Биологиядан сабақтан тыс жұмыстар



Кіріспе 3
1 Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар 5
1.1 Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы 5
1.2 Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы, оларды өткізу жолдары 6
2. Табиғатта кешенді танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру әдістемесі 13
2.1 Танымжорық биологиядан оқу.тәрбие процесін ұйымдастыру формасы ретінде 13
2.2 8.сыныпқа арналған «Өсімдіктану» пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстар өткізудің әдістемелік негіздері 26
3 Тәжірибелік бөлім 32
№ 1 Сабақтан тыс жұмыс 32
№ 2 Сабақтан тыс жұмыс 33
Қорытынды 35
Пайдаланған әдебиеттер 37
Оқушыларды қоршаған орта туралы білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеу, олардың жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстардан мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды.
Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар оқушылардың ғылыми көзқарастарын, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше бақылау жүргізу икем-дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мөн мәселе көтеру дағдыларын дамытады. Оқушылардың теория жүзінде оқып үйренген білімдері есте қала бермейді, ал табиғатта өткізілетін сабақ кезінде оқушылардың көз алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Олар табиғатты сезімталдықпен қабылдап, олардың бойында есте сақтау қабілеті, байқағыштығы дамытылып, табиғатқа қамқорлық жасау сезімдері оянады. Табиғатта өткізілетін сабақ барысында оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйренеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық, этикалық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, оларды денешынықтыруға, еңбекке баулып, сабақта өтілөтін экологиялық материалдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады. Табиғат аясында сабақ өту оқушыларға білім берудің, тәрбие берудің, бірден-бір табиғи жолы. Мұғалім табиғатта сабақ өту арқылы оқушылардың танымдық ықпалын жандандыра түседі. Табиғатта сабақ өту барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне, мінез-құлық ережелеріне көзқарастары қалыптасады.
Мен өз курстық жұмысымда оқушыларды өлкетануға, яғни табиғатқа саяхат жасауға бару арқылы жергілікті жердің табиғат әлөмін бақылап, төңіректегі табиғаттың сұлулығын көзбен көріп, қолмен ұстап, табиғатты қорғаудың маңызы жайлы түсініктер қалыптастыруда сыныптан тыс табиғатта өткізілетін туристік сабақтың әдістемесін ұсынып отырмын.
1 Жүнісқызы К., Алимкулова Р., Жумагулова Қ. Биология оқыту әдістемесі.-Алматы, 2006.
2 Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық БАҚ-тары. Алматы: «Алматы
3 Калинова Г.С. Методика обучения биологии (6 – 7 кл.) – М.: Просвещение, 1987.
4 Қуанышова. С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі. - ОҚМУ, 2003.
5 Биология қазақстан мектебінде № 2(32) – 2010.
6 Биологиядан сыныптан тыс жұмыс: Мұғалімдерге арналған құрал А: Алматы, 1996.
7 Гольдфельд М.Г. Биологиядан сыныптан тыс жұмыс А: Алматы, 1994.-191с.
8. Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент:
2000 ж. 300 бет
9. В.В. Травникова Биологические экскурси, СПб.: «Паритет», 2002. – 256 б.
10. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов Экология және табиғатты тиімді пайдалану: оқулық. – Алматы: Ғылым, 2004 – 328 б.
11. Биология Қазақстан мектебінде./ Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2005 жылдан бастап.
12. Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал. –Алматы. «Ол – Жас баспасы» ЖШС. 2006 ж. 104 бет.
13. Оспанова Г. Экология: оқулық. –Алматы Экономика, 2002. – 408 б.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар 5
1.1 Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы 5
1.2 Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы, оларды өткізу жолдары 6
2. Табиғатта кешенді танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру әдістемесі 13
2.1 Танымжорық биологиядан оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы ретінде 13
2.2 8-сыныпқа арналған Өсімдіктану пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстар өткізудің әдістемелік негіздері 26
3 Тәжірибелік бөлім 32
№ 1 Сабақтан тыс жұмыс 32
№ 2 Сабақтан тыс жұмыс 33
Қорытынды 35
Пайдаланған әдебиеттер 37

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Оқушыларды қоршаған орта туралы білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеу, олардың жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстардан мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды.
Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар оқушылардың ғылыми көзқарастарын, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше бақылау жүргізу икем-дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мөн мәселе көтеру дағдыларын дамытады. Оқушылардың теория жүзінде оқып үйренген білімдері есте қала бермейді, ал табиғатта өткізілетін сабақ кезінде оқушылардың көз алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Олар табиғатты сезімталдықпен қабылдап, олардың бойында есте сақтау қабілеті, байқағыштығы дамытылып, табиғатқа қамқорлық жасау сезімдері оянады. Табиғатта өткізілетін сабақ барысында оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйренеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық, этикалық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, оларды денешынықтыруға, еңбекке баулып, сабақта өтілөтін экологиялық материалдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады. Табиғат аясында сабақ өту оқушыларға білім берудің, тәрбие берудің, бірден-бір табиғи жолы. Мұғалім табиғатта сабақ өту арқылы оқушылардың танымдық ықпалын жандандыра түседі. Табиғатта сабақ өту барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне, мінез-құлық ережелеріне көзқарастары қалыптасады.
Мен өз курстық жұмысымда оқушыларды өлкетануға, яғни табиғатқа саяхат жасауға бару арқылы жергілікті жердің табиғат әлөмін бақылап, төңіректегі табиғаттың сұлулығын көзбен көріп, қолмен ұстап, табиғатты қорғаудың маңызы жайлы түсініктер қалыптастыруда сыныптан тыс табиғатта өткізілетін туристік сабақтың әдістемесін ұсынып отырмын.
Курстық жұмыстың мақсаты:
сабақ бағадарламасы бойынша әдебиеттерден ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың экологиялық танымдық-теориялық білімдерін көтеру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
оқушыларды табиғатты түсінуге және оған сүйіспеншілік туғызуға үйрету;
өз аймағы туралы, оның табиғаты, өсімдіктері, жануарлары жайлы білімдерін тереңдету;
оқушылардың табиғи орта және табиғат компоненттерінің орналасуы туралы түсінігін дамыту;
биология пәнін оқуға қызығушылығын ояту.
Курстық жұмыстың болжамы. Биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстар білім берудің маңызын, мәселесін шешуге көмектеседі, яғни оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.
Күтілетін нәтиже.
Мектеп биология пәндерін оқыту барысында оқушыларға әртүрлі тақырыпта, сабақтан тыс сабақтар туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Жұмыстың зерттеу әдістері: теориялық және ғылыми мәліметтер жинау, ақпараттарды салыстыру, талдау, тұжырымдау.
Жұмыстың пәні: биологияны оқыту әдістемесі.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар

1.1 Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы

Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.
Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек.
Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сабақтан тыс жұмыстарға барлық оқушылар қатысуы қажет. Мұндай жұмыстар жыл бойы жүргізіледі, одан оқушы керекті, пайдалы, қызықты жаңа мағлұматтар алады. Сондықтан, сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны әр сынып балаларының деңгейіне сәйкес болу керек. Мұғалім, білім деңгейі жоғары оқушыларға әртүрлі тапсырмалар бере алады. Әр оқушы мұндай тапсырмалар арқылы өздерінің білім деңгейін көтереді[1;56].
Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды келесідей ұйымдастыруына болады:
1) әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, көзқарасын ескере отырып, тапсырмаларды жеке немесе әртүрлі тақырып бойынша беруіне болады.
2) барлық окушыға берілетін тапсырма бірдей, бірақ, орындау әдісі әр түрлі болуы мүмкін.
Жалпы білім беретін және мамандырған реформаға, оның оқу тәрбиелік жұмыстарының сапасын жоғарылатуға үлкен назар аударылады. Осыған байланысты биология пәнінен міндетті түрде сабақтан тыс жұмыстар санын жетілдіріп отыру керек.
Оқушы әртүрлі ақпарат көздері арқылы зоология, топырақтану, ботаника, океанология, агрономия және т.б. сол сияқты ғылымдармен танысады. Оқушыны алыс және зерттелмеген елдерге саяхат және биолог-саяхатшылар туралы әңгімелер қызықтырады, олар ботаникалық ашылулар жайлы толығырақ білгілері келеді. Жоғары сынып оқушылары ботаника және агрономия, әлемдік фермерлік іс сияқты бөлімдерімен таныса бастайды. Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын қанағаттандыра, терендете отырып, мүғалім, білімге құмар баланы сабақтан тыс жүмыстарға еліктіре түседі.
Оқушылардың биологиялық зерттеудегі жаңа және ғылыми әдістермен танысуы, әртүрлі құралдармен, аспаптармен жұмыс істеуі оларда зерттеу және іздену жұмыстарына қызығушылық туғызады.
Сабақтан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні де өте жоғары. Ол өз аймағының табиғатын және экономикасын тереңірек оқыта отырып, оқушының Отан сүйгіштігін, өз елінің байлығын дұрыс қолдануға, табиғи ескерткіштерді, тарихын, мәдениетін т.б. қорғауға көмектеседі.
Сабақтан тыс танымжорықтар оқушылардың биология пәні бойынша білімін тереңдете отырып, оқу жұмыстарымен де тығыз байланысты. Бірақ сабақтан тыс жұмыстарда оқушы саны аз болады, өйткені мұнда тек пәнге қызығатын санаулы оқушылар жұмыс істейді. Ал танымжорықтарға оқушыларды мейлінше түгел тартуға тырысу қажет. Бұндай сабақ түрі теориялық білімді практикалық жұмыстармен байланыстыра отырып көптеген жақсы нәтижелер әкеледі.

1.2 Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы, оларды өткізу жолдары
Биология пәнінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу әдісі төмендегідей болады:
1. Ауызша. әдіс (вербальды): лекция, әңгіме, баяндама, сұхбаттасу. Әдістің бұл тобына мұғалім көмектеседі. Дәрістер, әңгімелесу, сұхбаттасуды ғалымдар, экспедиция қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар жұмысшылары көмегімен де өткізуге болады.
2. Практикалык әдіс оқушылар тобымен немесе жалғыз оқушымен, практикалық сабақ үстінде жүзеге қолданады. Оқушы бұл сабақта өздігінен биологиялық материалдар, лабораториялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді, тәжірибелер жасауды, оларды камеральды өңдеуден өткізуді, сондай-ақ табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруды үйренеді.
3. Бақылау әдісін оқу барысында, табиғат құбылыстары сияқты, адамның шаруашылық әрекеті ретінде де қолдануға болады.
4. Тәжірибелік-эксперименттік әдіс - бақылауға қиын табиғи процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында қодданылады. Мысалы, өсімдіктер түрінің пайда болуын, орналасуын көрсететін тәжірибелер т.б. Тәжірибені алдын ала дайындап, оқушылар сосын оның нәтижелерін талқылайды.
5. Конструкциялар мен модельдеу - биологиялық процесстердің мәнін түсінуге қажет құралдар мен аспаптар моделін жасауға мүмкіндік береді.
6. Таныжорықтық әдіс-объектіні және құбылысты табиғатта, өндірісте, көрмелерде, мұражайларда көріп тануға мүмкіндік береді.
7. Объектіні оқу әдісі - оқушының өз бетімен жұмыс істеуінде үлкен рөл атқарады. Бұл әдіс биологиялық әлемді зерттеудің әртүрлі сатыларында қолданылады: зерттеуге дайындық кезінде, жұмыс барысында, қорытынды жасауда.
Сабақтан тыс жұмыстар күнделікті сабақтан өзінің мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру түрлері, жүргізу әдістер ерекшелігімен сипатталады. Бұндай тыс жұмыстарда оқушы әртүрлі ақпарат көздері арқылы білімін өз бетінше толықтыруға мүмкіндік алады.
Бұндай жұмыстар оқушының танымдық қабілеттерін арттыруға көмектеседі, яғни өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастырып, шығармашылық, биологиялық ойлау қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, байқампаздығын арттырады.
Танымжорықтар жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Танымжорық сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.
Оқыту процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Танымжорық түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Биология пәнінің бағдарламасы бойынша күз және көктем мезгілдерінде оқу танымжорықтарын өткізу керек. Өсімдіктану курсы бойынша (8 сыныпта) - төрт рет табиғатта, ал жануартану курсы бойынша (9 сыныпта)- бір экскурсия - жергілікті қорықтар мен ұлттық бақтарда жүргізіледі. Биологиялық танымжорық - бұл мектептегі оқу-тәрбиелік процестің бір түрі, оны өткізу, мұғалімге сабақ жүргізумен бірдей[2;56].
Танымжорық кезінде оқушыларда ботаникалық, зоологиялық түсініктердің негіздері болып келетін, табиғи объектілер мен құбылыстар туралы нақты елестетулер қалыптасады. Туған жер мысалында ботканикалық білімдер арқылы Жердің жасыл қабықшасындағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен процесстерді түсіндіруге болады. Сондықтан, бұл жерде танымжорықтың ролі өте маңызды болып саналады.
Табиғатта танымжорық кезінде оқушыларда көптеген біліктіліктер қалыптасады, біріншіден, бақылау жүргізу, биологиялық объекті мен адам шаруашылығын талдау. Жергілікті жер мысалында, оқушылар, табиғи компоненттердің тығыз байланысын және олардың табиғи аймақтық кешендерге бірігетінін түсінеді. Табиғи компоненттер байланыстар арқылы пайда болатын кешендердің құрылуын, табиғи-аймақтық кешендердің заңдылық негізі ретіндегі тұтастығын түсінеді. Бір компоненттің өзгеруі екінші компоненттің өзгеруіне әкеп соғады, бұл кезде қайта орнына келмес процесс пайда болу мүмкін. Танымжорық барысында, сондай-ақ, жергілікті материал арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беруге болады. Өнеркәсіпке барған кезде, оқушылар сол саладағы процесімен, өндірістің ұйымдастыру және тиімділігін көтеру жолымен танысады.
Сонымен, оқу танымжорықтары оқушылардың биологиялық білім жүйесіндегі бекіту әдістерінің негізгі саласы болып келеді.
Оқушыларды танымжорыққа сабақ кезінде дайындайды. Оларды теориялық және практикалық түрінде дайындап ұйымдастыру керек.
Оқушылардың теориялық дайындалуы, танымжорық кезінде, практикада немесе бір жағдайда пайдаланатын кейбір ботаникалық және зоологиялық түсініктерді қайталау.
Практикалық дайындалу деген -- оқушылардың танымжорық кезінде, оның бағдарламасы бойынша орындалатын кейбір жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.
Танымжорықтың ұйымдастыру жұмысы деген -- мұғалім оқушыларға экскурсияның тақырыбы мен жоспарын айтады, сыныпты 6-7 оқушыдан бірнеше бригадаға бөледі, бригадирді тағайындайды, керекті заттардың тізімін, уақытын, жиналу орнын, қандай киім және қалай киіну керектігін т.б. айтады.
Танымжорықтың жақсы өтуі оның ұйымдастырылуымен байланысты, оны келесі жоспар арқылы жүргізуге болады:
а) әңгімелесу (кіріспе); (табиғатта әңгімені мұғалім жүргізеді, өнеркәсіпте - сол жердегі әкімшілік);
б) танымжорық маршруты бойынша тапсырмаларды орындау;
в) қорытынды жасау.
Танымжорықтан кейін әрбір оқушы берілген тапсырма бойынша мұғалімге жазбаша түрінде есеп береді. Есеп ішінде танымжорық тақырыбын, мақсатын, тақырыптың маңызын ашып көрсетеді.
Бұл жұмыстардың барлығы биологияны оқытудағы өлкетану принципін енгізуге көмектесетін көрнекілік құралдар қорын толықтырады.
Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.
Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар биология пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр [3;36].
Биология пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен кітапшалар да басылып шықты.
Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіріле түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары биологиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте биологияны оқытудың сапасына да байланысты екені белгілі. Орта мектептерде биологиядан сабақ беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс ақпараттық білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі. Бірқатар мектептер сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын ,атап айтқанда, биологиялық кештер, ойлан - тап ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсендіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.
Мектептердегі Жас химик қабырға газеті де бір сарынды, көшірме рөлін атқарып келеді, өйткені онда пайдаланған материалдар көбінесе ғылыми кітаптардан, газеттер мен журналдардан сөзбе - сөз көшіріле салады.
Соңғы кездерде сыныптан тыс жұмыстарды қызықты етіп жүргізуде биология апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, биологиялық ойындар,жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын сыныптан тыс жұмыстар: мектепішілік биологиялық олимпиадалар, өндірістік мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар,тапқырлар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді.
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.
Көп жылдан бері студенттермен жүргізіп келе жатқан ұстаздыққа тәрбиелеуге байланысты жұмыстардың барысында көптеген теориялық және сарамандық маңызы бар әдістемелік материалдар жинақталды. Бүгінгі таңда халық ағарту саласы алдына жаңа да биік талаптар қойылып отыр. Жеткіншек ұрпаққа білім мен жан-жақты тәрбие беруді одан әрі жетілдіру ісін түбегейлі жақсарту міндеті тұр. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында мемлекеттік маңызы зор шаралар қатарында оқу-тәрбие ісі де терең талданып, мектеп реформасына байланысты көтерілген мәселелерді шешуге мүдделікпен карап, мазмұнды жұмыспен ат салысу керектігі атап айтылды.
Республикамызда білім беру жүйесінің міндеттерін ойдағыдай шешу, заңда атап көрсетілгендей, бүкіл тәрбие ісін жинақты жүргізуге, идеялық-саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тығыз бірлігін қамтамасыз етуге байланысты.
Егер оқу - тәрбие барысының даму кезеңдеріне бір сәт көз жіберіп қарасақ, қазақ мектептерін былай қойғанда, алғашқы кездерде орта білім беретін орыс мектептерінде сыныптан тыс жұмыстардың рөлі тіптен жоқтың қасы болды.
Мектептерде биология пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру мен түрлерін жақсарта түсу мәселелері әр кез мұғалімдердің назарынан тыс қалған емес. Мектептердің даму кезеңдерінің әр түрлі сатысында сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен мақсаты өзгеріп нақтыланып, дамып отырғанын мұғалімдер тәжірибесінен байқауға болады. Қазіргі кезеңде сыныптан тыс жұмыстар биология пәнін саналы меңгеруге негізделген.
Сыныптан тыс биологиялық жұмыстардың көздейтін мақсаты әр түрлі үйірмелер мен бірлестіктер қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Мектептердің дамуының алғашқы кезеңдерінде оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға көбірек тарту, оқу көрнекі құралдарын дайындату арқылы биологиялық кабинеттерді оқушылардың өздеріне жабдықтату міндеттері де басты орында тұрады.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың түрлері мен әдістерін жетілдіруге арналған ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижесі ғылыми тұрғыдан тұжырымдала бастады. Олар биология тарихынан баяндамалар дайындап, жергілікті биология өндірісіне топсеруен жасаумен айналысқан.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың басты негіздерін шешу жөніндегі алғашқы жұмыстар Москва қаласында №110 мектептің мұғалімі Л.И.Розинаның еңбектерінен байқалады. Ол академик Н.Д.Зелинскийдің басшылығымен ұйымдасқан биология қоғамының жұмысын жинақтап, қортындылайды.Л.И.Розинаның іс - тәжірибесі қалалық мектептердің жағдайына негізделіп жазылғандықтан,селолық мектептердің жағдайына аса қолайлы болмады. Осыған орай Л.И.Розинаның ұсынған қондырғылары барлық мектептер үшін шешімін таппаған кездейсоқ қорытындылар екені сыналады. Дегенмен бұл еңбек сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіруде мұғалімдерге көп көмегін тигізді[4;59].
Орта мектептердегі биологиядан сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар және оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін даярлау деген тақырыпта П.Н.Карелин өзі жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесін қорытындылап жазды. Ол өз еңбегінде сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастырудың және оны өткізудің түрлері мен әдістерін әңгіме етеді. Болашақ мұғалімдерді биология пәніне байланысты сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыруға тәрбиелеудің негізгі мәселелері сөз болды.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың оқу - тәрбиелік рөліне, ұйымдастыру принциптеріне баса назар аударған. Дегенмен бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіре түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары биологиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу-мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай - ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсіресе баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көнекі көрсетіп, сабаққа танымдық арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс - әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар оқушылардың биологиялық білімін дамытып қана қоймайды, олар жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың жоспарын жасаған кезде әрбір үйірме мүшелерінің жеке міндеттері де көрсетіледі. Бұл үйірме мүшелерінің арасында ұжымдық сезімді тудырады. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар үйірмедегі бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып,қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап биология кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты қажеттігі айқын көрініп тұрады.
Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы-күрделі сағат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен) әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт.
Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Бұл мәселе бүгінде педагогтарды көп толғантып жүр. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Мұндай ақпараттық жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.
Бұдан шығатын қорытынды, яғни сыныптан тыс жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты-әр түрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Биологиядан жүргізілетін сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу - тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып,алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болады[5;89].

2. Табиғатта кешенді танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру әдістемесі

2.1 Танымжорық биологиядан оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы ретінде

Әр кезеңдерде танымжорық термині әр түрлі мазмұнға ие болып келді. Анықтамалардың әртүрлілігі оған әртүрлі мазмұн беріп отырды. Осыған байланысты танымжорыққа деген көзқарастар да ерекшелене түсті. Бірақ, танымжорыққа деген көзқарас қана емес, танымжорықтың өзі де қоғам тіршілігінің құбылысы ретінде өзгерді. Танымжорық ісінің көрнекті зерттеуші мамандары танымжорықтың негізгі белгілеріне мыналарды жатқызды:
1. Саяхаттылық және қозғалғыштық (И. М. Греве).
2. Қозғалғыштық және локалды белгі, яғни нысандарды олардың табиғи шығу орнында зерттеу (Б. Е. Райков).
3. Мазмұндылық (Н. П. Анциферов).
4. Нысандарды олардың табиғи жағдайында зерттеу (И. А. Гейнике).
Танымжорық сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау жасайды.
Танымжорық маршруттарының күрделі жағдайдын, түрлі нұсқасын қамтитын өлкенің кез келген ауданына апарар қозғалыстың әртүрлі қабілетінің - мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жасалынады. Жаяу, таумен, сумен, шаңғымен, атпен, велосипедпен, мотоциклмен жүзеге асады.
Жаяу жорық - барша адамның қолы жететін жорық. Бірақ жаяу танымжорыққа шығушы өзі көтеретін жүк салмағын есепке алуы керек, себебі бұл жағдай елсіз жерлермен ұзақ жол жүргенде көп қиындыққа душар етуі мүмкін. Ең негізгі кедергілер өзеннен, батпақтан, орман-тоғай белдеулерінен өткенде кездесері сөзсіз. Жаяу танымжорықшысының жер жағдайын жетік аңғарып, дұрыс бағдарлай алуының, компасты пайдалана отырып, жазылған азимут бойынша жүруінің маңызы үлкен. 15-тен 20 шақырымға дейінгі аралықты күндіз жүріп өту - бұл көрсеткіш танымжорықшылар ертелі-кеш жол жүріп шынығу деңгейіне және жорықтың шартына байланысты өзгеруі де мүмкін, ол танымжорықшылардан жаяу жүру дағдыларын және төзімділікті талап етеді.
Танымжорықтың ең қызықты, сонымен бірге күрделі түрлерінін бірі- таулы аймақтағы жорық. Тау соқпақтармен өтетін жорық желілері көп уақытты керек ететін қырға одан төмен түсу қиындығын ескеру нәтижесінде жасалады. Ең биікте ауаның жетіспеуінен тыныс алу ауырлайтыны мәлім. Күн мен түннің температурасы тез өзгереді. Ауа райы да құбыла түседі, әрі соқпақтардан тыс жүру қауіпті, ал тау өзендерінен, құлама жартастардан, шындардан, үрінді қар мен мұздан өту одан да қауіпті. Мұндай жағдайда танымжорықшылар альпинистердің амал және айла-тәсілдерінен, таулы аймақтағы қозғалыстың тәсілдерінен хабардар болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Танымжорықтың ішіндегі ең қиыны, ең күрделісі биік таулы аймақтағы танымжорық болып есептеледі. Сөйте тұра, ол танымжорықшыларды ғажайып көріністермен қуантып, төзімділігін сыннан өткізуге, табиғат күшімен күрес барысында ерлігі мен ерік-жігерін шындап, тәрбиелеуге мол мүмкіндік береді. Дұрыс және шынайы дайындық жасап, тауда жүріп-тұрудың ережелерін дұрыс сақтаған жағдайда жорық қауіпсіз болады[6;123].
Сумен танымжорық жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ танымжорықшылардың жүзе білетін, қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті.
Қайықты бастапқы орнына апарып қою немесе ағаштарды байластырып, жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар су танымжорықының дамуын біршама шектейтіндей. Сумен танымжорық өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік береді, дене жүгін азайтады, танымжорықшы дүниетанымын тарылтып, өзен жағалауларымен тұйықтайды.
Жаяу танымжорыққа қарағанда сумен танымжорықта бағыт-бағдар ұстану әлдеқайда оңай, оны өзннің ағысы арқылы анықтауға болады.
Сумен күндіз танымжорық жасағанда ең бастысы ағыс жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең, таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.
Танымжорықтың ең күрделі түрлерінің бірі - шаңғы арқылы жасалынатын танымжорық. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтағы шаңғы тебу тәсілін жетік меңгеру қажеттілігі, қалың қарларда жүрудің қиындығы, температураның төмендігі, боран және т.б. танымжорыққа қатысушылардың дене тәрбиесін арттыруды жүктейді.
Қыстың күндері жолды бағдарлау күрделене түседі, олай дейтініміз бағдарлауға көмектесетін белгілер қар астында қалады, әсіресе елді мекендері аз жерлермен танымжорыққа шығу қиын, ол танымжорыққа қатысушылардан қысқы далада қонуды ұйымдастыру тәжірибесін, организмнің төменгі температураға үйренген болуын, ұқыптылықты, өзін-өзі бақылай білуді талап етеді.
Шаңғымен танымжорық жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады.
Шаңғы танымжорықына қатысушылардың басты кедергілері: қар жауып тұрған кездегі қозғалыс әсіресе қары борпылдақ, жұмсақ ормандарда, биік, ұйлыға өскен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, биік, қия, жоталар.
Қардың қалың, жұқа түсүіне, жердің жазық, немесе ойлы-қырлы болуына байланысты шаңғымен танымжорықтың күндізгі орташа қарқыны 15-35 шақырым болады.
Еліміздің көптеген аудандарының адыр-бұдырлы даласын кесіп өтетін жақсы жол тораптары велосипедпен танымжорық жасау түрін кең дамытуға мүмкіндік береді. Танымжорықтын басқа түрлеріне қарағанда велосипедпен жасалынатын жорық әлдеқайда алыс сапар шегуге жағдай жасайды және оған қатысушылардың зерттеу жұмыстарын жџргізуге жағдай жасайды.
Алайда, жолдан бұрылып шыға алмаушылық көп жерлерді аралап көру мүмкіндігінен айырады. Рас, жолсыз жермен де жүруге болады, бірақ онда велосипедпен танымжорықтың барлық артықшылығы жойылады. Кейде велосипедпен танымжорық велосипед жарысына айналып та кетеді.
Танымжорықтың негізгі мақсатына нұқсан келтірерлік қозғалыс жылдамдығын шамадан тыс пайдалануға болмайды. Велосипедпен танымжорық жасаушылар күндіз орта есеппен 50-60 шақырымдай жүрулері керек[7;124].
Велосипедшілердің негізгі кедергілері жолсыздық, құмды жолдар, тік қырлар мен өңістер, өткелдер болып табылады.
Автомобильмен және мотоциклмен танымжорық та кен қанат жайып отыр. Ол демалыс күндері жергілікті жерлерге жорыққа шығумен ерекшеленеді, мыңдаған шақырым алыс қашықтықтарға сапар шегу қызық.
Спелео-үңгір танымжорықы өзіндік мағынаға ие. Бірінші ерекшелігі - күндізгі жорықтың болмауы. Жерасты танымжорықының ең басты қауіптілігі - қараңғылық. Жарық жоқ жерде қозғалу, бағытты бағдарлау қиындай түсетіні белгілі. Соның салдарынан шұңқырға немесе құдыққа құлап кетуге де болады. Мұндайға ұшырмау үшін танымжорықшылар жарық сыйлар құралдарды өздерімен бірге алып жүрулері керек.
Үлкен үңгірлер енетін жол тараптарының көптілігімен күрделі, онда адаспай көздеген орынға жету тәжірибелі бастаушының өзіне де қиын соғуы мүмкін. үнгірлер қираған кезде жоғарыдан және қабырғалардан еденге тас сынықтарының құлайтыны бар. Олар тіпті қатты дауыстың өзінен-ақ үгітіледі.
Жерасты танымжорық кезінде адамды тұншықтырар немесе жарылыс туғызар газдардың жиналып қалғанын кездестіруге болады. Жалпы үңгірлер сол жердің үстіндегі климатқа ұқсамайтын өзіндік климатқа ие.
Үңгірге түскен әр танымжорықшы альпинистік тәсіл негіздерін, шыңға шығу әдістерін игеріп, мұзды өңістерден аман өтуі, жүргенде қауіпсіздік ережелерін, т.б. сақтауы тиіс. Жерасты танымжорықына байланысты кездесетін қиындықтар әркімнен батылдықты, тапқырлықты, төзімділікті, тез қағып алушылықты, денсаулығының мықты болуын талап етеді. Жерасты танымжорықына кетіп бара жатып үңгірлердің қауіпті екендігін бір сәтке де ұмытуға болмайды. Ең алдымен біреу бақытсыздық жағдайға ұшырап қалса, оған сырттан қалай көмек көрсетудің шаралары, сондай-ақ танымжорықшылардың үңгірден қашан оралатыны туралы күні бұрын бақылау мерзімі белгіленуі керек.
Оқытуды танымжорық жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
Біріншісі - кіріспе танымжорық деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Танымжорықтың бұл түрін бастауыш және орта сыныптарда алдын ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады.
Екіншісі - ілеспелі танымжорық деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі мүмкін.
Үшіншісі - қорытынды танымжорық. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғанан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.
Танымжорық сабағының нәтижелі өтуі негізінен мұғалімнің алдын-ала дайындық жұмыстары мен өткізу орнын дұрыс таңдай білуіне байланысты болмақ. Мұғалім танымжорық болатын нысананы алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға оның мақсатын түсіндіреді. Мақсатына қарай оның жоспары жасалады. Жоспарда негізінен мына мәселелер қарастырылады:
танымжорық барысы, негізгі кезеңдері, басталу және аяқталу уақыты;
маршруты, қамтитын нысанасы;
танымжорыққа қажетті құрал-жабдықтар;
танымжорық барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары.
жеке және топ болып атқаратын жұмыстардың түрлері;
танымжорық қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары т.б.
XVIII ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа танымжорық жасау қажеттігін дұрыс деп тапты. Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оны Ресейде Л. Н. Толстой ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде кеңірек пайдаланды.
Мектепте танымжорықтарды ұйымдастыру қажеттігі туралы алғашқы пікірді айтқан педагогтардың бірі Александр Яковлевич Герд болатын. Ол өз еңбектерімен жаратылыстануды оқытудың ғылыми әдістемесінің негізін қалады[8;125].
А.Я Герд өз жұмысында жаратылыстануды оқыту мүмкіндігінше табиғатта, бақта, орманда, алаң немесе батпақта басталуы қажет деп атап көрсетті. Бұл сөздер революцияға дейін және одан кейін де көптеген прогресшіл мұғалімдердің ұраны болып келді. Танымжорық кезінде өлкені табиғатын тануға негізделген оқу-тәрбие жұмыстарынан А.Я Герд танымдық іс-әрекетті дамытудың тамаша мүмкіндіктерін көре білді.
А.Я Гердтің Пәндік сабақтар атты бірінші жеке әдістемесінде оқу процесінің бөлігі және білім беру әдісі ретінде сабақтар мен танымжорықтар жоспарлары құрылған.
Оқыту жұмысының танымжорық формасына Учитель журналы баса назар аударды.
1861 ж. Н.Волокитин өзінің Табиғатсүйгіштердің жорық ережелері атты мақаласында орманда демалуды ғана емес, табиғат тіршілігін тануды да ұсынды. Д.Н Кайгородов та өзінің орман және жазықтық өсімдіктері туралы танымал мақалаларында осындай кеңестер берді.
1900 жылдан бастап Ресейде ботаникалық журналдар шыға бастады. Оларда өсімдіктердің әр жыл мезгілдеріндегі сипаттамалары ұсынылып отырды.
В 1901 жылы Мәскеуде биология пәні оқытушысының алғашқы кітабы жарық көрді. Ол кітапта оқушыларға табиғатта өзіндік жұмыс жүргізуге арналған нұсқаулар берілді және анықтама карточкалар құрастырылды.
Осы жылы танымжорықтар орыс мектептерінде жаратылыстануды оқытудың міндетті формасы ретінде енгізілді. Айта кету керек, бұл кезеңде танымжорықтар ұйымдастыру әдісіне жаппай беалыс байқалды. Орта мектептерде биологияны оқыту әдістемесін жетілдіру ісімен танымал биологтар мен әдіскерлер А.Я Герд, М. П. Варавва, В.В Половцев, И.И Полянский, В.А Кожевников, А. Григорьев, К.П. Ягодовский, Б. В. Игнатьев, В.Зеленский айналысты.
Кеңестік мектептердің пайда болуының алғашқы жылдарында зерттеу әдістерінің кеңінен пайдаланылуына байланысты танымжорықтарға биологияны оқыту процесінде ерекше мән беріліп келді. Танымжорықтарды ұйымдастыру үшін арнайы станциялар мен институттар құрылды.
1932 жылдан кейін танымжорықтарға назар аудару бәсеңдейді, себебі, әдіскерлер сабақ әдістемелерін жасауға бет бұрған болатын.
Тәрбиелеп оқыту принциптерін жүзеге асыру және табиғатты қорғау мәселелерінің педагогикалық аспектілерін шешу кезінде танымжорықтар мектептерде биологияны оқытуды ұйымдастырудың маңызды формасы ретінде қалпына келтірілді.
Танымжорықтарды жүргізу әдістемесі жаңа мазмұнмен, жаңа формалармен, әдістермен және оқыту тәсілдерімен байытылды.
Қазіргі кезде мектеп бағдарламалары оқушылармен табиғатта, мұражайда, ,ылыми-зерттеу институттарында, ауылшаруашылық өндірісінде, олардың мазмұнын зоология, анатомия, физиология, адам гигиенасы және жалпы биология курстармен сәйкес анықтай отырып, танымжорықтар өткізуді міндеттейді.
Биологиядан танымжорықтар ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге арналған құнды мақалалар Биология в школе журналында жиі жарияланып тұрады[9;58].
Б.Е. Райков, А.Я. Герд, Н.П. Анциферов, Ф.А. Звягинцев, Б.В.Всесвятскийдің жетлдірілген әдістемелік құралдарының арқасында мектептегі танымжорықтардың теориялық және практикалық негізі бекітілген.
Әр кезеңдерде танымжорық (экскурсия) түсінігі әртүрлі мәнге ие болып келді (лат. excursio - жүгіріп шығамын) және олардың әртүрлі болуы танымжорыққа қатысты көзқарастардың ерекшеліктеріне ықпал етті.
Танымал әдіскер В.А. Герд танымжорық (экскурсия) түсінігіне жетекшінің басшылығындағы топ денені немесе құбылысты өзінің табиғи күйінде зерттейтін және осы мақсат үшін зерттеу нысанына аттанатын оқу-тәрбие процесі деп анықтама берді.
Танымжорық ісінің алғашқы әдіскерлерінің бірі Б.Е. Райков танымжорықты және танымжорық әдісінің мәнін былай түсіндірді: біз нысандарды өзінің табиғи орнында зерттеуді және соған байланысты өзіміздің кеңістікте орын ауыстыруымызды танымжорық деп түсінеміз. Осы екі ұстаным бір-бірімен тығыз байланысты және танымжорық әдісінің мәнін құрайды.
Ал күнделікті сөздіктерде танымжорық түсінігі ұжым болып білімдік немесе танымдық мақсатпен бір жаққа шығу деп түсіндіріледі.
Танымжорық мәнін анықтау мәселесінде ХХ ғасырдың басында оқушылар үшін екі негізгі бағыт қарастырылды: танымжорық - оқу процесінің бірден бір жетекші базасы, танымжорық - мектептің оқу жоспарының негізгі бөлігі.
Н.М Верзилин и В.М. Корсунская өз жұмыстарында танымжорық терминіне толық анықтама бере алды: мектептегі танымжорық - оқушылар тобымен немесе сыныппен бағдарламаға байланысты мұғалімнің таңдауы арқылы тақырып бойынша табиғи ортада немесе қолдан жасалған жағдайларда бір нысаннан екінші нысанға оның табиғи ортасында орын ауыстыра отырып, оқу-танымдық мақсатта мектептен тыс өткізілетін оқу-тәрбие жұмысының формасы.
П.И. Пидкасистый өзінің Педагогика атты еңбегінде танымжорық түсінігін мектептегі оқу процесін шынайы өмірмен жалғастыратын және оқушыларды заттар мен құбылыстарды табиғи ортада тану мүмкіндігімен қамтамасыз ететін оқыту формасы деп атайды.
Ю.Л. Хотунцев биологиялық танымжорық түсінігін білім беру мақсатында топ болып табиғи кешендерді аралауды білдіретін биологиялық білім беру формасы ретінде түсіндіреді.
Оқыту формасы ретінде танымжорықтар бірқатар маңызды дидактикалық қызметтерді жүзеге асырады:
оқытудың көрнекілік принципі жүзеге асады;
оқытудың ғылымилығы артады және тіршілікпен, практикамен байланысы бекиді;
оқушылардың көзқарасы кеңейеді;
тәрбие процесі жүзеге асады.
Танымжорықтардың мәні олардың көрсету және әңгімелеу тәсілдерімен органикалық үйлесімінен көрінеді. Мұғалім оқушыларға нысандарды көрсете отырып, оларға талдау жасайды, түсіндіреді. Егер қандай да бір тақырыпты ашатын табиғи нысандар болмаса, танымжорық та болмайды. Нысанды көрсете отырып, мұғалім оқушыларды көргенін дұрыс қабылдауға, көрнекі заттар мен құбылыстарға дұрыс баға бере білуге үйретеді.
Танымжорықтар биология пәнінің тұтастығын бұзбай отырып, оны оқыту мен тәрбиелеу процесіне білім беру формасы ретінде органикалық енгізілуі тиіс. Әрбір жеке танымжорықтың тақырыптағы орны мен ролі мақсаттар мен міндеттер көмегімен анықталады.
Оқу танымжорығының мазмұны мен әдістемесі бір-бірінен ерекшеленген болуы тиіс, себебі олардың әрқайсысы тақырыпта немесе тарауда белгілі бір орынға бағытталады.
Әр танымжорықтың тақырып пен мақсаттарына тәуелсіз белгілері мен ерекшеліктері болады және олардың бірі болмаған жағдайда танымжорық мағынасын жоғалтады.
Өз жұмыстарында И.Д.Зверев және А.Н.Мягкова танымжорықтың мынадай белгілерін ерекшелеп көрсетеді:
табиғи нысандар мен құбылыстарды зерттеу табиғатта жүргізілуі тиіс;
оқушылардың танымдық әрекеті табиғи күйдегі немесе арнайы жасалған жағдайдағы нақты нысандар мен құбылыстарды зерттеуге бағытталады;
оқытуда бақылау, оқушылардың тапсырмалар бойынша өзіндік жұмыстары басым роль атқарады;
оқу процесі мектептен, сыныптан тыс жүргізіледі, түсіндіру жұмыстарын мұғмлім ғана атқармайды.
Б.Ю. Емельянов өз жұмысында танымжорықтың мынадай белгілерін ашып көрсетеді:
өткізу уақыты кезінде бір сағаттан бір тәулікке дейін созылуы;
саны 10-30 адам болатын экскурсиялық топтың болуы;
жорық жетекшісі міндетін атқаратын, белгілі бір саласының маманының болуы;
жорық нысандарының көрсетілуі, көрермен таңданыстары мен нысанды жаппай бақылау;
танымжорыққа қатысушылардың алдын ала белгіленген бағыт бойынша орын ауыстырып отыруы;
бақылаудың мақсатты жүргізілуі, жорық жетекшісі баяндап, түсіндіріп отыратын нақты тақырыптың болуы.
Танымжорық білім беру жұмысының өн бойында белгілі бір тақырып бойынша және сабақтардағы жұмыстармен тығыз байланыста жүйелі түрде ұйымдастырылып отырады.
Танымжорықтар негізінен күз және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, формалары мен түрлері
Мектепте биология курсынан үйірме жұмыстарын ұйымдастыру
Жеке сабақ
Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері
Мұражайда 7-сынып биологиясын оқыту әдістемесі
Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру
Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар
Биология білімін бақылаудың формалары, түрлері және әдістері
Биология сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер