Исаны тани алдық па?



1 Исаға арналар ғылыми конференция
2 Әдебиеттің мақсаты
3 Менің жеткізіп айта алмағанымды өзіңіз ұғарсыз
Біз әдетте талантты адамды көрсек, “сегіз қырлы, бір сырлы” деп жатамыз. Оның өнерінің қандай қасиеттері барына назар аудармай, әйтеуір мадақ жөні осы екен деп жаттанды сөздерді оңды-солды қолдана береміз. Сөздің сауабы мен обалы бар екенін ойламаймыз.

Исаға арналар ғылыми конференцияның бағдарламасын айқындар кезде де талай ой-пікірлер айтылып жатты. Ең әуелі “Иса Байзақов – ауызша және жазбаша әдебиеттің алтын көпірі” деген тақырып айтылды. Әбден ойласа келе, Исаның осы қырын ғана әңгімелеу аздық ететіні анықталды. Себебі Исаның қазақ мәдениетіндегі айрықша құбылыс, қайталанбас дарын екендігі елдің егемендік алған кезінде ерекше аталуға тиіс, тіпті әрі-беріден соң ғылыми қажеттілік.

Ең алдымен қалыптасып қалған көзқарас аясынан шығуымыз керек. Кеңес заманында Иса шығармашылығы жайында пікір айтушылар оның өнерпаздығы, әсіресе ақындығы жазба әдебиеттің әсер-ықпалымен жетілді, жарқырап көрінді деген тұжырым жасаған-ды. Кейінгі уақытта осынау қалыптасып қалған көзқарасқа қосылып кеткендер Иса шығармашылығының ерекшелігі жайында Мұхтар Әуезовтің 1928 жылы “Иса – сахна өнеріндегі таза қазақ тумасы. Исасы жоқ болған заман да, уақыт та үзіледі. Тағы бір Исаның келуін күтеді” деп театр өнерінің өсіп-жетілу жолдарына байланыстыра айтылған пікіріне ден қойса, Есмағамбет Ысмайылов 1946 жылғы оқулығында “Иса поэмаларын зор ақындық шабытпен, тамаша лирикалы толғаумен жазады. Сөздері қарапайым халықтық, сонымен бірге керемет сұлу поэмаларындағы уақиғалар оқушының жан сезімін тербетерлік өте қызықты, әсерлі болып отырады”, деп жазғаны да есте.

Осы ойларды жаңа қырынан жаңғыртқан Темірғали Нұртазин Иса бойында үш түрлі ерекшелік барлығын тарата баяндады. Ең алдымен ол, мәдениетті ақын. Өлең, сөз бойына сыймай тасқындап жүретін төкпе ақын Исаның маңайы үйірілген өлең болатын. Исаның бар даналығы, терең ақылдылығы, көрегендігі, алғырлығы, мінезді, байсалдылығы, ұстамдылығы өлең де, өлең жасау процесінде болатын.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ИСАНЫ ТАНИ АЛДЫҚ ПА?

Біз әдетте талантты адамды көрсек, “сегіз қырлы, бір сырлы” деп
жатамыз. Оның өнерінің қандай қасиеттері барына назар аудармай, әйтеуір
мадақ жөні осы екен деп жаттанды сөздерді оңды-солды қолдана береміз.
Сөздің сауабы мен обалы бар екенін ойламаймыз.

Исаға арналар ғылыми конференцияның бағдарламасын айқындар кезде де
талай ой-пікірлер айтылып жатты. Ең әуелі “Иса Байзақов – ауызша және
жазбаша әдебиеттің алтын көпірі” деген тақырып айтылды. Әбден ойласа келе,
Исаның осы қырын ғана әңгімелеу аздық ететіні анықталды. Себебі Исаның
қазақ мәдениетіндегі айрықша құбылыс, қайталанбас дарын екендігі елдің
егемендік алған кезінде ерекше аталуға тиіс, тіпті әрі-беріден соң ғылыми
қажеттілік.

Ең алдымен қалыптасып қалған көзқарас аясынан шығуымыз керек. Кеңес
заманында Иса шығармашылығы жайында пікір айтушылар оның өнерпаздығы,
әсіресе ақындығы жазба әдебиеттің әсер-ықпалымен жетілді, жарқырап көрінді
деген тұжырым жасаған-ды. Кейінгі уақытта осынау қалыптасып қалған
көзқарасқа қосылып кеткендер Иса шығармашылығының ерекшелігі жайында Мұхтар
Әуезовтің 1928 жылы “Иса – сахна өнеріндегі таза қазақ тумасы. Исасы жоқ
болған заман да, уақыт та үзіледі. Тағы бір Исаның келуін күтеді” деп театр
өнерінің өсіп-жетілу жолдарына байланыстыра айтылған пікіріне ден қойса,
Есмағамбет Ысмайылов 1946 жылғы оқулығында “Иса поэмаларын зор ақындық
шабытпен, тамаша лирикалы толғаумен жазады. Сөздері қарапайым халықтық,
сонымен бірге керемет сұлу поэмаларындағы уақиғалар оқушының жан сезімін
тербетерлік өте қызықты, әсерлі болып отырады”, деп жазғаны да есте.

Осы ойларды жаңа қырынан жаңғыртқан Темірғали Нұртазин Иса бойында үш
түрлі ерекшелік барлығын тарата баяндады. Ең алдымен ол, мәдениетті ақын.
Өлең, сөз бойына сыймай тасқындап жүретін төкпе ақын Исаның маңайы
үйірілген өлең болатын. Исаның бар даналығы, терең ақылдылығы, көрегендігі,
алғырлығы, мінезді, байсалдылығы, ұстамдылығы өлең де, өлең жасау
процесінде болатын. Өлеңді төгілте жөнелгеннен бастап, Иса кемелдік күйге
түсетін деген бақылаулар, өкінішке орай, кейінгі уақытта еленбей келе
жатқаны өкінішті. Осы ойлардың бәрі Исаның қазақ мәдениетіндегі
қайталанбас, тек өзіне ғана тән құбылыс және қазақ топырағына ғана тән
ерекшелік екендігін анық аңғартқанымен, еуроцентристік көзқарастың
қармағына ілініп кете беретіндігі өкінтеді.

Отаршылдық қамытын кигеннен бері, мәдениеті көпей, театры болмаған,
әдебиетін­де драматургия, проза, сын жанрлары өркендемеген, тек поэзияға
иек артқан ел дейтінге бой ұрғаннан бері өзіміздің сөз өнеріміздің сырын,
құпиясын, ерекшелігін анықтауға немқұрайды қарап, талай қате пікірлерді
малданып келдік. Бұл ойларға иек артатындар әлі де аткөпір.

Әдебиеттің мақсаты адам образын бар қасиетімен: әуелі ақыл-санасымен,
екінші, пенделік сезім-түйсігімен, содан кейін қабілет-дарынымен, күш-
қуатымен жасау болса, онда бір ғана жанрда – поэзияда ғана дамыған әдебиет
дегенге неге қол қоюымыз керек? Әр халықтың тұрмыс-тіршілігі шешуші фактор
болып табылатын болса, онда қазақ халқының өркендеуінің өз өзгешелігі барын
енді айғайлап тұрып айтуымыз керек. Және ғылыми дәлелдер келтіруіміз керек.
Еуропада ғана емес, бүкіл әлемде жасалған байлықтан қазақ елі құралақан
болмағандығын әдеби тұрғыдан аңғартуымыз керек. Сөз өнерінің негізі көркем
образ жасау болып табылатын болса, онда халық санасындағы Қорқытты, Асанды,
Аяз биді, иә болмаса Алпамыс, Қобыланды, Қамбар, Тарғындарды, әлемді аузына
қаратқан Қыз Жібек, Баян, Жамалдардың көркем бейнелерін еске түсірсек,
осылардың бәрі де эстетикалық талап-шарттың қапталынан шығады. Жыр, өлең
түрінде жасалғандығы айып емес, қайта артықшылығы. Роман, хикаят, драмасыз
жасалған образдар санатқа алынбауы көркемдік шартында жоқ.

Қазақ табиғаты ұйқастырып, келістіріп, қиыстырып айтқанды айрықша
қалайды. Және бірден қағып алып, жадында сақтайды. Қазіргі магнитофон мен
диктофондарды бізге табиғаттың өзі сыйлаған, көшпенділік тұрмысы еріксіз
таңған. Жаттап алуға, есте сақтауға өлең сөз өте ыңғайлы. Сондықтан қара
сөзбен айтыл­мады, диалогпен берілмеді деп қам жемеген. Олардың бар
міндетін ақындар айтысы атқарған, жыршы-жыраулар үстей түскен, сөйтіп
халықты рухани аштыққа ұшыратпаған. Сондықтан қазақтың ұйқасы оп-оңай әнге
айналып кетеді. Демек, эстетикалық талаптың бар шартына жауап береді деп
түсініп, еуроцентристік түсінікті мансұқтап, өз табиғатымызға жақындауымыз
керек. Иса Байзақов өнерпаздығын әңгімелеуге осындай көркемдік мәселелері
өзінен өзі андыздап шығып, ғылыми ізденіске еріксіз бастайды. Және
қалыптасқан қате көзқарасты талақ етуге Иса шығармашылығы айрықша қолайлы.

Иса өнерпаздығына байыппен көз жіберсек, бір ақындығының өзінен сан
тарау жол шығады. Ол эпик те лирик, сонымен қатар суырып салма, төкпе ақын
дегенде ауызша және жазба әдебиеттің бар шарттары табылады. Берілген
тақырыптың сырын ашу барысында ауызша және жазбаша поэзияның бар талаптары
жымдасып кетіп, айрықша тұтастық пайда болады да, тыңдаушысын көркемдік
әлеміне кіргізіп жіберіп, айызын қандырады. Мұның үстіне әншілігі қосылып,
сазгерлігі қозады. Бұрын естіп білмеген әуен дүниеге келеді. Иса
желдірмелері ойланып-толғанған кезде емес, осындай шабыт үстінде туып
жатты. Бұларға қоса халық әндеріне жазбаша мәтін, бір ғана Елубай
Өмірзақовтың 40 шақты әніне сөз жазып беруі ақындықтың аясынан өрбіген
бұтақтар, көз тартқан гүлдер. Осылардың бәрін елге өзінің жанға жайлы
үнімен емін-еркін жеткізетін домбырашылығы тағы бар. Құдай берген дарынын
ажарлап, көргендерді есінен тандыратын актерлігін, әртістігін қалай
санаттан шығарып тастаймыз. Осы қасиеттерді төгіп-шашып алмай, өзінің тал
бойында сақтап-жетілдіруі арқасында мәдениет тарихынан ойып тұрып орын
алған ұлы дарын Исаға қазақтың рухани әлемі айрықша қарыздар.

Бұл үлкен проблема төңірегінде айтылар пікірді өрбіте бермей, Иса
Байзақовтың көпшілік біле бермейтін бір қырын әңгімелейін. “Құралай сұлу”,
“Қойшының ертегісі”, “Ақбөпе”, “Қырмызы — Жанай” поэмаларының қай-қайсысы
болмасын, қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
320-жылдар шамасында Мысыр, Сирия және Кіші Азия шіркеулерінде қызу діни пікірталастар
Христиан әлеміндегі төрт інжіл және оның маңызы
Төрт інжіл бойынша Хз. Исаның суреттелуі
Тәңірлік діндерде Пайғамбар түсінігі
Құран хикаялары
Христиан діні пайда болу тарихы
Абсолютті ақиқат өзінің құдіретін паш ету үшін бұл дүниені пернелеп жаратуының үш негізгі себебі
Сократ, білім және білімсіздік туралы
ІНЖІЛДЕГІ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕД (с.ғ.с.) ТУРАЛЫ ХАБАР
Тәңірлік діндердегі дін және Пайғамбар міндеттері
Пәндер