Қазақ халық аспаптар оркестрін шығармашылық жетілдіруді дамыту



1. Қазақ халық аспаптар оркестрін шығармашылық жетілдіруді инновациялық технологиялық өркендету арқылы дамыту
2. ОРКЕСТР ДАЙЫНДЫҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ МЕН ОНЫҢ
МЕТОДИКАЛЫҚ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ.
Мектебіміздің қазіргі таңдағы алға қойып отырған басты да түпкілікті мақсаты оқушылардың білім, білік, іскерлік дағдыларын дамытумен қатар, олардың бойындағы азаматтық, өміртанымдық, интернационалдық қасиеттерін де кеңейте түсу. Эстетикалық көркемдік тәрбиенің қайнар бұлағы музыка пәні мен оның сыныптан тыс үйірмелері бұл аталған талаптарды орындауда ерекше роль атқарады. Осы саладағы оқу-тәрбие жұмыстары нәтижелі болуда, сан жылдар бойы қалыптасқан заңдылықтар мен теорияларға, әдістер мен принциптерге сүйеніп, ғылыми педагогикалық негізде өткізілуге тиіс. Сонда ғана бұл жұмыс өз нәтижесін бермек.
Оркестр жұмысын ұйымдастыру кезеңінде қойылатын басты талап – репертуар таңдау. Репертуар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең мазмұнда, көркемдік педагокикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспаптарда ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес болуы тиіс. Демек, жетекші оркестрдің ойналатын репертуарына шығармашылық тұрғыдан келіп, оның идеялық-эстетикалық мәнін, көркемдік ерекшелігін дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылар музыканы терең сезініп, дұрыс түсіне білу қабілетін дамытып, дүние танымы кеңейе түседі. Репертуар іріктеуде бірімен-бірі тығыз байланысты бірнеше мәселеге көңіл аударған жөн.
Олардың бірі – оркестрде ойналатын музыкалық шығарманың мазмұны мен көркемдік ерекшелігі. Бұған репертуардың жан-жақталығы саяды. Онда қазақ халқының ән-күйінен бастап, композиторлардың шығармалары, туысқан республика және орыс, дүние жүзі классиктерінің туындылары кеңінен қамтылып, ал іріктелген шығармалар тақырыбы, құрылысы, тілі, жанрлық ерекшелігі жағынан жан-жақты болып келуі тиіс.
Оркестрді ұйымдастыру жұмысындағы келесі проблема – оның құрамының тұрақтылығы. Кейде оқушылар жаттығуларға әр нәрсені сылтауратып келмей немесе дайындық кезінде көңілсіздік, салғырттық танытады. Бұл – оның оркестрде ойнап, музыкалық аспапты игеруге деген алғашқы ынта-ықыласы мен құштарлығының әлсіреуі. Психологиалық тұрғыдан қарағанда даму процесіндегі диалектикалық детерменизм принціпі сақталмай, «ішкі және сыртқы» құбылыстар өзара үйлеспейді.
Әдебиеттер:

1. Жұбанов А. Құрманғазы. – Алматы, «Жалын», 1978.
2. Мерғалиев Т. Домбыра сазы. – Алматы, 1972.
3. Музыка мектебінің домбыра тенор класына арналған программа. – Алматы, «Мектеп», 1996.
4. Тастанов Х. Домбыра оркестірін қалай ұйымдастыру керек. Алматы 1999.
5. Өтеген Спанов. Оқушылардың халық аспаптар оркестрі – Алматы 1999.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Динара АЛДАБЕРГЕНОВА,

№ 27 балалар өнер мектебі КМҚК
домбырашылар оркестрінің жетекшісі

Қазақ халық аспаптар оркестрін шығармашылық жетілдіруді инновациялық
технологиялық өркендету арқылы дамыту

Мектебіміздің қазіргі таңдағы алға қойып отырған басты да түпкілікті
мақсаты оқушылардың білім, білік, іскерлік дағдыларын дамытумен қатар,
олардың бойындағы азаматтық, өміртанымдық, интернационалдық қасиеттерін де
кеңейте түсу. Эстетикалық көркемдік тәрбиенің қайнар бұлағы музыка пәні мен
оның сыныптан тыс үйірмелері бұл аталған талаптарды орындауда ерекше роль
атқарады. Осы саладағы оқу-тәрбие жұмыстары нәтижелі болуда, сан жылдар
бойы қалыптасқан заңдылықтар мен теорияларға, әдістер мен принциптерге
сүйеніп, ғылыми педагогикалық негізде өткізілуге тиіс. Сонда ғана бұл жұмыс
өз нәтижесін бермек.
Оркестр жұмысын ұйымдастыру кезеңінде қойылатын басты талап –
репертуар таңдау. Репертуар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең мазмұнда,
көркемдік педагокикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде және
оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспаптарда ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес
болуы тиіс. Демек, жетекші оркестрдің ойналатын репертуарына шығармашылық
тұрғыдан келіп, оның идеялық-эстетикалық мәнін, көркемдік ерекшелігін дұрыс
ашып таныта білгенде ғана оқушылар музыканы терең сезініп, дұрыс түсіне
білу қабілетін дамытып, дүние танымы кеңейе түседі. Репертуар іріктеуде
бірімен-бірі тығыз байланысты бірнеше мәселеге көңіл аударған жөн.
Олардың бірі – оркестрде ойналатын музыкалық шығарманың мазмұны мен
көркемдік ерекшелігі. Бұған репертуардың жан-жақталығы саяды. Онда қазақ
халқының ән-күйінен бастап, композиторлардың шығармалары, туысқан
республика және орыс, дүние жүзі классиктерінің туындылары кеңінен
қамтылып, ал іріктелген шығармалар тақырыбы, құрылысы, тілі, жанрлық
ерекшелігі жағынан жан-жақты болып келуі тиіс.
Оркестрді ұйымдастыру жұмысындағы келесі проблема – оның құрамының
тұрақтылығы. Кейде оқушылар жаттығуларға әр нәрсені сылтауратып келмей
немесе дайындық кезінде көңілсіздік, салғырттық танытады. Бұл – оның
оркестрде ойнап, музыкалық аспапты игеруге деген алғашқы ынта-ықыласы мен
құштарлығының әлсіреуі. Психологиалық тұрғыдан қарағанда даму процесіндегі
диалектикалық детерменизм принціпі сақталмай, ішкі және сыртқы құбылыстар
өзара үйлеспейді.
Қазақ халық аспаптар оркестрін шығармашылық жетілдіруді инновациялық
технологиялық өркендету арқылы дамытуды айқын мысалдармен түсіндіруге
болады. Оқушы оркестрде домбырада ойнауға бөлінді делік. Егерде аспапта
жазылған партияда ноталар өте қарапайым, мелодиялық түзілістері аз, көп
жерлерінде паузалық кідірістер кездессе, бұл оқушыны зеріктіреді әрі
жалықтырады. Осы сияқты көріністі оркестрге ілесе алмай бүкіл дайындық
бойына бос отыратын басқа аспаптарда ойнайтын оқушылардан да байқауға
болады. Міне, осындай жағдайлар оқушының ынтасына әсер етіп, құштарлығын
бәсеңсітеді.
Оркестр құрамын тұрақтандырып, оқушылардың белсенділігін арттыру үшін
не істеу керек? Алдымен айтарымыз – бұл жетекшінің тапқырлығы мен
шеберлігіне байланысты. Ол әр-сәт, әрбір оркестр мүшесінің психологиялық
рухани дүниесін, ой-өрісін дәл басып, сезіне білуге тиіс. Мысалы жоғарыдағы
айтылған бас домбыраның партиясына алдын ала көңіл бөліп, олармен жеке
дайындықтарды жиілетсе, қызықты да көңілді ән-күйлер, пьесалар берсе,
партияға мелодиялық үзінділер кіргізсе, олардың музыкаға деген белсенділігі
арта түскен болар еді.
Оркестр құрамының тұрақтылығы жетекшіге де байланысты. Егерде
дайындықтар қарапайым, ешқандай эмоциалық әсерсіз, репертуар қызықсыз
болса, оның үстіне дирижер дауысын көтеріп, орынсыз жекіре берсе немесе
көптің алдында олардың намысына тиіп, дұрыс ойнай алмайтындығын айтса,
әрине, оқушы көп ұзамай-ақ оркестрді тастап кетуі ықтимал. Және де мұндай
коллективте алға қойған мақсат жүзеге асып, творчествалық табысқа жете қою
мүмкін емес. Оркестр жетекшісі – үлкен тұлға. Ол оқушылардың танымын,
қабілетін, зейін-сезімін, психиологиялық ерекшеліктерін байқап, соған
сәйкес түрлі амал, әдіс-тәсілдерді пайдалануға тиіс. Сондай-ақ өзінің
ұйымдастыру шеберлігін шындып және талмастан ізденіп, білімдарлығымен
шәкірттерді баурап алуы қажет. Сонда ғана оқушы өзін үлкен ұжымның бір
мүшесі ретінде сезініп, тәртібі мен белсенділігі арта түседі.
Оркестр дайындығының алғашқы кезеңіндегі тәрбие, ұйымдастыру жұмыстары
оның бір арнаға түсіп қалыптасуына, оқушылардың дайындыққа үлкен
шығармашылық шабытпен кірісуіне, өзі үйренбекші болған шығарманың мазмұны
мен көркемдігін терең түсінуі зор мүмкіндіктер туғызады. Әрине, бұл
айтылғандар оркестрдегі кешенді жұмыстардың бір ғана қыры. Сонымен қатар
оркестрмен жұмысты одан әрмен тереңдете түсуде төмендегідей дидактикалық
принциптерді есте сақтаған жөн:

1. Ғылымдылық;
2. Жүйелілік;
3. Теория мен практиканың бірлігі;
4. Саналылық пен белсенділік;
5. Көрнекілік;
6. Түсініктілік пен шамаға лайықтылық.

Дидактикалық принціпті оқытудың заңдылықтары немесе негізі деп
түсінуге болады. Қазірде аспапты игерудің, оркестр басқарудың дидактикалық
ғылыми негіздері қалыптасып, біртіндеп іске асуда. Оқушының музыкалық
аспапты игерудегі ғылыми принціптерді дұрыс сақтауы үшін оркестр жетекшісі
мына шарттарды еске сақтауы қажет:
Біріншіден, алғашқы үйрену кезеңіндегі жұмыс үрдістеріне байланысты
заңдылықтар мен теорияларды, ережелерді нақтылы өз мағынасында, дәлме-дәл
түсіндіру. Бұған жататындар – домбырашының отыру реттілігі, қол мен
саусақтарды аспаптарға дұрыс қоя білуі, аспаптан музыкалық дыбыс әуенінің
мәнді шығуы, штрихтер апликатурасы, т.б. Егерде бұл талаптар дайындық
кезеңінде тиянақты қалыптаспаса, оқушы аспапты өз мәнінде игере алмайды да
алға қойған мақсаттың жүзеге асуы қиын соғады.
Аспапты игерудегі теориялық мәселелерді нақты практикалық мысалдармен
байланыстырып отырған жөн. Мәселен домбыра үшін қолды дұрысқоюдың кәсіби
тәсілдегі қабылданған нормалар сақталмаса, оң қолдың буынын бос ұстау,
дыбыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың көне музыкалық аспаптарының қайта тірілуі өзінше бір әңгіме
Театр және музыка өнері
Қазақстанның саксофонда орындаушылық өнері
Ахмет Жұбанов
Қазақстанның музыка және балет өнері
Дирижерлық өнер орындаушылықты өнердің бір түрі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны
Музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттердің түрлері және олардың өзара байланысы
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің дамуы
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі
Пәндер