Қазақстандағы монополист- фирма және олардың әрекеттері



МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ
1.1 Монополия түсінігі және оның түрлері
1.2.Бәсекенің мәні, мазмұны және нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері
1.4 Қазақстан Республикасында монополиялық реттеу
2 ҰК «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АҚ.Ң ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 «Қазақстан Темір Жолы» АҚ.ның жалпы сипаттамасы
2.2 «Қазақстан Темір Жолы» қызметіндегі негізгі мақсаттары мен түрлері
2.3 ҰК«ҚТЖ» АҚ.ның техникалық.экономикалық талдау жасау
КІРІСПЕ

Монополия (грек – moons – жалғыз , polio – сатамын ) жее өндіруші тауар рыногын бақылап және сол нарықта үстем орын алған кезде пайда болады.
Монополия – басқа сатушылар мен өндірішулерді ығыстыру мақсатымен бір компания не компания тобының белгілі бір тауар рыногын немесе сол тауарды өндіруді басып алуы .
Монополияны талдауда «монополия» ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы зор. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этималогиясынан ( «моно» - біреу, « полео –сатамын») шығару дұрыс емес. Нақты өмірде нарықта бір ғана фирма – тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе . Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес .
Сондықтан «таза» монополия ұғымы турлаы әр уақытта шарттылықтың белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек. Кейбір экономистердің осы ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, « жетілмеген бәсекелес» ( П. Самуэльсон ), «баға іздеуші» ( П. Хейне).
Монополист – сатушы рыноктық қатынастарға тек өз өнімін сатып алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынадай: егер монополист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір қарағанда монополистің өз өнімінің бағасын төмендетуі пайымдау оғаш көрінуі мүмкін .
Қазақстан нарыққа өтүге дайындалып жатқанда монополия мәселесіне көп көніл бөлуі керек. Себебі бұл жерде халық, қоғам мүдесі тұр. Қазіргі таңда мемлекет үшін ең басты мәселелердің бірі-бұл монополиялық реттеу мәселесі. Сондықтанда өзімнің курстық жұмысымның тақырыбы ретінде таңдап алғанымның бірден-бір себебім.
Монополия ұғымы өзінің кең мағынысында, бір сатушы және де оның тауарының алмастырушының болмауы мен бірнеше сатып алушы. Бұл жерде монополист фирма көптеген артықшылықтарға ие болады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бәсекелестік қарым-қатынастарды қорғау және өркендету, монополияға қарсы заң және соған негізделген мемлекеттік реттеу мемлекет белсенді түрде кірісетін негізгі аясының бірі болып табылады. Әміршілдік-жоспарлы жүйеде монополизм әлеуметтік бағдардың кепілі және негізгі сипаты да, ал монополияға қарсы саясат жоқтың қасы болболды, сондықтан да мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жасақтау- мемлекеттің өтпелі кезеңдегі ең маңызды ұйымдық-басқарулық парызы болмақ..

Монополияға қарсы саясат мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамдас және қажетті бөлігі болып табылады және оның басқа да әдістерімен, түрлерімен тығыз байланыста, сондай-ақ бұл өзара әрекет пен өзара кірігу жылдан-жылға күрделі де сан алуан боп барады. Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, кәсіпкерлікті дамыту ең ақырында бәсекені дамытуға арналған. Бұл жерде монополияға қарсы саясат үйлестіруші буын боп шығады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Г. Нұрмолдақызы Заң қабылданып еді , монополистердің монологы естіле бастады. /Жас Алаш 1998 жыл 6 тамыз
2. 3 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормалық құқықтық акт бюллетені 2000 №2.
3. Қадырбеков Б. Экономиканы монополсыздандыру реформаның басты бағыты /Қаржы-қаражат 1996 №5
4. Я. Әубәкіров Экономикалық теория негіздері Алматы Санат 1998
5. Н.Қ.Мамыров, Қ.С.Есенгалиева, М.Ә.Тілеужанова Микроэкономика Алматы Экономика 2000
6. Ж.Қ.Нұрпейісов. Микроэкономика негіздері. Астана, 2001
7. Гальперин В.М.,Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика СПб, 2001
8. Экономикалық теория негіздері.Оқулық.- А., «Санат», 1998. – 479 бет.
9. Б.Б.Байжұмаев, Т.П.Табеев, Ф.Н. Жақыпова, Я.Ә. Әубәкіров.- А : Қазақ университеті, 1999. – 280 бет.
10. Е.Қ. Құдайбергенов, С.Қ.Бекмолдин, С.С: Мәуленова. Экономикалық теория: Оқу құралы.-А: Экономика , 2003.-194 б.
11. Мамыров Н.Қ.,Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика : Оқу құралы.- А: Экономика ,2000.-420б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Микроэкономика
Тақырып: Қазақстандағы монополист- фирма және олардың әрекеттері

МАЗМҰНЫ1
Кіріспе
1 МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ
1.1 Монополия түсінігі және оның түрлері
1.2.Бәсекенің мәні, мазмұны және нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері
1.4 Қазақстан Республикасында монополиялық реттеу
2 ҰК ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ АҚ-Ң ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Қазақстан Темір Жолы АҚ-ның жалпы сипаттамасы
2.2 Қазақстан Темір Жолы қызметіндегі негізгі мақсаттары мен түрлері
2.3 ҰКҚТЖ АҚ-ның техникалық-экономикалық талдау жасау


КІРІСПЕ

Монополия (грек - moons - жалғыз , polio - сатамын ) жее өндіруші тауар рыногын бақылап және сол нарықта үстем орын алған кезде пайда болады.
Монополия - басқа сатушылар мен өндірішулерді ығыстыру мақсатымен бір компания не компания тобының белгілі бір тауар рыногын немесе сол тауарды өндіруді басып алуы .
Монополияны талдауда монополия ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы зор. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этималогиясынан ( моно - біреу, полео - сатамын) шығару дұрыс емес. Нақты өмірде нарықта бір ғана фирма - тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе . Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес .
Сондықтан таза монополия ұғымы турлаы әр уақытта шарттылықтың белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек. Кейбір экономистердің осы ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, жетілмеген бәсекелес ( П. Самуэльсон ), баға іздеуші ( П. Хейне).
Монополист - сатушы рыноктық қатынастарға тек өз өнімін сатып алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынадай: егер монополист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір қарағанда монополистің өз өнімінің бағасын төмендетуі пайымдау оғаш көрінуі мүмкін .
Қазақстан нарыққа өтүге дайындалып жатқанда монополия мәселесіне көп көніл бөлуі керек. Себебі бұл жерде халық, қоғам мүдесі тұр. Қазіргі таңда мемлекет үшін ең басты мәселелердің бірі-бұл монополиялық реттеу мәселесі. Сондықтанда өзімнің курстық жұмысымның тақырыбы ретінде таңдап алғанымның бірден-бір себебім.
Монополия ұғымы өзінің кең мағынысында, бір сатушы және де оның тауарының алмастырушының болмауы мен бірнеше сатып алушы. Бұл жерде монополист фирма көптеген артықшылықтарға ие болады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бәсекелестік қарым-қатынастарды қорғау және өркендету, монополияға қарсы заң және соған негізделген мемлекеттік реттеу мемлекет белсенді түрде кірісетін негізгі аясының бірі болып табылады. Әміршілдік-жоспарлы жүйеде монополизм әлеуметтік бағдардың кепілі және негізгі сипаты да, ал монополияға қарсы саясат жоқтың қасы болболды, сондықтан да мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жасақтау- мемлекеттің өтпелі кезеңдегі ең маңызды ұйымдық-басқарулық парызы болмақ..

Монополияға қарсы саясат мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамдас және қажетті бөлігі болып табылады және оның басқа да әдістерімен, түрлерімен тығыз байланыста, сондай-ақ бұл өзара әрекет пен өзара кірігу жылдан-жылға күрделі де сан алуан боп барады. Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, кәсіпкерлікті дамыту ең ақырында бәсекені дамытуға арналған. Бұл жерде монополияға қарсы саясат үйлестіруші буын боп шығады.

1 МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ

1.1. Монополия түсінігі және оның түрлері

Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіш-тердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығындағы тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды.Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауар-дың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғарғы деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтыну-шының таңдауының бар екендігін көрсетеді.Дәл осы себептен де өндіруші-лер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монопо-лия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұты-нушы қаласа да , қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағай-ындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауардың ерекшелінуімен қатар, осы тауардың алмастыру-шысы аз болуы да әсерін тигізеді.
Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауар-ды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма- монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады. Монополист өзінің ерекше жағ-дайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлде-айда жоға-ры деңгейде белгілейді. Егер сатушы өз тауарының шығару көле-мін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополия-лық билікке ие болады деп айта аламыз.
Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұ-тынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние жүзінің көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтін моно-полияға қарсы заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл заңдарға қара-мастан әлемнің барлық елдерінде өндіруші монополистер бар. Экономикалық тұрғы-дан қарағанда тиімді болады деп есептелетін кейбір нарықтарды монополия-лауға да мүмкіндіктер туғызылады. Және де олар кез келген жаңа өндіруші-нің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді.
Бұл шектеулер төмендегідей:
1. ірі өндірістің басымдылығы.
2. легальды тосқауылдар
3. бәсекелесуді әділетсіз жүргізу.
Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп артық-шылықтары бар.Мысалы : ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге, ор-таға шығуына ірі өндірішілер тосқауыл қоя алады.
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді , себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен бола-тыны практика жүзінде дәлелденген. Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес , сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі - жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса , онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алма-са , онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады : патентің болса-құқығың бар , ал патент жоқ болса- құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің мемлекеті-міз үшін маңызы зор , өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жаңалық-тардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды , сондықтан да бұл жаңа-лықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі - демпинг - бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Ірі фирма-лар - олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы мүмкіндіктері жо-ғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен ұзақ уақыт сату ар-қылы , ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма шыдамай нар-ықтан кеткен соң , ірі фирма бағаны көтере отырып , өз шығынын қайтарып алады.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополия-ның төмендегідей түрлері болады:
1. Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегі-мен қорғалған.
2. Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өн-діру , оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.
3. Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фир-ма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғаны-шы жоқ болатын жағдай.
1.2. Бәсекенің мәні, мазмұны және нарықтық экономикадағы ролі

Монополистік бәсеке түсінігі және моделі 1933 жылы шыққан Э.Чемберлиннің аттас кітабына міндетті Бірақ Чемберлиннің монополистік бәсеке туралы көрінісінің өзгеруін ұмытпау керек, оның монополия және бәсеке күші монополистік бәсеке комбинациясын көрсетеді деген сенімі ғана өзгермеді.Чемберлин өзінің Монополистік бәсеке теориясы атты басты еңбегінде олигополияны және монополистік бәсекені нарық құрылымының екі түрлі моделі деп қарастырып, соңғысын ол өнім дифференциациясымен байланыстырды. Кейін, Чемберлин нарық құрылымының жетілген бәсеке және монополия арасында жатқан барлық типтері олигополияны қоса алғанда монополистік бәсеке нарығының кең класына қосылуы мүмкін деген шешімге келді.Ол 1957 жылы : Таза бәсеке, монополистік бәсеке және таза монополия - маған табиғаттан толық болып көрінетін классификация деген. Ол Монополистік бәсеке олигополияны ескермейді емес, керісінше оны қамтиды деген.Мұндай шешім кеңінен таралады.Дәл осымен көптеген қазіргі кездегі шетелдік микроэкономика курстарында монополистік бәсекенің аралық немесе өрлеген дәрежесі Нарық құрылымы бөлігінің бөлек тарауында көрсетілмейді. Оның орнына монополистік бәсекенің дәстүрлі нарығы және олигополия моделі өндіріс ұйымдарын зерттеуге кіріспе ретінде қолданылады.
Бәсеке - нарықтық механизмнің басты элементі.
Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқатып ұғымдардың бірі - бәсеке болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені- өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал, тұтынушылар арасындағы бәсекені - нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмі қалыптастыру ретінде белгілі.
Бәсеке нарық субъектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмысау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын нарықта бәсеке мен манаполияға өктем жүргізеді.Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар.Батыс сарапшыларының бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар 4-5 тен аз болмаған жөн, ал 8-15-тен болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда-саттықты бақыласа, онда нарық монополияланған болып табылады .
Бәсекенің негізгі сипаттары
Бәсеке сипаты бойынша нарықтың моделі

Жетілген (еркін және таза) бәсеке
Жетілмеген (таза емес) бәсеке

Таза монополия

Монополиялық бәсеке
Олигаполия
Бір ғана өндіруші
Тауар өндірушілердің саны

Тауар өндірушілердің көптігі

Тауар өндірушілердің көптігі

Тауар өнді-рушілер аса көп емес,ірі тауар өнді-рушілер бар.
Бір ғана өндіруші

Өнім сипаты

Бір текті өнім

Әр текті өнім

А.Бір неше ірі фирмалар бір-текті тауарлар өндіреді.
Б. Бірнеше ірі фирмалар дифференциаланғантауар-лар өндіреді.
Біртекті өнім, өзін ауысты-ратын ұқсас өнімнің болма-уы.

Бір бірі-мен жо-лығатын экономика сапасы.
Ауылшар-уашылығы бидай,көкөніс,жеміс-жидек өндіру
Әртүрлі сауда
Киім, аяқ-киім, тағам өнім
Өнеркәсіп:
а) алюминий, болат балқыту.
ә) автомобиль
Жергілікті қо-ғамдық қолдану кәсіпорындары телефондары
Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі нәрсе. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. А.Смит бәсекенің еркін теориясының негізін қалаған.Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елде XVIII-ші ғасырда XIX-шы ғасырдың соңғы ширегінедейін байқалады. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель,синдикат, концерн) тууына дейін болған.Классикалық (еркін) бәсекенің орнына еркінемес, жетілмеген бағалық емес монополиялық бәсеке келді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі монополиялық бәсеке теориясында айқын көрінеді. Оның негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967жж) болды Ол монополиялық бәсекенің негізгі ережесін жасады және бәсеке күресінің бір түрін ерекше байқады: өнімді дифференциациялау үшін. Ол былай деп жазған:
Жіктелумен бірге монополия пайда болады және жіктелудің ұлғаюына қарай монополия элементтері көбірек бола бастайды барлығында, қайда болса да белгілі дәрежеде жіктелу кездеседі.Әр сатушы өз меншегіндегі өнімге абсолюттік монополияға ие, бірақ оған қарамай кейбір кезде жетілмеген ауыстырушылар тарапынан бәсекеге ұшырайды. Сондықтан өз-өзімен бәсекелестік күрес тәсілі ретінде монополиялар өнімді жүктеуге ұмтылады.Екінші дүние жүзілік соғысан кейін, батыстың экономикалық ойы, қазіргі жағдайда ірі компаниялар барын айта отырып, олардың тауар өткізу нарығына өзара бөлісуін көрсетті. "Көптеген ірі корпорациялар олигополиялық нарық нарық құрылымында әрекет етеді, "- деп 1975 жылы американ экономистері Роберт Хейлбронер (1919ж.) мен Лестер Туроу (1938ж.) жазды."Олар нарықты бөледі және бір-бірімен жарнама, өнім жіктеуді, қызмет жасауды ұсыну т.б. арқылы бәсекелестікке түседі". Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: "Басты қауіп монополияда жатыр немесе жетілмеген бәсекеде. Жетілген бәсеке көптеген өндірушілердің іске тартып, бірде бір фирманың тауар бағасына әсер етуі болмауын қадағалайды." Жетілмеген бәсеке бағаға қайдағы бір бәсекелес әсер еткенде пайда болады. Шындығына келгенде барлық иегерлер "еркін емес бәсекелестікке тартылған."Бәсекені оның тәсіліне қарай былай білміз: бағалық және бағалық емес немесе өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке. Біртекеті өнімдер түрінің нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсекелестің мән-жайын көрсетеді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нарықта нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Баға еместік бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің басты қаруы - жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ. Қазіргі нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке сипатымен де бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы. Енді осыларға толығырақ тоқталайық. Жетілген бәсеке нарығы - кезкелген ұқсас (бір-бірінін ауыстыратын) тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір стушы бір ғана тауар өнімн сатады. Бұл нарықта тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай нарықтың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын - бидай, көк-өніс, жеміс-жидек ж.т.б.
Себебі бәсекелесте оны төмендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық нарық жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған (мысалы, алюминий, болат,химия өнеркәсібі өнімі) немесе (мысалы, автомобиль,компьютер,ауыл шаруашылық инвентарь,тұрмыстық прибор.)
Таза монополия нарықтың сондай түрі, онда бір ғана өндіруші бір текті өнімді 100% -ға сатуды жүзеге асырады және ол өнімді соған жақын ауыстырушылар жоқ. Таза монополияға мысал ретінде жергілікті қоғамдық қолдану кәсіпорындары қызмет жасауы мүмкін: жергілікті телефон байланысы, электр жүйесін жөндеуші және басқада қоғамдық қызмет жасау жүйелері.Бәсеке- құрылымдық ұғым, ал бақталастық мінез-құлықтық ұғым. Оны жоғарыдағы кестеден байқауға болады. Жетілген бәсеке кезінде, бақталастық болмайды, ал жетілмеген бәсекеде бақталастық мінез-құлық нарықта байқалып қалады. Монополия кезінде бақталастық жоқ. Жеке өндіруші артықтау жағдайға ие болып, ол өнімнің нарығын бақыласа, онда өндірістің монополиялық құрылымы пайда болады. Тіпті шағын кәсіпорынның өзіде монополист болуы мүмкін, егер оның тауар өндірісіндегі үлесі жоғары болса. Ірі корпорация монополиялық жағдайға ие болмауы да мүмкін, егер оның нарықтық қарқыны басқа өндірушілермен тепе-тең болса. Монополизмге мынандай экономикалық қатынастар типінде жатқызамыз: жекелеген шаруашылық субъектілері өзінің мүдделерін контрагентеріне, жалпы қоғамға жүктеуі мүмкін және олардың өзіне керекті тұтынысын жоққа шығарады. Нарық жағдайын бақылай отырып, бәсеке жағдай жасау мен қолдау мемлекеттік антимонополиялық органдардың ісі болып табылады. Бәсекелестік органның қалыптасуына шағын және орта кәсіпорындар қызметінің еркіндегі ерекше роль атқарады.

1.3 МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Монополистік бәсеке оншақты фирма шаруашылық еткенде және олардың арасында жасырын келісімдер мүмкін емес жағдайда пайда болады.Әр фирма өз жауапкершілігінен тәуекел етіп, өзінің бағалық саясатын анықтайды. Бәсекенің басқа барлық қатысушыларының әрекеттерін болжап, есептесу мүмкін емес.Монополистік бәсеке өнім дифференциациясы қажет жағдайда және өз тауарларының өтімі үшін тұтынушылардың көзқарасын есепке алғанда өркендейді. Монополистік бәсеке тұтыну бұйымдарын өндіретін салаларда кеңінен көрсетілген. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету өрісінде бізге көптеген мысалдар береді: көйлек, костюм, пальто, тері өнімдері, кафе, театрлар, эстрада және тағы басқалар. Өнім дифференциациясы тауардың сапа ерекшеліктерінде ғана негізделіп қана қоймай, сонымен қатароның қызмет етуіне де байланысты. Әдемі безендіру, дүкеннің орналасқан жері мен жұмыс істеу уақыты, келушілерге ең жақсы қызмет көрсету, бағадан жеңілдікпен қамтамасыз ету тұтынушылардың таңдауының себебі болып табыладыЭкономикалық игілік дифференциациясы жағдайында бірдей өнім шығаратын немесе бірдей қызмет көрсететін екі фирма табу қиын. Сала шекарасы бұзылып, саланы қатаң бөліп көрсету қиынға түседі, ал кейде өнімдер мен тауарлар континуумы байқалатындықтан мүмкін емес.Маңызды мағнаға тек баға ғана емес, сонымен қатар бағасыз факторлар ие болады: жарнама, сату шарттары, тауарды бөліп-бөліп сату мүмкіндігі, жөндеу (ремонт) кепілдігінің болуы немесе болмауы және тағы басқалары.Монополистік бәсеке жағдайында салаға ену үшін жоғары тосқауыл жоқ. Масштаб эффектісі жоғары мағына бермейді, ал істің басталуын қажет ететін капитал үлкен емес.Салаға жеңіл ену, салаға жеңіл ену үшін кедергі жоқтығын білдірмейді. Олар өнімге патенттер, лицензиялар немесе тауарлық маркалар болуы мүмкін. Бірақ таза монополиядан айырмашылығы тауарлар-субституттар патенттелетіндіктен , патенттер ерекше характерлі болмайды. Егер жетілген бәсеке жағдайында сұраныс қисығы абцисса өсіне параллель болса, онда монополистік бәсеке кезінде аздаған теріс еңкіштік пайда болады.Бұл сұраныс қисығының икемділіг жетілген бәсеке икемділігінен аз, бірақ таза монополиядан икемдірек. Монополистік бәсеке жағдайында икемділік дәрежесі бәсекешілер санына, сонымен қатар өнім дифференциациясының тереңдігіне байланысты.
Сөйтіп, өнім дифференциациясы баға дифференциациясында көрінеді. Бір тауарға немесе қызметке үйренген тұтынушы оған баға өссе де одан бас тарта алмайды. Тек ең үнемшіл және мерконтильді тұтынушы ғана фирманы өзгерте алады.Сұраныс қисығының теріс еңкіштігі монополистік бәсеке жағдайында өнімнің аз өндірілетінін білдіреді. Егер жетілген бәсеке жағдайында Qc Р бағасымен өндірілсе, онда монополистік бәсеке негізінде Qm Pmc бағасымен өндіріледі.

Р
______AC



Pm_____________N
______________________ M
Pc_________________________________ ____________________D

Dm

Qm Qc Q
1-сурет. Монополистік бәсеке.
Фирма аз уақыт ішінде пайданы қалай алса, шығынды да солай шығарады. Бірақ, салада жоғары тосқауылдың болмауы, нақты экономикалық пайда табатын фирмалар, басқа кәсіпкерлердің ұмтылуына әкеп соғады. Нәтижесінде ұзақ мерзім ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикасындағы монополиялар
Рынок құрылымы және рыноктағы монополия табиғаты
Монополия мен табиғи монополия
Монополияның жалпы мәні мен түрлері
Қазақстан Республикасындағы бәсекенің даму жағдайы
Монополия және монополиялық билік
Қазақстан Республикасының антимонополиялық реттеу
Монополия және монополиялық тепе-теңдік
Мемлекеттің монополияға қарсы саясатының мақсаттары мен әдістері
Монополия. Қазақстан Республикасындағы монополиялық реттеу
Пәндер