Қазақстанда инвестициялық қорлар, инвестициялық банкинг және ислам қаржысын құқықтық реттеу мен даму


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

3. Инвестициялаудың ұжымдық нысандарын жетілдіру

2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті H. Назарбаев елімізде тұрғын үйді жалға беру рыногын əлемдік стандарттарға сай дамытып, оны мемлекет үшін ашық, бизнес үшін тартымды ету керек деп атап өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үйді жалға беру секторын дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Осы Заңды іске асыру мақсатында жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін анықтайтын нормативтік құқықтық aкті қабылданады деп болжамдалуда.

Инвестициялық қорларды дамыту бөлігінде заңнаманы одан əрі жетілдіру жəне инвестициялық қорлар құруға жəне дамытуға кедергі болатын заңнама нормаларын жою жоспарлануда. Атап айтқанда, пайларды сауда биржа жүйесінде айналымға жіберу, жылжымайтын мүлікке пай инвестициялық қорлар құқығын тіркеу, жерді пайдалану жəне жер қойнауын пайдаланушылар құқығы, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші серіктестіктерге қатысу үлесі.

5. Қызметтердің жаңа түрлерін дамытуға жағдай жасау

Халықаралық нарықтарда қалыптасқан дəстүрлі ұғымда инвестициялық банктер - бұл компанияларды біріктіру жəне жою мəселелері бойынша андеррайтинг, дилерлік жəне брокерлік операциялар, инвестициялық кеңес беру саласында бағалы қағаздар нарығында толық қызметтер тізбесін ұсынатын брокерлік-дилерлік компаниялар. Инвестициялық банктер осы қызмет түрлерін компанияларға, мемлекеттік органдарға, коммерциялық емес корпорацияларға жəне жеке тұлғаларға көрсетеді. Инвестициялық банк консультациялық қызметтер көрсетеді. Консультант ретінде ол бірқатар функцияларды орындайды. Ол қаржы құралдарын (акциялар, облигациялар жəне т. б. ) дайында у жəне шығару кезінде делдал болып табылады, шығарылған қаржы құралдарын сатуды жəне орналастыруды ұйымдастырады, қаржы нарығындағы жағдайға байланысты инвестициялар жөнінде ұсынымдар береді, қажет қаржылық зерттеулер жүргізеді.

Қазақстанда инвестициялық банкингті дамыту мəселелері бойынша ағымдағы кезеңде тиісті нормативтік құқықтық актілерге кейбір өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1385 Қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде іске асырылатын осы жұмыс жалғасын табады, бұл инвестициялық банкингті реттеу жөніндегі қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны, жетілдіруде білінетін болады.

Қазіргі уақытта, отандық қаржы нарығына қатысушылар үшін ислам қаржыларының түрлі нысандарын пайдалану жəне Қазақстан ислам банкингін енгізу мүмкіндігі туралы мəселелер үлкен қызығушылық білдіреді.

Инвестициялар, қаржылық қызметтер жəне қаржы өнімдері шариғат принциптеріне сəйкес құрылымдалған ислам капитал нарығының пайда болуы ислам қаржы қызметтер индустриясының өсіміндегі табиғи прогресс нəтижесі болып табылады. Бүгінгі күні инвестицияларды шариғат принциптеріне сəйкес іздеген тұлғалардың мұқтажын қанағаттандыру үшін ислам капитал нарығының көптеген өнімдері мен қызметтері бар. Мұнда шариғатпен рұқсат берілген акциялар, ислам облигациялары, ислам қорлары жəне тəуекелдерді басқарудың ислам өнімдері кіреді. Ислам капитал нарығы өсіп едəуір дамыды. Өнімдерді құрылымдаудың, жобаларды қаржыландырудың ислам нысандары, биржа істері, активтерді басқару жəне

венчурлік капитал қызметтері кеңінен қол жетімді болуда.

Ислам қаржысының ғаламдық қаржылық қауымдастықтарға əсері ұқыпты жəне толық қарастыруды жəне зерттеуді талап етеді.

Орта мерзімді перспективада Қазақстан ислам банкингін дамыту тетіктері əзірленді.

Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдер: инвестициялық банкинг және Ордабасы Групп мысалындағы қаржылық талдау
Инвестициялық қорлар: тұжырымдама, қызметі, артықшылықтары және Қазақстандағы заңнамалық реттеу
Қазақстандағы инвестициялық ахуал: инвестициялық қорлар, институттық саясат және аймақтық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасының Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңының құқықтық талдауы
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
Қазақстанда лизингтің инвестициялық рөлі мен даму перспективалары
Қазақстандағы Ислам Даму Банкі: инвестициялық жобалар, исламдық қаржылық құралдар және даму перспективалары
Инвестициялық қорлар: түрлері, шектеулері және бухгалтерлік есеп
Қазақстан мен ТМД елдеріндегі инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жинақтаушы қорлар: құқықтық негіздері, құрылымы және инвестициялық басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz