Диуани хикмет


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Диуани хикмет

Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» - Қожа Ахмет Йасауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.

Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәфсирлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» - көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы ХВ ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887-1901), Стамбұл (1901), Ташкент (1902-11) баспаларынан жарық көрген.

Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М. Ф. Көпрүлузаде, Н. С. Банарлы, Е. Э. Бертельс, А. К. Боровков, Э. Р. Рустамов, В. И. Зохидов, т. б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі - шариғат. «Шариғат» - ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» - дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы - күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») - Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Йасауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады.

«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Йасауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі - мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады. [1]

Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалық тұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары Диуани хикмет

Диуани хикмет. Ахмет Яссауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің "Диуани хикмет" ("Даналық кітабы") еңбегінде баян етеді. Бұл өлеңдер жинағы түркі тілді халықтардың 12 ғ. сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады, сонымен бірге ол қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені, "Диуани хикмет" - оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған, бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген деген болжам бар.

Қожа Ахмет Яссауи 63 жасқа келгенде қылует (қылует - арабша оңашалану деген сөз, жарық дүниеден қол үзіп, жер астында жеке дара өмір сүру арқылы бұл дүниенің күнәларынан бойын аулақ ұстау, тазалану, сөйтіп, Хаққа жақын болудың бір түрі ретінде Яссауидің өзі енгізген амалы болып табылады) жасап, жер астынан жай тұрғызып, жарық дүниемен тек шәкірттері арқылы байланысып, сол жер астында осы кітабын жазған. Яссауи бұл қолжазбаны 63-73 жас аралығында жазғаны, сөйтіп, өзінің өмір бойы жинап, жазып жүрген ойларын өлең түрінде бір жүйеге түсіргені туралы пікір ақиқатқа жақын. Барлығы 149 хикмет-жыр, ғалымдар оның 70-тен астамын ақынның өзінікі, басқасын шәкірттері кейін қосқан дейді.

Яссауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады. Біріншісі - сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған уағыз - насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы хикметтер жатады. Ал екінші тобы - ақын өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары. Бұл жинақты бір жағынан, философ Яссауидің дүние танымының мазмұнын баяндаған және екінші жағынан, сопылық ілімнің әдеби нұсқасын берген өлең-жырлар деп, ұстаздың шәкірттеріне, болашақ ізбасарларына, оқушыларына арнаған сөзі деуге болады:

Бісміллә деп баян етіп хикмет айтып,

Тәліптерге дүр уа гауһар шаштым, міне, -

деуі содан. Мұндағы тәліптер деп отырғаны - шәкірттер деген сөз.

Жинақта бүкіл адамзатты толғандырған "Тіршілікті жаратушы кім?", "Өмір дегеніміз не?", "Адамның өмір сүрудегі мәні мен мұраты не?" - деген сұрақтарға Яссауи да жауап беруге тырысады. Яссауи хикметтері бойынша ғаламат ғарышты, шексіз өмірді, рух дүниесін жаратқан - құдірет пен хақ тағала. Ал адамның өмірінің мәні мен мұраты Алланың аманат етіп тапсырған рухани жанын дүние күнәсінен ада, таза түрінде алланың өзіне о дүниеде қайтарып беру парызында деп түсіндіреді. Сөйтіп, адам Алланың тұтастығынан бөлініп жаралған тағдыр бола отырып, енді қайтадан сол тұтастыққа, Алламен рухани бірігуге дайын болуға тиіс деп табады. Хақ тағала сеніммен, рухани бірлікпен суарылған махаббаттың мазмұны жеке құлқынның ләззаты емес, қайта өзін-өзі дүние қызығынан шектеу дейді. Сондай махаббат қана нағыз пәк, берік болмақ деп, оның небір керемет поэтикалық бейнелерінің түркі халықтары ұғымындағы махаббат ғажайыптары суреті арқылы көркем үздік образдар жасайды. Ғылым мен ілімге (сопылыққа) тек махаббат жолымен ғана жетуге болатынын айтады:

Махаббаттың дариясына шомылушы

Ғылым, амал қыл, қалар көп үлгісі, - дейді.

Мұндағы амал деп отырғаны - сопылықтың шарттарын орындау әрекеттері. Жинақта хақ жолынан тайдыруға итермелеуші шайтан, нәпсіхауа образдары махаббатқа қарсы қойылады. Адам өмірінің мәні өз бойын, өз рухын сол шайтан мен нәпсіхауаға алдырмауда дейді. Ғашықтықтың шын азабын тартқандай "өлмек бұрын жан бермектің дертін тарттым" деп, бар өмірін Алла жолын таза күйінде ұстау үшін күреске арнауды насихат етеді. Қожа Ахмет Яссауи философиялық мазмұнға құрылған хикметтерінде көбіне ойшылдығын танытса, өз ортасын суреттеуде әр құбылыстың мәнін көре білетін реалист суреткер ретінде көрінеді. Әр оқиғаға өзінің бағасын ашық айта білетін, әркімге тиесілі анықтамасын бере алатын шыншылдығын, сыншылдығын байқаймыз.

"Диуани хикмет" - сыншылдық дәстүрдің басы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диуани хикметтің тілі қай түрік тілінде
Йасауи Хикметтері
Қожа Ахмет Иассауйдің Диуани Хикмет еңбегі
Диуани Хикмет еңбегі
Ясауи шығармасы түріктердің рухани бастауы
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары туралы жалпы түсінік
Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz