18 ғасырдағы ерте буржуазиялық мемлекеттер(еуропа), Британдық Үндістан(18-19 ғғ.)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: 18 ғасырдағы ерте буржуазиялық мемлекеттер(еуропа), Британдық Үндістан(18-19 ғғ. )
Орындаған: Құрманов М. М.
Тексерген: Керейбаева А. С.
2016 ж.
18 ғасырдағы ерте буржуазиялық мемлекеттер
XVIII ғасырдың соңында Англияда аса қуатты интернационалдық идеялық қозғалыс - Ағартушылық пайда болды. Оның негізін салушылардың бірі - философ Джон Локк еді. XVII ғасырда бұл қозғалыс Францияда дамудың шарықтау шегіне жетіп, бірнеше көрнекті ойшылдарды дүниеге келтірді. Ағартушылақ тез арада бүкіл Еуропаға тарады. Ұлы географиялық ашулар еуропалық отаршылдық саясатты дүниеге әкелді. Шығыс елдері еуропалық қатігез отаршылдар алдында дәрменсіз болып, қарсылық көрсете алмады.
ХVII ғасырдағы Ағылшын және ғасырдың соңындағы Француз революцияларына қарағанда ХVIII ғасырдағы Америка революциясының (1775-1783жж. ) артықшылығы - террордың болмағандығы еді. 1789 жылы басталған Ұлы Француз революциясының басты саяси жетістігі - буржуазия мен халықтың одақтастығы арқасында абсолюттік билікті құлату болды. 1789 жылы 26 тамызда Ұлттық жиналыс «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдады. Декларацияның 17 бабында: халық егемендігі принципі, әрбір адамның заңның алдында теңдігі, сөз, баспасөз және ар-ұждан бостандығы жөнінде жазылды. Француз революциясының демократиялық құқықтар мен еркіндіктер жариялауы аса зор тарихи маңызға ие болды. Тарихта тұңғыш рет азаматтар жалпыға бірдей сайлау құқығына, жиналыс құқығына, буржуазиялық-демократиялық республика құру құқығына мүмкіншілік алды.
ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасы Батыс елдерінен анағұрлым артта қалды. Ресейде әлі де феодалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды. Батыста бұл кезде капитализм қанат жайып тұрғанда, Ресейде капиталистік өндірістің элементтері енді ғана ене бастады. 1711 жылғы 2 наурыздағы жарлығымен І Петр екі жүз жылдан астам өмір сүрген Боярлық думаны жойып, оның орнына жоғарғы мемлекеттік ұйым - Сенатты құрды. Қолдарында барлық билік - заң шығарушы, атқарушы және соттық өкімет толығымен шоғырландырылған сенаторлар тек патшаның алдында ғана жауапты болды. Нева жағалауын шведтерден толық азат еткен соң Ресейдің Балтық теңізіне шығуына қол жетті. Енді осы көптен күткен мекенге мығым бекіну керек болды. Осы мақсатпен 1703 жылы кейіннен Ресей империясының жаңа астанасына айналған Санк-Петербург бекініс-қалашығы тұрғызылды. Солтүстік соғыс нәтижесінде Еуропа державалары Ресейді империя ретінде тануға мәжбүр болды.
Осман империясының мирасқорлары жаулаушылық саясатын жалғастырып, ең алдымен Кіші Азияның едәуір бөлігін бағындырды. Бұдан кейін Балкан түбегін жаулай бастады. 1400 жылы Константинополге шабуыл басталып, одан кейін 1453 жылы Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтар Түркияның билігіне көшті.
Батыс елдері түріктерді еуропа аумағынан толық қуып шығып, «осман мұрасын» бөлісу мәселесін күн тәртібіне қоя бастады. Бірақ Ресейдің Балкан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенген Англия мен Франция ІІ Екатеринаның саясатына қарсы шығып, Осман империясының тұтастығын қорғауға мәжбүр болды. Осыдан келіп империядан бөлінген аумақтардың тағдыры еуропалықтардың қолына көшті. Осман империясынан бөлінген аумақтар үшін бәсекелестік күрес «шығыс мәселесі» деген саясатты дүниеге әкелді.
.
ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басында қоғамдық санада күрделі өзгерістер болып өтті. Жаратылыстану ғылымдарының дамуы, қоршаған дүниені игерудегі жетістіктер көптеген оқымыстыларды адамның таным мүмкіндіктері туралы көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етті. Нақты және гуманитарлық ғылымдардың көмегімен алынған білім қоғамды жақсартуға қабілетті күш деп жарияланды. Діни көзқарастар теріске шығарыла бастады.
