Өндірістік ғимараттарда шуды төмендетудің құрылыс – акустикалық әдісі жайлы мәлімет



1. Өндірістік ғимараттардағы шу
2. Дыбыс сіңіргіш құралымдар, экрандар, қалқалар
3. Шуды төмендетудің және одан қорғанудың негізгі әдістері мен құралдары.
Бұл құрылыс нормалары «Қазақстан Республикасындағы сәулеттік, қалақұрылыстық және құрылыстық қызмет туралы», «Техникалық реттеу туралы», Қазақстан Республикасы заңдарының, «Ғимараттар мени имараттар, құрылыстық бұйымдар мен материалдар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» атты Қазақстан Республикасының техникалық регламентінің талаптарына және тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қоршау құралымдарын шудан қорғау және дыбыстық оқшаулауына қойылатын талаптарды реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әзірленді. Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының құрылыс саласына нормалаудың параметрикалық әдісін ендіру мақсатымен әзірленді және ғимараттар мен имараттарда дыбыстық оқшаулауды жобалау мәселелері бойынша нұсқамалық- нормативтік құжаттаманың келешектегі дамуы болып табылады. Құрылыс нормалары: - шудан қорғау үшін және акустикалық ортаның нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету үшін нормативтік талаптардың мақсаттарын белгілейді; - функционалды талаптарды тұжырымдайды; - акустикалық ортаның жұмыстық сипаттамаларының минимальды деңгейін белгілейді.
1. ҚР ҚНжЕ 1.01-32-2005 ж. Құрылыс терминологиясы.
2. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 ж. 16 шілдесіндегі № 242-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Азаматтық ғимараттардың құрылыстық—сәулеттік конструкциялары Турашев А.С. –Алматы: «Дәуір» 2012-176 бет.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Өндірістік ғимараттарда шуды төмендетудің құрылыс - акустикалық әдісі.

Орындаған : Камалова.А
Тексерген : Окасов А. Р.

Семей 2015
Жоспар
1. Өндірістік ғимараттардағы шу
2. Дыбыс сіңіргіш құралымдар, экрандар, қалқалар
3. Шуды төмендетудің және одан қорғанудың негізгі әдістері мен құралдары.

Кіріспе
Бұл құрылыс нормалары Қазақстан Республикасындағы сәулеттік, қалақұрылыстық және құрылыстық қызмет туралы, Техникалық реттеу туралы, Қазақстан Республикасы заңдарының, Ғимараттар мени имараттар, құрылыстық бұйымдар мен материалдар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар атты Қазақстан Республикасының техникалық регламентінің талаптарына және тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қоршау құралымдарын шудан қорғау және дыбыстық оқшаулауына қойылатын талаптарды реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әзірленді. Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының құрылыс саласына нормалаудың параметрикалық әдісін ендіру мақсатымен әзірленді және ғимараттар мен имараттарда дыбыстық оқшаулауды жобалау мәселелері бойынша нұсқамалық- нормативтік құжаттаманың келешектегі дамуы болып табылады. Құрылыс нормалары: - шудан қорғау үшін және акустикалық ортаның нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету үшін нормативтік талаптардың мақсаттарын белгілейді; - функционалды талаптарды тұжырымдайды; - акустикалық ортаның жұмыстық сипаттамаларының минимальды деңгейін белгілейді

Қабатаралық аражабындар
Дыбыстық оқшаулау қабатындағы (аратөсем) еден аражабынның көтергіш бөлігімен, қабырғалармен және ғимараттың басқа құралымдарымен қатты байланысы (дыбыс көпірлері) болмау керек, яғни құбылмалы болу керек. Ағаш еденнің немесе еденнің құбылмалы бетон негізінің (тартпа) жиектері ғимарат қабырғаларынан және өзге құралымдарынан дыбыстық оқшаулау материалымен немесе бұйыммен, мысалы, жұмсақ ағаш-талшықты тақтамен, күпті полиэтиленнен жасалан орама бұйымдармен және т.с.с. толтырылатын ені 1-2 см саңылаумен ажыратылу керек. Еденкемерлерді немесе галтелдерді тек еденге немесе тек қабырғаға бекіту керек. Дыбыстық оқшаулау қабатындағы еден құралымының қабырғаға қабысуы 1 суретте көрсетілген. Тұтасқұймалы құбылмалы тартпа мен минералмақталы, шынымақталы тақталардан құралған аратөсемдер немесе маты түріндегі негізі бар еденді жобалаған кезде, дыбыстық оқшаулау қабатының үстінен тұтас гидрооқшаулау қабатын (мысалы пергамин, гидроизол, рубероид және т.с.с.) жапсарланған қабатын 20 см кем болмайтындай орналастырған жөн. дыбыстық оқшаулау тақталарының (матылардың) жіктерінде саңылау болмау керек. Дыбыстық оқшаулау қоры жоқ аражабын құралымдарында Rw индексі бойынша ауа шуының оқшаулануын 1 дБ төмендететін талшықты негіздегі линолеумнан еден жабындарын қолданбау мүмкіндігін қарастырған жөн. Ауа шуының оқшаулауына әсер етпейтін және көпіршіген қабаттардың тиісті параметрлері кезінде соққы шуының қажетті оқшаулауын қамтамасыз ететін көпіршіген қабатты линолеумді қолдануға рұқсат етіледі. Дыбысоқшаулау аратөсемдерін қолданған жағдайда, серпімділіктің динамикалық модулінің (Един), салыстырмалы сығылуының (μ) есептік мәндерін, соққы шуының келтірілген деңгейінің оқшаулауының жақсаруын (ΔLnw) қосымша тіркелген Сертификаттар бойынша қабылдаған жөн. Тұрғын және кіріктірілген шулы бөлмелерді бөліп тұратын ауа шуының оқшаулауына талабы жоғары қабатаралық аражабындар (Rw = 57 - 62 дБ), қалыптасқандай, жеткілікті қалыңдықты тұтасқұймалы темірбетонды пайдалана отырып жобалаған жөн (мысалы, қаңқалы-тұтасқұймалы немесе бірінші қабаттың тұтасқұймалы құрылымы). Осындай құралымның дыбыстық оқшаулауының жеткіліктілігін есеппен анықтайды. Ішкі қабырғалар мен арақабырғалар . Екі қабат қабырғалар немесе арақабырғалар, әдеттегідей, элементтер өзара жиек бойымен немесе жеке нүктелер бойынша қатты байланыстырылып жобаланады. Құралымдардың элементтері арасындағы арақашықтық мөлшері 0,04м кем болмау керек. Қаңқалы-қаптамалы арақабырғалардың құралымдарында табақшалардың қаңқаға 0,3м-ден кем емес қашықтықта нүктелі бекітілуін қарастырған жөн. Егер қаңқаның бір жағынан қаптаманың екі қабат табақшаларын қолданса, онда олар бір-біріне жапсырылмау керек. Қаңқа тіреулерінің арасы мен оның көлденең элементтері арасындағы қашықтық 0,6 м-ден кем болмайтындай қарастырылу керек. Жоғарыда ұсынылған аралықтарды жұмсақ дыбыс сіңіргіш материалдармен толтыру, әсіресеҚР ҚН 2.04-02-2011 СН РК 2.04-02-2011 7 қаңқалы-қаптамалы арақабырғалардың дыбыстық оқшаулауын жақсарту үшін тиімді. бұдан бөлек, дыбыстық оқшаулауын ұлғайту үшін әр қаптама үшін өзіндік қаңқалар ұсынылады, ал қажетті жағдайда арақабырғаның әр жағына екі немесе үш қабатты қаптаманы қолдануға жол беріледі. Дыбыстық оқшаулау мөлшерлері құралымға берілген сертификаты бойынша қабылданады. Қаңқалы-қаптамалы арақабырғалардың, іс жүзінде, шудың жанама таралуынан және зертханалық жағдайда аса сапалы жинақтауға байланысты зертхана жағдайында өлшенгенге қарағанда, дыбыстық оқшаулауы біршама төмен екендігін назарда ұстаған жөн. Ауа шуының темірбетоннан, бетоннан, кірпіштен және т.с.с. жасалған қабырғамен және арақабырғамен оқшаулануын күшейту үшін, бірқатар жағдайда қосымша қаптаманы пайдаланған дұрыс. Қаптама материалы есебінде гипсокартон табақшалар, қатты ағашталшықты тақталар және ағаш рейкалар арқылы, гипс ерітіндісінен орындалған сызықтық немесе нүктелі маяктар арқылы қабырғаға бекітілген тәріздес табақшалы материалдар қолданылуы мүмкін. Қабырға мен қаптама арасындағы ауа аралығын 40-50 мм қалыңдықта орындап, жұмсақ дыбыс сіңіргіш материалмен(минералмақталы немесе шынымақталы тақталармен, матылармен және т.с.с.) толтырған ұтымды.
Есіктер мен терезелер.
Есіктерді, қақпаларды және терезелерді жобалаған кезде, олардың ауа шуынан оқшаулауын күшейту бойынша шаралардың қабылдануына ерекше назар аудару керек. Ауа шуын есіктермен және қақпалармен оқшаулауын күшейту олардың беткі тақталарының тығыздығын арттыру арқылы, табақшаны қорапқа тығыз бекіту арқылы, есік пен (қақпа мен) еден арасындағы саңылауды нығыздауыш аратөсемдері бар табалдырық арқылы немесе резеңкеге қанықтырылған матадан немесе резеңке фартук арқылы, сонымен бірге есіктерді (қақпаларды) аратөсемдерді қолданып нығыздау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Есік немесе қақпа қорабы мен оның түйісетін қоршауы арасындағы саңылаулар нықтап бекітілу керек. Сонымен бірге есіктің (қақпаның) қорапқа тығыз қысылуын қамтамасыз ететін бекіткіш құрылғыларды да қарастыру керек, құлыптың тесіктері жабық болу керек. Қабырғалары дыбыс сіңіргіш материалмен қапталған тамбуры бар, екі қабат есікті (қақпаны) жобалауға жол беріледі. Терезелердің дыбысоқшаулауын әйнектер қалыңдығын, әнектер арасындағы ауа қабатын ұлғайту арқылы, жақтауларды нығыздау арқылы, әйнектерді серпімді аратөсемдер көмегімен жақтауларға бекіту арқылы, терезелердің тығыз жабылуын қамтамасыз ететін бекіту құрылғыларын қолдану арқылы күшейту мүмкіндігіне қол жеткізуге болады. Қазіргі кезде ең тиімдісі шуды бәсеңдеткіштері бар желдету элементтерімен жабдықталған шудан қорғану терезелерінің дайын құралымдарын қолдану болып табылады. Шудан қорғау терезесін таңдау сыртқы шуды қажетті денгейде төмендетудің акустикалық есебінің негізінде жүзеге асырылу керек.
Дыбыс сіңіргіш құралымдар, экрандар, қалқалар
Дыбыс сіңіргіш құралымдарды (аспалы төбелер, қабырғалардың қаптамалары, шымылдықты және даналық сіңіргіштер) өндірістік және қоғамдық ғимараттарда жұмыс орындарында және адамдар көп жүретін аймақтардашу денгейлерін төмендету үшін қолдану керек. Дыбыс сіңіруші қаптамалардың ауданы және даналық сіңіргіштер саны есеппен анықталады. Даналық сіңіргіштерді шудың қажетті денгейге төмендеуіне қаптамалар жеткіліксіз болғанда, және орнатылу мүмкіндігі жоқ немесе тиімділігі аз дыбыс сіңіргіш аспалы төбенің орнына ( өндірістік бөлменің биіктігі үлкен кезде, көпір крандары болған жағдайда, жарық және аэрациялық шамдардың болуы) қолдану керек. Шуды төмендету және орынжайлардың ұтымды акустикалық параметрлерін қамтамасыз ету бойынша міндетті шаралар есебінде дыбыс сіңіргіш құралымдар мына жерлерде қолданылу керек: - өндірістік мекемелердің шулы цехтарында;ҚР ҚН 2.04-02-2011 СН РК 2.04-02-2011 11 - қоғамдық ғимараттар орынжайларында (кабинеттер, кеңселер); - мектептердің, ауруханалардың, мейманханалардың, пансионаттардың дәліздері мен холдарында; - операциялық залдарда, және теміржол, аэро және автобекеттердің күту залдарында; - спорт залдарында және жүзу бассейндерінде; - дыбысоқшаулағыш кабиналарда, бокстарда және паналарда. Дыбысоқшаулағыш кабиналарды есептік нүктелердегі дыбыстық қысымның қажетті денгейге дейін төмендеуі кем дегенде үш октавалық жолақта 1дБ асқанда немесе бір ғана октавалық жолақта 5 дБ асқан жағдайдағы барлық кезде қолданады. Шу көзі мен қызметкерлердің жұмыс орындары арасында (тікелей осы шу көзіне қызмет жасаумен байланысы жоқ) орнатылатын акустикалық экрандарды жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік ғимараттарда шуды төмендетудің құрылыс – акустикалық әдісі
Шуылды бағалау тәсілдері
Өндірістік шу және оны нормалау
Шуды төмендетудің құрылыс – акустикалық әдісі туралы
Алматы қаласы атмосфералық ауасының автокөліктер газдарымен ластану деңгейін зерттеу
Шуды төмендетудің құрылыс – акустикалық әдісі
Механикалық тербеліс
Қоршаған ортаның шумен ластану туралы жалпы сипаттама
Өндірістік ортаның жағымсыз әсер факторлары және олардың адамдарға әсері.
Бөлменің ауа температурасын анықтау
Пәндер