Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері



М а з м ұ н ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Қазақстанның ұлттық экономикалық

және экологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

ІІ. Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері ... ... ... ...5
ІІІ. Экономикадағы экологияның негізгі бағыттары.
ІІІ.1. Экономикадағы экололгиялық факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІІ.2. Экомиканың табиғат сыйымдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІІ.3. Экономиканың құрылымын экологиялық жағынан өзгерту ... .11

ІҮ. Қоғам мен табиғат арасындағы

қарым.қатынастың негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Кіріспе

Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепе – теңдікті сақтау міндеттері өзара байлапысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи-ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған түрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.
Қоршаған ортаны сауықтыру ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру ісі - әлем елдерінің алдында тұрған маңызды проблема болып табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасындағы өзара қайшылықтардың кедергісінен өту - өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ,. Осылардың шешімін табу үшін экономика саласындағы мамандардың экономика мен табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және экология негіздерінің ауқымындағы білімін талап етеді. Осыған байланысты табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, экология пәндерін оқытуда сабақ беру жүйесін өзгерту қажет.
Экономикалық жоғары оқу орындары мамандықтарының ерекшеліктерін ескере отырып, нарықтың қатынасын өту кезеңдеріндегі қоршаған ортаны сауықтырудың экономикалық механизмдерінің маңыздылығы және табиғатты пайдаланудың тиімді жолдары да осы курстық жұмыста баяндалады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Н.Қ. Мамыров, М.С.Тонкопий, Е.М.Үпішев
«Табиғатты пайдалану экономикасы» Алматы – 2005 жыл.
2. Е.М.Үпішев, С.Мұқаұлы
«Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау»
Алматы – 2006 жыл.
3. Қ.Н. Налмишова «Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы» Шымкент – 2006 жыл.
4. Ұ.Б.Асқаров «Экология және қоршаған ортаны қорғау»
Алматы – 2007 жыл.
5. К.Ә.Төлентаева «Қазақстан тарихы» Алматы – 2006 жыл.
6. Г.С. Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология – экономика» Алматы – 2002 жыл.
7. М.Жүнісов, Т.Мансуров «Егемендік келбеті» Алматы – 1998 жыл.
8. Ж.Ж.Жатқанбаев «Экология негіздері» Алматы – 2004 жыл.
9. А.Насанов «Экология және экономика мәселелері»
Оңтүстік Қазақстан – 2006 ж. 7-ақпан 5 бет.
10. «Қазақстанның экономикалық әлеуметтік географиясы», 9 класс оқулық.

М а з м ұ н ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3
І. Қазақстанның ұлттық экономикалық
және экологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...4
ІІ. Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері ... ... ... ...5
ІІІ. Экономикадағы экологияның негізгі бағыттары.
ІІІ.1. Экономикадағы экололгиялық
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ...8
ІІІ.2. Экомиканың табиғат
сыйымдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІІ.3. Экономиканың құрылымын экологиялық жағынан өзгерту ... .11
ІҮ. Қоғам мен табиғат арасындағы
қарым-қатынастың негізгі
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 18
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20

Кіріспе

Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы
проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және
экономикалық дамуда экологиялық тепе – теңдікті сақтау міндеттері өзара
байлапысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған
ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету
мүмкін емес. Табиғи-ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық
экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете
түсінуі нәтижесінде туындаған түрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың
жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.
Қоршаған ортаны сауықтыру ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына
жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде
қалыптастыру ісі - әлем елдерінің алдында тұрған маңызды проблема болып
табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасындағы өзара қайшылықтардың
кедергісінен өту - өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ,.
Осылардың шешімін табу үшін экономика саласындағы мамандардың экономика мен
табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және экология негіздерінің ауқымындағы
білімін талап етеді. Осыған байланысты табиғатты пайдалану және қоршаған
ортаны қорғау, экология пәндерін оқытуда сабақ беру жүйесін өзгерту қажет.
Экономикалық жоғары оқу орындары мамандықтарының ерекшеліктерін ескере
отырып, нарықтың қатынасын өту кезеңдеріндегі қоршаған ортаны сауықтырудың
экономикалық механизмдерінің маңыздылығы және табиғатты пайдаланудың тиімді
жолдары да осы курстық жұмыста баяндалады.

І. Қазақстанның ұлттық экономикалық және
экологиялық мәселелері.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы Кеңестер Одағы тарағаннан кейін өз
тәуелсіздігін жариялаған кезде елдегі экономикалық қайта кұру, экологияның,
территорияның, тарихтың және мәдениеттің бүкіл шындықтарымен қайшылықгы
көріністе еді. Бұндай көріністен біздің елімізде ғана емес, тәуелсіздікке
енді қолы жеткен басқа да республикалардың ортақ проблемасы еді.
Орта Азияның солтүстік аймақтарын толығымен қамтыған кең-
байтақ қазақ жерлері - халқының және территорияның табиғи кұрылысы жөнінен
де толығымен мал шаруашылығына арналған өлке. 1925-1929 жж. өте қатаң
зорлыпен халық мал шаруашылығына негізделген тіршілігінен шеттетіліп, қазақ
жерлері егістік жерлерге айнала бастады. Жердің және территорияның табиғи
құрылысы есепке алынбастан, әдейі жоспарланғандай егін шаруашылығының көп
су қолдануды қажет етуінен Сырдарияның суы егістік жерлеріне ағызылып, арал
теңізінің кұрғауына және елде экологиялық тепе-
тендіктің бұзылуына себепші болған.
Бұдан кейінгі кезеңдердегі өнеркәсіпке өту барысында Қазақстан өз
ұлтгық мүмкіндіктері мен шындықтарына негізделген өндіріс құрылысьна қарай
жоспарланбады. Әсіресе, елдің шикізаты өз қолында болған өндіріс
салаларында толық бір интеграцияға жетуіне толық мүмкіндік берілмеді.
Мысалы: Қазақстан өте бай темір қорларына ие болғанымен, өңделген темір
қоспаларын темірді айыру ісі Казақстанда жасалынғанымен, болат өндірісімен
қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берілмеді және бұл қоспалар Ресейдегі болат
өндіру кәсіпорьндарына жөнелтіліп, ол жерде болатқа айналдырлды.
Энергияның мемлекет экономикасының өркендеуі үшін маңызы зор.
Қазақстан болса жер асты және жер үсті байлықтарымен тура бір энергия
қоймасы сияқты. Бірақ осыншама байлық болғанымен елдің солтүстік және
оңтүстік аймағы екі бөлек энергия беру және тарту жүйесімен электрленген.
Солтүстікгегі жүйе Ресейдің, ал оңтүстігі Түркі республикаларының
жүйесімен байланысатындықтан елдің екі бөлек жүйесі арасында өзара энергия
алмасудың қамтамасыз етілуіне мүмкіндік болмаған. Кеңес жылдары кезінде
Қазақстанда ұлттық экономиканың кұрылуына мүмкіндік берілмеген,
тәуелсіздіктен кейінгі белгілі бір уақыттар арасында да елдің ұлттық
экономикасы кепідікке түскен еді. 1991 жылы қол жеткізген тәуелсіздіктен
бүгінгі дейін Қазақстан бүкіл бұл қайшылықты экономика мен өндірістерді
қайта кұрылу істері белгілі бір жүйеге қойылды. Мемлекеттің ұлттық
мүмкіндіктері мен ұлттық қажеттіліктері төңірегінде экономикалық негіз
қайтадан ұйымдастырыдды. Қайта ұйымдастыру шаралары Қазақстан ұлттық
экономикасының бүгіні мен келешігінде қиындықтарды шешуіне мүмкіндік
туғызуда.

ІІ. Қазақстан Республикасының
экологиялық мәселелері.
Туған еліміздің экологиялық ахуалы қандай екенін көпшілік біле
бермейді. Heгe десеңіз, экологиялық ақпараттарды игеру үшін экологиялық
білім қажет. Қазақстанның экологиялық жағдайына қосымша талдау жасағанда
мынаны байқауға болады.
Солтүстік Қазақстан бойыша құнарлы жерлердің 25-30%-ы жарамсызданса,
Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиянды экологиясы айтпаса да түснікті.
Батыс Казақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн. га.,
жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн.га. жерді қамтып отыр. Семей
полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халықка әкелген зардабы жайлы маңызды
шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған
1,4 млн. га. жер радиоактивті ластануда. Семей қаласынан небәрі 120 шақырым
жерде орналасқан сынақ полигонда 40 жыл ішінде 485 ядролық жарылыс жасадды.
Олардың 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астындағы сынақтар еді.
Қуаты бірнеше килотоннадан 1,5 мегатоннаға дейін болды. Бұл цифрлар ұлттың
жанын жегідей жейтін аса ауыр қасіретті көрсетеді. Қазақтар ядролык,
қарудан көп зардап шеккен жопондықтардан кейінгі екінші орын алады. Одақтың
басшылығымен және әскерилермен болған төзімділікпен жүргізген шиеленісті
күрестен кейін, 1991 жылғы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
жарлығымен полигонды жапты.
Ал Каспий теңізінің 268 млн. га. жағалауы су астында қалып, олардың
мұнай өнімдерімен ластануы одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық
шиеленістер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын
тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық
апаты, ондағы техногендік, өндірістік ластану, радиоактивтілік және ракета-
космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсаздануьна,
жайылымдардың тозуына жоғар деңгейде әсер етуде. Оңтүстік Қазақстандағы
экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2
млн. га. жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, тақырға айналған
жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология проблемаларын тудырып,
экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. ға. сексеуіл
ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да
экологиясы

мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп
қажет ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі — суармалы жерлердің
тозуына әкеп соқты. Іле өзені суының 10-15%-ын Қытай Республикасының алуы
бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да
экологиялық проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын,
мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына апат әкелуде.
Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүниежүзіндегі экологиялық лас қаланың
қатарына жатады.
Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн. т. қатты радиоактивті қалдықтар
жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,3 млн.
адам мутангез ауруын шалдыққан.
Елбасының қолдауымен 1999 жылы біздің республикада "Экологиялық
қабылданған. Мектептер үшін экологиялық білім бағдарламасы, оқулықтар мен
оқу кұралдары жарық көрді. Мұның бәрі Қазақстанда 2030 бағдарламасын іске
асыру бағытында орындалып жатқан игі істер асыру бағытында орындалып жатқан
игі істер болса керек. 2003 жылы Н.Назарбаев "Қазақстан Республикасының
2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына" (№1241
Жарлығымен) қол қойды. Бұл Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық
ахуалды жақсартудың шараларын белгілеген аса маңызды кұжат. Бұл құжаатты
мемлекет деңгейінде, соның ішінде Білім және ғылым министрлігі іске асыруға
міндетті. Бірақ әлі де сөзбұдайға салып, қабылданған көп кұжаттың бірі
ретінде қаралып келеді.
Табиғат — біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологаялық орта
қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондыктан
экологиялық күрес - өмір үшін күрестің негізі болып табылады.

ІІІ. Экономикадағы экологияның негізгі бағыттары.
ІІІ.1. Экономикадағы экололгиялық
факторлар.

Экономика саласында жаңа экологиялық-экономикалық жобаларды
қалыптастыру үшін экономикалық дамуды экологиялау қажет болады. Қоғамның
техносферамен және оны қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына
экономиканың барлық құрылымдары мен салалары - өндіріс, бөлу және тұтыну
қамтылған. Осыған байланысты экономиканың дамуы адамзат қоғамындағы
қажеттіліктің шексіздігі, ал қажеттілікті қанағаттандыратын материалдардың
ресурстар шектеулілігі туралы түбірлі жағдайды мойындауымыз керек. Ол
жағдай шектеулі ресурстармен қажеттілікті неғұрлым толық қанағаттандыру
үшін экономикалық процестерді оңтайландыру, тиімділігін арттыру қажетілігін
туғызады.
Экономиканың табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі экология
заңдылықтарына бағынышты екені ұзақ уақыт мойындалмай келді. Бірақ, соңғы
он жылдықтарда өндіргіш күштердің қарқыны өсуіне байланысты бұл тәуелділік
айқын сезіле бастады. Мысалы, топырақтың бір пайыз төмендеген құнарлығын
бұрынғы қалпына келтіру үшін жұмсалатын шығындарды 10% арттыру керек. КСРО-
да өткен ғасырдың 20-шы және 90-шы жылдары аралығында 1 центнер дәнді
дақылдар өндіруге жұмсалатын қаржы 1100 есе өсіпті. Кесілген орманның
орнына қолдан отырғызылған немес қалпына келтірілген орман бұрынғы табиғи
күйіне келмейтіні белгілі болды. Осы мысалдардың өзі табиғат ресурстарын
ысырапшылдықпен пайдалану

қымбатқа түсетіні, ең бастысы — зор әлеуметтік-экологиялық және
экономикалық зиян
әкелетінін көрсетеді. Бұл мәселені әлеуметтік-экономикалық саланы
экологиялау арқылы шешуге болады. Ол үшін:
- экологиялық факторлар мен ресурстарды, оның ішінде қалпына
келетіндерін басқа экономикалық категорияларды байлықтың басқа
категорияларымен тең қарастыру;
- ресурстарды пайдалану мен өндіріс экономикасын экологиялық шектеулерге
және төлем жүйесін кеңіте отырып, табиғатты тепе-теңдік жағдайында
пайдалану принципіне бағындыру;
- табиғат қорғау қызметтерін экономикаға тікелей қосу, технологиялық
қайта жарақтау негізінде өндірістің сапалы өсу стратегиясына өтуі.
Қазіргі күнге дейін табиғаттан қанша ресурс алуға болатыны, оған
қаншалықты әсер етуге болады және оның салдары қалай болатыны айқындалған
жоқ. Біздің экономикамыз ресурс тұтынушы бағытта екені белгілі. Бірақ,
ресурс тұтынудың артуы ұлттық табыстың өсуіне шамалас емес. Яғни, мәселе
пайдаланған ресурс көлеміне емес, экономикалық құрылымға байланысты.
Қазіргі қалыптасқан үрдіспен экономиканың қарқынды дамуына табиғат
ресурстары жетпейді. Оның үстіне көптеген ресурстар сарқыла бастады және
пайдаланылуы шектелді. Экологиялық мәселелерді талдау және экономиканың
ресурс үнемдеуші түрақты даму жолына түсу үшін жаңа шешімдер қажет екенін
талап етуде. Қазіргі нарық жағдайында қанша өнім шығару емес, табиғатқа
зиян келтірмей қанша ресурс пайдалануға болады, табиғаттың қалыпты жағдайын
өзгертпей қаншалық әсер етуге болады деген мәселені шешу керек. Ол үшін
өндірістің алғашқы факторларын соңғы тұтыным өнімімен байланыстыратын
мақсатты бағдарламалар керек. Осы өндірістік тізбектің (өндіру, тасымалдау,

өңдеу, тұтыну) өне бойында ресурс үнемдеу жолдарын, өндірістің тиімділігін
арттырудың негізінде ең соңғы өнімді тұтынуды азайтуды ойластыру қажет.
Шешім қабылдаудағы маңызды мәселенің бірі - ҒТП нәтижесінде табиғат
ресурстарын қаншалықты жасанды ресурстармен алмастыруға болатындығы. Ондай
мүмкіндіктер өте шектеулі, ал кейбір адамға аса маңызды табиғат игіліктерін
және экологиялық
жүйені ештемемен алмастыруға болмайды. Мысалы, отын ресурстарын бір-бірімен
алмастыруға немесе олардың орнына күннің немесе желдің қуатын пайдалануға
болады, ал табиғи ландшафты, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, олардың тұқым
қорларын, ішетін суды, демалатын ауаны, өзен қабатын, т.с.с. жасанды
заттармен алмастыруға болмайды. Тіпті, жасанды заттардың өзі алғашында
табиғаттан алынады.
Қазіргі экономикалық теорияның кемшіліктерінің бірі экологиялық
факторларды экономикалық категорияларға қосу, өйткені маркстік саяси
экономия экономикалық категорияға адамның еңбек нәтижесін ғана қосты.
Шындығында құндылықтар табиғат ресурстары мен экологиялық жағдайлардың
қатысуымен құрылған нәтижелер мен шығындар жиынтығы. Жасалуына белгілі
түрде табиғи ортаның факторлары мен жағдайы қатыспаған құндылық жоқ.
Экономиканың маңызды көрсеткіші - елімізде өндірілген тауар мен
қызметтің бағасы. Бірақ өнімнің әр өлшемін өндіргенде одан 10 еседен артық
қалдық шығарылады, ал табиғатты пайдалануда одан бірнеше есе көп. Бұл
қалдықтар, табиғи ортаны ластап, тіршілік жағдайын қиындатумен бірге
адамдардың игілігін кемітеді. Бірақ, зиян жалпы ұлттық өнімнен шегеріліп
алынбайтындықтан халықтың жағдайы өспеді. Әзірге қол жеткізгеніміз ары
қарап өндірісті экологиялау, табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін және
табиғи ортаны ластағаны үшін төлем белгілеп, табиғат пайдалануды
мемлекеттік тұрғыдан реттеу болып отыр.

ІІІ.2. Экомиканың табиғат сыйымдылығы.
Табиғат сыйымдылығы дегеніміз игіліктерді: тауарды және қызметтің бір
өлшемін алу үшін қанша табиғат ресурстары жұмсалатынын білдіреді. Кең
мағынада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР
Экологиялық құқықтың тарихы. Экологиялық құқықтың қайнар көздері
ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Экологиялық қауіпсіздік ұғымы және оның экономикалық аспектісі
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты арнайы өкілетті органдардың іс – әрекетін құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша жасасқан халықаралық шарттары
Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық мәселелері және шетелдік тәжірибелер
Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары
Экология және табиғат пайдалану жөніндегі халықаралық конвенциялар, мемлекетаралық келісімдер мен шарттар
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
Пәндер