Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы мен қоршаған ортаға келтірілген зиянды бағалау


Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы

2. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды экологиялық бағалау

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы.

Қоршаған ортаға келтірілген зиянды экологиялық бағалау

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы - Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін - қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.
Алайда, Қазақстанда көптеген он- жылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғи ресурстарды пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге эколоғиялық жағдай түбегейлі жақсара қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда отпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғи ресурстарды пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға кәзқарастардың әзгеруіне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды.
Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі әзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық қүжаттары әзірленді, та-биғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойьшды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды.
Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы - "Радиациялық қауіпсіздік туралы" Заңдар, ал 2002жылы - "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996) және "Мүнай туралы" (1995) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік-құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.
Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс- қимылдың ұлттық жоспарларын әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жүмыс жолға қойылды.
Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетгі экологиялық сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді. Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр.
Жоғарыда аталғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, Елбасының өкімімен 1996-жылдың 30-сәуірінде экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы қабылданғаннан бері еліміздің қоғамдық дамуында күрделі өзгерістер болды. Мемлекетіміздің дамытудың стартегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамаларының негізі қаланды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылып, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды. Ал жаңа тұжырымдамада іске асырылмаған міндеттерді шешу ұсынылады. Олардың ішінде экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілемелі дамуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізудің біртұтас жүйесін енгізу, ҚР аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады.

Жаңа тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде (2004-2007-жылдар) Қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007-жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, іске асырылатын, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сақтандыру, өндіріс және тұтыну қалдықтары, экологиялық аудит туралы мәселелерді реттеуге бағытталған заң актілері әзірленетін, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай жүйесі құрылатын болады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардаптарын жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған ; 2015-жылға дейін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі; су үнемдеу жөніндегі; шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-қимылдар; халықтың ішкі көші-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылық мақсатқа пайдалану ; байырғы ластануларды жою жөніндегі ; өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетілдіру жөніндегі ; әскери-ғарыштық және сынақ кешендері полигондары аумағының экологиялық жай-күйінің мониторингі жөніндегі бағдарламаларды іске асыру жоспарлануда.

Екінші кезеңде (2008-2010-жылдар) қоршаған ортаны қорғаудың 2008-2010-жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жолымен тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетін және қоршаған ортанын жай-күйін сапалы жақсартудың үшінші кезеңінің басталуын қамтамасыз ететін қоршаған ортаны қорғаудың жүйесін құру процессі толық аяқталуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы: стратегиялық мақсаттар мен басымдықтар
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі: жағдайы, проблемалары және 2004-2015 жылдарға арналған тұжырымдама
Экология ғылымының қалыптасу мен даму кезеңдері және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы (2004-2015)
Экология ғылымы: мазмұны, даму кезеңдері және Қазақстанның 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының өзектілігі
Қоршаған ортаға келтірілген зиян мен денсаулыққа келтірілген экологиялық зиянды сот арқылы өтеу: жауапкершілік пен дәлелдемелік ерекшеліктер
Қазақстандағы экологиялық мәселелер мен экологиялық-экономикалық саясат: 2004-2015 жылдарға арналған тұжырымдама және тұрақты даму шаралары
Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеудің құқықтық реттелуі: теориясы, тәжірибесі және заңнаманы жетілдіру
Қазақстанның қоршаған ортасының қазіргі жай-күйі және оны қорғау жүйелерін талдау (2004-2015 жылдарға арналған бағдарлама аясында)
Қазақстанда қоныс аударылатын жануарларды қорғау: 2004-2015 экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы мен 1979 жылғы Конвенцияны жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz