Халықаралық еңбек бөлінісі.Халықаралық интеграция.Халықаралық сауда.Халықаралық қаржының валюталық ұйымдары.Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы



1.Халықаралық еңбек бөлінісі
2.Халықаралық интеграция
3.Халықаралық сауда
4.Халықаралық қаржының валюталық ұйымдары
5.Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Экономикалық ғылымда халықаралық еңбек бөлінісі туралы төмендегідей негізгі экономикалық теориялар қалыптасты.
Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі ілімін абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Классикалық осы теория Адам Смит мен Давид Рикардоның XVIII ғасырдағы еңбектерінде айтылған. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіке аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның олқылықтары мынада: мұнда еңбек бөлінісінің жүзеге асуын қысқарған үрдісте — екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек,бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана.
Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда халықаралық еңбек бөлінісіне көптеген факторлар әсер етеді.
XIX-XX ғасырдың басында халықаралық еңбек бөлінісін дамытуда жаңа үрдіс пайда болып, салыстырмалы артықшылық теориясына белгілі өзгерістерді енгізуді талап етті.Ол швед экономистері Эли Хекшер мен Бертели Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген.
Көптеген елдердегі халықаралық өндірістің мамандануын осы авторлар үш фактордың — еңбек капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің әр түрлілігімен түсіндіреді. Мысалы,»арзан еңбектің» артық болуы еңбек көп жұмсалатын өнім (тоқыма, киім, пайдалы қазбаны алу) өндірісіне маманданып, капитал артықтығы- капитал көп жұмсалатын өнім (машина, ірі құрал-жабдықтар) өндірісіне мамандануды айқындайды. Аталған теория халықаралық еңбек бөлінісіне шындық тұрғысынан толық түсінік бере алады.
Американ экономисі В.Леоньев 1953-ші жылы Э.Хекшер мен Б.Олин теориясына тағы бір фактор қосты . Онда елдердегі білікті және біліксіз еңбекті ескеру халықаралық еңбек бөлінісіне кәдімгідей әсер ететіндігін айтты.
Қазіргі кезде американың экономист ғалымы,социолог Майкл Портнердің 1961-ші жылы ашқан «технологиялық алшақтық » теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми-техникалық әлеуетпен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды.
Жаңа енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануына жаңа көздер ашады.
Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған елдердегі экономистер «өнімнің өміршең циклы» теориясына ерекще мән беріп, тәжірибеде қолдануда. Бұл теорияны дүниеге әкелген американың ғалым-экономистері — Раймонд Вернон мен Эдвин Линевилл. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады.
1. Д.Қ.Қабдиев «Экономикалық саясат Алматы 2002 жыл

2. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы. Н. Әпсәләмов, Қ. Исабеков, Ө. Сұлтанов. Алматы ҒЫЛЫМ

3.Кенжеғозин М.Б. “Экономика”,2-том. Алматы, 2006.
4. "Жалпы экономикалық теория". Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. - Ақтөбе, "А-Полиграфия", 2004

5.Қалдыбаев О., Теміров Е. “Нарықтық экономикалық анықтамалық”. Алматы

6. Халықаралық Қазақстан сайты (www.kazakh.ru)

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы:
1.Халықаралық еңбек бөлінісі
2.Халықаралық интеграция
3.Халықаралық сауда
4.Халықаралық қаржының валюталық ұйымдары
5.Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы

Орындаған: Тілеуғалиев Б.Б
Группа: ИЯ - 411
Тексерген: Габдуллина Л. Б.

Семей 2015
1. Халықаралық еңбек бөлінісі.
Экономикалық ғылымда халықаралық еңбек бөлінісі туралы төмендегідей негізгі экономикалық теориялар қалыптасты.
Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі ілімін абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Классикалық осы теория Адам Смит мен Давид Рикардоның XVIII ғасырдағы еңбектерінде айтылған. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіке аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның олқылықтары мынада: мұнда еңбек бөлінісінің жүзеге асуын қысқарған үрдісте -- екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек,бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана.
Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда халықаралық еңбек бөлінісіне көптеген факторлар әсер етеді.
XIX-XX ғасырдың басында халықаралық еңбек бөлінісін дамытуда жаңа үрдіс пайда болып, салыстырмалы артықшылық теориясына белгілі өзгерістерді енгізуді талап етті.Ол швед экономистері Эли Хекшер мен Бертели Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген.
Көптеген елдердегі халықаралық өндірістің мамандануын осы авторлар үш фактордың -- еңбек капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің әр түрлілігімен түсіндіреді. Мысалы,арзан еңбектің артық болуы еңбек көп жұмсалатын өнім (тоқыма, киім, пайдалы қазбаны алу) өндірісіне маманданып, капитал артықтығы- капитал көп жұмсалатын өнім (машина, ірі құрал-жабдықтар) өндірісіне мамандануды айқындайды. Аталған теория халықаралық еңбек бөлінісіне шындық тұрғысынан толық түсінік бере алады.
Американ экономисі В.Леоньев 1953-ші жылы Э.Хекшер мен Б.Олин теориясына тағы бір фактор қосты . Онда елдердегі білікті және біліксіз еңбекті ескеру халықаралық еңбек бөлінісіне кәдімгідей әсер ететіндігін айтты.
Қазіргі кезде американың экономист ғалымы,социолог Майкл Портнердің 1961-ші жылы ашқан технологиялық алшақтық теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми-техникалық әлеуетпен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды.
Жаңа енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануына жаңа көздер ашады.
Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған елдердегі экономистер өнімнің өміршең циклы теориясына ерекще мән беріп, тәжірибеде қолдануда. Бұл теорияны дүниеге әкелген американың ғалым-экономистері -- Раймонд Вернон мен Эдвин Линевилл. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады.
Өнімнің пайда болуын бірінші сатысы кезінде монополия ішкі нарық сұранымын қанағаттандырады. Екінші сатыда монополия басқа елдердегі өндірушілер санын арттыруға ұмтылып, өндіріс шығындары алғашқы екі сатыдағы жағдайға қарағанда төмен болады.
Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми -- техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдайын туғызады, халықаралық сауда дами түседі.
Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болуы, оның дамуы мен тереңдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады. Халықаралық еңбек бөлінісінің қалыптасуы ірі машина өндірісіне байланыстырылып, одан шикізатпен жанар - жағар май өнімдерін барынша арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде қалаға шоғырландырудың өсуін тудырып, азық-түлік тауарларына, ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранымды кәдімгідей арттырады.
Халықаралық еңбек бөлінісін негізінен үш типке бөледі: жалпы, жеке және ерекше. Жалпы халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз-(бұл ұлттық экономикадағы қоғамдық еңбек бөлінісіне тән) еңбек бөлінісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы: өңдеу мен кен қазу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп т.б. Бұл жағдайда жеке елдердің аймақтық мамандануы қалыпты табиғи-климаттық жағдаймен айқындалады. Ал, халықаралық еңбек бөлінісінің байқалуы экспорт- елдердің индустриялдық, шикізаттық және аграрлық бөлуінен білінеді.
Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.
Экономикалық бірігу - бұл мемлекетаралық келіс естіктің мәні мен типтер імдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелетін елдердің өзара ықпал ету процесі. Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен integer -- толық) - экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік - технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара кедергілерді жою бағыттарында айқын көрінеді. Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі. Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін. Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі.Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады. Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады. Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді. Интеграциялық процестің төртінші деңгейі - ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші - қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.т Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО - ғы (Еуропа одағы) шеңберінде - бұл ЕО комиссиясы. Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін - бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді. Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ. ЕО, НАФТА - ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.
Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.
Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет. Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі. Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі

Жеке халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз -- елдердің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз. Халықаралық еңбек бөлінісінің бұл түріне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелуі тән.
Ерекше халықаралық еңбек бөлінісі деп әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауын айтамыз.Осы аталған технологиялық саты -- өндіргіш күштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип болып келеді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің аталған типтері көбіне қабысып жатады. Қазіргі жағдайда ерекше халықаралық еңбек бөлінісінің басым болу үрдісі анық байқалады. Сондай-ақ оның барлық типтері бөлшек және кооперациялық мамандандырылумен толықтырылып, өндіріс процесі кооперацияланады. Мысалы, американың "Форд Моторс" концерні құрастыруға қажет материалдарды 25 мың шет ел фирмасынан сатып алады. Осындай жағдай "Рено" (Франция), "Фиат" (Италия), "Тойота мен Ниссан" (Жапония) концерндерінде және т.б. байқалады.
Өндіргіш күштердің өсуі, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі шаруашылық өмірді интеграциялауға алып барады. Немесе елдер мен халықтардың арасындағы тұрақты экономикалық байланысты дамытып, ұлғаймалы өндіріс процесінің ұлттық шеңберден шығуына ықпал жасайды. Өндіргіш күштердің интеграциялануының өсуі, оның бүкіл дүниежүзілік ауқымдағы экономикалық прогресті қамтамасыз ету шеңберін арттырады. Халықаралық айырбас көбінесе түрлі елдердегі кооперативті кәсіпорындардың арасындағы тауардың жеткізілуін ертерек келістіретін орын түріне айналды. Өндірістің кең көлемді дамуы шикізат пен жанар майды ғаламдық деңгейде қамтамасыз етуді алға қояды және өнімді жаппай экспорттауды талап етеді. Импорттық шикізат пен жанар майды тұтыну АҚШ-та 13 есе құраса, Батыс Европада шамамен 23, Жапонияда 45 шамасында. Кәсіпкерлер ұлттық нарық шеңбері ауқымына ерекше назар аударуда. Экспортқа жалпы ұлттық өнімнің АҚШ пен Жапонияда-10%, Канада, Франция, Германия, Англия, Швеция, Италияда-20-25%-ы шығарылады екен.
Өндіргіш күштерді интеграциялау бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың бір-бірімен байланысын тереңдете түседі. Халықаралық еңбек бөлінісіің жетістігін қолдана отырып, дүниежүзілік шаруашылыққа енетін әрбір ел қоғамдық еңбекті үнемдеуге мүмкіндігі бар. Әсіресе, қажетті машина, жабдықтар, тұтыну тауарлары, қызмет көрсету өндірісінің жаңа түрлерін жасай отырып, оларды басқа да елдермен алмасуы керек . Халықаралық еңбек бөлінісінің бүкіл дүниежүзілік мүмкіндігін пайдалану нәтижесінде елдер арасында экономикалық қатынастардың қалыпты, жан-жақты байланыстардың болуына жағдай туады.
Бүкіл дүниежүзілік халықаралық еңбек бөлінісі -- халықаралық экономикалық тұрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті орнатудың басты факторы болып табылады.

2. Халықаралық интеграция.
Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен integer -- толық) - экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік - технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара кедергілерді жою бағыттарында айқын көрінеді.
Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.
Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.
Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестіңдайындық кезеңі.
Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтінеркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.
Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.
Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.
Интеграциялық процестің төртінші деңгейі - ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші - қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.
Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтінэкономикалық одаққаайналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО - ғы (Еуропа одағы) шеңберінде - бұл ЕО комиссиясы.
Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін - бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.
Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.
ЕО, НАФТА - ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.
Біріншіден, бұлэволюциялық жол.Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.
Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет.
Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.
Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.

3. Халықаралық сауда.
Халықаралық сауда- әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі - халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.
Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса - онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.
Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:
1. Абсолюттік артықшылық теориясы - басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады.
2. Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлеміде жоғары деңгейде болады.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:
Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.
Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).
Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.
2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:
белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;
меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;
бір жақты аудармалар.
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.

Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі сыртқы сауда саясаты.
Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына - сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.Американ ғалымы Дис Сакстың пікірнше: қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланың, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ.
Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізіңде әр түрлі елдердің тауар өңдірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.Ғылыми - техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өңдірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым - қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы саудада фритретерствоны еркін сауда немесе протекционизмді өз тауар өңдірушілерін қолдау талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
Фритретерство саясатың ең алғаш А.Смит өзінің Салыстырмалы артылықшылықтар теориясында анықтаған. Ол: айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады -- деп жазған.
ХХ ғ. екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады. Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті.
1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалданудың дамуы;
2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми - техникалық революция;
3. дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
4. тарифтер мен сауда туралы. Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кедең бағасы төмеңдеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6. сауда - экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей нарықтың қалыптасуы;
7. сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар жаңа индустриалды елдердің пайда болуы т.б.
Соңғы онжылдықтарға сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда - экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы басымдығынан айырыла бастады.
Дамушы елдердің өз экспортын диверцификациялауға шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарабынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер ең алдымен жаңа индустриалды елдер өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.

4. Халықаралық қаржылық валюталық ұйымдар.
Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің бірлесіп жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болады. Халықаралық ұйымды қалыптастыру үрдісі III кезеңге бөлінген: құру құжатын қабылдау, ұйымның материалдық құрылымын құру және де басты органдарды шақыру.
Бірінші қадам келісімнің мәтінін жасау және қабылдау үшін халықаралық конференция шақыруды талап етеді. Оның атауы түрлі болуы мүмкін, мысалы, статус, жарлық (БҰҰ), конвенция.
Екінші кезеңде ұйымның материалдық базасы құрылады. Бұл мақсатта әдетте болашақ ұйымның органдарының рәсімдерінің ережелер жобалар арнайы дайындалған органдармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық еңбек бөлініс жайлы
Әлемдік экономика
Әлемдік экономика жайлы
Халықаралық еңбек бөлінісі жайлы
Халықаралық экономика
Халықаралық еңбек бөлінісі жайлы ақпарат
Халықтық еңбек бөлінісі
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы
Халықаралық сауданың теориялары
Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық интеграция. Халықаралық сауда
Пәндер