Анықтама. Қызметіне қатысты құжаттарды қолдану. Хаттама


1 Анықтама
2 Қызметіне қатысты құжаттарды қолдану
3 Хаттама
Анықтама — мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс кағазының түрі.
Анықтама істің жайын объективті түрде көрсетуі тиіс, сондықтан оны жасау мәліметтерді мұқият жинау және тексеру, алынған деректерді салыстыру және талдауды талап етеді.
Анықтаманы әдетте екі топка бөледі: Бірінші топта қандай да бір заңды фактіні куәландыратын қызметтік сипаттағы фактілер мен оқиғалар туралы ақпарат болады және мүдделі азаматтар мен мекемелерге беріледі. Анықтамалардың екінші тобы атқаратын қызметі, жалақысы тұратын жері, асырауында адамдардың болуы туралы растайды. Кәсіпорынның басшысы қызметкердің сұрауы бойынша мамандығын, лауазымын, біліктілігін. жұмыс уақытын және жалақысының мөлшерін көрсете отырып, осы ұйымдағы жұмысы туралы анықтама беруге міндетті.
Анықтаманың мәтіні әдетте мәліметтер берілетін тұлғаның атау септігіндегі аты-жөнін көрсетуден басталады. Анықтаманың соңында не оң жақ жоғары бұрышында анықтама берілетін мекеменің атауы жазылады. Анықтамаларды беру туралы журнал бойынша есеп жүргізілген кезде анықтаманың күнін көрсете отырып. оған реттік сан қойылады. Осындай анықтамалар бір дана болады. Анықтамаға оны жасаған және берілген мәліметтерге жауап беретін тұлға қол қояды. Анықтаманың мәтіні қолмен және мөрмен расталады. Бухгалтерия көбінесе жеке тұлғалардың бір жылдағы кірістері туралы салық инспекциясына анықтама береді.
Анықтаманың бір нұсқасы басшылыктың сұратуы бойынша жасалған және өндірістік тақырып бойынша ақпараты бар анықтамалар болып табылады, мысалы, бір тоқсанда өнімді сатудан түскен түсімнің өсу динамикасы тура-лы анықтама. Мұндай анықтамалар ішкі және сыртқы құжаттар болуы мүмкін. Кәсіпорынның басшысына арналган анықтамаларды орындаушы (құрастырушы) дайындайды және қол қояды, таза қағазға ресімделеді. Автор мекеменің орнына құрылымдың бөлімшенің атауы жазылады, мысалы бухгалтерия.
Сыртқы ұйымдардың сұратуы бойынша жасалған анықтамаларға кәсіпорынның басшысы қол қояды және кәсіпорынның бланкісінде ресімделеді. Осындай анықтаманың оның мазмұнын ашатын анықтамада жазылған тақырыбы болады. Күн, адресат, тақырып, мәтін, қол анықтамалардың осы екі түрінің міндетті деректемелері болып табылады. Анықтаманың тақырыбына анықтамада келтірілген деректемелердің уақыты және күні болуы мүмкін, мысалы, «2001 жылғы 1-тоқсанда алынган кірістер туралы» анықтама.
Анықтамаға бірнеше мәселелер бойынша мәліметтер берілетін болса онда беті айтылатын мәселелерге байланысты саннан тұратын бөлімдерге бөлінеді. Бөлімдердің де тақырыбы болады, олар араб сандарымен нөмірленеді. Сандық көрсеткіштері ба? анықтамалар кесте түрінде рәсімделуі мүмкін.
Өндірістік тақырып бойынша анықтамалар екі дана жасалады, бір данасы адресатка жіберіледі. екінші данасы іске тігіледі. Мәліметтерінің қаржылық сипаты бар анықтамаларға басшы, бас бухгалтер қол қояды және мөр соғылады.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Анықтама
Анықтама — мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін,
растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс кағазының түрі.
Анықтама істің жайын объективті түрде көрсетуі тиіс, сондықтан оны
жасау мәліметтерді мұқият жинау және тексеру, алынған деректерді салыстыру
және талдауды талап етеді.
Анықтаманы әдетте екі топка бөледі: Бірінші топта қандай да бір
заңды фактіні куәландыратын қызметтік сипаттағы фактілер мен оқиғалар
туралы ақпарат болады және мүдделі азаматтар мен мекемелерге беріледі.
Анықтамалардың екінші тобы атқаратын қызметі, жалақысы тұратын жері,
асырауында адамдардың болуы туралы растайды. Кәсіпорынның басшысы
қызметкердің сұрауы бойынша мамандығын, лауазымын, біліктілігін. жұмыс
уақытын және жалақысының мөлшерін көрсете отырып, осы ұйымдағы жұмысы
туралы анықтама беруге міндетті.
Анықтаманың мәтіні әдетте мәліметтер берілетін тұлғаның атау
септігіндегі аты-жөнін көрсетуден басталады. Анықтаманың соңында не оң жақ
жоғары бұрышында анықтама берілетін мекеменің атауы жазылады. Анықтамаларды
беру туралы журнал бойынша есеп жүргізілген кезде анықтаманың күнін көрсете
отырып. оған реттік сан қойылады. Осындай анықтамалар бір дана болады.
Анықтамаға оны жасаған және берілген мәліметтерге жауап беретін тұлға қол
қояды. Анықтаманың мәтіні қолмен және мөрмен расталады. Бухгалтерия
көбінесе жеке тұлғалардың бір жылдағы кірістері туралы салық инспекциясына
анықтама береді.
Анықтаманың бір нұсқасы басшылыктың сұратуы бойынша жасалған және
өндірістік тақырып бойынша ақпараты бар анықтамалар болып табылады, мысалы,
бір тоқсанда өнімді сатудан түскен түсімнің өсу динамикасы тура-лы
анықтама. Мұндай анықтамалар ішкі және сыртқы құжаттар болуы мүмкін.
Кәсіпорынның басшысына арналган анықтамаларды орындаушы (құрастырушы)
дайындайды және қол қояды, таза қағазға ресімделеді. Автор мекеменің орнына
құрылымдың бөлімшенің атауы жазылады, мысалы бухгалтерия.
Сыртқы ұйымдардың сұратуы бойынша жасалған анықтамаларға кәсіпорынның
басшысы қол қояды және кәсіпорынның бланкісінде ресімделеді. Осындай
анықтаманың оның мазмұнын ашатын анықтамада жазылған тақырыбы болады. Күн,
адресат, тақырып, мәтін, қол анықтамалардың осы екі түрінің міндетті
деректемелері болып табылады. Анықтаманың тақырыбына анықтамада келтірілген
деректемелердің уақыты және күні болуы мүмкін, мысалы, 2001 жылғы 1-
тоқсанда алынган кірістер туралы анықтама.
Анықтамаға бірнеше мәселелер бойынша мәліметтер берілетін болса онда
беті айтылатын мәселелерге байланысты саннан тұратын бөлімдерге бөлінеді.
Бөлімдердің де тақырыбы болады, олар араб сандарымен нөмірленеді. Сандық
көрсеткіштері ба? анықтамалар кесте түрінде рәсімделуі мүмкін.
Өндірістік тақырып бойынша анықтамалар екі дана жасалады, бір данасы
адресатка жіберіледі. екінші данасы іске тігіледі. Мәліметтерінің қаржылық
сипаты бар анықтамаларға басшы, бас бухгалтер қол қояды және мөр соғылады.
Анықтама жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның нұсқауымен
жазылады. Ол қажет ететін мәліметтерден ғана тұрады — ұсыныс, корытынды
болмайды.
Мекеменің өз ішіне қажет анықтамаға соны жазушы адам қол қояды,
жоғарыға жіберілетін анықтамаға мекеме басшысы қол қояды.
Анықтамалар да баяндау хаттарға тән деректерден түрады.
Анықтамада бірнеше мәселелер қамтылса. мәтінің бірнеше бөлікке бөлген
немесе кесте түрінде құрастырған жөн.
Жеке адамға байланысты анықтамалар (мекемедегі жұмысы, лауазымы, қуы,
тіркелімі т.б.) қалыпты қағаздарға толтарылып. кадр бөлімі бастығының не
кәсіпорын басшысының және бас бухгалтердің қолы қойылады, мөрмен
куәландырылады.
Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттігінің шеңберінде анықтама
беруге нұсқау береді және оны растап қол қояды. Анықтама көп жағдайда жеке
адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы,
фамилиясы, аты-жөні, туған күні, туған жері, еңбек стажы, атқаратын
қызметі, білімі туралы мәлімет, мамандығы т.б. Анықтамада берілген мәлімет
әркез мүқият тексерілуі қажет. Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр
бөлімінің қызметкері я ұйым жетекшісі өкілеттік берген секретариат
қызметкері айналысады. Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті
бөлім қызметкері тексереді. Мысалы, еңбекақы туралы мәліметті "бухгалтерия
бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды. Анықтама беру журналындағы рет
санының өсу тәртібіне орай әр анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана
берілсе ол да көрсетіледі. Мысалы, "4222", Берілген анықтаманың көшірмесі
мекемеде қалдырылмайды. Кейбір ерекше жағдайда көшірмесі қалдырылатын болса
ол жеке іс папкасына немесе қызметкердің жеке ісіне тігіледі. Анықтама А5
форматты парақта дайындалады. Кейбір көлемі үлкен анықтамалар үшін А4
форматты қағаз парағы пайдаланылады. Анықтама құрылымына мына мәліметтер
кіреді:
• құжат аты;
• негізгі мәтін;
• анықтаманың қай ұйымға берілгені туралы мәлімет;
• анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет;
• анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтама беруші адамның
қолы.
Құжат аты. Құжат аты үлкен әріптермен ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы
Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі
Құжат түрлері және құжаттарды толтыру
Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарды жүргізу пәні
Ұйымдағы басқару құжаттарының міндеттері
Фирманың тауар саясаты
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Іс қағаздар
Басқару құжаттарын құрастыру және ресімдеу талаптары
Құжат түсiнiгi және қызметі, түрлерi және деректемелерi
Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау
Пәндер