Британдық Үндістан
17 ғасырдың бас кезінде Үндістанда ағылшындық Ост-Үндістан мен голландтық Біріккен Ост-Үндістан компаниясы (1600, 1602 жылы құрылған) түрінде еур. сауда капиталы пайда болды. Олар португалдардан Үндістанмен теңіз саудасын жүргізу монополиясын тартып алып, елде факториялар сала бастады (Үндістандағы бірінші ағылшын факториясы 1613 жылы Суратта пайда болды) . 17 ғасырдың 2-жартысында француздық Ост-Үндістан компаниясының (1664 жылы құрылған) сауда факториялары ашылды. Үнді көпестерінің көмегімен ағылшындар, голландықтар мен француздар үнді өндірісінің тауарларын сатып алып, оларды Еуропаға ғана емес, Иран, Индонезия, Жапония, Қытай, т. б. елдерге жеткізді. Ұлы Моғолдар империясы билеушілерінің арасындағы өзара үздіксіз жүргізілген тақ таласы ағылшын және француз Ост-Үндістан компанияларының Үндістанға сауда экспансиясымен қатар әскери экспансияға да көшуіне қолайлы жағдайлар туғызды. Ұлыбритания мен Франция Үндістан рыногы үшін өзара күрес жүргізді. 1746 - 1763 жылдары үздіксіз жүргізілген соғыстың нәтижесінде Оңтүстік Үндістанда ағылшындар өз қарсыластарын толық талқандап, Бенгалияны жаулап алды, Карнатик пен Аудты тәуелділікке түсірді. 1767 - 1799 жылдары Оңтүстік Үндістанның елеулі бөлігі ағылшындық Ост-Үндістан компаниясының иеліктеріне қосылды. Майсур, Хайдарабад шекараларына ығыстырылған ұсақ князьдіктер ағылшын бодандығын мойындады. Делиден айрылған (1803) Ұлы Моғолдар империясы ағылшындық Ост-Үндістан компаниясына бағынышты болды. 1775 - 1818 жылдары ағылшын отаршылдары Пешва мемлекетін жойды, 1814 - 1826 жылдары Гималай тауларының оңтүстік баурайы мен Ассам, 1843 жылы Синд, 1845 - 1849 жылдары Пенджаб қосылып алынды. Ағылшындардың отаршылдығы Үндістанның экономикалық және әлеуметтік дамуына кері әсер етті. Үнді қолөнері бұйымдарын төмен бағалармен сатып алу мен оларды Еуропа рыноктарында сату - отарлық қанаудың қайнар көздерінің бірі болды. Ұлыбритания билеуші топтарының арасында Үндістанды отарлық езгіге түсіруге ұмтылушылық жолындағы күрес Ост-Үндістан компаниясын ағылшын парламентінің бақылауына алатын заң қабылдаумен аяқталды (1773) . 1774 жылы Үндістанда ағылшын генерал-губернаторы тағайындалды. 1813 жылы Ост-Үндістан компаниясы Үндістанмен сауда жүргізу монополиясынан айрылып, 1833 жылы сауда ұйымы ретінде жойылды. Үндістанға ағылшын өнеркәсіптік бұйымдары әкелініп, жергілікті ауыл шаруашылық шикізатын метрополияға тасу басталды.
Үндістан біртіндеп Ұлыбританияның аграрлы-шикізаттық отарына айналды. Отарлық езгі Үндістан халқының қарсылығын туғызды. 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап елдің әр түрлі аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістері басталды. Отаршылдыққа қарсы жаппай қозғалыс діни формаларға да ие болды (саньяси, уаххабшылар) . Алғашқы үнді саяси ұйымдары пайда болды. Ағылшын капиталы экспорт пен импортты, ішкі сауданың бір бөлігін сауда үйлері мен банкілер жүйесі арқылы бақылап отырды. Темір жолдар және суландыру жүйелері салынып, шай плантацияларының негізі қаланды. 19 ғасырдың ортасынан бастап Үндістан ұлттық қозғалысы күшейді. Отарлық езгіге қарсы, әсіресе, Джамна-Ганг өзен аралығы мен Бенгалияның халқы қатты қарсылық көрсетті (1857 - 1859) . Ол елдің орталығын да қамтыды. Көтерілістен кейін 1858 жылы Үндістан британ тағының тікелей бақылауына көшті . 1855 жылы Бомбейде үнді ұлттық идеяларының ортылығы ретінде Үндістан ұлттық конгресі құрылды. 1909 жылы үнділіктер заң шығару кеңесі мүшелерін сайлау құқығына ие болды. Бірақ жергілікті халық үнділер және мұсылмандар болып екіге бөлінді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz