Спорт - денсаулық кепілі!


Спорт - денсаулық кепілі!
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың - жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Осындай игі істер Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т. Б. Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың» деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір-екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай-ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.
Ондағы негізгі идея қызмеркерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын - сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.
"Спорт денсаулық кепілі" баяндама- batir. 81. kz
- 13 сәуір 2013
- 16163
- 0
- 0
Кіріспе
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың - жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл - денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Осындай игі істер Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т. Б. Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың», деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір - екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай - ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.
Ондағы негізгі идея қызметкерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын - сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.
«Оқу - тәрбие процессінің гигиенасы»
Мектептегі оқу тәрбие жұмыс тарының басты міндеті - жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу - тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғарғы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ болады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады.
Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді.
Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді. Қыркүйек айында және сәуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді. Яғни қыркүйек айында өткен оқу жылындағы, сәуір мен мамыр айларында жыл бойында оқыған материалдарды қайталайды. Қазан - наурыз айларының арасында еңбек қабілеті күшті болғандықтан негізгі материалдарды, жаңа тақырыптарды өтеді.
Мектептегі сабақ кестесі. Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі - сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабаққа зейіні төмен болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу бөлімінің меңгерушісі бұл күні сабақ кестесінде қиын пәндердің санын азайтып, сейсенбі - бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма - сенбі күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл пәндерді көбірек қояды. Жеңіл пәндерге әдебиет, тарих, ән - күй, дене шынықтыру, сурет - сызу пәндері жатады. Қиын сабақтардың алдында денешынықтыру пәнін қоюға болмайды. Себебі денешынықтыру сабағында балалар спорт ойындарын ойнап, жүйкелері қозады да келесі сабаққа зейіні төмен болады. Мектептегі қиын пәндерге физика, математика, грамматика, химия пәндері жатады. Дене еңбегі пәндеріне денешынықтыру, еңбек сабақтары жатады. Әдебиет, тарих физика, астрономия, биология пәндерін ауызша пәндерге жатқызады. Мұндай бөлу шамамен жасалған.
Әрбір оқу күнінің 2 - 3 - сабақтары балалар үшін нәтижелі келеді, 5 - 6 - сағатта шаршау белгілері үдей түседі. Бастауыш сыныптарда шаршау белгілері 3 - ші сабақтың соңында басталып, 4 - ші сабақта анық білінеді. Жоғарғы сынып оқушыларында шаршау белгілері төртінші сабақтың соңында басталады.
Біркелкі еңбек адамды тез қажытып, жылдам шаршатады, сондықтан оқушылардың еңбегін жеңілдету үшін ауызша пәндер мен жазбаша, қиын пәндер мен жеңілдерді, ой еңбегі сабақтарын дене еңбегімен кезектестіріп отыру керек. Еңбектің түрлері ауысып отырғанда, балалардың шаршауы азаяды. Сабақ кестесін дұрыс ұйымдастыру оқушылардың шаршауын азайтып, қалжыратпай оқыту мүмкіндігін тудырады.
Балалардың шаршауын ескере отырып, 1 - 4 - ші сыныптарда күніне 4 сабақтан, 5 - 7 - ші сыныптарда 5 - 6, жоғарғы сыныптарда 6 сабақтан аспауы тиіс. Бағдарламадан тыс, мамандандыруға байланысты факультативтік сабақтар апталық 36 сағат қалыпқа сыймаса, мектептегі мұғалімдер кеңесінің шешімі бойынша арнайы күндері (аптасына 2 реттен асырмай) ғана жоғарғы сыныптарға 7 сабақ қоюға болады. Бақылау жұмыс тарын соңғы сабаққа қалдырмай, қиын тақырыптарды баланың тың кезінде өтеді, қосарланған сабақты (қатарынан 2 әдебиет немесе математика т. с. с. ) күнде қоюға болмайды. Себебі баланың ми қыртыстарының нерв клеткалары біртекті ұзақ жұмыстан соң тез шаршайды. Оқушылардың шаршауын азайту үшін ән - күй, дене шынықтыру пәндерінің маңызы зор. Бұл пәндерден кейін баланың миы тынығады. 1 - ші сынып оқушылары алғаш мектепке келген кезде ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. Олардың организмі тез шаршайды. Сондықтан толық сабақ уақытына (45 минөтке) біртіндеп үйрету керек. Алғашқы 1 - 2 - ші аптада сабақ ұзақтығы 20 - 25 минөттен басталып, біраздан соң 30 - 35 минөт, содан кейін 45 минөтке созуға болады.
Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жұту, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу, мектеп ауласында, ауыл шаруашылығында еңбек ету), қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады.
Күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Оқушының үй кестесі мектептің жұмыс кестесіне бейімделіп жасалады. Үйдегі күн кестесі дұрыс ойластырылған болмаса, ол оқушының мектептегі еңбегіне кері әсер етуі мүмкін. Әрбір ата - ана өз баласының күн кестесін жақсы біліп, оның мезгілімен және дұрыс орындалуына жағдай тудырып және қадағалап отыруы керек. Күн кестесі дұрыс болмаса, баланың шаршауы, қалжырауы үдеп, денсаулығы төмендейді, сабақ үлгерімі нашарлайды.
Үйдегі күн кестесінде баланың тазалық сақтау дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек. Оқушы ұйқыдан тұрған нан кейін таза жуынып, тісін тазартып, даладан келген сайын, ас ішерде және ас қабылдағаннан соң қолын тазартып жууға, аузын шаюға дағдыландыру керек. Осыған орай күн кестесінде таңертең, ас алдында, мектептен және ойыннан қайтқан соң жуынуға уақыт бөлінеді. Баланың денесі шынығу үшін таңғы гигиеналық гимнастикаға 10 - 15 минөт уақыт бөлінеді. Мектептен қайтқан соң оқушы киім ауыстырып, жуынып, асын ішеді. Содан кейін міндетті түрде таза ауада 1, 5 - 2 сағат дем алады, ал 1 - 2 сынып оқушыларының 1 сағаттай ұйықтап алып, қалған уақытта ауада дем алғаны жөн.
Баланың еңбек қабілеті күніне 2 рет (8 - 12 сағ., 16 - 18 сағ. ) жоғары болады. Сондықтан бұл мезгілдерді мектепте сабақ оқуына және үйде үй тапсырмаларын орындауға пайдалану керек. Таңертең оқитын оқушылар 16 - 18 сағат, түстен кейін оқитын оқушылар 8 - 12 сағат аралығында сабаққа дайындалғаны жөн. Гигиеналық талапқа сай үй тапсырмаларының мөлшері барлық пәннен де баланың жасына лайық жоспарланады. Сондықтан 1 - ші сынып оқушылары сабақ дайындауға 1 сағат, ал 8 - 11 сынып оқушылары 3 - 4 сағат уақыт жұмсайды.
Сабақ дайындау барысында бастауыш сынып оқушылары әрбір 25 - 30 минөт сайын, жоғары сыныптағылар 45 минөт сайын үзіліс жасап, демалуы керек. Жоғарғы сынып оқушылары 2 сағаттан кейін 20 минөт белсенді түрде дем алғаны дұрыс болады. Сол кезде баланың таңдауына, отбасының жағдайына сай үй шаруасына араласуына немесе қозғалысы мол ойын ойнауына болады.
Оқушының сабаққа дайындалатын жұмыс орын ы таза, бөлмесінің ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық талапқа сай болу керек. Бөлменің шаң тозаңын су шүберекпен сүртіп, терезенің шынысын мезгіл - мезгіл жуып тазартады. Бөлменің тазартуы жеңіл болу үшін қажетсіз артық заттар, жөнсіз әшекейлер болмауы тиіс. Бөлменің жылылығы 18 - 20 - 22 °С, ылғалдығы 50 - 70 %, жарығы мол болғанда ғана оқушының еңбегі гигиеналық тұрғыдан қарағанда дұрыс ұйымдастырылады. Оның жұмыс орыны (үстелі мен орындығы) жарық мол болу үшін терезеге жақын тұрып, баланың дене көрсеткіштеріне сай болу керек. Үстелдің үстіндегі заттарды белгілі тәртіппен орналастырып, дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастырған жағдайда оқушының еңбегі нәтижелі болады. Сондықтан қағаздар, кітаптар, қалам - қарындаштардың тұрақты орыны белгіленіп, дер кезінде жинап отыруды баланың әдетіне айналдыру керек.
Бала денесінің шынығуы үшін таза ауада көбірек болып, дене қимылдары әртүрлі ойындарды (волейбол, футбол, жасырынбақ, т. б. ) ойнау керек. Соған байланысты тұрғын үйдің ауласында балалар алаңын жасайды.
Оқушының күн кестесінде ү й қ ы ғ а бөлінген уақыттың маңызы зор. Шаршаған баланың еңбек қабілетін қалпына келтіру, шаршауын басу, денсаулығын сақтау үшін ұйқының физиологиялық мәні күшті болғандықтан, оны дұрыс ұйымдастыруға көп көңіл бөлу керек. Дені сау баланың ұйқысының ұзақтығы 7 жаста 10, 5 - 11 сағат, 10 жаста 10 - 10, 5 сағат, 11 - 13 жаста 9 - 9, 5 сағат, 14 - 17 жаста 8 - 9 сағаттан кем болмау керек. Бұл уақыттың 1 сағатын күндіз ұйықтаса, баланың организміне өте тиімді болады. Ұйқы кезінде баланың денесі дем алып, миындағы күндіз
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz