Маргарет Тэтчер



КІРІСПЕ 3
М. ТЭТЧЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ШЫҚҚАН ТЕГІ: ОНЫҢ САЯСИ БЕЙНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ САЯСИ ТАБЫСТАРЫ 5
1. М.Тэтчердің өскен ортасы және саясаткерлік жолындағы қадамдары 5
2. Англияның 70.жылдардағы әлеуметтік.экономикалық жағдайы және М.Тэтчердің билікке қол жеткізуі 7
ҚОРЫТЫНДЫ 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13
Ұлыбританияның қазіргі заманғы саясаты тарихында Маргарет Тэтчердің есімі секілді дау тудыратын, қарама-қайшы пікірлердің өрбуіне мүмкіндік беретін, түрлі тұжырымдар жасауға ұйытқы болған есім жоқ десек қателесе қоймаспыз. Дегенмен оның саяси қарсыластары Тэтчер тұлғасының бірегейлігін, оның елдің қоғамдық-саяси дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырғанын мойындамай тұра алмайды.
Оның оппонеттері қолданысқа енгізген «тэтчеризм» ұғымы неокнсерватизмнің британдық үлгісінің синониміне айналды. Ол «Тэтчер факторы», «Тэтчер феномені» және «Тэтчер төңкерісі» деген сөз тіркестерімен қатар қолданылады. Бұл сөздердің барлығы да ағылшын саяси сөздігіне мықтап тұрып енді. Л.Замятин «тэтчеризм» термині «… ол жүргізген белгілі бір саяси, деологиялық және моралдық ұстанымдарды, сондай-ақ оның басқару стиліне тән ерекшеліктерді анықтайтын сипаттамалары» деп есептейді.
Осындай әйгілілігіне, Ұлыбританияның өркендеуіне көрсеткен зор ықпалына және әлемдік саяси процеске жасаған әсеріне байланысты М.Тэтчердің саяси бейнесін, оның жүргізген ішкі және сыртқы саясатын егжей-тегжейлі зерттеп білудің маңызы зор.
Бұл тақырыпты мен кездейсоқ таңдап алғаным жоқ. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Тэтчер белгілі уақыт кезеңінде Британияның өркендеуіне мен дамуына мүмкіндік жасады. Қазіргі кезде Қазақстанның әл-ауқатының артып, даму барысы, әсіресе Н. Назарбаев есімімен байланыстырылады. Көп үміт күтіледі. Сондықтан да ағылшын премьерінің саяси тәжірибесі біздің еліміз үшін де жат болмайды және үйренер тұстары баршылық деп есептеймін.
Сол сияқты Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын нығайтуға күш салуы да бізді ойландыруы керек.
1. Гаджиев. В. С. и др. Современный консерватизм. М., 1992.
2. Жизнь замечательных людей. Маргарэт Тэтчер. Минск. 1998.
3. Орлова М. Е. Северная Ирландия: опыт преобразования в расколотом обществе. М., 1994
4. Попов В. И. Маргарэт Тэтчер: человек и политик (Взгляд советского дипломата). М., 1991.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
М. ТЭТЧЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ШЫҚҚАН ТЕГІ: ОНЫҢ САЯСИ БЕЙНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
САЯСИ ТАБЫСТАРЫ 5
1. М.Тэтчердің өскен ортасы және саясаткерлік жолындағы қадамдары 5
2. Англияның 70-жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы және
М.Тэтчердің билікке қол жеткізуі 7
ҚОРЫТЫНДЫ 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13

КІРІСПЕ

Ұлыбританияның қазіргі заманғы саясаты тарихында Маргарет Тэтчердің
есімі секілді дау тудыратын, қарама-қайшы пікірлердің өрбуіне мүмкіндік
беретін, түрлі тұжырымдар жасауға ұйытқы болған есім жоқ десек қателесе
қоймаспыз. Дегенмен оның саяси қарсыластары Тэтчер тұлғасының бірегейлігін,
оның елдің қоғамдық-саяси дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырғанын
мойындамай тұра алмайды.
Оның оппонеттері қолданысқа енгізген тэтчеризм ұғымы
неокнсерватизмнің британдық үлгісінің синониміне айналды. Ол Тэтчер
факторы, Тэтчер феномені және Тэтчер төңкерісі деген сөз тіркестерімен
қатар қолданылады. Бұл сөздердің барлығы да ағылшын саяси сөздігіне мықтап
тұрып енді. Л.Замятин тэтчеризм термині ... ол жүргізген белгілі бір
саяси, деологиялық және моралдық ұстанымдарды, сондай-ақ оның басқару
стиліне тән ерекшеліктерді анықтайтын сипаттамалары деп есептейді.
Осындай әйгілілігіне, Ұлыбританияның өркендеуіне көрсеткен зор
ықпалына және әлемдік саяси процеске жасаған әсеріне байланысты М.Тэтчердің
саяси бейнесін, оның жүргізген ішкі және сыртқы саясатын егжей-тегжейлі
зерттеп білудің маңызы зор.
Бұл тақырыпты мен кездейсоқ таңдап алғаным жоқ. Жоғарыда айтып
өткеніміздей, Тэтчер белгілі уақыт кезеңінде Британияның өркендеуіне мен
дамуына мүмкіндік жасады. Қазіргі кезде Қазақстанның әл-ауқатының артып,
даму барысы, әсіресе Н. Назарбаев есімімен байланыстырылады. Көп үміт
күтіледі. Сондықтан да ағылшын премьерінің саяси тәжірибесі біздің еліміз
үшін де жат болмайды және үйренер тұстары баршылық деп есептеймін.
Сол сияқты Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий
аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын
нығайтуға күш салуы да бізді ойландыруы керек. 1990 жылдардың басында
Британияның бұрынғы премьер-министрі М. Тэтчердің Қазақстанға келуі осының
дәлелі. Ұлыбритания Еуропа Одағы елдері арасында бірінші болып 1996 жылы
Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді
бекітті. Сондықтан да осы елдің тарихына, басқа елдермен арақатынасына
қатысты мәселелерді М.Тэтчер қызметі аясында қарастырудың өзектілігі дау
тудырмайды.
Тэтчердің саяси келбетін анықтауда бірқатар қиындықтар туындауы
мүмкін екендігін айтқан жөн. Бұл ең алдымен, оның саясатының сан
қырлылығына байланысты. Сондықтан да бұл туралы әдебиеттер де сан лауын
және қарама-қарсы пікірлер көп. Тэтчердің саяси тұлғасына Л.Замятин,
С.П.Перегрудов, В.И.Попов, В.Я.Денискина еңбектері арналған. Тэтчердің
шетелдік биографтары қатарына Крис Огдэн, П.Дженкинс, Д.Каванах, Ф.Пим,
Х.Юнг және А.Сломан секілді авторлар жатады. Сол сияқты ағылшын
консерватизмі туралы көптеген еңбектерде (мысалы, В.С. Гаджиев, т.б.
еңбектері) тақырыпқа қатысты мағлұматтар мол.
М. Тэтчердің өз заманындағы әйгілі премьер-министр ғана емес
екендігін атап өткен жөн. Ол Ұлыбританиядағы және Еуропадағы
консерваторлардың лидері, содан кейін үкімет басшысы болған бірінші әйел.
Осыған байланысты әйел қайраткерлердің де саясатқа араласа бастаған қазіргі
кезеңінде бұл тақырыпты зерттеу өзекті деп ойлаймын.

М. ТЭТЧЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ШЫҚҚАН ТЕГІ: ОНЫҢ САЯСИ БЕЙНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
САЯСИ ТАБЫСТАРЫ

1. М.Тэтчердің өскен ортасы және саясаткерлік жолындағы қадамдары

Тэтчердің дүниетанымын түсіну үшін оның әлеуметтік шыққан тегін білу
қажет. Ол британдық дәстүрлі истеблишментке жатпайды, ұсақ буржуазия
өкіліне жатады. Осы ортаға деген сүйіспеншілігі жойылған жоқ. Бұған
тэтчеризм концепциясының идеологиялық негізінің маңызды элементтері ол
жариялаған викториандық моралдық құндылықтарға бет бұру, отбасы мен дінге
құрмет, заң мен тәртіпті жоғары тұту, ұқыптылықты, еңбексүйгіштікті,
дербестікті және т.б. қастерлеу принциптерінен көрінеді.
Маргарет Робертс 1925 жылы 13 қазанда Линкольншир графтығындағы
Грэнтэм қаласында дүниеге келген. Оның әкесі ұсақ саудагер болған.
Маргарэттің шыққан тегі тори партиясында қызмет істейтін адамдардікіне
ұқсас. Оның әкесінің өмірлік принципі еңбек сүйгіштікке, азаматтық борышқа
адалдыққа негізделді. Кейіннен Маргарэт Мен көп нәрседе әкеме қарыздармын
де еске алды.
Ал анасынан ол викториандық Англияның рухын сіңірді, ол жас кезінен
бастап провинциалдық өмірден сытылып шығып, үлкен өмірге араласуға құштар
болды. Оның саясатқа құштарлығы сол кезде оянды, бұған әкесінің ықпалы аз
болмады.
Робертстердің отбасы қарапайым өмір сүрді. Маргарэт және оның әпкесі
Мьюриэл спартандық жағдайда өмір сүрді деуге болады. Кейіннен Маргарэт
премьер-министр болған кезде: Осы сайлауда жеңіп шығуыма менің қарапайым
үйде тұрып, шағын қалада өмір сүрген кезде үйренгенімдер әсер етті деп
мойындады.
Маргарэт жас кезінен бастап сайлау науқандарына қатысты. Колардың
отбасы консерваторлардың партиясынан ұсынылған кандидаттарды қызу қолдады.
Маргарэт сол кезде байланыстырушы ролін орындап, құжаттар тасыды.
Жергілікті сайлауларда сол қызметін атқарды. Ол кейіннен 30-жылдары
саясатпен айналысуды сол кездері Германияның Австрияны басып алған
кезінде үйрендім де еске алды. Сол жылдары мен саясатты айыруға, соғыс пен
бейбітшілік мәселелеріне ой жүгіртуге, фашизмнің бел алып, демократияға
қауіп төнгенін пайымдай алдым – деді ол.
Оның көпшілік алдында сөйлеуге деген құштарлығы ерте оянды. Ол
әкесіне шешендікке үйрететін мектепке барғысы келетіні жөнінде өтініш
жасап, адам дұрыс сөйлей білу керек деді.
Оксфорд университетінің химия факультетінде оқыды, сол кездері
студенттердің консервативтік қауымдастығының жұмысына белсене араласты. Сол
оқу жылдары ол саяси қайраткер ретінде қалыптаса бастады. К.Огден Егер
Маргарэт Оксфордқа түспесе де саясаткер болған болар еді. Ол әкесінің қызы,
оның қанында саясаткердің қаны бар деп жазды.
Соғыс аяқталғаннан кейін Маргарэт оқудың жартысынан асып еді. Ол өз
бетінше көп дайындалды, әсіресе химиямен көп шұғылданды. 1946 жылы ол
Оксфорд университеті студенттерінің консервативтік қауымдастығының
президенті болды. Осы салада төрт жылдай жұмыс істеп, ол 1951 жылы Дэнис
Тэтчер деген ірі бизнесменге күйеуге шығады. Бұл неке оны тұрмыс
тауқыметінен құтқарып, сол университеттің заң факультетін де тәмамдап алуға
мүмкіндік береді.
Бес жылдай адвокат болып жұмыс істейді. Белсенді әрі алға ұмтылғыш
консерватор болып қалыптасқан ол 1959 жылы парламентке сайланады. Екі
жылдан кейін ол әлеуметтік сақтандыру министрлігінің парламенттік хатшысы
болады. 1967 жылдан баста ол көлеңкелі министрлер қатарына кіреді. 1970
жылы партия сайлауда жеңіске жеткеннен кейін ғылым және білім мәселелері
бойынша мемлекеттік хатшы (министр) болады, министрлер кабинетінің мүшесі
болады.
Сөйтіп, біріншіден, Тэтчер әкесінің ықпалымен өсіп, оның принциптерін
қабылдады. Екіншіден, жас кезінен бастап саясатпен айналысты. Оксфорд
университетке түскеннен бастап оның саяси жолы басталды. Үшіншіден, Тэтчер
отбасылық өмірден гөрі қоғамдық істерге үнемі басымдық берді. Тэтчердің
премьер ретінде қалыптасуы туралы айтқанда, Ұлыбританияның 70-жылдары
басынан кешкен ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайын атап өтпеуге болмайды.

Бірқатар авторлардың пікірінше, тап осы дағдарыс Тэтчердің
консерваторлар лидері ретінде сайлануында шешуші роль атқарды. Сондықтан да
бұған келесі тарауда нақты тоқталайық.

2 Англияның 70-жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы және М.Тэтчердің
билікке қол жеткізуі

Саяси қайраткерлердің өмірінде олардың бүкіл тағдырына әсер ететін
жағдайлар болады. Мысалы, бұл оларды қатардағы саяси фигурадан аса ықпалды
тұлға жасауы мүмкін. Маргарэт Тэтчер үшін мұндай оқиға консерваторлардың
лидерін сайлау болды.
Ұлыбританияда 70-жылдары саяси лидерлік туралы мәселе аса маңызды
жалпы ұлттық проблемаға айналды. Ұлыбритания осы кезеңде әлемдік
капиталистік жүйенің ең әлсіз буыны болды. Елдің әлемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маргарет Тэтчер - Билікке жету жолы
Ұлыбританияның сыртқы саясаты
Ұлыбритания тарихында алғаш әйел премьер министр болған Маргарет Тэтчердің саяси мансабы
Тэтчердің сыртқы саясаты
Тэтчердің ішкі саясаты
М.Тэтчер-темір ханым
Маргарет Тэтчердің саяси бейнесі
Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатын зерделеу
Ұлыбритания премьер - министрі М. Тэтчердің ішкі саясаты
Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары
Пәндер