Сақтар (сақалар)



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Атауыжәне қоныстанған жерлері
2.Тарихы
3.Соғыстары
4.Археологиялық ескерткіштері
5.Ауыл шаруашылығы және кәсіпшілігі
6.Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығына сипаттама
7. Сақ қоғамы мен мәдениеті
8.Діни нанымдары мен ғұрыптары
Дереккөздер
Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.
Атауы
Бұл халық өзін өзі сака, сақа деп атаған, (аккадша: ashkuza; қыт. 塞 — Sai, көне қытайша: *sək).
Оларды көне юнандар скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы юнан тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған.
Сақтар мекендеген жерлер.
Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.[2]
Қоныстанған жерлері
Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:
Парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;
Хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;
Тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.
1. Р. Жұматаев, тарихшы «Сақ» атауы қайдан шыққан? (қаз.). ukkz.net. «Үш қиян» газеті (23 Ақпан 2012). Тексерілді, 9 наурыз 2012.
2. Тараз энциклопедиясы
3. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3
4. Ежелгі Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы : " Атамұра " 2009

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Атауыжәне қоныстанған жерлері
2.Тарихы
3.Соғыстары
4.Археологиялық ескерткіштері
5.Ауыл шаруашылығы және кәсіпшілігі
6.Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығына сипаттама
7. Сақ қоғамы мен мәдениеті
8.Діни нанымдары мен ғұрыптары
Дереккөздер

Сақтар (сақалар) -- б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.
Атауы
Бұл халық өзін өзі сака, сақа деп атаған, (аккадша: ashkuza; қыт. 塞 -- Sai, көне қытайша: *sək).
Оларды көне юнандар скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы юнан тарихшысы Геродот өзінің Тарих деген еңбегінде, 5 томында, жағрапияшы Страбон Жағрапиясында жазып қалдырған.
Сақтар мекендеген жерлер.
Бұларды грек тарихшысы Страбон азиялық скифтер деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар саға (сақа, сақ аты осыдан шыққан) дейді.[2]
Қоныстанған жерлері
Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда сақ деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын Қаз тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу - Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:
Парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) -- еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;
Хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) -- Ферғана алқабын мекендеушілер;
Тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) -- Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.
Тарихы
Парсыларға тұтқынға ұсталған сақалардың Скунха деген көсемі, Бехистун, Иран
Парсылардың патшасы Құрыш II, Лүдия патшасы Кройсоспен б.з.б. 558 -- 29 жж. соғысқанда, сақалармен одақтасқан. Кейін Құрыш сақаларды, соның ішінднгі массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Құрыш сөйтіп, Сақа жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақаларды жеңдік деген кезде, сақа жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Құрыш та, әскерлері де өлтіріледі. Тұмар туралы аңыз осы кезде шықты. Бұл аңыз расқа тән -- Құрыш ұлы Қамбуджия -- массагеттерге өкілдерін жіберіп әкесі мәйітін кері алған.
Сына жазуы мәтіндерінің кейбір этнонимдері грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың өз айтуы бойынша Ахеменид державасының оныншы әкімшілік округіне кірген (Геродот, Ш, 92) ортокарибантийлері тиграхауда-сактарға, амюргийлік сақтар -- хаумаварга-сақтарға (Геродот, VIII, 64), ал дайлар -- Авестаның және Ксеркс жазбасына сәйкес келеді.
Басқа да грек авторларының көпшілігі сияқты, Геродот та кейде азиялық скифтер деген терминді қоса отырып, сактарды скифтер деп атайды. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз еңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына қарап айтылды. Бірақ грек деректемқлерінде ахеменидтік сьша жазуларыңда кездеспейгін басқа атаулар да бар, олар: массагеттер, савроматтар (кейінгі кезде сарматтар), аргиппейлер, аримаспылар, ассилер, пасиандар, сакараулдар (сакарауктар) және басқалары.
Парсы жэне антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның осы замангы картасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзқарас болып келді. Бірінші көзқарас (В.В. Струве) тұрғысынан, парадрайа-сақтарды Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі бойларына орналастыру керек еді. Мәселені бұлайша коюға I Дарийдің сақтарға қарсы жорығының жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасынын бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған мәтінінін қалпына келтірілген болігін, ал одан кейін Накши-Рустем және Персеполь жазуларын антик деректемелерінің мәліметтерімен салыстыру негізінде -- парадрайа-сактардың және Соғдының ар жағындағы сақтардың массагетгерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды.
В.В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған карағанда парадрайа- сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақтар аумағын мекендеген еуропалық скифтерді түсіну кажет болады. Бехистун жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын баскаша карап, басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа-сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп саналады. Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварга мен тиграхауда) Таяу Шығыстың халықгарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда-сақтар Ахеменид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы баска да бағындырылған халықтардын патшаларымен бірге Дарийдің бұйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған. Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси кұжаттарының бірі деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20 -- 30-жолында былай делінген:
Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым... Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады.
Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда-сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда-сақтар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады.
Сақтар мен массагеттер еліне Ахеменид патшалары Дарий мен одан бұрынғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады. Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейтін Геродот массагеттер жерін Каспий теңізінен шығыскһқа таман, Аракс оһөзінінің арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналастырады (Геродот, I, 201, 204). II Кир мен Дарий жорықтарының жолдары талас туғызады. Біреулер Дарий өзінің ізашарының жүрген жолын кайталай отырып, сақтармен Әмударияның арғы жағында Арал теңізі маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер II Кир массагеттермен Үзбой өзені арғы жағында (Әмударияның бүгінде тартылып қалған батыс саласы) шайқасты, ал Дарий сақтар жеріне Әмударияның орта тұсынан өтті деп санайды. Бір нәрсе айқын: пікірлердің қайшылықтарына қарамастан, екі жорыкта массагет-сактар тайпаларына карсы бағыт- талған; бұлардың жері Геродоттың ортокарибантийлерініңнемесе Бехистун жазбасындағы тиграхауда-сақтардың жерімен толық немесе ішінара сәйкес келеді деп топшылау керек. Географиялық жағынан алғанда, бұл -- Каспийдің шығыс төңірегі мен Үзбойдан Сырдария өзеніне дейін қоса алғандағы Арал өңірінің аймағы. Массагет одағы, сірә, дербик- тер, абийлер, апасиактар сияқты тайпаларды да біріктірсе керек.
Сондай-ақтиграхауда-сақтар Шашты, Тянь-Шаньді және Жетісуды мекендеген деген пікір де бар. Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, Меотидадан жоғары (Страбон, XI, 9,2) жерлерде дай тайпалары қоныстанған. Сырдарияның арғы жағындағы олар Александр Македонскийдің замандастарына да мәлім болды. Антик авторлар оларды, бұрынырақта Геродоттың жазғанындай, массагеттердің иелігіндегі жерлерде орналастырады. Дах атауы неғұрлым ертеректегі деректемелер- Авеста мен Ксеркстің дэвтер туралы жазбасында да мәлім. Мұның бәрі дахтардың (дайлардын) әуелде массагеттердің солтүстігіне таман аймақты мекендегенін, не массагеттердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б. з. б. III ғасырдың орта шенінде дайлар тарих ересінде массагетгердің орнын алып, Каспий маңының оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шығады. Осы уақыттан бері көптеген скифтер, Каспий теңізінен бастап, дайлар деп аталады (Страбон, XI, 8,2).
Парсы сына жазуларының хаумаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы болды, олар грек деректемелерінде амюргий-сактар деп аталады. Көптеген зерттеушілер амюргий-сактарды ежелгі Бактрия және Маргиана аймақтарына (Әмудария мен Мұрғаб езендерінін жағалауы) орналастырады. Бұлар ертедегі парсылар танысқан алғашқы сак тайпалары еді. Геродот былай деп жазды: Бұл -- амюргийлік сақтар деп аталған тайпа (ол шын мәнінде, скифтік тайпа). Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар деп атайды.
Кир əскерінің басып кіруі
Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы əскерлері басып кірді. Бұд кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир əскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис "əйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ" деп жазады Рим тарихшысы Помпей Трог.
Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Томирис парсылардың судан өтуіне əдейі мщмкіндік береді. Кир əскерін өзеннен өткізіп, біршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол қулық ойлады: əдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Спаргапис жаудың соңынан қуып, тəжірибесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалады. Баласының қайтыс болғанын естіп, Томирис көп əскермен Кирге аттанады.
Шырақтың ерлігі
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б.з.б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуылға шығады. Бұл жорықты Дарий I патша басқарады. "Мен əскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген Дарий I сөздері Бехустин жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсемі басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы əскері Сырдариядан өтеді. Осы соғыстағы таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгу грек тарихшысы Полиэн былай деп суреттейді: "Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін қанжармен жаралап, парсыларға қашып барып, өзінің көсемінен жəбір көрген етіп көрсетеді. Парсы əскерлерін сақтарға бастап апарамын деп алдап, оларды сусыз шөлде адастырып кетеді. Сосын Шырақтың алдағанын білген парсы əскерлері оны өлтіреді. Осының зардабынан Дарий I қырғынға ұшырап, ары қарац соғысқа шыдай алмай, Персияға қайтып кетеді" деп жазған.

Құрыштың Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын Дараявауш I (521 -- 486 жж. ЗБ) жалғастырды. Парсылар сақаларды аз уақыт бағындырады. 6 ғ. соңы -- 5 ғ. басында (500 -- 449 жж. ЗБ) ежелгі Шығыстағы юнан-парсы соғысында сақа тайпалары парсылар жағында болды. 490 ж. юнан-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақалар парсылармен бірге юнандарға қарсы соғысты.
4 ғ. 330 жж. Ескендір Зұлқарнайынның македон әскерлері Ахеменидтердің ең соңғысы Дараявауш III Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері
Сақтар жазуы
Сақтар мәдениеті
Бұқаралық мәдениет туралы
Жетісу жеріндегі сақтардың отырықшылығы, жер шаруашылығы және қалалық өмірі
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар
Түркі халықатырының түп тамыры
Сақ тайпаларының орналасуы
Асықтың түрлерімен атаулары
Педагогика тарихы
Пәндер