Балабақшада оқытудың психологиялық негіздері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Педагогика» факультеті

СӨЖ Балабақшада оқытудың психологиялық негіздері

Орындаған: п-223 топ студенті

Касимжанова Мәдина

Тексерген: Кошкимбаева Р. Х.

Семей

2015ж

Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ.

Сол жас ұрпақты тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы - балабақша. Кез келген бүлдіршін үшін балабақша тәрбиесі ата-анасынан берілген тәлім-тәрбиені жалғастыра отырып, жандандыратыны сөзсіз. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке жас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық», - деп атап көрсеткендей мектеп жасына дейінгі балаларды оқыта отырып, тәрбиелеу балабақша тәрбиешілеріне үлкен жауапкершілікті жүктейтіні сөзсіз. «Тәрбиеші әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, алдымен тәрбиеші жоғары деңгейде білімді, жан-жақты болуы керек.

Мектепке дейінгі жаста балалар қоршаған орта жайлы көптеген мағлұмат алады. Олардың ой-өрісі кеңейе түседі. Әр түрлі ойындар, серуенге экскурсияға шығару мектеп жасына дейінгі балалар үшін өзінше сабақ болады. Бұл жұмыстар балалар бақшасында белгілі бағдарлама бойынша жүргізіледі және балаларды әрі қарай мектепке оқуға дайындайды. Бала өзінің айналасындағы заттармен, олардың маңызымен және өмірде не үшін қолданылатынымен танысады, олар өлең айтуды, ана тілін, алғашқы санау жұмыстарын, оқып үйрене бастайды. Ең ересек топта-мектепке дайындау тобында-балаларды жаза бастауға үйретеді. Ал балалар бақшасындағы оқыту, негізінде ауызша жүргізіледі.

Тәрбиешілер баларды қызықтыруға, ойлануға, еске түсіруге, салыстыруға, көргендері мен естігендерін айтып беруге баулитын әдістер қолданады. Жаңадан білгендерін, шеберліктері мен алған дағдыларын, бұрыннан білетіндерімен байланыстырады. Мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізген кезде көрнекті құралдар кең қолданылады. Мұндай көрнекі құралдарға жататындар: халық шеберлері жасаған заттар, үйде қолданылатын заттар, табиғи материалдар сол сияқты балаларға арналған бейнежазбалар, үнтаспа, суреттер. Көрнекті құралдар ішінде қолдан жасалғандары көп болады. Оларды тәрбиешілер, ата-аналар, сол сияқты балалардың өздері жасайды.

Алуан түрлі ойындар балалар үшін білім беретін үлкен мектеп болады. Бұл ойындардың мазмұнында сөз де, санау да, елестеу де, тапқырлық та бар. Ойындар баланы қызықты түрде табиғатпен, адамдардың мінез-құлқымен, ересек адамдардың алуан түрлі еңбек әрекеттерімен таныстырады.

Театрға, мұражайға, саябаққа, мектепке және басқада қоғамдық орындарға саяхатқа бару балалардың білімін молайта түседі және ұмытылмастай айқындалып есте қалады. .

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ісінде әр түрлі үлгілерді көрсету үлкен орын алады. Тәрбиеші суреттің, қолдан жасаған ойыншықтың, жапсыру үлгілерін жасайды немесе әдеби мысал келтіреді. Алғаш бала осы үлгіні қайталайды, ал одан соң өз бетімен жаңасын жасайды. Сөйтіп, ол белгілі бір жұмысты орындау әдістерін үйренеді.

Мектеп жасына дейінгі бала үшін білімнің, ойланудың, қиялдаудың үлкен көзі ертегі болып табылады. Тәрбиеші балаға ертегінің бас кейіпкерінің мінез- құлқынан және ертегі оқиғаларынан өмірдегі нақты қаһармандарды және аса бай қиялдың өзінен асып түсетін нақты өмірді көре білуге көмектеседі. Осы жастағы баланың белгілі бір топтан екінші бір топқа ауысқан сайын алатын білімінің, дағдысының шеберлігінің көлемі кеңіп, күрделілене береді. Балалардың жасына сәйкес оқыту әдістері өзгертіліп отырады.

