ұсынады және ол туралы жақсы мәлімет бере білген:
1. Төлшендік -малдың үнемі тұқым беру қаблеті.
2 . Бедеулік -өсіп-өну қызметінің бұзылуы.
3. Аналық малдың төлшендігі -бір буаздық кезіндегі аналық жатырындағы дамып, туған төл саны.
Бедеулік - дегеніміз малдың уақытша ұрықтанбай, төл береалмай қалуы, бағып -күтудің нашарлығынан, жыныс мүшелерінің ауру салдарынан туындайтын күрделі биологиялық құбылыс.
Қысыр қалу - дегеніміз экономикалық тұрғыдан алғанда келесі есеп беру жыл басындағы аналық мал басына шаққандағы алынған төл басының саны. Мысалы есептегі 100 бас сиырдың 80 басы тірі өміршең төл берсе, 20 пайызы қысыр қалды деп есептеледі.
А. Ю. Тарасевич бедеуліктің төменгі себептерін анықтаған :
1. Экстрогениталдық - малдың жасының ұлғайуы, эндокриндік безінің қызметінің бұзылуы, жүйке және сүт безі қызметінің бұзылуы, инвазиялық және індетті аурулар.
2. Интрогениталды -аналық безінің күлдіреуігі, персистенттік сары дене, эндометриттер, анофродезия, нимфомания, ұрықтану және зиготаның теліну кезіндегі жатыр қызметінің бұзылуы.
3. Экзогендік-алиментарлық факторлар- моционның болмауы, күн сәулесінің жетіспеуінен туындайды.
Н. Ф. Мышкиннің айтуынша бедеуліктің негізгі себебі аналық және аталық малдың жыныс мүшелерінің аурулары. Ал П. А. Волосков малшарушылығындағы қолдан ұрықтандыру кезіндегі кемшіліктер деп есептейді. А. П. Студенцовтың айтуынша бедеулік себептері өткінші, брақ мал организмінде морфологиялық, қызметтік өзгерістерге әкеліп соқтырады.
Туа біткен бедеулік - бедеуліктің бұл түрі атадан балаға берілетін тұқым қуалау, эндокриндік бездердің қызметінің бұзылуы, экологиялық факторлар, туысқандық будандастыру, зат алмасуының бұзылуы, тағы басқа себептер салдарынан туындайды.
Ірі қара малында туа біткен бедеуліктің төменгі түрлері кездеседі: инфантилизм, фримартинизм, гермофродитизм, туа біткен жыныс мүшелерінің кемтарлығы.
Фримартинизм - құбылысы көбнесе егіз төл дамығанда біреуі еркек біреуі ұрғашы болғанда кездеседі, өйткені құрсақ қуысында төлдердің даму кезінде гормондары араласып ұрғашы төлде еркек төлдің гормоны басым болғандықтан, туғаннан кейін ұрғашы төлдің жыныс мүшелері аномалияға ұшырап, шүртекейі-клиторы шамадан тыс дамып, бұқа тәрізді болады. Бұндай таншалар төл-ұрпақ беру қаблетінен айырлады, сондықтан оларды семіртіп, сойып алған дұрыс болады.
Инфантилизм -жас малдың жыныс мүшелерінің дамымай қалуы және жыныстық қызметінің байқалмауы, аналық және аталық бездерінің гипоплязиясы.
Гермофродитизм -бұл өзгерістер сирек кездеседі, жыныс бездерінде аналық безінің және аталықтың ұлпасының бірдей дамуы, кейбір малдын белгілі бір жыныс мүшесі шамадан тыс дамып кетеді-мал организіміндегі қос жыныстық белгісін көрсетеді және гормоналды тепе-теңдіктің сақталмай қалады.
Туа біткен бедеуліктің алдын алу
Туа біткен бедеуліктің алдын алу үшін ветеринарлық-зоотехникалық жұмысты дұрыс ұйымдастырған жөн, сонымен қатар малдың туысқандық будандастыруын болдырмау қажет. Мал басын көбейтуде тианақты түрде жас малды таңдағанда олардың тұқымына аса көніл аударған жөн. Сонымен қатар жыныс мүшелерінің дамуын гинекологиялық зерттеу арқылы анықтап алған дұрыс, селекция жұмысын дұрыс қою қажет, егер малдың жыныстық қызметінде кемшіліктер болса асылдандыру жұмысының іс-шараларын жоспарын кайта қараған дұрысыс дейміз.
