Түркілердің өміріндегі бөрінің орны



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Түркілердің өміріндегі бөрінің орны
Түркі мифологиясындағы бөріге қатысты аңыз әңгімелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қасқырды түріктер «бөрі» дейді (моңғолша – шино/чинно). Көне түріктер қасқырды Көк Құрт деп атаған. Көк дегеніміз – көк түс, көк аспан. Ал, түріктің «құрт» дегені қазақтың «құртылу» деген сөзінің түбірі. Демек, көк бөрі түріктердің тайпасын ажалдан аман алып қалған, көк аспандағы Көк Тәңірісінің өзі жіберген ерекше қасиетті жануар.
1968 жылы Моңғолиядағы Бұғыты деген жерден Түрік қағанатының алғашқы кезеңін бейнелейтін тақтаға соғда тілімен жазылған эпиграфиялық ескерткіш табылды. Ескерткіштің бетіне аяқ-қолы кесілген адамның қасында тұрған қасқырдың бейнесі салынған. Тасқа қашалған осынау сюжет не білдіреді? Нені баяндайды?
Қытай жылнамашылары Бей-ши және Суй-шилердің айтуынша түріктердің арғы тегі батыс теңізінің жағалауында өмір сүрген ғұн тайпасының Ашин атты ақсүйек руынан шыққан-мыс. Бірде көрші рудың адамдары бұларды бірін қалдырмай қырып кеткен. Тек жалғыз ғана тоғыз жасар ұлдың қол-аяғын бірдей кесіп, азаппен өлсін дегендей өзін көл жағасындағы қалың қамыстың арасына тастап кетеді. Оны қаншық қасқыр тауып алып, асырап, ақырында оның балаларының анасы болады.
Жаулардан қашып сол бөрі Алтай тауының аяқ баспас үңгіріне жасырынып, сол апанда он ұл табады. Ендігі бір қисында қаншық қасқыр Тұрфанның теріскейіндегі Шығыс Тянь-Шянь тауларына тығылған дейді. Сөйтіп, оның ұлдарының бәрі Тұрфанның қыздарын таңдаған. Ал Ашинның немересі сол тайпаның көсемі болған. Ашина деген сөз «мейірімді бөрі» дегенді білдіреді. Өздерінің арғы анасы Ашинаға көрсетілген құрмет-парыз ретінде олар өз руының туына бөрінің басын бейнелеген.
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 4 том – Алматы 2002 ж. 682б.
2. М. Жармұхамедов «Көненің көзі» - Алматы «Санат» 1996 ж,54 б.
3. Ана тілі 3 сынып – Алматы «Атамұра» 2003ж.
4. Ежелгі дәуір әдебиеті – Алматы «Ана тілі» 1991 ж.
5. Қазақ тілі 10 сынып- Алматы «Мектеп» 2006 ж.
6. Образование тюркского каганата и его распад – Өскемен 2004 ж.
7. Қ. Өмірәлиев «Оғыз қаған эпосының тілі» - Алматы: «Ғылым» 1988ж.
8. Тұрсынхан Зәкенұлы «Көк бөрілердің көз жасы» - Астана «Елорда»
9. 2002ж
10. Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр – аңыздар» - Алматы: 1985 ж.
11. Жетісу газеті Талдықорған қаласы 14.01.2006ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Түркілердің өміріндегі бөрінің орны
Түркі мифологиясындағы бөріге қатысты аңыз әңгімелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қасқырды түріктер бөрі дейді (моңғолша – шиночинно). Көне түріктер
қасқырды Көк Құрт деп атаған. Көк дегеніміз – көк түс, көк аспан. Ал,
түріктің құрт дегені қазақтың құртылу деген сөзінің түбірі. Демек, көк
бөрі түріктердің тайпасын ажалдан аман алып қалған, көк аспандағы Көк
Тәңірісінің өзі жіберген ерекше қасиетті жануар.
1968 жылы Моңғолиядағы Бұғыты деген жерден Түрік қағанатының алғашқы
кезеңін бейнелейтін тақтаға соғда тілімен жазылған эпиграфиялық ескерткіш
табылды. Ескерткіштің бетіне аяқ-қолы кесілген адамның қасында тұрған
қасқырдың бейнесі салынған. Тасқа қашалған осынау сюжет не білдіреді? Нені
баяндайды?
Қытай жылнамашылары Бей-ши және Суй-шилердің айтуынша түріктердің арғы
тегі батыс теңізінің жағалауында өмір сүрген ғұн тайпасының Ашин атты
ақсүйек руынан шыққан-мыс. Бірде көрші рудың адамдары бұларды бірін
қалдырмай қырып кеткен. Тек жалғыз ғана тоғыз жасар ұлдың қол-аяғын бірдей
кесіп, азаппен өлсін дегендей өзін көл жағасындағы қалың қамыстың арасына
тастап кетеді. Оны қаншық қасқыр тауып алып, асырап, ақырында оның
балаларының анасы болады.
Жаулардан қашып сол бөрі Алтай тауының аяқ баспас үңгіріне жасырынып,
сол апанда он ұл табады. Ендігі бір қисында қаншық қасқыр Тұрфанның
теріскейіндегі Шығыс Тянь-Шянь тауларына тығылған дейді. Сөйтіп, оның
ұлдарының бәрі Тұрфанның қыздарын таңдаған. Ал Ашинның немересі сол
тайпаның көсемі болған. Ашина деген сөз мейірімді бөрі дегенді білдіреді.
Өздерінің арғы анасы Ашинаға көрсетілген құрмет-парыз ретінде олар өз
руының туына бөрінің басын бейнелеген.

Түркілердің өміріндегі бөрінің орны
Н. Бичуриннің қытай жылнамаларынан келтірген ендігі бір аңызында Ғұн
көсемінің асқан сұлу екі қызы болыпты. Мұндай сұлуларға ешқандай адам
баласын лайық көрмеген көсем, олар өздерін аспан көкке арнасын деп
қыздарына көк аспанмен таласқан зәулім қамал-мұнара салғызады. Төрт жылдан
кейін бір қасқыр келіп қамалдың түбін қазып ішке кіріп, сонда тұра
бастайды.
Көсемнің кіші қызы мұны көріп, оған төменге түсіп барғысы келеді. Көк
аспанмен байланыссын деп атамыз бізді осынау мұнараға әкелді. Ал бізге бөрі
келіп тұр. Мүмкін тағдырдың сыйлаған бақыты осы болар? Сөйтіп қыз төменге
түсіп, қасқырға келеді. Оған күйеуге шығып, қасқырға ұл тауып береді.
Олардың өсіп-өнген ұрпақтары түгелдей патшалықты құрайды. Неліктен екенін
қайдам, әйтеуір, мұндағы адамдар дауысын ұзақ созып, қасқырдың ұлығаны
сияқты әуенге салғанды жақсы көреді.
Жер шарының басқа аймақтарында да, мысалы Камчаткада да кейбір
аңыздарда әйелдің бөрімен байланысы туралы айтылады. Аңызға қарағанда
олардан дүниеге егіз бала келеді. Қазіргі арал тұрғындарының арғы тегі
солардан тараған дейді. Көктем шыға Камчаткада олардың құрметіне үлкен
мереке болады. Сабаннан бөрінің мүсінін жасап, оны айнала ән салып, би
билейді. Содан соң араларындағы ең сұлу қызды таңдап алып, шартты түрде оны
бөріге күйеуге берген тойын қызықтайды.
Қасқырдың құтқарушылық қызметі көне түріктердің көптеген аңыздары мен
жазбаша ескерткіштерінде көрініс тапқан.
Оғызнама эпосында Оғыз қаған жорыққа шығар алдында өзінің
тайпаластарына мынадай жалынды сөздерін арнайды: Мен сіздердің қағандарың
болдым. Қолдарыңа қалқан мен садақ алыңдар, ол сіздерге игілік таңбасы
болсын, Көк бөрі ұранымыз болсын!.
Ергенекон эпосында көк түріктер татарлардан жеңіліп, Ильханның екі
ұлы – Қиян мен Ноғыздан басқаларының бәрі қырылады. Жаудан қашқан
ағайындылар өз жұртынан да, жаулардан да аулақ тау арасына келіп жасырынбақ
болады. Жолда оларға ұрғашы марал жолығып, оларды тау арасындағы жазыққа
бастап барады. Жан-жақты жете барлаған Қиян мен Ноғыз бұл жерге өздерінен
басқа жан адамның аяқ баспағанына көздері жетіп, қуанғаннан құдайға сиынып,
осы жерге мекен тебеді. Содан 400 жыл бойы көк түріктер осында өніп-өседі.
Жан-жағын тау қоршаған бұл жазықтың өзі де енді көк бөрілерге тарлық етеді.
Сонда олар тау арасына тығылмай енді бабаларының туған жерін табуға
бекінеді. Олар тау арасында адасып көп жүреді, оларды тек ғайыптан пайда
болғандай көкжал бөрі ғана жолға салады.
Татар аңызы да қызықты. Ерте заманда тау мен орман арасында көшіп
жүрген татарлар жаудың қоршауына тап болып, қырылуға шақ қалғанда бұларды
ғайыптан пайда болған ақ қасқыр келіп құтқарады.
Хакастың Албынжы эпосында Ах пуур (Ақ бөрі) – Албынжы батырдың
сенімді серігі болады. Алтайлықтардың Ақ Тойчы атты батырлық эпосында да
ақ бөрі Ақ Тойчы батырдың сенімді серігі болып көрсетіледі.
Башқұрт халқының атауы да бөріге табынудан шыққан. Башқыр, Башқорт
деген атау сөзбе – сөз алғанда Бас бөрі, Арлан бөрі, қасқыр үйірін
бастап алда жүретін Көкжал бөрі деген ұғымды білдіреді.
Қырғыз дастарында ең даңқты батырларды Көкжал бөрілер деп атаған.
Қырғыздың Манас эпосында Менің көк бөрі сұлтаным деген тіркес жиі
кездеседі. Манас ханның өзі туралы:
Манас білген бәрін де,
Саққұлақ көкжал бөрідей, – дейді.
Ең өжет, ең жүректі, ең батыл адамдарды Әзербайжандар қасқырдың
жүрегін жұтқан, бөрінің ұлы деп дәріптейді. Гөөк бөри деген есім мұнда
кең тараған.
Қорқыт ата кітабі дейтін атақты эпоста оның кейіпкерлерінің өмірінде
қасиетті қасқырдың маңызы зор екені атап айтылған.
Бөрі атаулы саха бақсылары табынатын ең қасиетті жануар. Саханың аңыз-
ертегілеріндегі желеп-жебеуші рухтың тоғыз ұлы – қасқырларға ұқсас.
Жазбаша деректерге қарағанда өздерін осы көне тотемнен шықтық деп
есептейтін Половшылар – (қыпшақтар мен құмандар, яғни далалықтар) ордасы да
бөріге табынған. Орданың ханы Боняктың өзі осы қасиетті табынудың бас абызы
болған.
Қасқырды киелі деп табыну қазақ бақсыларының арасында да сақталған.
Жебеушісін шақырып бақсылық өнерінің шыңына жеткен арпалыста көмекке
көкжал бөрінің енесі қаншық қасқырды, алты қарыс аш қасқырды, азуы өткір,
ашулы жас қасқырды шақырады. Қазақ руларының туында бөрінің алтын басы
бейнеленген. ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын Сүйінбай Аронұлы:
Бөрі басы – ұраным,
Бөрілі менің байрағым,
Бөрілі байрақ көтерсе.
Қозып кетер, қайдағым, – деп жазған.
Жоңғарларға қарсы жорықта даңқы шыққан Жәнібек ханның бөрі басы
тігілген туы жау келердің алдында дүрілдеп, немесе ерекше дыбыс шығарып,
алда болар айқасты білдіріп отырған.
Түрікмендер мен өзбектерде той үстінде Гөөк бөріге қыз ұзату салты да
сол тотемге табынудан шыққан және дүниеге мықты ұрпақ келтіру мақсатын
көздеген.
Қасқырдың азу тісі түріктерге тұмар болған, ал қазақтар оны малды аман
сақтайды деп, жаңа қонысқа іліп қойған. Қасқырдың азуы мен тырнағын, жалы
мен құйрық жүнін жас нәрестені көз тиуден сақтайды деп бесік арқасына
ілген. Ол әлі күнге дейін ересектер мен балалар киімінде түрлі формада
көрініс тауып жүр.
Көне түріктер заманында бөрінің алтын, күміс, қола мен мыстан құйылған
бас бейнесімен тек қана ту емес, сонымен қатар, қару-жарақ пен ат
әбзелдерін әшекейлеген. Ол туралы ұлы Көнетүрік қағанатының жерінде
табылған археологиялық қазбалар айғақтайды. Бөрі басы бейнеленген заттар
билік пен ерліктің, өрлік пен тектіліктің нысаны болды. Олар бөрі рухының
қашанда жебеп жүретін салтына айналды.
Түбі бір түркі тілдес халықтардың ауызекі әдебиетінде түбірі, мағынасы
бір сөздер көптеп кездеседі. Біреуі өзінің мәнін жоғалтып пайдаланудан
шықса, енді бірі уақыт өте бейімделіп, тұрмыс-тірлікте қолданып келе жатыр.
Сол сөздердің ішінде Көк бөрі сөзі мені қызықтырды. Бір қарағанда жай
ғана бөрі, тарлан қасқырдың түсін білдіретін сөз тізбек сияқты болып
көрінгенмен, түбірінде кең мағына жатқанын түсіндіріп көрейін. Мен Көк
бөрі сөзінің мағынасын зерттеу барысында көк сөзіне тоқтала кетуді жөн
көрдім. Мына төмендегідей мағыналарды сөздіктен таптым:
а) түпсіз тұңғиық аспан әлемі, әуе,
Құс алған көкке қарар (халық даналығы)
ә) Көк аспан - көк жүзі, аспан күмбезі
б) Көк күмбезі – аспан әлемі
в) Киіз үйдің керегесінен т.б. көктейтін түйенің терісінен істелген
таспа, қайыс. Қарап тұрдым керегенің көгінен. (С. Сейтқазин)
г) Заттың көгілдір аспан тәрізді түсі. Бала көкке құмар болады.
ғ) көк бөрі – азулы, адуынды деген мағынаны білдіреді.
М. Жармұхамедовтың оғыз нама дастанында көк сөзі айрықша жиі
қолданылып бір – бірінен алшақ үш түрлі мәнге ие болып тұр:
А) Заттың сын – сипатын білдіретін кәдімгі эпитет түрінде (өң –
шырыйы көк еді, көк жарық түсті, жарық айнадан көгілдірек, көзі
көктен көгірек, көк бөрі, көкжал арлан)
Б) Белгілі бір заттың не кісінің тікелей аты (көк шатырымыз болсын,
оқты көкке атыңдар, Көк – Оғыздың ұлының аты)
В) Жаратушы, әмірі күшті Алла (көк тәңірі, көктен көк жарық түсті,
қыз күлсе, көк тәңірі мағынасында тәңірі күлер еді, жыласа көк тәңірі
жылар еді, көк тәңірге мен өтемін)
Мен бұл көк бөрі сөзін талдау барысында алдыма қойған көптеген
мақсаттарым болды. Мысалы ең негізгілерін атап айтатын болсам;
Байрағымыз неге көк?
Түріктер өзінің шығу тегін неге көк бөріден таратады?
Көк бөрі туралы көптеген аңыздар шындыққа ұласа ма?
С.К.Игiбаевтiң Түркі қағанатының құрылуы және оның күйреуі атты
тарихи еңбегiндегі айғақтары нені дәлелдеді?
Оғыз қаған жырындағы жол бастаған Көкжал бөрінің көк бөріге қатысы
бар ма?
З. Тұрсынханұлының кітабы неге Көк бөрілердің көз жасы деп аталды?
Тудың көгілдір бір түстілігі бұлтсыз ашық аспан күмбезін еске түсіреді.
Зеңгір көк ашық аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшіліктің, аманшылық
пен тыныштықтың белгісі болған.

Түркі мифологиясындағы бөріге қатысты аңыз әңгімелер

Көк бөрі – түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. Көк бөріге
қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және монғол аңыздарында кездеседі.
Көк бөрі туралы аңыздардың қытай тіліндегі жылнамаларында сақталып қалған
деректерде былай суреттеледі;
Бір халық жаугершілік заманда қырылған екен. Бетпақ дала ішінде аяқ –
қолы шабылып жараланған он жасар бала ғана тірі қалғандығы айтылады. Ол
балаға бір қаншық қасқыр жолығып, емізіп, қанын тоқтатып, жарасын жалап
жазып алады.
Бала есейгенше сол қасқырмен бірге тұрған деседі. Кейін жаулар бала
жігітті тауып алып, өлтіргенше буаз қасқыр Гауачан тауының терістігіндегі
бір үңгірге барып жасырыныпты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түріктердің түсінігіндегі бөрі образы
Қазақ ертегілеріндегі қасқыр бейнесі
Халықтық наным-сенімдердің этнолингвистикалық сипаты
Қасқыр бейнесінің поэтикасы
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
«Көк бөрі» сөзінің түрік мифологиясынан алатын орны
Оғыз қаған тарихи жұрт
Арғытүркілердің мәдени мұрасы туралы
Түрік мифологиясының құдайлары
Түркі халықтарының фольклорында қасқыр бейнесі
Пәндер