Оқыту үнемі тәрбиелеп те отырады. Бала жинақылыққа, тәртіптілікке дағдыланады, ол тыңдай білуге және зейінін қоя білуге үйренеді, сөйтіп, оның мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ.

Бүгінгі таңдағы тәрбие мен білім алып жатқан бүлдіршіндер де өздерінің қабілеті мен қабылдағыштығы жағынан болашағынан зор үміт күттіреді. Олардың жаңа қоғамдағы жаңалыққа, жаңа технологияны білуге, үйренуге, меңгеруге ынталы, яғни талпынысы өте күшті. Тәрбие мен білімнің негізі мектепке дейінгі кезеңде басталатындықтан оны қазіргі заман талабына сай етіп беру міндеті уақыт талабы.

Бала санасын білім беру арқылы қалыптастыру - бұл шығармашылық даму түрі, бұған ішкі еркіндікке ие болу, өзіндік этикалық қағидалардың қалыптасуы, жекелеген сезімдік және құнды түсініктерді зерделеп қабылдауы ықпал етеді, осының бәрі жаңа иннавациялық «step by step» технологиясының нәтиежесінде мүмкін болып отыр. Жеткіншектердің бірегей қабілеттерін дамытуға бағытталған айрықша әдістерді пайдалану арқылы балаларды тәрбиелеу мен білім беру істерін қолдану, әрі дамыту және отбасын білім беру ісіне араластыру, балаларды құбылмалы әлемдегі өмірге бейімдеу, оның үнемі өз бетінше оқып үйренуге талпынысын қалыптастыру. Жекешелендіру-бұл баланың күнделікті дамуын есепке ала отырып, сабақтар мен тапсырмаларды әр бала жетістікке жете алатындай етіп жоспарлау. Балаларға арналған орта да жекешелендіруге жағыдай туғызады. Балаларда өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады. Таңдау « step by step» бағдарламасымен жұмыс жасайтын топтардағы ахуалдың өзі балаға өз бетімен таңдау жасауға мүмкіндік береді

Ата-ананың қатысуы «step by step» бағдарламасы бойынша ата-аналар берілген білімді үйде бекітіп, толықтыруға көмектеседі; тәрбиешілер балалардың үйдегі үйренгенін оқу бағдарламасын игеруге пайдаланады. Балабақша мен отбасының байланысы тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара құрметі мен сеніміне құрылады. Стандарт тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнына нормалар мен талаптардың жүйесін белгілейміз. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жалпы білім беру бағдарламаларын, оқу-дидактикалық құралдар, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу барысында баланың әлеуетін жүзеге асырамыз. Баланың когнитивті қабілеттерін, қабылдау және жетістік уәждемелерін дамытуға, ал оның қағидалары балалармен жұмыс істеу-дегі қызметін шоғырландыру, теңестіру және дербестендіруге бағыттаймыз. Мектепке дейінгі кіші топ-үштен бес жасқа дейін.

Базалық тәрбие мен оқыту баланың мынадай біліктіліктерін қалып-тастыруға бағытталған:

Белсенділік орталықтардың топтың білімдендіру кеңістігінің моделін құрастырамыз. Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған балалардың білім деңгейінің төмендігі, баланың еркін және жан-жақты дамуыту.

Баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, ынталандырып табысқа деген сенімін нығайтып, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін ұғындыру.

Мария Мантессори-атақты италияндық педагог-гуманист 1871-1952, ол өмірінің соңына дейін баланы тәрбиелеу жолында түрлі әдістер таба білді. Дәрігер Марияның айтуы бойынша, баланың даму жолы оның ішкі сезімдерін қалыптастырудан басталады деген. Баланың моторика және сенсорикасын дамыту арқылы жазу, оқу және санау жүйесін үйрету басты екенін анықтады. Монтесори материалы баланың жеке дара қасиеттерін таныта білуге талпындырады. Дамыту материалдарын қолдану арқылы баланың қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балабақша балаларын оқытудың психологиялық негіздері
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекі материал түрлері. Қолдану ережелері
Бала тілін дамытудағы ана тілінің рөлі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Ойынның психологиялық негіздері. Ойын –баланың психологиялық феномені ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz