Бюджет кодексінің атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
Кiрiспе
I. Бюджет кодексінің атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
1.1. Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мазмұны
1.2. Бюджет кодексінің принциптері мен категориялары
II. Бюджеттiң кірісі мен шығысы түсімдеріне экономикалық талдау жасау
2.1. Республикалық бюджеттiң кірісінің түсімдері
2.2. Республикалық бюджеттiң шығысының түсімдері
III. Мемлекетті басқарудың негізгі нысаны ретінде бюджетті жетілдіру жолдары
3.1. Бюджет кірісі мен шығысының теңестiрiлуi және бюджет тапшылығының мәселелерi
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Бюджет - мемлекеттiк билiктiң қызметiн қамтамасыз ету үшін ақша қаражатын құру және жұмсау түрiн бiлдiредi. Бюджеттiк қатынастардың объективтiк сипаты мемлекеттiң қолында мемлекет үшін маңызды мiндеттердi шешуге қажеттi Ұлттық еңбек бөлiгiн мемлекет жолына шағындандыруымен бюджеттiк қатынастың объективтiк сипаты болып келедi.
Бюджеттің бiрiншi бағыты бюджеттi қолдану, бұл бюджет ел немесе аймақтық қаржылық жоспары екендiгiн бiлдiредi.
Бюджеттің екiншi бағыты - бұл бюджеттiңмемлекеттiңқаржылық жүйесiнiң тобы екендiгiн бiлдiредi. Бюджеттi қолдану мемлекеттiң қаржылық саясымен айқындалады, бюджеттiк саясат оның бiр бөлiгi болып келедi.
Бюджеттiк саясат – бұл бюджеттi құру, бюджет барысын реттеу, бюджет тапшылығын басқару және бюджеттiк бақылауды ұйымдастыру бойынша заңдық, экономикалық, ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығы болып келедi.
Бұл жұмыста мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi мен мемлекеттiк бюджет тапшылығының мәселелерi қаралып отыр. Бюджеттiң реттеушiлiк ролiнiң артуы оны қаржылық шаруашылық жоспары ретiнде қарауға негiз болды, ол экономикалық тұрақтылыққа қолжеткiзу және құрылған тұрақтандырушы көбiнесе бюджеттiк механизмның мұндай тағайындалуы көп жазылған табыстық бөлiгiнiң қалыптасу сыпатына және шығының бағытталуының көздерiне байланысты болып қаралады, ол түсімнiң мынадай негiзгi түрлерiнен құралады: табыстық салық, кәсiпорындар мен корпарациялар салығы, әлеуметтiк сақтандыру жарнасынан, акциздерден, тұтыныс заттарының салығынан құралады.
Жұмыстың аналитикалық бөлiмiнде қазiргi жағдайы оның тапшылық мәселерi мен одан шығу жолдары қарастырылады. Барлық деңгейден бюджеттің шығындары бюджетке еңгiзiлген ағымдық шығындарға бөлiнедi және дамуға бөлiнген жұмсалулары да бюджетке енгiзiледi.
Одан әрiде бұған толығырақ тоқталамыз. Бюджет табысы оның шығынына теңелуi қажет. Шығындарының табыстың артып кетуi бюджет артылуын тудырады, яғни қаражаттың бос қалуын туындайды. Шығындардың табыстан артып кетуi бюджеттiң тапшылығын құрайды. Бюджеттiң тапшылығы бәрiмiзге белгiлi болып отырғандай қажетсiз-ақ.

1. Аманбеков Б “Бюджет есептерi” Қазақстан қаражаты 2003 жыл. N8.
2. Амрекулов Н “Қаржы жүйесiн ұйымдастыру және бюджет жүйесi” Т.Экономика –2004 жыл. Оңтүстiк Қазақстан облысының және Қазақстан Республикасының статистикалық мәлiметтерi.
3. Аблиакимов К Бюджет-2003. “Баға және талдау” Қазахстанская правда 1998 жыл N12 .
4. Бюджет саясаты Статистика бюджет және аудит 1992 ж.
5. Бизнес жоспар әдiстемелiк материалдар. Р.Г. Маниловский –М: 1996 жыл.
6. Бюджетке жаңаша қарау қажет. Қаржы-ақпарат. N5(70) 03.2002
7. Жакипбеков С. Как улучшить исполнение госбюджета //Финансы Казахстана 1997г.#8, стр53-55
8. Зайнельгабдин А. О проблемах формирования и исполнения бюджета Республики Казахстан //Финансы Казахстана 1987, #10, стр, 43-45
9. Иманбердиев Б. Ж. Экономическая политика и экономический рост в Казахстане //Статистика, учет и аудит, 2003г, #2, стр.19-21
10. Кадырбекова М. Преодоление малежного баланса и дефицита госбюджета, Алматы, 2003г
11. Егемендi Қазақстан ²Салық және бюджетке түсетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы Салық кодексiнiң жобасы², 2004.2 қараша.
12. Республика бюджетiнiң ҚР Заңдары 1998-2005 жылдар;
13. Жанибеков С. «Бюджеттiң орындалуын қадағалау маңызы» Қазақстан қаржысы –1997 жыл N11.
14. Жұнiсова Н.А Бюджет саясаты. Саясат-2005-1.
15. Жанибеков С. Бюджеттiң орындалуын қалай көтеру керек. Қазақстан қаржысы 1999жыл N8 .
16. Иманбердиев Б.Ж Қазақстан Республикасындағы экономикалық саясаттың экономикалық өсу нәтижелерi. Статистика есеп және аудит –2003 жыл N2.
17. Облыс бюджетiнiң басты бағыты. Қаржы-2002- 21 шiлде.
18. Облыс бюджетiнiң басты бағыты. Оңтүстiк Қазақстан N81.29.06.2002.
19. 2002 жылғы Шымкент қаласының бюджетi. 2002.16.09.
20. Оңтүстiк Қазақстан облысының 2003 жылға арналған облыстық бюджетi жобасы. Шымкент-2002 ж.,
21. «Салық- халық несiбесi» Еегемендi Қазақстан, 2004ж.1 қазан.
22. А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г.ТОО Баспа.
23. Қаржы–қаражат 12-2003ж. Д. Ысқақов «lлгерiлеу бар, баяулы байқалады».
24. ²Салық - бюджеттiң қайнар көзi² Заң газетi 2004 жыл шiлде.
25. ²Налоги и налогооблажение² под ред. И.Г. Русаковой, В.А. Кашина. Москва 2004 г.

МАЗМҰНЫ
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
I. Бюджет кодексінің атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
1.1. Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Бюджет кодексінің принциптері мен
категориялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...10
II. Бюджеттiң кірісі мен шығысы түсімдеріне экономикалық талдау жасау
1. Республикалық бюджеттiң кірісінің түсімдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
2.2. Республикалық бюджеттiң шығысының
түсімдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 22
III. Мемлекетті басқарудың негізгі нысаны ретінде бюджетті жетілдіру
жолдары
1. Бюджет кірісі мен шығысының теңестiрiлуi және бюджет тапшылығының
мәселелерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 31
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . 33
Кiрiспе
Бюджет - мемлекеттiк билiктiң қызметiн қамтамасыз ету үшін ақша
қаражатын құру және жұмсау түрiн бiлдiредi. Бюджеттiк қатынастардың
объективтiк сипаты мемлекеттiң қолында мемлекет үшін маңызды мiндеттердi
шешуге қажеттi Ұлттық еңбек бөлiгiн мемлекет жолына шағындандыруымен
бюджеттiк қатынастың объективтiк сипаты болып келедi.
Бюджеттің бiрiншi бағыты бюджеттi қолдану, бұл бюджет ел немесе
аймақтық қаржылық жоспары екендiгiн бiлдiредi.
Бюджеттің екiншi бағыты - бұл бюджеттiңмемлекеттiңқаржылық жүйесiнiң
тобы екендiгiн бiлдiредi. Бюджеттi қолдану мемлекеттiң қаржылық саясымен
айқындалады, бюджеттiк саясат оның бiр бөлiгi болып келедi.
Бюджеттiк саясат – бұл бюджеттi құру, бюджет барысын реттеу, бюджет
тапшылығын басқару және бюджеттiк бақылауды ұйымдастыру бойынша заңдық,
экономикалық, ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығы болып келедi.
Бұл жұмыста мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi мен мемлекеттiк
бюджет тапшылығының мәселелерi қаралып отыр. Бюджеттiң реттеушiлiк ролiнiң
артуы оны қаржылық шаруашылық жоспары ретiнде қарауға негiз болды, ол
экономикалық тұрақтылыққа қолжеткiзу және құрылған тұрақтандырушы көбiнесе
бюджеттiк механизмның мұндай тағайындалуы көп жазылған табыстық бөлiгiнiң
қалыптасу сыпатына және шығының бағытталуының көздерiне байланысты болып
қаралады, ол түсімнiң мынадай негiзгi түрлерiнен құралады: табыстық салық,
кәсiпорындар мен корпарациялар салығы, әлеуметтiк сақтандыру жарнасынан,
акциздерден, тұтыныс заттарының салығынан құралады.
Жұмыстың аналитикалық бөлiмiнде қазiргi жағдайы оның тапшылық
мәселерi мен одан шығу жолдары қарастырылады. Барлық деңгейден бюджеттің
шығындары бюджетке еңгiзiлген ағымдық шығындарға бөлiнедi және дамуға
бөлiнген жұмсалулары да бюджетке енгiзiледi.
Одан әрiде бұған толығырақ тоқталамыз. Бюджет табысы оның шығынына
теңелуi қажет. Шығындарының табыстың артып кетуi бюджет артылуын тудырады,
яғни қаражаттың бос қалуын туындайды. Шығындардың табыстан артып кетуi
бюджеттiң тапшылығын құрайды. Бюджеттiң тапшылығы бәрiмiзге белгiлi болып
отырғандай қажетсiз-ақ.
Ол аймақты қаржылық қолдау қорына қаражатынан, дотация, субвенция
есебiнен, сонымен қатар несиелер мен займдар шығару есебiене жабылады.
Республиканың бюджетiнiң қалыптасуы мен орындалуы ҚР “Бюджет жүйесi” жайлы
заңына сай негiзделiнедi.
Бұл жұмыс барысында бiз толығырақ түрде әрбiр тарауын аша отырып,
оның iшiнде бюджет жайлы және бюджеттiк тапшылық, Қазақстан Республикасының
бюджеттiк жүйесi жайлы, бюджеттiк саланың тапшылығы оны жою бойынша
жүргізiлген шаралар жайлы, елдегi қаржылық тұрақтылық және дұрыс
макроэкономикалық тенденцияларды бекiтуге толығырақ тоқталамыз.

1. Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мазмұны мен мәнi
Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшелiктерiн бiлдiретiн
айрықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiң кәсiпорындармен, мекемелермен
және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық
бөлудiңайрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға қоғамдық қажеттердi өтеуге
арнаған. Орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты.
Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатынастарынан түзеуге асырылып
отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы “мемлекеттiк бюджет” деп аталған
ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттiк бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретiнде
объективтiк сипатқа ие. Оны бөлудiң дербес саласы ретiнде өмiр сүруiн
қоғамдық өндiрiстiң өзi айқындайды.
Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етедi.
Қаражатты орталықтандыру халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздiксiз
айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
үшін қажет. Арнаулы бюджет саласының құндық бөлiнiсi мемлекеттiң табиғаты
мен қызметiнен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға, бүкіл қоғам ауқымында
әлеуметтiк-мәдени шаралар өткiзуге, қорғаныс мiндеттерiн шешуге,
мемлекеттiк басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны
қажет етедi.
Сөйтiп мемлекеттiк бюджет ұдайы өндiрiстiң қажеттерiнен мемлекеттiң
табиғатынан объективтi қажеттiлiк туындайтын болып табылады.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажыратататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет
мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен
және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан жеке құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы, ол ұлттық шарушылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі
үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де,
өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып
жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында-бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор-бұл қоғамдық өніммен ұлттық табыстың құндық
бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа
әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Экономика қазiргi жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары
мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салық және аумақтық
құрылымдар мүмкіндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен
қаражат экономиканың басты учаскелерiнде шоғырландырып, мемлекеттiң
экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Сөйтiп құндық бөлiністiң айрықша бөлiгi ретiнде мемлекеттiк бюджет
айрықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттiлiктердi
қанағаттандыруға қызмет етедi.
Нақты, объективтi бөлiстiң қатынастардың формасы болғандықтан
айрықша қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттiк бюджет экономикалық
категория ретiнде көрiнедi.
Қаржы қатынастарының жиынтығы ретiнде мемлекеттiк бюджетте қаржы
категориясында мән сипаттар бар: бюджет қатынастары бөлiстiк сипатта
мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүредi. Сонымен қатар
бюджеттiк қатынастардың белгiлi бiр ерекшелiктерi болады. Бiрақ ол
ерекшелiк қаржыға тән сипат шегiнен шықпайды. Мемлекеттiк бюджет құн
бөлiнiсiнiң айрықша саласы ретiнде мыналармен сипатталады.
Жиынтық қоғамдық өкiмiнiң мемлекеттiң қасында жинақталып, қоғамдық
қажеттердi өтеумен байланысты бөлiс қатынастарының айрықша экономикалық
формасы болып табылады.
Құнды жасап, оны тұтыну процесiн бедерлейтiн материалдық өндiрiс
қаржысы мен құнды тұтынуға қызмет ететiн өндiрiстен тыс сала қаржысынан
айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары, аумақтар экономика
секторлары қоғамдық қызмет салалары. Арасында құнды қайта бөлiкке салуға
арналған.
Қоғамдық өнiмнiң тауар формасындағы қозғалысымен тiкелей байланысы
жоқ құнды бөлiсiн, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндiрiс
пен өндiрiстен тыс салаларды қаржы қатынастары тауар-ақша қатынастарымен
астасып жатады.
Кез-келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет
өндiрiстiк қатынастарды бейнелеп, ссудалық операцияларға лайық материалдық-
заттық көрiнiс табады.
Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қорында - бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда
жүрiп жатқан нақты экономикалық (бөлiс) процестерi мемлекет жұмылдырып
пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi.
Бюджет қоры - қоғамдық өнiм мен ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнiң
тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы өндiрiстi ұлғайту халыққа әлеуметтiк–мәдени
қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiндегi қажеттердi қанағаттандыру үшін
мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнiң объективтi алғы шарты бар экономикалық
формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге
байланысты болатын құн қозғалысыныңпроцесiн бiлдiредi.
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм
құнының мемлекеттiң орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы
түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту,
қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекетпен
қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша
қатынастарын бейнелейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизмi арқылы ықпал етедi. Мұнда
бюджеттiң бүкіл экономикаға ықпал құралы ретiндегi ролi көрiнедi.
Бюджет механизмi – мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң
жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн
белгiлеу, оны құру, пайдалану формаларымен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру
және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiсiп салу жолымен
жүзеге асырылады.
Өндiрiс құрал-жабдықтарына мемлекетiк меншiктiң әзiрше, басым болуы
шаруашылықты үлестерiне жүргізудi қажет етедi мұның өзi бюджет
қатынастарының жұмыс iстеуiнiң жоспарлы мақсатын алдын-ала айқындайды.
Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттiң ақшалай
қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы
бюджет байланыстарын тиiстi қаржы құжаты елдiң негiзгi қаржы жоспарында
бейнеленетiндегi жеткiзедi. Онда бюджеттiң экономикалық мазмұнын құрайтын
бөлiс процестерi қарастырылады. Кiрiстер және шғыстардың баптары
мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру
көздерiмен жұмсалу бағыттарын көрсетедi. Негiзгi қаржы жоспары –
мемлекеттiң жоспары қызметiнiң нәтижесi, онда қоғамның барлық мүлiктерiнiң
мүддесiнен бейнелейтiн мемлекет еркi бейнелейдi. Мемлекеттiң негiзгi қаржы
жоспарының көрсеткiштерi республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын
“Мемлекеттiк бюджет” туралы заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
Қоғамдық ұдайы өндiрiстегi мемлекеттiк бюджеттiң рөлi, ең алдымен,
өндiрiлген Ұлттық табыстың 39 процентiнiң жалпы қоғамдық өнiмнiң 18
процентiнiң бөлiгi және қайта бөлуге түсуiнен көрiнедi. Ол жоғарыда атап
өтiлгендей қаражатты елдiң халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет
саласы, өндiрiс секторлары, экономикалық аудандарымен аумақтары арасында
бөлiнедi.
Бүкіл халық шаруашылығының бюджетi болғандықтан, мемлекеттiк бюджет
экономикаға тұтас ықпал жасайды.
Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс саласында оның өсуiнiң
ретiнде зор роль атқарады. Бюджет қаржысы жеке (жеке кәсiпорындар
шеңберiнде) және қоғамдық (бүкіл халық шаруашылығы ауқымында) қорлар
қозғалысын. Кәсiпорындағы күрделi жұмсалымдары мен айналым қаржысын
бюджеттен қаржыландыру, операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке
жеке кәсiпорындардың өзiндiк айналым қорларына қосылып оның, iркіліссiз бiр
қалыпты жүруiне мүмкіндiк бередi.
Өндiрiстен тыс салалардағы бюджет қаржысы олардың қызметiнiң одан
әрi дамуының басты көзi. Бұл салалардағы мекемелер мен ұйымдардың басым
көпшiлiгi өздерiнiң табыс көздерi жоқ болғандықтан, мемлекеттiк бюджеттен
қаржылындырылады. Бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру,
ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы мемлекеттiң шығындары
-жалпы мемлекеттiк ауқымдағы әлеуметтiк мәдени шараларды жүзеге асыруға
мүмкіндiк беретiн қаржы базасы. Өндiрiстiк емес салалардың қызметiн қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының
нақты көлемiн қалыптастыруға, оны пайдалану да аудандық пропорцияға, оны
пайдалануда аудандық пропорцияға әсер етуi мүмкін.
Бюджет жүйесi экономикалық қатынастармен заң нормасына негiзделген
өз алдына жеке бюджеттердiң жиынтығы.
Бюджет құрылысы дегенiмiз – бюджет жүйесiн құрудың принциптерi,
оның буындарын өзара байланыстырудың ұйымдық формалары.
Бюджет жүйесiнiң құрылымы елдiң Ұлттық, мемлекеттiк құрылысымен
анықталады. Мемлекеттiк федеративтiк және унитарлық құрылыстры болуы
мүмкін; бiрiншiсiнде үш буынды бюджет жүйесi қолданылады. Ортақ бюджет
федералдық, республикалық, федерация, мүшелерiнiң республика, жер штат және
т.б. бюджеттерi.
Екiншi екi буынды бюджет жүйесi қолданылады: орталық бюджет және
жергiлiктi бюджеттер. Екеуiне де бюджеттердiң белгiлi бiр дәрежеде
дербестiгi мен бөлектенуi бар бiрақ орталық төлемдерiн орталықтандыру және
әлеуметтiк-экономикалық процестердi басқару деңгейiне қарай реттеп отырады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесiнiң құрылымына мыналар
кiредi:
-Республикалық бюджет;
-Жергiлiктi бюлджет.
Жергiлiктi бюджеттер: облыстық, аудандық, қалалық, қалалардағы
аудандық бюджеттер.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшылығымен
айқындалады.
Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық
өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді.
Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің
шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді.
Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік
бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда:
• ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы
мемлекеттік реттеу және ынталандыру;
• әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
• ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және
пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды
орындайды.
Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдеріне,
олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігіне,
бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігіне
көрінеді.
Мемлекеттің бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары,әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары-
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады.
Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің
кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші
бөлігінің қозғалысын анықтайды.
Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты
қайта бөлудегі маңызды орнын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша
рөлін айқындайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып
табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына
сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлтттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып
табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал
етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді.Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау,оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде
қараған жөн (1 сызбаны қараңыз).
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің
қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді
мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық
әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз
жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау,
сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ҚОНДЫРМА БӨЛІГІ
(СУБЪЕКТИВТІ ЖАҒЫ)
МЕМЛЕКЕТ ЗАҢЫ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ БАСҚАРУ
МЕХАНИЗМІ
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ
БАЗИС МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
БӨЛІГІ АҚША ҚОРЫ РЕСУРСТАР
(ОБЪЕКТИВТІ
ЖАҒЫ)
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ
ҚАТЫНАСТАР
1 сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен
етене байланысқан.
1.2. Бюджет кодексінің принциптері мен категориялары
Бюджет кодексі бюджеттiк және бюджетаралық қатынастарды реттейдi және
бюджет жүйесi жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен
пайдаланылуының негiзгi ережелерiн, принциптерi мен тетiктерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына нег iзделедi, осы Кодекстен және қабылдануы
осы Koдексте көзделген өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы
Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға
қолданылады. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы
органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi
қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актiлерi, осы актiлердiң қайтарымды
негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы
аяқталғаннан кейiн күшiн жояды. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдар,
тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың
шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттардың
шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi
атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актiлерi тиiстi қаржы жылының
1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi. Егер заң актiлерiнде және өзге
де нормативтiк құқықтық актiлерде Қазақстан Республикасының бюджет
заңдарына қайшы келетiн ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы
бюджет заңдарының ережелерi қолданылады.
Бюджет жүйесiнiң принциптерi
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан
Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде
бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай
рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды
есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан
шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет
көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан
Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi
жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын
өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан
Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi,
бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы
туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да
ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк
қаржы бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын
қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк
бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу
қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу
үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе
бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi
қамтамасыз ету;
7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың немесе
аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге
асыру;
8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан
Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер
арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы
Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың
барлық деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге
асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған
кiрiстердi, Бюджет кодексінiң 40-бабының 6-тармағында белгiленген
жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын
жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен
тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.
Бюджеттiк қамтамасыз етiлу - мемлекеттiк басқару органдары тиiстi
бюджет қаражаты есебiнен ұсынатын мемлекеттiк қызметтер көрсетудi
алушылардың бiрлiгiне шаққандағы заттай нормалар есепке алынған мемлекеттiк
қызметтер көрсету құны.
Бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Бюджеттiк инвестициялық бағдарлама - сипаты техникалық-экономикалық
негiздеу сатысында қол жеткiзу мерзiмiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн
бiрыңғай инвестициялық мақсатты көздейтiн iс-шаралар жиынтығы.
Бюджеттiк инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтiк-
экономикалық тиiмдiлiкке жету мақсатымен мемлекет активтерiнiң құнын
ұлғайтуға, адам ресурстарын дамытуға және табиғи ресурстарды жаңғыртуға
бағытталған қаржыландыру;
Бюджеттiк операциялар - бюджеттi атқару процесiнде жүзеге асырылатын
операциялар;
Бюджеттiк қатынастар - бюджет процесiнде туындайтын қатынастар.
Бюджет қаражаты - мемлекеттiк меншiкке түсуi мен жұмсалуы бюджетте
ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақша және өзге де активтерi.
Бюджеттiк инвестициялық жоба - шектеулi уақыт кезеңi iшiнде iске
асырылатын және аяқталған сипаты бар бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру
жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы.
Бюджет процесi - бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау,
түзету жөнiндегi, бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджет есебi мен есептiлiгiн
жүргiзу мемлекеттiк қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды
жоспарлау мен пайдалану жөнiндегi Қазақстан Республикасының бюджет
заңдарымен реттелген қызмет.
Мемлекеттiң активтерi - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiнде
мемлекеттiк меншікке алынған мүліктiк және мүліктiк емес игiлiктер мен
құндық бағасы бар құқықтар;
Мемлекеттiк инвестициялық саясат - инвестициялық процестердi ұлттық
экономиканың мүдделерi үшiн мемлекеттiк реттеудiң экономикалық және
қаржылық негiзделген шараларын көрсететiн әлеуметтiк-экономикалық саясаттың
құрамдас бөлiгi.
Мемлекеттiк бағдарлама - салааралық сипаты бар, әлеуметтiк-
экономикалық дамудың неғұрлым маңызды мiндеттерiн шешуге және мемлекеттiң
қорғаныс қабiлетiн, құқық тәртiбiн, заңдылық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз
етуге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi
әзiрлейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн бағдарлама.
Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн,
талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық
бюджет.
Облыстың бюджетi - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке
алмағанда, облыстық бюджеттi, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
бюджеттерiн бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және
бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Инвестициялық ұсыныс - инвестициялық жобаның (бағдарламаның)
мақсатын, оған жету жолдарын көрсететiн және инвестициялық жобаны
(бағдарламаны) одан әрi әзiрлеу үшiн оны алдын ала iрiктеудi жүзеге асыру
мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн инвестициялық жоба (бағдарлама)
тұжырымдамасы.
Кассалық алшақтық - қаржы жылы iшiнде шығыстар көлемiнiң бюджетке
түсетiн түсiмдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемiнен асып
түсуi.
Жергiлiктi бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджетi, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi.
Кiрiстердi бөлу нормативi - кiрiстердi әртүрлi деңгейлердегi
бюджеттердiң арасында бөлудiң проценттiк арақатынасы.
Салалық (секторлық) бағдарлама - Қазақстан Республикасының Үкiметi
бекiтетiн, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) неғұрлым
маңызды мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама.
Аймақтық бағдарлама - мәслихаттар бекiтетiн, аймақтың (аумақтың)
әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама.
Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орташа мерзiмдiк жоспары - Қазақстан
Республикасының Yкiметi немесе мәслихат бекiтетiн, республиканы немесе
аймақты әлеуметтiк-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған
негiзгi көрсеткiштерi мен бағыттарын және оларды iске асыру жөнiндегi
шараларды айқындайтын құжат.
Басым (республикалық немесе жергілiктi) бюджеттiк инвестициялық
жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi - республикалық немесе жергiлiктi
бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық
жобалардың (бағдарламалардың) тiзiмi болып табылатын, республиканы немесе
аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарына
қосымша.
Түзетiлген бюджет - тиiсiнше Қазақстан Республикасының Парламентiнде
немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе
жергiлiктi атқарушы органдар енгiзген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере
отырып бекiтiлген немесе нақтыланған бюджет.
Трансферттер - бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына,
сондай-ақ бюджеттен, соның iшiнде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетiн өтеусiз және
қайтарылмайтын төлемдер.
Бекiтiлген бюджет - тиiстi қаржы жылына арналған, Қазақстан
Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат бекiткен бюджет.
Нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының
Парламентi немесе тиiстi мәслихат қабылдаған өзгерiстер мен толықтыруларды
ескере отырып тиiстi қаржы жылына бекiтiлген бюджет.
Қаржыландыру - бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Қаржы жылы - бюджеттiң атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтiзбелiк жылдың
1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңi.
Ішкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган - iшкi мемлекеттiк
қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган -
жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi
әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу функциясын
жүзеге асыратын атқарушы орган.
Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган - Қазақстан
Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеу
функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Бюджет жiктемесi – бұл мемлекеттiң қаржы органдардың бүкіл бюджеттiк
қызметiнiң негiзiн қалайтын бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының жүйеленген
экономикалық топтамасы.
Бюджет жiктемесiнiң бөлiм, параграф, тарау және баптары болады.
Мемлекеттiк заемдар алудың екi жолы бар:
Бюджеттiң табыстары түрлі белгiлерi бойынша жіктеледi. Құрылу
көздерi бойынша олар заңды тұлғалардың салықтарына, халықтан алынатын
салыққа, заемдерге, мемлекеттiк меншiктi сатудан түскен түсімдерге және т.б
бөлiнедi.
Алу әдiстерi бойынша – салықтық, салықтық емес; салық түрлерi
бойынша – акциздерге, қосымша құн салығына, табыс салығына, кiрiс салығына
және т.б бөлiнедi.
Қоғамның экономикалық өмiрiнде бюджеттiк шығындардың рөлi мен мәнiн
айқындау үшін олардың айқын белгiлерiне қарай жiктейдi. Теория мен
тәжірибеде бюджет шығындарын жiктеудiң бiрнеше белгiлерi бар.
