Ежелгі түркі халқының байырғы кезеңдердегі өмірге деген көзқарастарының негізі



I. Кіріспе
Ежелгі түркі халқының байырғы кезеңдердегі өмірге деген көзқарастарының негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім
• Түріктердің дүниетанымының қалыптасуының негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.6
• Көне түріктердің мифологиялық тарихи даму жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.7
• Түріктердің дүниетанымдағы махаббат ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.11
III. Қорытынды
Түркі мәдениетінің қазіргі кезеңдегі мыңыздылығын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІV. Пайдалынылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Дүниетаным, халық арасындағы қолдануына байланысты жинақталған ақпарат қоры немесе ол адамның өмірге деген көзқарасы, бір жетістікке жету жолындағы іс-шара немесе ұстанған ұстанымы түрінде де түсіндіріледі. Дүниетаным дегеніміз не? Көптеген жазушылар әр түрлі түсініктемелер ұсынды. Мысалға алсақ, Джеймс Сайр дүниетанымды – әлемнің негізгі құрылымы жайында алған болжамдарымыз немесе пікірлеріміз дейді. Филипс пен Броун (Phillips and Brown) дүниетаным дегеніміз алдымен дүниенің анықтамасы мен ол жайындағы қалыптасқан пікірі, содан кейін бұл көзқарастың, өмірде қолданылуы дейді. Осындай пікірлерді саралай келе , дүниетаным дегеніміз, менің ойымша, дүниенің бір көрінісі мен біздің соған деген көзқарасымыз.
Барлығымыз білетіндей, ұлан байтақ Азия даласында өмір сүрген, халықтардың географиялық орналасуын бірнеше рет ұлы көштерімен өзгерткен, қытай сынды ұлы халықты бірнеше рет бағындырып адамзат өнерінің қайталанбас кереметі Қытай қорғанының тұрғызылуына себеп болған байырғы түрік қауымдарының дүниетанымы еш күмәнсіз олардың дініне, тіліне, салт-дәстүріне әсер еткені рас. Енді бізге назар аударатын жайт, осы байырғы түріктердің діні қандай еді, өздерінің артында қалдырған жазба мұраларында осы жайлы айтылды ма, олардың дүниетанымы кейінгі өмір сүрген ұрпақтарында сақталды ма? Алдағы уақытта тарихшылардың зерттеулері мен ізденістерінде осы тақырыптың қаншалықты орын алғандығын қарастыратын боламыз. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейінгі деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін біле аламыз. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі еді. Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды.
1. Орынбеков М. «Ежелгі қазақтың дүниетанымы», Алматы- 1996, 168 б.
2. Өмірәлиев Қ. «VІІІ – XII ғ. Көне түрік әдеби ескерткіштері», Алматы- 1985
3. www.asik.kz
4. www.enu.kz
5. Назарбаев Н.Ә. «Тарих толқынында» Алматы 1999
6. Е.Аққошқаров «Қазақстан тарихынан», Алматы 1997
7. М.Қани «Қазақтардың көне тарихы», Алматы 1993

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
I. Кіріспе
Ежелгі түркі халқының байырғы кезеңдердегі өмірге деген көзқарастарының негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II. Негізгі бөлім
* Түріктердің дүниетанымының қалыптасуының негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-6
* Көне түріктердің мифологиялық тарихи даму жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-7
* Түріктердің дүниетанымдағы махаббат ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-11
III. Қорытынды
Түркі мәдениетінің қазіргі кезеңдегі мыңыздылығын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІV. Пайдалынылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

Кіріспе
Дүниетаным, халық арасындағы қолдануына байланысты жинақталған ақпарат қоры немесе ол адамның өмірге деген көзқарасы, бір жетістікке жету жолындағы іс-шара немесе ұстанған ұстанымы түрінде де түсіндіріледі. Дүниетаным дегеніміз не? Көптеген жазушылар әр түрлі түсініктемелер ұсынды. Мысалға алсақ, Джеймс Сайр дүниетанымды - әлемнің негізгі құрылымы жайында алған болжамдарымыз немесе пікірлеріміз дейді. Филипс пен Броун (Phillips and Brown) дүниетаным дегеніміз алдымен дүниенің анықтамасы мен ол жайындағы қалыптасқан пікірі, содан кейін бұл көзқарастың, өмірде қолданылуы дейді. Осындай пікірлерді саралай келе , дүниетаным дегеніміз, менің ойымша, дүниенің бір көрінісі мен біздің соған деген көзқарасымыз.
Барлығымыз білетіндей, ұлан байтақ Азия даласында өмір сүрген, халықтардың географиялық орналасуын бірнеше рет ұлы көштерімен өзгерткен, қытай сынды ұлы халықты бірнеше рет бағындырып адамзат өнерінің қайталанбас кереметі Қытай қорғанының тұрғызылуына себеп болған байырғы түрік қауымдарының дүниетанымы еш күмәнсіз олардың дініне, тіліне, салт-дәстүріне әсер еткені рас. Енді бізге назар аударатын жайт, осы байырғы түріктердің діні қандай еді, өздерінің артында қалдырған жазба мұраларында осы жайлы айтылды ма, олардың дүниетанымы кейінгі өмір сүрген ұрпақтарында сақталды ма? Алдағы уақытта тарихшылардың зерттеулері мен ізденістерінде осы тақырыптың қаншалықты орын алғандығын қарастыратын боламыз. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейінгі деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін біле аламыз. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі еді. Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды.

Негізгі бөлім
Түріктердің дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі - табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны тәңірі деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Бұл үрдіс қазірге дейін осы халықтардың жалғасы боп саналатын көптеген халықтардың салт-дәстүрінде орын алған. Атап айтқанда:
- қазіргі моңғол, қазақ, қырғыз т.б. халықтардың дәстүріндегі қыстау, күзеу, жайлау ұғымдарының болуы;
- ағын суға кір жумауы, суды ұлықтауы;
- Көк шөп жұлма, Бастау басына ақтық байлау сияқты ұғымдары;
- Аңның, малдың пірінің болуы (Көк бөрі, түйе атасы - Ойсыл қара, жылқы атасы-Қамбар Ата, Шопан Ата,...);
Осындай түсініктермен тәңірінің жаратқан әрбір жаратылысына өзінше баға беріп құрметпен қараған.
Ежелгі және байырғы түріктердің діні әлі де толық зерттеле қойған жоқ. Сақ, хунну, көк түріктердің дінін ол дәуірде қалай атаған, оның жүйесі қандай, дін бе әлде наным-сенім бе дегенге к үні бүгінге дейін толық жауап берілмей келеді. Байырғы түріктердің наным - сеніміне арнайы қалам тартқан ғалымдар саусақпен санарлықтай ғана. Бұл мәселеге ең алғаш арнайы назар қойып зерттеген ғалымдар француз Жан Пьер Ру, ресейлік И. В. Стеблева, С. Г. Кляшторныйлар болды. Орта және Орталық Азия халықтарының ХХ-ХХІ ғасырға дейін сақталып келген шаманизмнің тарамдары олардың байырғы түрік оңғындарымен тікілей сабақтасытығын Л.П.Потопов, Анохин, С. Д. Майнагашев, Ш.Ш.Уәлиханов, Н. Ы. Дыренкова, Г. Д. Санжаев, Н. А. Алексеев, О. Пүрэв, А. Т. Төлеубаев, С. М. Абромзон, П. Пельо, Г. П. Снесарев секілді ондаған ғалымдар ғылыми еңбектерінің зерттеу объектісіне айналдырып келді.
Жалпы, осындай көптеген ғалымдардың еңбектерінен мен байырғы түріктердің дінін ғылыми тұрғыда арнайы қарастырған екі ғалымның тұжырымын қолдаймын. Немістің атақты ғалымы Г. Дёрфер мен белгілі түркітанушы Қ. Сартқожаұлы зерттей келе, байырғы түріктердің діні, дін дәрежесіне көтерілгенін баса айтып, бұл дін бір құдайлыққа жақын деген тұжырым жасаған және байырғы түріктердің дінін тәңірлік (тенгризм) деп атай отырып: ... бұл дін даму тарихында үш кезеңді басынан өткізген болуы әбден мүмкін. Олар: тотемдік, шамандық және тәңіршілдік-деген қорытындыға келген. Олай болса байырғы түріктердің дінін осы ғалымдардың айтуынша саралап көрейік:
1. Байырғы түріктердің түсінігі бойынша Тәңір (teŋri) жерде емес көкте ол көзге көрінбейді. М: Űze kök teŋri (Жоғарыда көкте Тәңірі);
2. Тәңір жалғыз жаратушы. Ол жаралмайды, тумайды;
3. Бұл дүние тіршілік-тірлік. Ол дүниеге адамның жаны ұшып кетеді. Жан жоғалмайды. М: Kűl-tegin qoj jylqa [toquzynčy aj] jiti jigirmike učdy (Күлтегін қой жылы тоғызыншы айдың он жетісі күні ұшты). Бұл сөйлемде Күлтегіннің жаны ұшып кеткенін сөз етіп отыр. Ал, сүйек жерде қалады.
4. Ұшқан жан жоғалмайды. Ол дүниеде не жақсылық, не қиыншылық көреді. Олай болса тозақ, пейіш мәселесін мұнда қабат сөз ете білген.
5. Тәңір мен жер киесіне ұшырағанда ақыр заман болады. Адамзат, ағайын туыс өз ара арпалысады. М: Teŋri jer bulγaqyn űcűn (Тәңір мен жер киесіне ұшырағаны үшін) деген сөйлемдер бұған дәлел бола алады.
6. Байырғы түрік мәтіндерінде жаратушы-бір Тәңірдің көрсетуімен әр бір жанды, жансыз болмыс өмір сүреді деген түсінікте болған. Оны екі негіз үш дәуір (екі jyltyz űč öd) деп атаған. Бұл байырғы түріктердің дүниетанымының негізгі философиясы.
Осылайша, жоғарыда аталған танымдық бастаулар байырғы түріктердің ұстанған діні, сол дәуірдің өзінде дін дәрежесіне көтерілгенін дәлелдейді.
Түріктердің сол кездегі наным-сенімдері тәңірлікпен тығыз байланысты екенін айтқан болатынбыз. Енді осы тәңірлік ұғымын кеңінен қарастырсақ. Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады. Тәңірді зерттеушілердің тұжырымында еуроазиялық көшпелі шаруашылық - мәдени типтің қажеттіліктеріне икемді сенім жүйесі ретінде бейнеленеді, яғни ол көшпелілердің шындықтағы болмыс тәсілінен, дүние түйсінуінен туындаған. Академик Ғарифолла Есім "Хакім Абай" кітабында: тәңірге сыйыну - сенім емес, дін емес, ол Адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық деп тұжырымдаған. "Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді. Тәңірге көзқарас өзіне қарама-қарсы түсінікті қажет етпеген. Себебі, тәңір - деген табиғат, ол өмір сүру үшін қажетті жағдай. Тәңір табиғаттың өзінен туған түсінік. Адамның табиғатқа табынуы, бір жағынан, натуралистік түсінік болса, екіншіден, өзінен тыс рухты іздеу, оны субъект ретінде қабылдау, дерексіз ойлаудың жемісі", - дейді. Яғни, біздің арғы ата-бабаларымызға догматталған діни жүйелерге қарағанда, ашық дүниетаным тұрпатындағы сенім көбірек тән, жан дүниесі мен рухани ізденістеріне әлдеқайда жақын. Барлық діни жүйелердегі тәрізді тәңірлік сенім де табиғат күштерін құдіреттендіруден, құпия тылсым тіршіліктің терең қатпарларынан тамыр алады. Алайда, Тәңірге табыну діни түсінік эволюциясындағы табиғат діндерінен кейінгі жоғары саты болды. Барлық халықтар рухани дамуында діни көзқарастар эволюциясын бастан өткізді. Әрине, оны бірінен соң бірі келетін діни жүйелер хронологиясы деп қарастыруға болмайды, шындық әрқашан теорияға қарағанда әлдеқайда күрделі, көпжақты болып келеді.
Тәңірлік - әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне табиғатқа, оның стихиялық күштеріне табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің біртіндеп дамуынан туған құбылыс. Тәңірліктің дүниетанымдық негізі дүниедегі заттар мен құбылыстар жанданған деп қарастырады, ол түптеп келгенде табиғатты құдай деп қарастыратын ұғымның негізін құрайды", - деп жазады С.Н. Ақатаев.
Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі - ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіруші рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, "... оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады", - дейді. В.В. Бартольд: "Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды", - деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы "объективті идея" ретінде қарастырса, жер-су - тіршіліктің тірегі.
Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай - Ұмай ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай - отбасы мен бала-шағаның жебеушісі болған. Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: "Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!", - делінеді.
Жер-су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір тұтудан туындайды. Алтайлық аңызда: "Үлген жаратылысқа дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық теңіз үстіндегі кеңістікте тіршілік етеді. Сонда Үлгенге судан Ақ ана шығып, оған жер мен аспанды жаратуды үйретеді" делінген. Бұл аңызда да матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы байқалады. Матриархаттық-рулық қауымнан патриархалды қауымға біртіндеп өту барысында жер-су соңғы орынға ығыстырылады. Көк аспан ретіндегі Тәңір өзінің жоғарғы құдай ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-қауымдық қатынастардың күшейіп, нығаюына байланысты ол зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады. Тәңір сөзінің этимологиясын С. Ақатаев "таң" және "ер" сөздерінің бірігуінен шығуы мүмкін деп қарастырады. Бірінші буын "таң", автордың пікірінше, күннің шығуымен байла - нысты болса, "ер" - түрік тілдерінде ер адамды білдіреді. Осы тұрғыда Тәңір "Күн адам", "Аспан адам", яғни құдай дегенді білдіреді.
Тәңірлік дін адамды өз іс-қимылына, әрекетіне, пиғыл-ниетіне есеп беріп отыруға үйретеді, ісі түсіп, жолы болса түркілер тәңір қолдады, дейді, қателік жасап, адасса, "Тәңірім, кешіре гөр", - дейді.
Көріп отырсыздар, осыдан 30-40 мың жыл бұрын пайда болған, түрік этносының ондаған мыңжылдықтар бойы тұтынған төл мұрасы рухани қазынасы тәңіршілдік дінінің атауы 21 ғасырға қандай өзгеріспен жеткеніне көз жеткіземіз. Дуалистік дүниетанымды арқау еткен, ежелгі тәңірлік діннің бүкіл бүтін жүйесін қалыпқа келтіріп, оның уағыз ілімін жаңғырту, іргелі зерттеулер жүргізу түрік әлемін саралап сараптаушы ғалымдардың алдында тұрған жауапты да, абыройлы істің бірі. Байырғы түріктердің дүниетанымының негізі болған тәңірлік тағыда тереңдетіп зерттеуді күтіп тұрған тың салалардың бірі.
Түріктердің мәдениетіне үлкен ықпалын тигізген келесі діни наным - шаманизм болды. Шамандық дінді жүйелі түрде, оны қалыптастырған мәдени жүйемен бірлікте, тұтастықта зерттеген ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уәлиханов болды. "Шамандық дегеніміз, - дейді Шоқан, - әлемді, дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлеңдердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. ...Шамандық сенім табиғатқа бас иеді". Қоғамдағы шаман рөлін де қазақ ғалымы басқа тұрғыдан бағалайды: "Шамандар аспан Тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде саналған. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған".
Қазақ халқының арасында шаман ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон - Енисей ескерткіштерінің зерттелуі
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақ даласындағы философиялық көзқарастардың ерекшеліктері
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы ақпарат
Ежелгі және қазіргі моңғолдар: ортақтығы мен ерекшелігі
Кузеевтің шежіретануға қосқан үлесі
Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер
Пәндер