Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы



1.Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты.
2. Кедендік тарифтің мазмұны. Кеден баждарының жіктелуі.
3. Тарифтердің экономикалық рөлі. Тарифтерді қорғау және қарсы аргументтері.
4.Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері.
5. Сауда саясатының қаржы әдістері.
Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты.
Мемлекеттік сауда саясаты – бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат. Сауда саясаты негізінде тауарлар саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.
Ұлттық және әлемдік нарықтардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайын сауда саясаты анықтайды. Белгілі мемлекеттің сауда саясаты өз бейнесін сауда режимінде табады. Сауда режимі – бұл ұлттық және әлемдік нарықтық қарым-қатынасын қалыптасытру үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.
Мемлекеттік сауда режимінің сипаты кедендік тарифтің орташа деңгейін, сондай-ақ санды шектеулердің интенсивтігілі мен орташы деңгейін есептейтін агригалдық көрсеткіш ретінде анықталады.
Импорттық кедендік салымының орташа деңгейі 10% төмен, ал сандық шектеу импорттың 25% басып, тіркеу сипатына ие болатын мемлекеттің сауда режимі салыстырмалы түрде ашық болып танылуы мүмкін.
Мемлекеттік халықаралық саудаға араласу масштабына байланысты протекционистік сауда саясаты және еркін сауда саясаты деп айырамыз (жабық экономикадан ашық еркін сауда саясатына көшу жағдайын сыртқы сауданы либерализациялау деп аталады).
Еркін сауда – еркін нарық күштері сұраныс пен ұсыныстың, негізінде дамитын сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты.
Протекционизм – тарифтік және тарифтік емес құралдарды қолдану арқылы ішкі нарықты шетелдік бәсскеден сақтау үшін қолданылатын мемлекеттік саясат. Бұндай шектеулерді сауда кедергісі деп атайды.

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
5 тақырып. Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы.

1.Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты.
2. Кедендік тарифтің мазмұны. Кеден баждарының жіктелуі.
3. Тарифтердің экономикалық рөлі. Тарифтерді қорғау және қарсы
аргументтері.
4.Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері.
5. Сауда саясатының қаржы әдістері.

Студенттерге Сауда еркіндігі жақтастары мен протекционизм жақтастарына
қарсы тақырыбы бойынша дебатқа дайындалу.

1. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен
сипаты.
Мемлекеттік сауда саясаты – бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін
реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа
жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат. Сауда саясаты негізінде тауарлар
саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.
Ұлттық және әлемдік нарықтардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайын
сауда саясаты анықтайды. Белгілі мемлекеттің сауда саясаты өз бейнесін
сауда режимінде табады. Сауда режимі – бұл ұлттық және әлемдік нарықтық
қарым-қатынасын қалыптасытру үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.
Мемлекеттік сауда режимінің сипаты кедендік тарифтің орташа деңгейін,
сондай-ақ санды шектеулердің интенсивтігілі мен орташы деңгейін есептейтін
агригалдық көрсеткіш ретінде анықталады.
Импорттық кедендік салымының орташа деңгейі 10% төмен, ал сандық шектеу
импорттың 25% басып, тіркеу сипатына ие болатын мемлекеттің сауда режимі
салыстырмалы түрде ашық болып танылуы мүмкін.
Мемлекеттік халықаралық саудаға араласу масштабына байланысты
протекционистік сауда саясаты және еркін сауда саясаты деп айырамыз (жабық
экономикадан ашық еркін сауда саясатына көшу жағдайын сыртқы сауданы
либерализациялау деп аталады).
Еркін сауда – еркін нарық күштері сұраныс пен ұсыныстың, негізінде
дамитын сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты.
Протекционизм – тарифтік және тарифтік емес құралдарды қолдану арқылы
ішкі нарықты шетелдік бәсскеден сақтау үшін қолданылатын мемлекеттік
саясат. Бұндай шектеулерді сауда кедергісі деп атайды.

2. Кедендік тарифтің мазмұны. Кеден баждарының жіктелуі.
Сыртқы сауданы реттеудегі ең кең қолданылатын құрал болып кеден тарифтері
табылады.
Кедендік тариф – бұл кедендік шекара арқылы жылжитын тауарларға
қолданылатын кедендік баж ставкаларнының жүйелендірілген жиынтығы. Кедендік
тариф түсінігі көп жағдайда, кедендік баж түсінігімен сәйкес келеді.
Кедендік баж мыналарға жіктеледі:
Импорттық, экспорттық, транзиттік, маусымдық, антидемпингтік,
компенсациялық, автономдық, конвенциондық, преференциялық,
спецификалық,адвалорлық, құрама.
Кеден тарифтерінің жіктелуі.
Салық салу объектісі бойынша:
- Импорттық – бұл елдің ішкі импортқа еркін айналысқа түсетін импорттық
тауарға салынатын баж салықтары. Ұлттық өндірушілерді шетел
бәсекелестігінен қорғау үшін барлық мемлекетттермен пайдаланатын кең
таралған форма.
- Экспорттық – экспорттық туарларға салынатын баждар. Олар өте сирек
қолданылады, өйткені олар әлемдік нарықтағы тауар құнын қымбаттатады.
Сондай-ақ ол, мемлекет тауарларының сыртқа әкетілуін шектеуге ұмтылған
кезде де қолданылады.
- Транзиттік – аталмыш ел территориясы арқылы транзитпен тасымалданатын
тауарларға салынады. Оларда өте сирек қолданады, себебі, олар тауар
ағымдарына кедергі жасап, сауда соғысы құрамы ретінде қолданылады.
Сипаты бойынша:
- Маусымдық – маусымдық сипаттағы өнімнің халықаралық саудасын реттеу
үшін қолданылады. Ең алдымен ауыл-шаруашылық өнімдерді. Олардың әрекет ету
мерзімі бірнеше айдан аспайды.
- Антидемпингтік – экспортталатын елдегі қалыпты бағаға қарағанда
неғұрлым төмен бағамен тауарлардың елге әкелуі кезінде салынады.
- Компенсациялық – тауарларды өндірі барысында тікелей немесе жанама
субсидиялар пайдаланатын тауарларды импорттауға салынады. (Егер олардың
импорты осындай тауарлардың ұлттық өндірушілеріне зиян келтірсе).
Пайда болуы бойынша:
- Автономды – елдің мемлекеттік билік органдарының бір жақты шешімдерінің
негізінде еңгізілетін баж.
- Конвенциондық – (келісім-шарттық) ТСБК (тарифтер мен сауда туралы бас
келісім) – сияқты, немесе Кедендік Одақ туралы келісім сияқты, екі жақты
немесе көп жақты келісімдер негізінде орнатылатын баждар.
- Преференциалды – дамушы елдерден шығатын тауарларға көп жақты
келісімдер негізінде салынатын әрекет етуші кеден тарифімен салыстырғанда
неғұрлым төмен ставкаларға ие баждар.
Алу тәсілі бойынша үш түрлі тарифтер болады:
- спецификалық;
- адвалорлық;
- құрамдық.
Спецификалық – салмақ, көлеммен есептелуі. Мысалы, бидайдың әрбір
центнеріне бір доллар көлемінде баж салығын салу. Ал адвалорлық – тауар
бағасына қатысты пайызбен есептеледі. Құрамдық – кеден салығының екі
аталған түрлерін қамтиды. Мысалы, кеден құнынан 20% бірақ 1 тоннаға 10
доллардан жоғары емес.

Кедендік тариф құрамына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым кедендік тариф әр тауарға қолданылатын біртұтас қойылым негізінде
құрылған. Күрделі кедендік тариф бірнеше салым қойылымына байланысты
белгілі мемлекеттің тауарына қолданылатын максималды, аралық
преференциалды.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттер көп бағалық тарифке ие. Бұндай күрделі
тарифте көбінесе генералды және автономды баж басым. Ол сауда келісім шарты
немесе бітімі жоқ мемлекеттерден импортталатын тауарларға салынады.
Көп бағалы кедендік тариф.
Сыртқы экономикалық Тауардың Ставкалар немесе кедендік баждар
қызметтің тауарлы қысқаша
номенклатура бойынша атауы,
тауар коды
37 Фото және 1 2 3
кино
тауарлары
2,5 5 10

Біздің тариф мысалында автономды немесе генералды баж 10% (үшінші бағана)
құрайды, ол максималды. Тарифтік базалық ставкасын 5% (екінші бағана) баж
құрайды. Бірінші бағана дамушы мемлекеттердің тауарларының баждарына
арналған.

Кеден қорғанысының нақты деңгейі.
Отандық өндірушілердің мүдделерін сақтау мақсатында көп жағдайда тиімді
тарифтік қорғаныстың принципі көмектеседі.
Нақтылы тарифтік қорғану саясаты – бұл саясаты төменгі импорттық салықты,
импорттық шикізат және құрамданған жоғарғы импорттық салықты аяқталған
өнімге қолданады.
Басқа салаларға қорғаныс тарифінің негізгі деңгейі пайыздық көлеммен
анықталады, сол пайызға, бүкіл тарифтік жүйенің жұмыс істеу қабілетіне
байланысты осы саладағы бір өсімнің шамасы жоғарылайды.
Негізгі және нақтылы тариф көлемінің деңгейі (нақтылы қорғаныс деңгейі)
қосымша баға көлемінің қатынасымен, қазіргі кеден салығының деңгейінің
қосымша базалық нұсқауымен анықталады.
Нақтылы тариф қойылымы – көлемдік мінездемесі келесі тұжырыммен
анықталады: импорттық тариф тауардың өндіру процесінің өсуіне ықпал етеді
және импорттық салық салымының дайын өніміне, импортталған шикізат
құрамынан және солардың ақырғы өнімге деген пайыздық арақатынасының
түрлілігіне тәуелді.
Жалпылама түрдегі нақтылы тариф салымының деңгейі формула бойынша
шығарылады:
q= (t – at1)(1 – a)

мұндағы: q – нақтылы кеден қорғанысының деңгейі;
t – номиналдық тарифтің ақырғы өнімге салымы;
a – кеден тарифі болмаған жағдайдағы импорттық
шикізаттың ақырғы өнімге бағалай қатынасы;
t1 - импорт тарифінің бөлігі мен компоненттерінің
номиналдық саллымы;
Нақтылы кеден қорғанысының есептеу негізінде, сауда саясатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикасының дамуы
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Еркін сауда саясаты
Халықаралық еңбек бөлінісі.Халықаралық интеграция.Халықаралық сауда.Халықаралық қаржының валюталық ұйымдары.Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Сауда саясатының теориялық негіздері
Халықаралық сауданың теориялары
Халықаралық сауда саясатының мәні мен рөлі
Халықаралық сауданың жан-жақты жүйесі
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу
Халықаралық экономка
Пәндер