Ең алдымен бюджет шығындарын экономикалық жiктеу қолданылады,
олардың ұлғайған ұдайы өндiрiстiң барысына әсерiн көрсетедi. Бұл жағдайда
ағымдық және капиталдық бюджет шығындарына бөлiнедi. Ақша қаражаты
бағытталған қызмет саласын көрсететiн бюджет шығындарының қызметтiк
жiктелуiнiң мәнi зор.
Ведомствалық жiктеуi бюджеттiк ассигования алатын заңды тұлғаларды
немесе мемлекеттiк мекемелердi сай келерлiк министрлiктерге бөлуге
мүмкіндiк бередi. Бюджет шығындарын бұлай жiктеу, басқару жүйесiнiң
өзгеруiмен байланысты, шығындар құрылымындағы үлкен өзгерiсттердi
көрсетедi.
Мақсаттық бағытына қарай, яғни жұмсалуының нақты түрiне қарай
шығындарын жiктеу, бюджет қаражатын тиiмдi қолдану үшін алдын–ала жағдай
туғызады. Бюджеттiк ассигнованияны қолдануды ықпалды түрде бақылау мен
тиiмдi жүзеге асыру үшін қажеттi база болып келедi.
Шығындарын аумақтық жiктеу
Облыс бюджетi – бiр-бiрiнiң арасына өзара жатқызылатын операциялар
есебiнсiз жасалатын облыстық, қалалық және аудандық бюджеттiң жиынтығы.
Бюджеттiк бағдарлама – айқын бiр мемлекеттiк қызметтi орындау
бойынша iс шаралар жиынтығы.
Бюджеттiк процедура – бюджеттi жасау, қарау, бекiту, қолдану
бойынша оның орындалуын бақылау және бюджеттiң орындалуы бойынша есебiн
бекiтудегi мемлекеттiк органдар мен қызметтiк тұлғалардың қызметтерiн заң
актілерiмен белгiлеу.
Үкiметпен кепiлдендiрiлген қарыз – Қазақстан Республикасының
Үкiметiнiң кепiлдiгi бар, айқын бiр уақытта игерiлген сома және
қайтарылмаған, өтелмеген заемдар.
Мемлекеттiк құнды қағаздар – үкiметтiң және жергiлiктi атқарушы
органдардың шығарған құнды қағаздары немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық
банктiң құнды қағаздары.
Мемлекеттiк бюджет – бiр–бiрiмен өзара жатыстыру есебiнсiз,
республикалық және жергiлiктi бюджеттер жиынтығы.
Бюджет тапшылығы – шығыстар көмегiнiң бюджеттегi қайтарымды негiзде
бөлiнген кридиттердi бюджетке түсетiн түсімдердi жалпы сомасынан асып
түсу. Бекiтiлген республикалық бюджет тапшылығының мөлшерi Ұлттық валютамен
және iшкi жалпы өнiмге қатысты процентпен ал жергiлiктi бюджеттiң тапшылығы
көрсетiледi.
Бюджет - мемлекеттегi орталықтандырылған ақшалай қоры, заңмен
немесе жергiлiктi өкiлеттi органдарының шешімiмен бекiтiлген, заң
актлерiмен қаралған салық есебiнен, төлемдердегi басқада мiндеттi
төлемдерге капиталмен жүргiзiлген операциялар табысынан салықтық және басқа
да түсімдерден құрылған және мемлекеттегi өз қызметiн атқаруды қамтамасыз
етуiне тағайындалған ақшалай қор болып келедi.
Бюджеттiк өтiнiм – Қазақстан Республикасының Қаржы
Министiрлiктерiнiң бекiткен формасы бойынша олардың администраторларына
берген бюджеттiк бағдарламаларының қаржылық негiздемелерi.
Бюджеттiк алу – облыстық бюджеттердегi және Алматы, Астана
қалаларының бюджетiнен республикалық бюджетке заңмен айқындалған сомада
берiлетiн заңды тарнсферттер немесе жергiлiктi маслихаттың шешiмiмен
айқындалған сомада аудан және қала бюджеттерiнен облыстық бюджетке
берiлетiн заңды трансферттер.
Бюджеттiк жiктелу – қызметтiк, ведомствалық және экономикалық сипаты
бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiктерi бекiткен бюджетке
түсу және бюджеттен жұмсалу топтамалары болып келедi.
Бюджет кiрiстерi – салықтардан, алымдар мен бюджетке төленетiн басқа
да мiндеттi төлемдердегi алынатын түсімдердi салыққа жатпайтын және өзге де
түсімдердiң, сондай–ақ бюджетке қайтарылмайтын негiзге келiп түсетiн
капиталмен жасалынатын операциялардан түсетiн кiрiстердiң көлемi.
Жергiлiктi бюджеттер (әкiмшiлiк - аумақтық бiрлестiктердiң
бюджеттерi) - облыстық бюджеттер, арнаулы экономикалық аймақтардың қаржы
қорлары (бюджеттер, қалалардың аудандық маңызы бар қалалардан басқа)
қалалардың аудандарын қоспағандағы, аудандардың бюджеттерi;
Жергiлiктi атқарушы органның борышы – жергiлiктi атқарушы органның
белгiленген уақытта игерiлген және өтелмеген заемдарының сомасы.
Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы - облыстар Астана және
Алматы қалалары әкiмдерiнiң жергiлiктi атқарушы органдардын шарты келiсiм
шарт немесе бағалы қағаздарды нысанындағы заемдарды тарту алу орналастыру
қызмет көрсету және өтеу процесi.
Бюджеттiгi профецитiн пайдалану – борыштың негiзгi соммасын
қайтаруға жiберiлетiн бюджет профецитiнiң заем қаражаттары түсімi
шегерлеген көлемi.
Кредиттеу – заңды және жеке тұлғаларға бюджеттен қайтарымды негiзде
ақша қаражатын бөлу.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар – жергiлiктi атқарушы органдар
әзiрлеп, жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтетiн және жергiлiктi бюджеттерге
қаржыландырылатын бағдарламалар. Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын –
үкіметтiк және үкімет тарпынан берiлген қаражаттарды экономикалық басым
секторлары бойынша инвестициялардың Қазақстан Республикасының Үкіметi
бекiтетiн бағдарламасы.
Бюджет профицитi – бюджетке келiп түсетiн кiрiстер мен ресми
трансферттер түсімдерiнiң және бұрын бюджеттен берiлген кредиттер бойынша
негiзгi борышты өтеудiң жалпы сомасының жалпы шығыстар көлемiнен және
қайтарымды негiзде бөлiнетiн кредиттердiң асып түсуi.
Бекiтiлетiн бюджет – профицитiне мөлшерi Ұлттық валютамен және жалпы
iшкi өнiмге процентпен есептеледi.
Бюджет шығыстары – бекiтiлген бюджет негiзде қайтарылмайтын негiзде
бөлiнетiн қаражат. Республикалық қаражат – Қазақстан Республикасының
заңымен бекiтiлген түсімдер мен бюджет тапшылығының қаржыландыру есебiнен
қалыптастырылатын және өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен заң
актiлерi жүктеген мiндеттердi жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлейтiн республикаллық бюджет бағдарламаларының қаржыландыруға
арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Секвестр – бюджеттiң атқарылуы кезiнде бюджет тапшылығының
белгiленген деңгейiнен артып кететiн не кiрiс көздерiне түсетiн түсімдер
қысқартылатын, соның салдарынан бюджетке көзделген бюджеттiк
бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайларда
енгiзiлетiн қаражатын белгiленген шекте жұмсалуына тыйым салынуын көздейтiн
арнаулы механизм.
Бекiтiлген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламентi немесе
тиiстi жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен, тиiстi қаржы жылына арналған
бюджет.
Нақтыланған бюджет – Қазақстан Республикасының Парламентi немесе
тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдар бюджеттiң атқарылуы барысында енгiзiлген
өзгерiстердi ескере отырып бекiткен, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет.
Бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуi – бюджеттiң әр түрлі деңгейiнiң өзара
байланысына негiзделген және оларды әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, бақылау
тәртiбiнiң, сондай–ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы
туралы есеппен қамтамасыз етiледi.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджетінің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1) кірістер;
• салықтық түсімдер;
• салықтық емес түсімдер;
• негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
• ресми трансферттер түсімдері;
1) шығындар;
2) операциялық сальдо;
3) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
5) бюджет тапшылығы (профицит);
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану);
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді
түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет
қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) тұрақты сиапты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге
байланысты шығындар;
3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты
іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына
арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге)
мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
1) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін
ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдерден
байланысты шығындар;
2) заңды тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және
қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз
және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
3) ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-
ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік
міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:
Бюджет тапшылығын қаржыландыру – қарыз алу және бюджет қаражатының
бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның
көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозхғалысының
қарыздар бойынша негігі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде
белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және
бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.
Бюджет профицитін пайдалану – қарыздар бойынша негізгі борышты
өтеуге бюджетпрофицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос
қалдықтарын жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу
сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы
сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және
бюджет профицитінің шамасына сай келеді.
Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан,
алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің сондай-ақ негізі
капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
“Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне” сәйкес республикалық
бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:
1) салықтық түсімдер алымдар және рациялық табыс салығы, қосылған
құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында
өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге
және Қазақстанның аумағында импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн
салығы, импортталатын тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда,
шикі мұнайға салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары
мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента
салығы, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының
жүріп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz