Үстірт керуен жолындағы Сам қаласы



Тарихтың атасы атанған Геродот бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi мыңжылдықтың орта шенiнде Қара теңiз маңынан Дон жағалауына, одан Оңтүстiк Оралдағы савроматтар жерi арқылы Ертiс бойы мен Алтайға, Зайсан көлiне дейiн барған «далалық сақ жолының» болғанын айтады. Ал заманымыздың кемеңгер жазушысы Әбiш аға Кекiлбаев «Шығыс пен Батыс арасындағы ең ежелгi жол-Памирге соқпай, терiстiктен орағытып өтетiн дала жолы. Оңтүстiк орыс далаларын Орталық Азиямен байланыстырып жатқан бұл жол көне замандарда «Скиф жолы» деп аталыпты. Геродот жазған грек саяхатшысы Аристей, бiздiң заманымызға дейiнгi VI ғасырдағы Қара теңiз жағалауындағы грек колонияларынан шығып, Батыс Сiбiр, Алтай, Тарим бассейнiне беттеген әйгiлi сапарына осы көне скиф жолының бойымен барып қайтқан», - деп жазады. Кейiн Ұлы жолдың құрамдас бөлiгiне айналған бұл көне керуен жолдары «екi мың жыл бойы жұртқа терiстiктегi Ұлы Жiбек жолы ретiнде белгiлi болды»,- дейдi Иманғали Тасмағанбетов пен Зейнолла Самашов.
Ұлы Жiбек жолымен бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 103 жылы қытай императоры У Дидiң тапсырмасы бойынша тұңғыш рет жүрiп өткен Чжан Цянь есiмдi қытай дипломаты екен. Осы сапардан соң византиялықтар валюта есебінде пайдаланған, алтынмен қатар бағаланатын қытай жібегін Батыс Европаға, Сирияның асыл тастарын, Қызыл теңіздің інжу-маржандарын, Мысырдың маталары мен Вавилон кілемдерін Қытайға тасыған керуендер ағыла бастайды. Батыс өркениетi мен Шығыс мәдениетiнiң арасындағы күретамыр болған бұл жолға өзiнiң 1877 жылы жарық көрген «Қытай» атты кiтабында «Ұлы Жiбек жолы» деген географиялық атау берiп, тарихта қалдырған қытайдың физикалық географиясы мен Азияның жер бедерiн зерттеген Фердинанд фон Рихтгофен атты немiс географ-ғалымы көрiнедi. Ұлы Жiбек жолының негiзгi арнасында орналасқан қалалар мен керуен бекеттерi туралы алғашқы толық деректi 846-847 жылдары арабтың мемлекеттiк байланыс қызметкерi Әбу-л-Қасым Убейдаллах ибн Абдоллах ибн Хордадбех «Жолдар мен мемлекеттер туралы кiтап» атты әкiмшiлiк-географиялық анықтама еңбегiнде жазыпты. Ал Х ғасырда өмiр сүрген араб географы Әбу-л-Фарадж Кудама ибн Жафар әл-Басри өзiнiң «Харадж және хатшылық өнер жайлы кiтап» деген ресми құжаттар мол пайдаланылған шығармасында керуен жолы бойындағы табиғат жағдайлары мен географиялық объектiлерге нақты сипаттама берiптi. XIV ғасырдың отызыншы жылдарында бұл өңiрге аяқ басқан, араб Марко Полосы атанған белгiлi саяхатшы, табиғат пен адам жанының аса бiлгiрi Әбу Абдолла Мұхаммед ибн Батутта да өлкенi мекендейтiн халықтардың шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениетi жайында өте бағалы деректер қалдырған дейдi ғалымдар.
1.Әжіғали С.,Каспий қайраңы,тарих тағылымы,Алматы.,2000.
2.Әлімгереев Ө.,Сарайшық., Алматы.,2000.
3.Басенов Т.,Архитектурные памятники в районе Сам., Алматы., 1947.
4.Бейнеу,тарихи танымдық әңгімелер,Алматы,2002.
5.Ислам Жеменей., Парсыша-қазақша және қазақша-парсыша сөздік.,Алматы.,1994.
6.Кекілбайұлы Ә., Он екі томдық шығармалар жинағы., 7том., Алматы.,1999.
7.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы., т 1-7.,Алматы 1998-2005.
8.Маңғыстау энциклапедиясы., Алматы.,1997.
9.Мерзімді баспа сөз материалдары.
10.Оңдасынов Н., Арабша-қазақша сөздік.,1 том., Алматы.,1984.
11.Тасмағанбетов И.,Самашов З., Сарайшық., Алматы.,2001.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҮСТІРТ КЕРУЕН ЖОЛЫНДАҒЫ САМ ҚАЛАСЫ

Ш. Б. Әзірханов
Бейнеу лицейі, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы

Жамағат, біздің тарих-алтын шынжыр,
Әр
жерден жиі үзіліп-көп жалғанған.
Есенғали Раушанов

Тарихтың атасы атанған Геродот бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi мыңжылдықтың
орта шенiнде Қара теңiз маңынан Дон жағалауына, одан Оңтүстiк Оралдағы
савроматтар жерi арқылы Ертiс бойы мен Алтайға, Зайсан көлiне дейiн барған
далалық сақ жолының болғанын айтады. Ал заманымыздың кемеңгер жазушысы
Әбiш аға Кекiлбаев Шығыс пен Батыс арасындағы ең ежелгi жол-Памирге
соқпай, терiстiктен орағытып өтетiн дала жолы. Оңтүстiк орыс далаларын
Орталық Азиямен байланыстырып жатқан бұл жол көне замандарда Скиф жолы
деп аталыпты. Геродот жазған грек саяхатшысы Аристей, бiздiң заманымызға
дейiнгi VI ғасырдағы Қара теңiз жағалауындағы грек колонияларынан шығып,
Батыс Сiбiр, Алтай, Тарим бассейнiне беттеген әйгiлi сапарына осы көне скиф
жолының бойымен барып қайтқан, - деп жазады. Кейiн Ұлы жолдың құрамдас
бөлiгiне айналған бұл көне керуен жолдары екi мың жыл бойы жұртқа
терiстiктегi Ұлы Жiбек жолы ретiнде белгiлi болды,- дейдi Иманғали
Тасмағанбетов пен Зейнолла Самашов.
Ұлы Жiбек жолымен бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 103 жылы қытай императоры У
Дидiң тапсырмасы бойынша тұңғыш рет жүрiп өткен Чжан Цянь есiмдi қытай
дипломаты екен. Осы сапардан соң византиялықтар валюта есебінде
пайдаланған, алтынмен қатар бағаланатын қытай жібегін Батыс Европаға,
Сирияның асыл тастарын, Қызыл теңіздің інжу-маржандарын, Мысырдың маталары
мен Вавилон кілемдерін Қытайға тасыған керуендер ағыла бастайды. Батыс
өркениетi мен Шығыс мәдениетiнiң арасындағы күретамыр болған бұл жолға
өзiнiң 1877 жылы жарық көрген Қытай атты кiтабында Ұлы Жiбек жолы деген
географиялық атау берiп, тарихта қалдырған қытайдың физикалық географиясы
мен Азияның жер бедерiн зерттеген Фердинанд фон Рихтгофен атты немiс
географ-ғалымы көрiнедi. Ұлы Жiбек жолының негiзгi арнасында орналасқан
қалалар мен керуен бекеттерi туралы алғашқы толық деректi 846-847 жылдары
арабтың мемлекеттiк байланыс қызметкерi Әбу-л-Қасым Убейдаллах ибн Абдоллах
ибн Хордадбех Жолдар мен мемлекеттер туралы кiтап атты әкiмшiлiк-
географиялық анықтама еңбегiнде жазыпты. Ал Х ғасырда өмiр сүрген араб
географы Әбу-л-Фарадж Кудама ибн Жафар әл-Басри өзiнiң Харадж және
хатшылық өнер жайлы кiтап деген ресми құжаттар мол пайдаланылған
шығармасында керуен жолы бойындағы табиғат жағдайлары мен географиялық
объектiлерге нақты сипаттама берiптi. XIV ғасырдың отызыншы жылдарында бұл
өңiрге аяқ басқан, араб Марко Полосы атанған белгiлi саяхатшы, табиғат пен
адам жанының аса бiлгiрi Әбу Абдолла Мұхаммед ибн Батутта да өлкенi
мекендейтiн халықтардың шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениетi жайында өте
бағалы деректер қалдырған дейдi ғалымдар.
Батыс пен Шығысты жалғастырған әйгiлi керуен жолының Ноғай жолы
атанған бiр тармағы кезiнде бiздiң Бейнеу өңiрi арқылы өтiптi. Н.Ибрагимов
жазбаларына қарағанда Ибн Батутта Хорезмге осы жолмен барғанға ұқсайды.
Сарайшық қаласынан Хиуаға дейiн Арал мен Каспий теңiздерiн бөлiп тұрған
мойнақ арқылы өтетiн бiрнеше жол бар, соның iшiнде ең жақсысы – Ноғай
жолы, - деп жазcа орыс география қоғамының негiзiн қалаушылардың бiрi
А.Левшин, белгiлi кеңес археологы С.Толстов бұл жолды Едiлге баратын үлкен
патша жолы деп атаған. Ал отырарлық тарихшы Әл-Жаухари: Жiбек жолының
үлкен тармағы ең әуелi Киев Русiнен, Бұлғар жерiнен өтiп, Үстiрт үстiмен
Аралды айналып, Жент қаласына жетедi. Жентке жеткенше сауда керуенi құс
қанаты талған шөлден, түйе табаны күйген құмнан өтедi, арып-ашып әбден
әлсiрейдi,- деген дерек қалдырыпты. Жент Х-ХII ғасырларда Сырдарияның
Аралға құяр сағасына жақын маңда болған қала, орны Қызылордадан 115
шақырым жерде делiнедi.
Талай жыл түйе табанымен тапталған, кей жерлерде ені он, тереңдігі жарты
метрден асатын бұл керуен жолы Үргеніштен шығып Үстіртке көтеріліп,
Үшқұдық, Әжігелді, Қосбұлақ, Білеулі, Шұрық, Құсшы арқылы Сам құмын кесіп
өтіп, Белдеулі, Қақпақты арқылы Есеттегі Қосқұдықтан ойға құлап Ұшқанға
соғып, Бақашы әулие маңынан Жем өзенінен, Таскешу арқылы Сағыз өзенінен
өтіп Сарайшыққа жетіп, әрі қарай орыс жеріне ілігеді. Ғалымдар ескі сүрлеуі
әлі күнге дейін сақталған бұл жолдың Сарайшықтан Қос құдыққа дейінгі жерін
солтүстік бөлік, Қос құдықтан Қоңыратқа дейінгі аралығын оңтүстік бөлік деп
атайды.
Ал солтүстікке бағыт алған екінші керуен жолы Үргеніштен соң жазба
деректерде түріктер дарбазасы деп аталатын Замждан рабаты мен Хабаб
қонысынан өтіп, Қалымбет (Қарақұмбет) құлауынан қырға шығып, Аралды жағалап
Әлменбет, Көксеңгір арқылы Матай құмындағы Нәубетке келіп, Тасөткел арқылы
Асмантай сорынан өтіп Жездіге жетіп, Тасастау-Қайнар арқылы Қызылқуыстан
құлап Жем мен Жайықтан өтiп, Едiлдi бойлап Қазанға, одан Мәскеуге асады.
Жол бойында кезiнде көптеген қала мен керуен сарайлар салынған. Орыс
география қоғамының мүшесi, саяхатшы офицер М.Иванин: XIV ғасырда Хиуадан
Қырымға сапар шеккен адамға өзiмен бiрге ештеме алмаса да болады, өйткенi
жаныңа керектiң бәрi де жол бойындағы керуен сарайлардан табылады, - деп
жазса, белгілі шығыстанушы А.Якубовский Алтынорда кезеңiнде бұл керуен
сарайлар көпестер мен жергiлiктi ауқатты адамдар бiрлестiгiнiң ортақ
меншiгiнде болғанын айтады.
“Yстiрт үстiмен өтетiн Ноғайлы жолында да, Маңғыстау арқылы өтетiн көне
Хиуа жолында да 25-30 шақырым сайын суы ащы болсын, тұщы болсын мiндеттi
түрде құдық кездеседi де, ал 100-150 шақырым сайын тұщы су көзi - бұлақ не
құдық ұшырасып отырады. Шамасы, суаттардың бұлай орналасуы шөл түзде бiр
күндiк жол жүргеннен кейiн көлiк суарып, ал үш-төрт күн сайын жолға
алынатын ауыз суды жаңартып отыруды көздеген есепке құрылса керек. ”, - деп
жазады Ә.Кекiлбаев.
Әбiш ағаның айтуына қарағанда Қазан мен Самарада кемеден түсiрiлген жүк
түйе жеккен арбаларға тиелген, қомдаған түйеге 10-15 пұттан жүк артқан,
Сарай Беркеден Ханбалыққа дейiнгi жол 9 айдан астам уақытқа созылыпты, ал
Сарайшықтан шыққан керуен Yргенiшке отыз күнде жетiптi. Яғни бұл сапардың
бiраз бөлiгi Yстiрт үстiнде өткен, демек, керуен сарайлардың да көпшiлiгi
осы аймақта салынған. В.Егоров Сағыз өзеніндегі Ташкешуден Хорезмге дейінгі
аралықта он бес керуен сарайының болғанын айтады. Шындығында да 1950 жылғы
Хорезм археологиялық - этнографиялық экспедициясының Орал-Үстiрт отрядының
жазбаларында көрсетiлгенiндей Yстiрттiң солтүстiк батыс ернеуiнде,
Мыңсуалмаста тау тастарынан салынған аумағы 40х40 шаршы метр, бiрнеше
бөлмелi Қосқұдық керуен сарайы болған. Мұндай керуен сарайдың орны Құсшы,
Шұрық, Қақпақтыда да бар.
С.Толстов керуен сарайлар Х ғасырдың соңы мен ХV ғасырдың басында,
әсiресе Хорезм мемлекетiнiң ХI-ХII ғасырлардағы Едiлбойы мен Шығыс Европа
елдерiмен арадағы сауда қатынасының дамыған кезiнде тұрғызылған деген пiкiр
айтады. Әбiш аға Үргенiш пен Сарайшық арасындағы парсылардың ежелгi
жолдарының үлгiсiндегi бекiнiстi сауда жолын Х-ХI ғасырларда Хорезм шахтары
салдырған дейдi. Ал Өзбекстан Ғылым Академиясының Қарақалпақ филиалының
ғалымдарының ойынша бұл күрделi құрылыстар 1312-1342 жылдар аралығында
билiк құрған Алтын Орда ханы Өзбек ханның заманында өмiрге келген. Себебi
ол кезеңде Хорезм мемлекетiн оның өз адамы Тұғлық Темір билеген, сондықтан
арадағы қатынас өте жақсы дамыған. Бұл жолдың Өзбек хан тұсында ерекше
маңызға ие болғанын белгiлi шығыстанушы, академик В.Бартольд те растайды,
қазақ ғалымы М.Меңдiқұлов та терiске шығармайды және ол керуен сарайлардың
жолдың солтүстiк бөлiгiндегiлерiнiң тарихқа қыпшақ кiрпiшi деген атаумен
енген көлемi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау облысы
Маңғыстау өлкесі туризмінің дамуына ықпал ететін табиғи туристік-рекреациялық ресурстар
Маңғыстау облысы ресурстарының рекреациялық әлеуеті
Маңғыстау – киелі мекенім
Маңғыстау облысы өнеркәсібінің облыстың физикалық-географиялық жағдайына әсері
Маңғыстау облысының туристік әлуеті.
Көне Тараз қаласының археологиялық-архитектуралық ескерткіштері
Маңғыстау облысының халқы
Маңғыстау туризмін дамытуды алға тарта отырып, осы аумақтағы ерекшеліктерді туристік нысан ретінде көркейту және осы арқылы Қазақстанның туризм саласының дамуына үлес қосу мәселелері
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына кешенді географиялық сипаттама
Пәндер