Кәріліктен болған бедеулік
Сиырларда кәріліктен болған бедеулік 12-14 жасқа келгенде жыныс аппаратындағы дегенеративтік өзгерістермен сипатталады. Кәрі сиырлардың аналық жыныс бездері қызмет еткенмен, жатырының бездерінің қызметтері 6-7 бұзаулаған сиырда төмендей бастайды, сонымен эмбрионның дамуына қолайсыз жағдай туындайды, көбнесе эмбрион өліп қалады. Бұқаларда кәріліктен болатын бедеулік кезінде шәуетінің сапасы төмендеп кетеді және жыныс рефлекстері байқалмай қалады, кейде нашар байқаладыда күйлеген ұрғашы малды ұрықтандыра алмай қалуы әбден мүмкін.
Жатырдың қабынуы
Жатырдың қабынуына байланысты процесс төмендегідей болып бөлінеді:
эндометрит (кілегей қабатының қабынуы), миометрит (етті қабатының қабынуы) және периметрит (сірлі қабатының қабынуы
) . Жатырдың қабынуы уақытына байланысты жіті және созылмалы, ал клиникалық көріністеріне байланысты жасырын және клиникалық эндометрит болып екіге бөлінеді. Қабыну экссудатының түріне қарай катаральды және іріңді-катаральды болып екіге бөлінеді. Себептері: Ол сиырдың жыныс органдарына қолдан ұрықтандырған кезде, төсеніш, құрал-жабдықтар арқылы түсетін микробтарға байланысты. Сиырдың індетке ұшыраған ұрықпен ұрықтандырғанда, микроорганизмдер спермийлерге жабысып, жатыр тармақтарына және ұрық жолдарына дейін барады. Туудан кейінгі 2-3 күн өткен соң пайда болған эндометриттер жатыр субинволюциясынан, шудың түспеуінен, туу патологиясынан, жатырдың айналып түсу салдарынан болады. Сонымен қатар эндометриттер қынаптың, жатыр мойнының, құрсақтың, тік ішектің қабынуынан, қарын атониясынан және желінсаудың салдарынан пайда болады. Жіті катаральды және іріңді-катаральды эндометриттер Клиникалық көріністермен анықталуы. Жатырдан қоңырқай шырыш немесе шырышты-іріңді экссудатпен араласқан сұйық ағады. Сұйықтың көлемі әртүрлі болады әсіресе түннен кейін. Экссудаттың түсі ақ, ақ-сары болады. Шырыштың қоюлығы қаймақ тәрізді қою, кейде сасық иісті болады. Қынап арқылы зерттегенде, қынаптың кілегей қабаты, жатырдың қынап жақ бөлігі қызарып, ісініп жатыр мойнынан экссудат бөлініп тұрады. Тік ішек арқылы зерттегенде жатыр тармақтарының үлкейіп, қабырғасы қалыңдағаны, аурушаңдығы білінеді және жиырылу қабілеті төмендеп, флюктуация нақты білінеді. Жатырды тік ішек арқылы ұстап көргенде сиыр күшеніп, арқасын бүкірейтеді, қынаптан көп мөлшерде экссудат бөлінеді. Аналық жыныс бездерінде кейде сары денелер байқалады. Жыныс циклі болмайды. Малдың жағдайы нашарлап, әлсізденеді, дене қызуы бірде басылып, бірде жоғары
деңгейде тұрады.
ЖАСЫРЫН ЭНДОМЕТРИТ Себептері: Бұл ауру қолдан ұрықтандыру кезінде малдәрігерлік- санитарлық ережелерді бұзғаннан, сонымен қатар клиникалық эндометриттерді дұрыс және жазылғанша емдемегеннен болады. Клиникалық көріністері және анықталуы. Қабыну процесі көрінбей өтеді, жатырдың консистенциясы және көлемі физиологиялық жағдайдан айырмашылығы жоқ, ағу кезіндегі шырыш сұйық, лайланған немесе іріктенген, нәтижесіз қолдан ұрықтандыруға назар салған жөн. Көбінесе жыныстық цикл кезінде білінеді. Дәлелдеу үшін цервикалды шырыш пен эндометриттің гистологиялық кесіндісін (биотом) зерттейді. Емдеу: Негізгі ем (жергілікті) ауырған жердің себебіне әсер ету болады. Аталған мақсатқа жету үшін көп уақытқа дейін микробтардың санациясын қамтамасыз етеді. Этиотроптық жалпы әсер ететін дәрмектермен қоса қолданған жөн, олар - аутогемотерапия, лактотерапия (уызды қолдану), ихтиолды, АСД-2, тривитамин және тағы басқаларды парентералды қолдану. Жатырға дәрілерді ағу және жыныстық күйлеу кезінде жіберген дұрыс (суспензияларды, таяқшаларды, таблеткаларды, ұнтақтарды) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz