MS EXCEL


Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: MS EXCEL

Орындаған:Шәріпханов Ернұр

Группа:Финансы-505

Семей қаласы

2015 жыл

Microsoft Office Еxcel

Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculatоr сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.

Excelдің маңызы

Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.

Нұсқалары
  • 1988 - Excel 2. 0
  • 1990 - Excel 3. 0
  • 1992 - Excel 4. 0
  • 1993 - Excel 5. 0 (Windows NT)
  • 1995 - Excel 7 (Windows 95)
  • 1997 - Excel 97
  • 1999 - Excel 2000 (9) - Microsoft Office 2000
  • 2001 - Excel 2002 (10) - Microsoft Office XP
  • 2003 - Excel 2003 (11) - Microsoft Office 2003
  • 2007 - Excel 2007 (12) - Microsoft Office 2007
  • 2010- Excel 2010 (13) -Microsoft Office 2010
  • 2012- Excel 2013 (14) -Microsoft Office 2013
Жұмыс кітабы

Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан ZZ әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 - тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 - оң жақ төменгі бұрыштары. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:

  • Сан
  • Формула
  • Мәтін

Әдетте кестелер қайталатын, біртектес мәліметтен тұратындықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдары бар. Оларға жататындар автотолтыру, формулалармен автотолтыру.

Автотолтыру

Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін авто толтыру әдісін қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.

Excel- де диаграммаларды тұрғызу

Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парқта немесе кез келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диаграмма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді. Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол стандарты аспаптар панелінде орналасқан диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметерді Диаграмма шеберінің барысында енізуге болады. Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма шеберінің алғашқы сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз қажет. Стандартты қыстырмасындағы Түр (Вид) тізімінде диаграмманың қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқаулары көрсетілген. Сонын ішінен ең қолайысын таңдауымыз қажет. Стандарты емес қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері бейнеленген. Диаграмманың түрін таңдап алынғанна кейін Ары қарай ( Далее ) батырмасын басамыз.

Windows жүйесіндегі Excel электрондық кестесі

1. Microsoft Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдары.

2. MS Excel кестесiнде мәліметтерді енгізу және форматтау.

3. MS Excel электрондық кестесінің функциялары.

4. Диаграммаларды өңдеу, көркемдеу және баспаға шығару жолдары.

1. Microsoft Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдары.

Microsoft Excel - кесте iшiнде есептеу жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекi түрде бейнелейтiн, диаграммаларды тұрғызу, мәлiметтер базасын құру, сан түрiнде берiлген мәлiметтер арқылы эксперименттер жүргiзу және т. б. мүмкiндiктер беретiн программалық кесте.

MS Excel программасын iске қосу жолдары:

1) Тапсырмалар тақтасындағы Iске қосу (Пуск) →Программалар→ Microsoft Excel командалық қатарын таңдаймыз;

2) Жұмыс үстелінде программа сілтеуіші орналасқан болса, тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз сол объектіде екі рет шертеміз;

3) Тапсырмалар тақтасында MS Excel программасының батырмасы болса, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертеміз.

Excel электрондық кестесi iске қосылғаннан кейiн автоматты түрде 1-кiтап ( Книга 1) деген атпен жаңа қүжат ашылады. Бұл кiтаптың атын файлды сақтау кезiнде өзгертуге болады.

Бұдан басқа жаңа кiтап жасау үшiн стандартты саймандар тақтасынан Құру (Создать) батырмасын шертемiз немесе Ctrl+N пернелер комбинациясын басамыз. Жаңадан қүрылған кiтаптың аты үнсіздік бойынша 2-кiтап, 3-кiтап (Книга 2, Книга 3) т. с. с. болады.

Excel терезесiнiң жоғарғы жағында терезенi басқару батырмалары бар Тақырып қатары орналасқан.

Excel терезесiнiң екiншi жолы - Мәзірлер қатары .

Үшiншi және төртiншi жолдар Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының аспаптары.

Стандартты саймандар тақтасында орналасқан батырмалар жиi орындалатын командалардың әрекеттерiн қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшiру, енгiзу, сандардың қосындысын табу, мәлiметтердi реттеу және т. б. әрекеттердi жылдам орындау мүмкiндiгiн бередi.

Форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар қарiп (шрифт) форматын таңдау мүмкiндiгiн бередi: мәтiндi жартылай қарайтылған, курсивтi, асты сызылған етiп жазу, мәтiндi туралау, сандарды форматтау, жақтау мен түстердi қолдана отырып, кестенi безендiру әрекеттерiн жылдам орындау iстерiн атқарады.

Бесiншi жол - Формулалар қатары . Мұнда әрбiр ұяшықтың мазмұнын көрiп, формулаларды өңдеуге болады.

Бесiншi жол мен кестенiң соңына дейiнгi аралықты электрондық кестенiң жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенiң жолдары (қатарлары) санмен , ал бағаналары латын әрiптерімен таңбаланады.

Төменгi қатар - Қалып-күй қатары , мұнда үстiмiздегi уақыттағы компьютердiң жұмысы немесе Excel кестесi жөнiнде ақпарат шығып тұрады.

Төменгi қатардың сол жақ шетiнде Excel кестесi жұмыс режимiнiң индикаторы тұр - Excel кестесi мәлiметтердiң енгiзiлуiн күтiп тұрған жағдайда дайын режимiнде тұрады да, индикатор Дайын (Готов) деген сөздi көрсетiп тұрады.

Пернелер тақтасының көмегiмен мәзір қатарына шығу үшiн ALT немесе F10 пернесiн басу керек. Бұл пернелер басылғаннан кейiн Файл мәзірі басқа түске өзгереді. Курсорды басқару пернелерінің көмегімен ( ←, →) қажеттi мәзір командасын таңдаймыз да ENTER пернесiн бассақ iшкi мәзір (подменю) ашылады. Iшкi мәзір командаларын немесе пернелерiнiң көмегі арқылы таңдауға болады. Команданы орындау үшiн ENTER пернесiн басамыз. Мәзір қатарынан жұмыс аймағына ESC пернесiн басу арқылы оралуға болады.

Excel кестесiнiң мәзір командаларын тышқанмен орындаған өте жеңiл, әрi қолайлы. Қажеттi мәзір командасына тышқан курсорын орналастырамыз да, төменгi сатылы мәзір командаларында тышқанды жылжыта отырып, тиiстi командада тышқанның сол жақ батырмасын шертемiз. Тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы қанатбелгiлердi көрсету немесе алып тастау, сұхбат терезелерiн және iшкi беттердi ашу әрекеттерi орындалады.

Excel электрондық кестесi жазылған әрбiр файл бiрнеше беттерден тұратын кiтап болып саналады. Электрондық кесте iске қосылған мезетте 1-бет (лист 1) екпiндi болады. Үнсіздік бойынша ашылған кез-келген кітап 3 беттен тұрады. Бір беттен келесi бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында тышқанды шертемiз. Бір кітап 255 бет жұмыс парағынан тұруы мүмкін. Ал қажеттi беттiң жарлығы экранда көрiнбей тұрса, жарлықтардың сол жағындағы бағыттауышта (, ) тышқанды шерте отырып, жылжытамыз.

Excel электрондық кестесiнде бағаналар A -Z , одан кейiн ретi бойынша AA -AZ, BA -BZ, … латын әрiптерiмен белгiленедi және олардың саны - 256- ға тең.

Excel электрондық кестесiнде қатарлар араб цифрларымен нөмірленеді және олардың саны - 65536 -ға тең.

Әрбiр бағана мен қатардың қиылысқан жерiнде ұяшық деп аталатын тiктөртбұрыш орналасқан. Әрбiр ұяшықтың бағана әрпiмен қатар нөмiрiнiң қиылысуына сәйкес адресi бар. Мысалы, A1 - бiрiншi ұяшықтың, ал В105 - В бағанының 105 қатарындағы ұяшықтың адресi.

Ұяшықтарға мәлiметтердi (мәтiн, сан және формулалар) енгiзуге болады. Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпiндi ұяшықты көрсететiн ерекше тiктөртбұрыш кестелiк курсор деп аталады. Кестелiк курсор орналасқан ұяшық е кпiндi ұяшық (ағымды ұяшық) деп аталады.

Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны - 16 777 216 -ға тең. Әрбiр ұяшыққа 32 мың символ енгiзу мүмкiндiгi бар.

Бiр мезгiлде бiр ұяшықпен немесе қатар орналасқан бiрнеше ұяшықтар тобымен жұмыс жасауға болады. Белгiленген ұяшықтар тобы ұяшықтар блогы немесе торлар аралығы деп аталады. Мұндай блоктардың адресi бiрiншi ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресiн қос нүктемен бөлiп жазу арқылы көрсетiледi.

Мысалы: A1 ұяшығында тышқанды шертiңiз де, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап, курсорды D9 ұяшығына дейін созыңыз. Жұмыс аймағында бірінші ұяшықтар блогы пайда болды, яғни А1:D9 .

Бір жұмыс аймағында бiр-бiрiмен байланыспаған бірнеше блоктарды белгiлеу үшiн алдымен бiрiншi блокты белгiлеймiз , одан кейiн келесi ұяшықтар блогын белгiлеу кезiнде [Ctrl] пернесiн басулы күйде ұстап тұрамыз.

Excel:

1- меню жолынан тұрады, яғни «Файл», «Вставка», «Правка», «Вид» және т. б.
2- Стандартты аспаптар тақтасы
3- Форматтау аспаптар тақтасы
Excelде құжатымызды сақтау, жаңа құжат ашу, қағазға басып шығару, қате тексеру т. б операциялар үшін стандартная аспаптар тақтасы, ал құжатымызды өндеуге және көрнекті қылдырып көрсету үшін форматирование аспаптар тақтасы қолданылады немесе меню командалары қолданылады.
4- Формула жолында біріншісі- төртбұрышты көрсеткіш тұрған ұяшықтың адресін көрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да көрсеткіш тұрған ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т. б мәндерді көрсетеді. Егер ұяшықтағы текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жөндеуге болады.
Одан төмен Excel жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағының төменгі жағында Excel жұмыс режимінің көрсеткіші орналасқан. Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Готов сөзін көрсетеді.

Excelде мәлімет енгізу және қорғау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Граф тиімділік есептерін шешу әдістерінің алгоритмдері мен программалары
Excel кестелік редакторының шаблондары
Электрондық кестелер құрылымы
Word 2013 құжатты құру және сақтау
Мәліметтер базасын сұрыптаудың режимі
Microsoft Excel бағдарламасында сызықтық функция графигін тұрғызу
Windows жүйесіндегі Excel электрондық кестесі.
Мәліметтер базасын сұрыптау
MS Excel электрондық кестесінде формуламен, функциямен жұмыс жасау және диаграммаларды құру
Графикалық торлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz