Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері



Мазмұны.

Кіріспе

I.
Девиантты мінез . құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Девиантты мінез .құлықты жасөспірімдердің қазіргі әдебиеттерде зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Жасөспірімдердің әлеуметтену процесі ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез. құлықты болуының әлеуметтік.тұрмыстық себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II.
Девиантты мінез . құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, жүргізілу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1.
Девиантты мінез . құлықтың алдын . алу барысындағы мектеп тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Тұлғалық сапалардың қалыптасу кезіндегі жасөспірімдердің бойындағы девиантты мінез . құлықтың алдын . алу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе.

Зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі.
Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар,келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.
Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Бұл мәселеге байланысты ел басымыз Н.Назарбаев: “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді,кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп атап көрсетті [1].
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негізін қалайды.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істерге баруына мүмкіндіктер туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.
Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап – тілектерімен келіспеу, ой- пікірлерімен санаспау, жеке – дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады.
Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азуы және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.
Екіншіден, жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш- қуатын, жеке басының мән – мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу – тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез – құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай – күйі жол таба алмай әлеуметтік – педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды.Содан девиантты мінез – құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жанжалдасуға, ұрыс – төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.
Зерттеу жұмысымыздың өзектілік құндылығы, девиантты мінез – құлықты балаларға қол ұшын беріп, ішкі жан дүниесін түсінуге, ынта – ықыласына, жалпы жеке ерекшеліктеріне орай өмірде өз орнын табуға көмектесу.
Белгілі психологтар (Б.Г.Ананьев, А.Г.Асмолов, А.А.Бодолев, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, М.М.Мұқанов, Ж.Н.Намазбаева т.б ) зерттеулерінде жасөспірімдердің әлеуметтік және жеке даралық білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп, мінез - құлқына, дүниетанымына қалыптастырып, күнделікті жүріс – тұрыстарын басқарып отыруға өз биліктері мен бостандықтарының алатын орны айқындалған.
Л.К.Керімовтың еңбегінде қиын оқушыны жеке – дара қайта тәрбиелеу тұжырымдамасын және ондағы педагогтың іс - әрекеттің белгілі жүйесін жасап көрсеткен [2].
Ш.Е.Жаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез – құлықтың әлеуметтік аспектілері зерттеліп көрсетілген [3].
Ал, Д.Қазымбетова өз еңбектерінде қоғамда неге девиантты мінез – құлық болады деген сұрақты қарастырған. Сонымен қатар девиантты мінез – құлықтың болу себептерін және мүмкін боларлық шешу жолдарын көрсеткен [4].
Девиантты мінез – құлықтың жан – жақты қарастырылғанына қарамастан, бұл мәселенің әлеуметтік – педагогикалық мүмкіндіктері белгіленіп көрсетілмеген.
Демек, бұл мәселенің шешімін табу, әлеуметтік – педагогикалық мүмкіндіктерін белгілеп беру тақырыбымыздың көкейкестілігін дәлелдейді.Сол себепті зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Жалпы білім беретін орта мектептегі девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік – педагогикалық жұмыстар жүйесі” деп белгіледік.
Мақсаты. Бұл курстық ізденістің негізгі мақсаты жасөспірімдердің мінез -құлқындағы ауытқушылықты педагогикалық талдау, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жасөспірімдерің ортасындағы девиантты мінез-құлықтың жалпы күйін, жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың дамуындағы факторлар мен бағыттарын сипаттау.
Зерттеу обьектісі. Жалпы білім беретін орта мектептің оқу тәрбие үрдісіндегі жасөспірімдерді тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің пәні. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік – педагогикалық жұмыстар жүргізу процесі.
Міндеттері:
- девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер туралы зерттелген ғылыми еңбектерді талдау;
-жасөспірімдердің әлеуеттену процесін сипаттау;
-девиантты мінез –құлықты жасөспірімдерді педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.
Болжамы: Егер девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен мектепте, отбасында, үнемі ағартушылық, танымдық жұмыстары жүргізілсе девианты мінез – құлықты балалардың тәрбиесіне игі әсер етуге болады, яғни алдын – алу жұмыстары тиімді болса, онда оқушыларда қоғамдағы жат қылықтарға деген өзіндік түсінік қалыптасып, болдырмаудың алдын алуға ынта көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Н.Ә.Назарбаев. Ауылға айырықша назар аударылады. Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. – Егемен Қазақстан. – 30 сәуір, 2002 жыл.
2. Керімов Л.К “Қиын жасөспірімдерді жеке – дара қайта тәрбиелеу теориясы мен практикасы” – Алматы, 2003. – 123б
3. Джаманбалаева Ш.Е Социальные проблемы девиантного поведения. Автореферат. – Алматы, 1996. – С. 3 – 23.
4. Казымбетова Д.К Девиантное поведение молодежи как объект социологического исследования. Дис. на соиск. учен. степ. канд. наук. – Алматы, 1999. С.36
5. Қиын балалар көбейіп барады неге? Азат. – 2005. 30 наурыз – 6б.
6. Кле М. Психология подростка. М.Педагогика. 1991.С. 36.
7. Выготский Л.С. Собрание сочинений. Т. 4. Детская психология. – М.1984. – С.256.
8. Балалар құқығы туралы конвенция.1статия.2б
9. Крутецкий В.А Психология подростка. М. 1965.С.41.
10. Выготский Л.С. Т.4. Детская психология. М.1984. С.258.
11. Юричка Ю.И. Юиагностика и социализация личности несовершеннолетного правонарушителя. – Бирск, 94. – 19с.
12. Новые направления в социологической теории. – М: Наука, 78. – С98.
13. Смелзер.Н. Социология. Пер. с анг. – М: Феникс, 1994. – 294с.
14. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведния. – Алматы, Қазақ Университеті, 2002. – 10с.
15. Девиантное поведение несовершеннолетних как педагогическая проблема. Педагогика.1999.

16. Ә.Жұмабаев. Қиын балалар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыс. Алматы.1977.23б.
17. Первова И.Л. Асоциальное поведение детей и подростков. СПб: издадельство Санг – Петербургского Университета, 1999. с. 60.
18. Ә.Жұмабаев. Қиын балалар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыс. Алматы. 1977. 42б.
19. Платонов К.К. Краткий словарь системы психологических понятий. Уч. Пособие. 2-е изд. Перераб. И доп. – М: Выс. Шк. 1984. с. – 138.
20. Кон И.С. Социология личности . – М. 93. – 367б.
21. Шепанский Я. Элементарные пониятия социологии. – М. 1969. – 51б.
22. Андреева Г.М. Социальная психология. – М. 1988 – 332б.
23. Оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру. Бастауыш мектеп. – 2003. -№2. – 17б.
24. Беличева С. Дети и семьи группы риска как объекты социальной профилактики. М. 1993. С.84 – 91.
25. Кон И. Психология старшеклассника. М: 1988. С116.
26. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы. “Білім”. 2001.28б.
27. Мудрик А.В. Социальная педагогика. М: Академия 2002. С – 89.
28. Выготский Л.С. Собрание сочинений. Т.4. Детская психология. – М.., 1984. – С.256.
29. Қожақметова К.Ж, Демеуова Н.Е. Жалпы білім беретін мектептердің, кәсіптік мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқушылары мен жоғары оқу орындары арасында темекі шегудің, нашақорлықтың, ішімдікке салынудың алдын – алуға арналған көпсатылы білім беру бағдарламасы.Алматы – 2003. 5 – 20б.
30. Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. Алматы. 1991. 21б.
31. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологическии аспект девиантного поведение, - Алматы, “Қазақ университеті”,2002. – С36.
32. Девиантное поведение подростков несовершеннолетных как педагогическая проблема. Педагогика. 1999. №7. С – 38.
33. Ауытқушылығы бар балалардың тәрбиесіндегі әлеуметтік педагогикалық ерекшеліктер.Бастауыш мектеп. 2003.№6. 23б.
34. Социологиялық сөздік. Биекенов К.У, С.И Оспанов, Б.К Смаганбетова, З.Ж Жаназарова, Г.У Әбдікерова: Жалпы редакциялық басқарған К.У Биекенов. Алматы Қазақ Университеті. 2003. 15 – 17 б.
35. Темірғали Ж. Құқықтық насихатты жан – жақты қолдану. – заң газеті. – 3 шілде. 2002ж.
36. Отто Рюле. Хлеб для шести милиардов. – М, “Пргресс”. 1965 – С5.
37. Антекер Г. О сущности свободы. – М, 1962. – С. 18.
38. Ножин Е.А. Борьба идей важная характеристика духовной сферы социалистического общества. Духовная сфера социалистического общества, - М – Мысль. 1987. – С366.
39. Анисимова С.Ф. Духовные ценности: производство и потребление. – М: Мысль. 1988. – С238.
40. Миязова С Загадочная Япония – испытательный полигон для сравнительных криминологических исследований. Криминологическая исследования в мире. – М. 95. С. 185.
41. Уэдо К. Преступность и кримиология в современой Японии. – М. 1989. С. 95.
42. Шнайдер Г. Криминология. – М. 1994. С. 36 – 37.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе

I. Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми
теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Девиантты мінез –құлықты жасөспірімдердің қазіргі әдебиеттерде
зерттелуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Жасөспірімдердің әлеуметтену процесі ... ... ... ... ... ... ..
1.3.Жасөспірімдердің девиантты мінез- құлықты болуының
әлеуметтік-тұрмыстық
себептері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .

II. Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, жүргізілу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.

2.1.Девиантты мінез – құлықтың алдын – алу барысындағы мектеп
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
2.2.Тұлғалық сапалардың қалыптасу кезіндегі жасөспірімдердің
бойындағы девиантты мінез – құлықтың алдын – алу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..

Кіріспе.

Зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі.
Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік
өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың
ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-
тәрбиесіне тікелей байланысты.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар,келеңсіз
құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман
талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-
аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.
Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие
дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды,
рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет
етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Бұл мәселеге байланысты ел басымыз Н.Назарбаев: “Жаңа жағдайға сай
біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді,кәсіби даярлығы бар адам
тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және
дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік
адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп атап
көрсетті [1].
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі
тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология,
педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып
жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі
өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-
біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын,
құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр.
Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ
тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік
технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің
шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп,
үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп
тәрбиелеуде берік тұғырлық негізін қалайды.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке
толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істерге баруына мүмкіндіктер
туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың
өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа,
өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.
Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап –
тілектерімен келіспеу, ой- пікірлерімен санаспау, жеке – дара ерекшеліктері
мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса,
оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске
апарады.
Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азуы және соның нәтижесінде
өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға
немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық
заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.
Екіншіден, жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік,
басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш- қуатын, жеке басының
мән – мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді
мектептегі оқу – тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі,
девиантты мінез – құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты
тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай – күйі жол таба
алмай әлеуметтік – педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды.Содан девиантты
мінез – құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны
үлкендерге теліп айналасымен жанжалдасуға, ұрыс – төбелеске бейімделеді.
Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану,
мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.
Зерттеу жұмысымыздың өзектілік құндылығы, девиантты мінез – құлықты
балаларға қол ұшын беріп, ішкі жан дүниесін түсінуге, ынта – ықыласына,
жалпы жеке ерекшеліктеріне орай өмірде өз орнын табуға көмектесу.
Белгілі психологтар (Б.Г.Ананьев, А.Г.Асмолов, А.А.Бодолев,
В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, М.М.Мұқанов, Ж.Н.Намазбаева т.б ) зерттеулерінде
жасөспірімдердің әлеуметтік және жеке даралық білімдері мен өмір
тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп,
мінез - құлқына, дүниетанымына қалыптастырып, күнделікті жүріс – тұрыстарын
басқарып отыруға өз биліктері мен бостандықтарының алатын орны айқындалған.
Л.К.Керімовтың еңбегінде қиын оқушыны жеке – дара қайта тәрбиелеу
тұжырымдамасын және ондағы педагогтың іс - әрекеттің белгілі жүйесін жасап
көрсеткен [2].
Ш.Е.Жаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез – құлықтың әлеуметтік
аспектілері зерттеліп көрсетілген [3].
Ал, Д.Қазымбетова өз еңбектерінде қоғамда неге девиантты мінез – құлық
болады деген сұрақты қарастырған. Сонымен қатар девиантты мінез – құлықтың
болу себептерін және мүмкін боларлық шешу жолдарын көрсеткен [4].
Девиантты мінез – құлықтың жан – жақты қарастырылғанына қарамастан, бұл
мәселенің әлеуметтік – педагогикалық мүмкіндіктері белгіленіп
көрсетілмеген.
Демек, бұл мәселенің шешімін табу, әлеуметтік – педагогикалық
мүмкіндіктерін белгілеп беру тақырыбымыздың көкейкестілігін дәлелдейді.Сол
себепті зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Жалпы білім беретін орта мектептегі
девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік – педагогикалық
жұмыстар жүйесі” деп белгіледік.
Мақсаты. Бұл курстық ізденістің негізгі мақсаты жасөспірімдердің
мінез -құлқындағы ауытқушылықты педагогикалық талдау, сонымен қатар
Қазақстан Республикасындағы жасөспірімдерің ортасындағы девиантты мінез-
құлықтың жалпы күйін, жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың
дамуындағы факторлар мен бағыттарын сипаттау.
Зерттеу обьектісі. Жалпы білім беретін орта мектептің оқу тәрбие
үрдісіндегі жасөспірімдерді тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің пәні. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік
– педагогикалық жұмыстар жүргізу процесі.
Міндеттері:
- девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер туралы зерттелген ғылыми
еңбектерді талдау;
-жасөспірімдердің әлеуеттену процесін сипаттау;
-девиантты мінез –құлықты жасөспірімдерді педагогикалық эксперимент
арқылы тексеру.
Болжамы: Егер девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен мектепте,
отбасында, үнемі ағартушылық, танымдық жұмыстары жүргізілсе девианты мінез
– құлықты балалардың тәрбиесіне игі әсер етуге болады, яғни алдын – алу
жұмыстары тиімді болса, онда оқушыларда қоғамдағы жат қылықтарға деген
өзіндік түсінік қалыптасып, болдырмаудың алдын алуға ынта көрсетеді.

I. Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми
теориялық негіздері
1. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің қазіргі әдебиеттерде
зерттелуі
Білім берудің жаңа жүйесіне сай жас ұрпақ тәрбиесін жан-жақты
жақсартуға бағышталған қызмет айырықша маңызға ие екені белгілі. Жас ұрпақ
тәрбиесінде әттеген-айларға кезігіп, кеш өкініп, опық жеп жүрген жайымыз
бар. Олай болса баланың шәлкім – шалыс жүрісін ұсақ-түйек санап, “кейін ер
жеткенсін өзі –ақ қояды” деп кейбір ата-аналардың жеке жауапкершілігіне
жүрдім бардым қарауын бала тәрбесіне мән бермеушілік , оның ертеңгі күнін
ойламаушылық демеске лаж жоқ.
Соңғы кездері осы жастар тәрбиесіндегі кемшіліктердің кең етек алуын
тектен-тек оқиға деп қарауға болмайды. Ол өмір шындығы, бәріміздің ортақ
кемшілігіміз. Осы кемшіліктеріміздің нәтижесінде жасөспірімдер арасында
девиантты мінез-құлық көптеп кездеседі.
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны
қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды
[5]. .
Психиклық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану
девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған
кезде ол психикалық процестерге әсер етеді.
Девиантты мінез-құлық әртүрлі формада көрінгеніне қарамастан, олардың
барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, наша қолдану, агрессивті
мінез-құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді. Жасөспірімдердің
девиантты мінез-құлқының біреуін қолдануы оның басқа заттарды қолдануға
деген мүмкіндіктерін жоғарылата түседі.
Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір нормамен
салыстыру іске асады. Проблемалық іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды.
Девиантты мінез –құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік
немесе жалпы қабылданған нормадан ауытқу әрекетінің жүйесі.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл
психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір
әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын
антиәлеуметтік іс-әрекеті [6].
Жасөспірімдік кезең - ең қиын, әртүрлі бұзақылықтардың пайда болатын
және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады.
Жасөспірімдік кезеңдегі девианттық мінез-құлық жалпы заңдылықтарға
бағынады – жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуына ешқандай себеп
жоқ. Бірақ әртүрлі топтағы адамдардың әлеуметтік- экономикалық теңсіздігі,
мүмкіншіліктерінің теңсіздігі жасөспірімдер мен жастардың санасына
психологиялық әсер етеді.
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны
бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас
қалыптасады. Жасөспірімдік кезең ол балалықтың бір жасерекшелік этапы
болып табылады [7].
Балалардың құқығы туралы конвенциядағы анықтамалармен келіссек бала
ретінде 18-ге толмаған әрбір адамды сипаттаймыз. Жасөспірімдік шақтың
қарапайым белгілеріне адамның күрделі биологиялық, психологиялық және
социологиялық даму стадиялары тұрады, негізінде бұл стадиялар әрқашанда
және әрқашан толығымен бір-біріне сәйкес келе бермейді [8].
Зерттеушілердің көбі психикалық кризиске әкеліп соқтыратын ауыр және
сонымен қатар жасөспірімнің санасына күрделі күш түсірмейтін, жыныстық
жетілуіне және дамудың биологиялық факторына көп көңіл бөледі, мұндай
жасөспірімдік шақтың белгілеріне тән мінездемелерге ашуланшақтық, дөрекілік
және қырсықтық, долылық, субьективтік уайым әлеміне кіріп кету тағы
басқалар жатады. Жыныстық жетілуге байланысты туындайтын жаңа сезімдер,
ойлар зерттеушілердің пікірлері бойынша – оның іс -әрекетін және қылықтарын
анықтай отырып жасөспірімдердің санасында басымдылық болады [9].
Сонымен адамның дамуындағы биологиялық басымдылықты жақтаушылар
жыныстық жетілуді ескере отырып жасөспірімдік жасты ұл балалар үшін 13 – 16
жас және қыз балалар үшін олардың жыныстық жетілуіне байланысты 12 –15 жас
деп анықтайды.
Жасөспірімдік жас – тұлғалық қалыптасудың кризисті этапы болып
табылады. Ол өзіндік ерекшеліктер қатарымен мінезделеді. Бұл этап адамның
тез өсуімен, жасөспірімнің психофизиологиялық ерекшелігіне әсер ететін
жыныстық жетілу процесіндегі ағзаның қалыптасуымен сипатталады. Жаңа
психологиялық және тұлғалық сапалардың қалыптасу негізін қарым – қатынастың
әртүрлі оқу, өндірістік, шығармашылық, сабақтық тағы басқа кезеңдерінде
құрастырады. Бұл жаста ересектіліктің көріністері, өзіндік сананың дамуы
және өзіндік бағалау, өзінің тұлғасына, өзінің мүмкүндіктері мен
қабілеттеріне деген қызығушылық қалыптасады.
Белгілі психолог Л.С.Выготский жасөспірім жастағы кезеңде (14-18 жас)
екі үлкен өзгеріс болады: ағзадағы жыныстық жетілу және өзінің “Мен”
мәдениетінің ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы.
Жасөспірімнің түсінуімен, бейімделу және белсенділік жүйесі ретінде өмірлік
жоспардың туындауы мәдени процесін қорытындылайды [10].
Г. Шпрангер өзінің мәдени – психологиялық концепциясында жасөспірімдік
кезеңді мәдени өсу деп анықтайды. Бұл кезеңдегі кризистің болу мазмұны
балалық тәуелділіктен босану болып табылады. Г. Шпрангер бойынша
жасөспірімдік кезеңдегі басты жаңа білім – “Менінің” ашылуы, рефлексияның
пайда болуы, өзінің жеке даралығын сезіну.
Р. Кулен жасөспірімдердің дамуындағы биологиялық көзқарасты талқылайды,
ол бұл кезеңді биологиялық және психологиялық кезеңнен гөрі әлеуметтік -
этникалық кезең деп қарастырады. Оның көзқарасы бойынша жасөспірімдік шақта
үш негізгі әлеуметтік – этникалық тенденция қарастырылады: үлкендердің
қадағалауынан босану, жеке даралыққа көшу, өзінің өмір жолын таңдау
мәселесіне салмақты түрде қарау, мамандық таңдау, әлеуметтік – этникалық
нормалар мен құндылықтарды игеру. Р. Куленнің пікірі бойынша, егер бала
өзінің алдына осы көрсетілген мәселелерді қоймаса, онда өмір сүрген жасына
қарамастан балалық кезеңде қалып қояды[12].
Бірдей көзқарастың болмауына қарамастан, бүгінгі күнгі ғалымдар
жасөспірімдік шақты 10 –11 және 14 –15 жас аралығы деп қарастырады. 15 –17
жасты әдебиеттерде ерте балалық шақ деп атайды. Бірақ та көптеген
зерттеушілер ерте балалық шақты баланың даму кезеңіндегі жасөспірімдік
кезеңге қосады. Оның өзіне де толық толық негіз бар, себебі өзіндік
психологиялық мазмұнда бұл кезең – 15 пен 18 жас аралығы – жасөспірімдік
кезең мен өзіндік жастық шақтың арасындағы “аралық жас” болып табылады.
Жасөспірімдік кезең алғашқы әлеуметтенуде маңызды кезең болып табылады.
Жасөспірімдік кезеңнің соңына қарай тұлға мынадай мінездемеде сипатталатын
әлеуметтік рольдер мен функцияларды орындауға дайын болады, олар:
1. биологиялық кемелдену бүкіл биологиялық рольді орындауға
қабілеттілік және адам функциясы мен қалыпты жыныстық қатынасқа
физиологиялық дайындық;
2. психологиялық кемелденудің аяқталуы және адам негізінің қалыптасуы;
3. негізінен өзінің дүниетанымының қалыптасуы;
4. парасаттылық кемеліне жету;
5. қоғамда және әлеуметтік топтарда бар құндылықтар мен нормаларды
қабылдау;
6. деңгейіне және рольдер мен функцияларды игеруіне байланысты шығатын
қарым-қатынас шарттары мен әрекетін орындау қабілеті;
7. қажетті жағдайда арнайы кәсіби дайындықты қажет етпейтін еңбек ролі
мен функцияларын орындауға дайын болу.
Жасөспірімдік кезең (11 –15 жас) негізінен биологиялық жағынан өтпелі
болып табылады, яғни бұл кезең жыныстық жетілу сонымен қатар басқа да
биологиялық ағза жүйелерінің жетілуі болып табылады. Әлеуметтік жағынан
қарастырғанда жасөспірімдік шақ –бұл бірінші әлеуметтендіудің жалғасы.
Сәйкесінше олардың әлеуметтік дәрежесі балалардан ерекшеленбейді.
Психологиялық жағынан бұл жас өте қайшылықты кезең.
Жасөспірімдік кезеңдегі қайшылықтар себептер қатарымен ерекшеленеді;
жыныстық жетілу, жасөспірім өзін үлкен санап, ал үлкендердің оны әлі
кішкентай деп қарауынан, жасөспірімдік кезеңде нақты бойының өсуі және
физиологиялық өзгерісі бақыланады және осы өзгерістердің негізінде жоғары
мазасыздық, депрессия, қозушылық, өзіне деген адекватты емес көзқарас, өзі
үшін қорқу пайда болады.
Жасөспірімдік кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар
тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады . Дәл осы жасөспірімдік кезеңде
балалардың көпшілігі “мектепке бейімделе алмауымен” ерекшеленеді, яғни
мектептің талаптарына бейімделе алмау. Шарт бойынша “мектепке бейімделе
алмау ” жасөспірімдерде олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен,
құрдастарымен достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар оқуымен
мектептегі тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды
қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуымен көрініс береді.
Балалалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс
жасөспірімдердің қоршаған ортаға деген қатынасын білдіріп, қажеттілік және
тілектерінің өзгеруіне, ішкі дүниесінің қайта құрылуына әкеледі. Жасөспірім
ағзасы қысқа уақыттың ішінде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірім
айналасындағылардың өзіне деген құрметі мен санасуын талап етеді, ортадан
өз орнын алуға тырысады. Өзін кейде біреулердің айтқанымен жүріп жататын,
не үлкендердің көрсетуімен өмір сүретін бар болғаны біреулердің көшірмесі
ғанамын деп қабылдайды. Сондықтан да ерекшеленуге, өз мінезін көрсетуге
тырысады. Әсіресе мұндай көңіл –күй психологтардың көрсетуінше ер балаларда
11 –13 жаста, қыз балаларда 13 –15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі
дағдарыстың мәні еліктейтін бейнесін табу. Мұндай кезде бала әртістер мен
спорт шеберлерін, кейіпкерлер мен айналасындағы адамдарды өзіне пір тұтады.
Егер жасөспірім кезіндегі еліктеуі орынсыз болса қалмаушылық және “мен”
бейнесі мына өмірдің бірнеше бөліктерге бөлінетін кезеңі деп көрсетті.
Жасөспірім кезінде өз беттілікке ұмтылу әсерінен отбасы ықпалынан
құтылуға тырысады. Оның бұл әрекеті өзгелермен топтасуға, құмарлық
ойындарға әуестенуге, өзін ерекше етіп көрсетуге әкеледі. Одан келіп
әлеуметке қарсы қалыпсыз мінез –құлық пайда болады. Қалыпсыз мінез –құлықты
девиантты мінез –құлық деп атайды [13].
Жасөспірім кезіндегі дағдарыс барлық балаларда кездеседі. Кейбір
балалар дағдарыстан жеңіл өтеді. Ал кейбіреулер үлкен қиындықпен өтеді.
Дағдарыстың жеңіл түрде өтуіне ата –аналардың балаларға көп көңіл бөлуі,
ата –аналық сүйіспеншілік сезімінің толық берілуі біден- бір ықпал етеді.
Жасөспірімдер арасында психопотологияның кездесуі ата –аналардың өз
балаларының мінез ерекшеліктері туралы дұрыс түсінігі болмағандықтан қате
көзқарас қалыптасады, артық талап қойады. Ал, бұдан түсінбеушілік пен пікір
қайшылығы туындайды. Сондықтан жасөспірімдердің мінез типтерінің
ерекшеліктері мен ауытқушылықтарды анықтау отбасылық терапия мен отбасылық
қарым –қатынасты психологиялық түзету жолдары арқылы дұрыс жолға салуға
болады. Психологиялық ауытқушылықтардың алдын–алу үшін мектептерде
жасөспірімдерге, ата–аналарға арналған психологиялық дәрістер оқылуы керек.
Атап айтқанда :
-жасөспірім кезеңінің ерекшелігі;
-жасөспірімнің “мен ” концепциясының құрылуы;
-Жасөспірім кезеңіндегі дағдарыстардың ерекшелігі;
-жасөспірімдердің жыныстық жетілуі;
-еліктеу және оның маңызы.
Аталмыш кезеңдегі бала психологиясындағы өзгерістерге мән беріп
психодиагностикалық әдістемелер жүргізіп, дер кезінде кеңес беріп түзету
жаттығулары арқылы дер кезінде көмек беру әр психолог маманның, ұстаздың,
қала берді ата –ананың және тәрбиешінің міндеті.
Жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтарды игерту арқылы сындарлы тәрбие
беру –психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қалыптастыру
компоненттерін қамтитын белсенді процесс. Ол процесс, жеткіншек ұрпақтың
бойына сапалы адамгершілік қадір-қаиеттерді сіңіруге бағытталған, тәрбиелік
іс-әрекеттер барысында , олардың бойында қоршаған орта ықпалымен көрініс
табатын жағымсыз, яғни девиантты мінез-құлықтан арылтуды және оның
қалыптасу себеп-салдарын анықтап алуды талап етеді .
Девиантты мінез- құлық бұл “балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік
жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы
, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-
тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық
жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекетткер
жасауы [14].
Демек жасөспірімдердің бойында ауытқымалы мінез-құлық нышандарынан
арылу арқылы , олардың бойына қоғамымызда қабылданып , орнығып келе жатқан
рухани жаңа құндылық бағдарларды соның ішінде, әсіресе , ең алдымен ,
ұлтжандылықты , азаматтылықты , жоғарғы моральдық және адамгершілік қадір-
қасиеттер мен мұраттарды, өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет пен
сыйластықты, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормалардың талаптарын
мүлтіксіз орындаушылықты қалыптастыру орта мектептегі оқу-тәрбие процесінің
негізгі міндеттерінің бірінен саналады.
Себебі қазіргі өтпелі кезеңде қоғам өмірінің кейбір жақтарын қамтып
отырған әлеуметтік дағдарыс күнкөріс көзінен айырылып, жұмыссыз жүрген,
сөйтіп кедейленуге ұшыраған бұқара көпшілік моральдық тұрғыдан терең
күйзеліс сезімін тудырып, оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналдырып
барады.
Жастар арасында бұрын соңды болмаған тәртіп бұзушылық , құмар ойынмен
әуестенушілік, нашақорлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық пен
жезөкшелік етек алуда.
Девиантты мінез – құлық негізінде жалпы қоғамда қабылданған нормалар
мен тәртіпті бұзу жатыр.
Жасөспірімдердің девиантты мінез –құлқындағы негізгі белгілері мен
критериларын зерттеушілер төмендегіше бөліп көрсетеді.
1.отбасының сәтсіздігі (баланың дамуы мен қалыптасуына әсер ететін
отбасының ішкі қарым –қатынасының қалыптасуы);
2.мінез –құлқындағы ауытқушылықты күрделендіретін жұмыстағы оқу және
кәсіби мекемелердің жеткіліксіздігі, жасөспірімдермен жұмыс жасайтын
мұғалімдер кадрының кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі;
3.жасөспірім тұлғасының тұлғалық компоненттері рухани қызығушылықтары
мен сұраныстарының дамымай қалуы, қоғамдағы жат іс -әрекетке ұмтылу ,
қалыпты тәрбие әрекетіне кері көзқарасы, анотомо –физиологиялық және
психологиялық даму жағынан құрдастарынан артта қалуы, денсаулығының
әлсіреуі, парасаттылық сезімінің дамуының артта қалуы тағы басқа.
4.қарым –қатынастағы қолайсыздық (қарым – қатынас аясындағы бұзылу,
құрдастарымен, мұғалімдермен, үлкендермен қарым –қатынасындағы дөрекілік ,
жан –жалдылық , фромальды емес топпен қарым –қатынас жасауға деген ұмтылыс
тағы басқа).
Девиантты мінез –құлық ұғымы шетел әлеуметтанушыларындағы
Э.Дюркгеймнің әлеуметтік ұйымдастыра алмаушылық теориясының дамуымен кең
етек алды , онда ол девиантты мінез –құлықты жалпы қоғамда қабылданған
нормалармен келіспейтін мінез –құлықты түсіндіреді.
Д.Уолш “әлеуметтік ауытқушылық бұл көп деңгейде жазылып берілген
дәреже , яғни бұл обьективті көрініс емес, тек субьективті белгі” деп
көрсетті. Дж.Смелзер девиантты мінез –құлықты изоляцияға емделуге, түрмеде
қамалуына және басқада құқық бұзудың жазалауларына әкелетін топтық нормадан
ауытқу деп санады. В.И.Добреньков және А.Н.Кравченко “қоғамдық көзқараста
мақұлданбайтын әрбір қылықты девиантты” деп атады.
Айта кететін жайт , шетел әлеуметтанушыларының қолданысы бойынша
девиантты деп қоғамда қабылданған болмашы нәрседен бастап күрделіге
жеткізетін әлеуметтік нормаларды бұзу. Тар мағынада алатын болсақ қылмыстық
кодекске әкелмейтін болмашы іс - әрекеттер.
Девиантты мінез – құлыққа сай келетін мәденй релятивизм: болып жатқан
іс - әрекет қоғамда қалыпты деп есептелсе, енді басқа жерде әлеуметтік
патология ретінде қарастырылады. Оған отбасылық дәстүрден, басқа елдердің
салттарынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Егер Голландия , Швеция
,Норвегия сияқты мемлекеттерде гомосексуалды некеге рұқсат беріп, мемлекет
тарапынан осындай жұптардың бала асырап алу құқықтарын қамтамасыз ететін
болса, Қазақстандық қоғамда және басқа да көптеген мемлекеттерде мұндай
жағдайда қоғамдық моральдық көзқарас бойынша мүмкүн емес болып табылады.
Мәдени релятивизм әртүрлі екі қоғамның салыстырмалы мінездемесі болсп қана
қоймай, сонымен қатар бір қоғамның ішіндегі бір немесе үлкен әлеуметтік
топтардың арасында да болады. Мысалы, осындай топтардың қатарына - саяси
париялар, әлеуметтік кластар, дінге табынушылар , жастар және
жасөспірімдер, әйелдер жатады. Әлеуметтік анықтамаларға сүйенсек
жасөспірімдердің көбісі ерте жыныстық қатынасты девианттық мінез –құлық деп
есептемейді, ал олардың ата –аналарының, мұғалімдерінің көзқарастары
бойынша некеге дейінгі жыныстық қатынас жасөспірімдік ортада жарамсыз
қылық деп саналады [16].
Сонымен девиантты мінез –құлық категориясының мазмұнын үш аспектке
бөліп қарастыруға болады: біріншіден кең мағынада девиантты мінез –құлық
деп әрбір ауытқу –соның ішінде нромадан прогрессивті ауытқу да жатады.
Екіншіден, дәстүр бойынша мінез –қлықты әлеуметтік ашудың көрінісі ретінде
жанама іс -әрекет түсініледі. Үшіншіден тар мағынада девиантты мінез
–құлықты құқықтық жазалауға әкелмейтін іс -әрекет деп түсіндіреді.
Ал , шетелдің әлеуметтік –психологиялық әдебиеттерінде балалар мен
жасөспірімдердің девиантты мінез –құлқының қалыптасуына әсер ететін
факторларды көптеген авторлар төмендегідей бөліп көрсетеді :
- агрессивтілік;
- өзін-өзі басқарудың төменділігі;
- әлеуметтік нормаларды түсіну дәрежесінің төмендігі;
- ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;
- ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;
- физикалық жазалау; жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен
келіспеушілігі;
- отбасының құлдырауы;
- ерте ішімдікке салыну , таксикомания , нашақорлық ;
- әлеуметтік қанағатсыздану;
- асоциальды топтарға қосылу.
Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты
мінез –құлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық –ол ата-аналар мен
ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау,
жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық
жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу –
жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді ,
адамгершілік ардан аластатып, бара –бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті
жандар қатарына қосары сөзсіз.
Балалықтан жасөспірімдік жасқа дейінгі аралық баланың бүкіл
физиологиялық , психологиялық даму процесіне тікелей байланысты.
Жасөспірімдік шақта балалардың қызығушылығы арта түседі, әлде бірдеңеге
бейімделгіш келеді, мінезі ерекшеленіп, өзінің өмір жолына көз жіберіп, ой
елегінен өткізуге тырысады, оқудың мәнін, мақсатын түсініп, ұжымдағы өз
орнын білгісі келеді.
Сондықтан да тәрбие жұмысын балалардың жасына, мінезіне қарай жүргіеу
педагогтан, ата-анадан үлкен ұстамдылықты, нағыз шеберлікті талап етеді.
Оқу жылының барысында да , жазғы демалыс кезінде де ата-ана дұрыс тәрбие
беріп , олардың ұжымшыл болуына ықпал жасау керек.
Әрбір девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімнің өзіне ғана тән
қайшылықтары болатындықтан, оны тәрбиелейтін мұғалімнен, ата-аналардан қол
өнерінің шеберлігіндей ептілік емес, әлдеқайда сан салалы тапқырлықты
қолданатын , жан-жақты білімдар ұстаз болу талап етіледі. Ол педагогикалық
ықпалды тікелей де, жанамалай да жасай біліп, өз ісіне шығармашылық жаңалық
енгізіп отырса, шиеленістерді шешерде қашанғы бір қағидалардан жаңылмаймын
демей, сәтті құбылыстарды еркін қолдана білсе ғана мұратқа жетпек.
Кейде тентектің ыза келтірер қиын қылығына болмашы жылы сөз де әсер
етеді. Оның қайсарлығына, қиқарлығына күшпен қару жасамай , әдейі селсоқ
қарап, болымсыз жұбату да баланы бері қаратады. Ұрысып, ерегістірудің
орнына әдейі мақтау, мадақтау да орынсыз емес. Қандай қиыншылыққа
ұшырамасын, қиынға істер лаж, қалыптан қатып қалған қағида емес, баланы
үлкен адамдардай көріп, оның мұратын мүддесіне тіреу боларлық әділ
адамгершілікпен ғана ықпал жасау керек.
А.С.Макаренко айтқандай, тәрбие ісінің шын мәні тіпті де баламен
әңгімелесуде емес, оған тікелей ықпал жасауда да емес , оның өмірін
ұйымдастыруымызда [18].
Әрине девиантты мінез –құлықтағы балалардың арасындағы жұмыстың шешуші
тұлғасы педагог. Оның кәсіби шеберлігі мен педагогтың таланты. Тәрбиесі
тартымсыз шәкіртті қайта тәрбиелеудің барлық күшінің (мектеп, отбасы,
көпшілік) басын қоса
білсек оны адамгершілік жолға салуға әсер ететіндердің бәрін оны мақсатқа
жұмылдыра білсек қана жеңілге түспек.
Адамдарды қоғам, яғни өзін қоршаған орта тәрбиелейді. Бұл ақиқат.
Баланы оқытушы да, ересек адамдар да, көрішісі де тәрбиелейді. Бірақ
ең алдымен балаға отбасы, ата-аналар, өзін қоршаған адамдар , жасы үлкен
ағалар мен апалардың өнегесі бәрінен күштірек ықпал етеді. Кейінірек оның
жолдастарының, достарының, таныстарының ықпалы, орта мен әртүрлі
жағдайлардың әсері отбасы ықпалынан күштірек болып кетуі мүмкүн, бірақ 13-
14 жасқа дейін бала өмірінде отбасы, ата-ана басым рол атқарады.
Сонымен отбасы адамның өмірі негізделетін моральдық адамгершілік ірге
тасын қалайды.

1.2. Жасөспірімдердің әлеуметтенуі. Әлеуметтендіру ұғымының
қалыптасуы
Жасұрпақтың жан –жақты дамуын, олардың бойында қоғамдық талаптар
алдындағы жауапкершілігін, білім алуға, ғылымға,техникаға, өнерге
ұмтылысын, ұлттық дәстүрге деген құштарлық сезімін қалыптастыру арқылы
қоғамдық өмірге даярлау мектептің оқу –тәрбие процесінің басты міндеті
болып табылады.
“Әлеуметтендіру” ұғымы алғашқы рет өткен ғасырдың орта шенінде
американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастады.
Сондықтан да болар бұл ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында
американдық психолог ғалымдар А.Бондураның, Д. Доллэрдтің, Дж.Кольманның,
А.Парктің, В.Уолтерстің және басқалардың аттары атала бастады.
Дей тұрғанмен, бұл феноменнің мән –мағынасы мен қоғамда атқаратын
қызметін екшелеуге деген қызығушылық өткен ғасырдың 70-ші жылдары белең
алды. Мұның себебі, Батыстың жалаң, даңғаза, бейресмлік өмір салтынан
түңілген жас, өсіп келе жатқан балауса ұрпақтардың бойында өмірге,
болмысына қызығушылық пен немқұрайлық психология пайда бола бастады.
Бейресми топтар көбейіп кетті. Басқару жүйесіне наразылық көрсетулер орын
алды. Өмірге түңіліп өз -өзіне қол салушылық, нашаға әуестенушілік,
жезөкшелік, қоғамға жат құбылыстар өрістеді.
Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып , өсіп келе жатқан жас ұрпақтың
арасында жаппай өрістеген осындай әлеуметтік дерттің, келеңсіз
құбылыстардың астары мен мәнін жас ұрпақтың тәртіпсізденуінің себебі мен
салдарларын бағымдаған ғалымдар оның алдын алудың, жастар арасынан мүлдем
аластатудың, жа ұрпаққа тәлім –тәрбие беріп, оларды қоғамдық өмірге
белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен айла амалдарын іздестіре
бастайды. Нәтижесінде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тәлім –тәрбие бере
отырып, оларды әлеуметтендірудің, яғни әрбір жас ұрпақты мақсатты бағытта
тәрбиелеп, қоғамдық өмірге қосудың ғылыми негізделіп, жан –жақты
қорытылған ондаған тұжырымдамалары пайда болды.
Олардың мазмұнында негізінен әрбір жаңа, келер ұрпақтың өмірден,
қоғамдық қатынастар жүйесінен өз орнын тауып, қоғамдық өмірге бейімделіп,
қалыптасатын мінез –құлықтың белгілі бір қоғами ортаға тән типінің
қалыптасуының диспозиялық иерархиялық құрылысын бағымдау басты орында
тұрады.
Дей тұрғанмен, түлі ғалымдар мазмұнында “әлеуметтендіру” жеке тұлғаны
қоғамдық қатынастар мен талаптар негізінде тәрбиелеудің сапалы белгісі
ретінде қарастырылады. Мысалы, бұл мәселе философияда “әлеуметтендіру –
ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отыратын еңбек
дағдыларын, білімін, этникалық нормаларын, құндылықтарын, дәстүрлерін жеке
тұлғаның игеруі мен одан әрі дамуы мен оның әлеуметтік сапаларды
қалыптастыру арқылы, қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу үрдісі тұрғысынан
қарастырылса, ал психологиялық түсініктер сөздігінде: “жеке тұлғаны
әлеуметтендіру – оның өмір үріп отырған қоғамның толыққанды мүшесі ретінде
әлеуметтенуіне мүмкүндік туғызатын белгілі білім, ғылым, нормалар мен
құндылықтарды меңгеру үрдісі”- деген анықтама беріледі.
Жас ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері алғашқы монографиялық
зерттеулердің алдыңғы қатарында Дж. Кольманның “Молодежное общество”
(1961), А. Бондура мен В. Уолтерстің “Социальное изучение и развитие
личности” (1968) тағы басқа еңбектерін жатқызуға болады.
Батыс Европалық оқымыстылардан өзгеше ресейлік ғалымдар “әлеумттендіру
” терминінің мазмұнын әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлғаның
өмірлік позициясын қалыптастыру мәселелері құрайтындығына баса назар
аударады. Сонымен бірге, жеке тұлғаны әлеуметтендіру тұрғысынан айқындайтын
мақсатты түрдегі тәрбе үрдісін және оның қалыптасуын стихиялы ықпал ететін
әртүрлі өмір тіршілігі жағдайларын қамтитынын көрсетеді[19].
Бұл мәселеге байланысты С.Конның анықтауынша “әлеуметтендіру
дегеніміз индивидке әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлға
ретінде қалыптастыру үрдісі десе [20] , Я.Шепаньскийдің түсіндіруінше
“әлеуметтендіру үрдісі – бұл индивидтің әлеуметтік ортаға ендірілуі, оның
әлеуметтік ортаға бой ұсынуы ”[21]. Бұлардан өзгеше Г.М Андреева
әлеуметтендіруді бір жағынан , тұлғаның белгілі бір әлеуметтік ортаға еніп,
онда жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін, екінші жағынан, индивид
өзінің белсенді іс -әрекетінің ықпалымен әлеуметтік қарым –қатынастар
жүйесінің ұдайы толықтырылып отырылуын қамтамасыз ете алуы, әлеуметтік
ортаға белсенді түрде қосылуы” – деп анықтайды [22].
Жеке тұлғаны әлеуметтендіруді педагогикалық тұрғыдан қарастыратын
атақты педагог А.В.Сухомлинский “Ұжымды тәрбиелеу әдісі ” еңбегінде:
әлеуметтендіру үрдісі ұжымның тәрбиелік күшін жетілдірудің ең маңызды
екенін педагогикалық әдебиеттерден жиі оқуға болады.
Сонымен, жас ұрпақтың әлеуметтенуі дегеніміз – жас, өсіп келе жатқан
әрбір баланың басқалармен қарым –қатынас және іс-әрекет барысында өзі өмір
сүріп отырған қоғамда қабылданып, тұрақтанған адамгершілік сапаларымен
мінез-құлық нормаларын, тәртіп ережелері мен құндылықтарды өз бойына
сіңіріп, әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қалыптасуы, өмірге бейімделуі. Жас
ұрпақтың әлеуметтенуі, бір жағынан ол өмір сүріп отырған қоғамдағы әр түрлі
сипаттағы факторлар мен әртүрлі өмірлік жағдаяттардың ықпалымен әсер
етудің стихиялы жолымен қалыптасса, екіншіден, мақсатты тәлім –тәрбиелік
жұмыстар арқылы адамгершілігі жоғары азамат, қоғамдық талапқа сай,
біліктілігі сан қырлы маман ретінде қалыптасуы жүзеге асырылады.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіруді екі фазаға бөліп қарастыруға болады.
Біріншісі - әлеуметтік бейімделу, яғни жеке тұлғаның өмір сүретін
ортасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға, әлеуметтік нормаларға,
әлеуметтік ұйымдар сияқты әртүрлі деңгейде құрылған қоғамға бейімделу.
Екіншісі – адамдардың жан дүниесіне әлеуметтік нормалар мен
құндылықтар тағы басқа компоненттер жеке тұлғаның ішкі жан дүниесіне
тәжірибелердің жетілу нәтижесінде ауысады. Жкек тұлға әлеуметтік ортаға өз
бетінше өмір сүре алатын тұлға ретінде енеді[24].
Р.С.Немов әлеуметтендіруді “жеке тұлғаның қоғамдық тәжірибені үнемі
белсенді түрде меңгеру үрдісі нәтижесінде жеке тұлға болып қалыптасып
адамдар арасында өмірге қажетті білім , әдеп , дағдыларды , шеберліктерді
меңгеріп , оны белгілі бір міндеттерді шешу барысында қолданылуы ” деп
түсіндіреді.
И.С.Кон блса “әлеуметтендіру үрдісін жеке тұлғаны қалыптастырумен
емес, жеке тұлғаның алған әлеуметтік бағытына оның әлеуметтік құрылымындағы
ерекше орнына байланысты ” деп түсіндіреді[25]. Яғни адам дүниеге кегенде
әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде әлеуметтік өмір туралы әлі
ешқандай түсінік жоқ, онда адамның тек мүмкүндіктері ғана бар. Нышан деп
аталатын ол мүмкүндіктер басқа адамдармен қарым –қатынас жасап, қоғамдық
қатынастар жүйесіне енудің нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады.
Сондықтан да К.Маркс адамның мәні , сайып келгенде, барлық қоғамдық
қатынастардың жиынтығы болып табылады деген болатын. Демек адам болып
туылмайды, адам болып қалыптасабы. Адамның адам болып қалыптасуы оның
физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандарының негізінде
жүзеге асады. Мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, мәдени құндылықтарды
меңгеру, мектеп пен жанұяда тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты
факторлар шешуші әсерін тигізеді. Адамдардың бұл қалыптасу процесі
әлеуметтендіру деп аталады.
А.В.Мудрик : “әлеуметтендіру екі жақты процесс . Бір жағынан тұлға өзі
мүше болып саналатын әлеуметтік топ пен қоғамның әлеуметтік тәжірибесін,
құндылығын, нормаларын меңгерсе, екінші жағынан, әлеуметтік тәжірибемен
әлеуметтік байланыс жүйесін белсенді меңгереді[26].
Тәрбие әлеуметтік үрдістің бір бөлігі ретінде даму үрдісін практикалық
іс-әрекетте, ойынға енгізу негізінде мақсатты бақарады. Әлеуметтік
шығармашылыққа балалардың өзін жеке тұлға екенін сездіретін түрлі іс-
әрекеттер арқылы жағдай жасау, өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайда
қабілеті мен қызығушылығын дамытуы қажет.Сонымен қоғам мен жеке тұлға
қызығушылығының үндестігін қамтамасыз ету керек. Яғни, әлеуметтендірудің
педагогикалық аспектісі –жеке тұлғаның әлеуметтік жағынан жетілдірудің
тиімділігін көтеру мақсатындағы педагогикалық ықпалын қарастырады. Бұл
тұрғыдан Т.Н.Мальковскаяның зерттеулерін айтуға болады. Ол әлеуметтендіруді
жас ұрпақты өмірге дайындау дей отырып жеке тұлғаның әлеуметтенуі қоршаған
орта мен адамдар арасындағы қарым –қатынас жүйесі сияқты маңызды
факторлардың ықпалымен жүреді.
Балалалдың жеке тұлғасын әлеуметтендіруге бағытталған педагогикалық
жұмыстың негізгі мақсаты қандай? Біздің пікірімізше, балалар ұйымының
жұмысында әлеуметтік жұмысқа дайындау. Осы мақсаттан шығатыны балалар ұйымы
жұмысында балалардың жеке тұлғасын, әлеуметтендіру ерекшелігін айқындауға
болады.
1. мемлекеттік әлеуметтік институттар мен балалар ұйымдарының ара
қатынасы балаларды болашақтағы әлеуметтік қатынастарға сілтейді;
2. балалардың жеке тұлғалық ерекшелігі, қызығушылығы мен
қажеттіліктерін есепке ала отырып, олардың әлеуметтік қатынастарға
өз еркімен қатынасуы әлеуметтендіруді жүзеге асыруға мүмкүндік
береді;
3. ұйымда балалардың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі олардың
үлкендермен қарым – қатынасы мен олардың бағалауын есепке ала
отырып жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілгендей балалар ұйымдарының өзіндік әлеуметтік орны болуы
керек. Ұйымдардың болашақ мақсаты - өз мүмкүндіктерінің жалғасын таба
білуі, балалар қызығушылығымен жұмыс жасау.

1.3. Девиантты мінез – құлықтың пайда болуының әлеуметтік –
тұрмыстық себептері .
Біз ХХІ ғасырда ғылыми – техникалық прогресс пен компьютерлендіру
ғасырында өмір сүріп отырмыз. Адамзат өзінің дамуында көп ілгері жылжыды.
Сонымен қатар бүгінгі күнгі біздің планетамызда тұратын адамдардың
басына көптеген девиантты мінез – құлықтың түрлерін игеру қаупі мәселесі
алдыңғы қатарда тұр. Елімізде саяси - әлеуметтік және экономикалық ахуалдың
өзгеруі халықтың әлеуметтік қалыптасуының бұзылуына әкеп соқтырады .
Әсіресе девиантты мінез – құлықтың жасөспірімдер арасында кең тарауы
бізді көп ойландырады . Адамдардың көпшілігі мысалы, темекінің зиянды
екенін біледі, бірақ олардың көпшілігі, тіпті медицина қызыметкері арасында
да, темекінің шын мәнінде қауіпті екеніне мән бермейді .
Қоғамдағы жат қылықтардың көптеп тарауы өкінішке орай, балалық және
жасөспірімдік кезеңнен – ақ басталады. Мұны әлеуметтанушылардың,
дәрігерлердің, педагогтардың зерттеулері дәлелдеп отыр.
Жасөспірімдер мен жастардың жат қылықтарға әуестенуінің негізгі
себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің жеткіліксіздігі , ең
бастысы , қызығушылықтың шектеулілігі, қоғамдық пайдалы іске деген ниеттің
жоқ болуы .
Балалардың ішімдікке салынуының басты себебі – тәрбиенің дұрыс болмауы ,
балалар мен жастардың бос уақытын қалай өткізетініне ата – аналар тарапынан
бақылаудың жоқтығы , ортаның қолайсыздығы деп те айтуға болады [27].
В.М.Мясичев, Н.А.Коновалов девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің
пайда болу себептерін үш топқа бөлген:
1.әлеуметтік – педагогикалық жағдайлар мен қоғамдық орталары ұйытқы болған
;
2.жүйке психикалық жай – күйлерінің нашарлауынан туындаған ;
3.құқықты ұстамаған қылмыскер , қатігез, жауапсыз , қаңғыбас балалардың
ықпалы әсер еткен .
Л.В.Занков , М.С.Певзнер , В.Ф.Шмидт баланы девиантты мінез – құлықты
жасөспірімдердің қатарына қосатын : отбасы, мектеп және көше жолдастары,
яғни қоршаған ортасы болса , дұрыс жолға түсіретін мүмеүндіктер: оның алдын
алу, оқу – тәрбие жағдайында қоғамдық жұмыстарға тарту, оңды қасиеттерін
сұрыптап алып , соның негізінде өзіндік сенімін арттырып, өзін - өзі
тәрбиелеуге тарту немесе қылмыстық әрекеттер дәрежесіне орай арнаулы тәрбие
мекемелеріне бөлуді жатқызған .
Қазіргі кездегі саны күннен күнге көбейіп бара жатқан девиантты мінез
– құлықты жасөспірімдер қайдан пайда болады? Бізді ойландыратын да осы
сұрақ . Дүние есігін жаңа ашқан сәбилер о бастан “девиантты” немесе
“девиантты емес” болып бөлінбейді . Бұл қалай? Бұған жауапты алыстан
іздеудің қажеті бола қоймас . Дұрысын айтқанда , мұны әрбір ата – ананың
өзінен - өзі іздегені дұрыс .
Қоғамда өмір сүрудің алғашқы әліппесін қоршаған ортадағы қарым –
қатынас тәжірибесінен, өзінің отбасынан үйренеді . Халықтың “Ұяда не
көрсең ұшқанда соны ілерсің” деген мәтелі тегіннен – тегін айтылмаса керек.

Жасөспірімдердің бірден девиантты бола салмағанын зерттеу нәтижелері
де көрсетіп отыр .Ол өмірде әке – шеше мейірімі , қамқорлығы дегеннің не
екенін білмей өсуі , не болмаса оның нағыз достары да болмауы мүмкүн. Содан
да нашар ортаның ықпалына түсіп , төбелес жанжалға үйірсек болып ,
бұзақыларға қосылуы ықтимал .
Осы орайда нақты деректерге жүгінер болсақ , қалада жайсыз отбасының
яғни , “қиын” ата – ананың көбеюі девиантты мінез – құлықты жасөспірімдер
санының арта түсуіне әкеліп отырғаны анық .
Девиантты мінез – құлықтың пайда болуына отбасындағы үш түрлі жағдай
әсер ететіні белгілі. Олар: әке – шешесінің теріс үлгісі, ата – ананың
біреуінің болмауы, үй ішіндегі еңсені басатын ауыр жағдай – отбасында
өнебойы болып тұратын ұрыс, жанжал. Өкінішке орай отбасының теріс
қылықтарын атап көрсету оңай , түзеру қиын .
Сонымен девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді педагогикалық
мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.
Бірінші топқа жататын девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің мінез –
құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкен – кішіні сыйламау
сияқты әдет – дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс –
тұрыстары мен іс - әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез – құлқын
түзтуге талаптанады.
Екінші топқа жататындар адамгершілік қадір – қасиеттерді төмендей
бастаған, әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар
қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық – зомбылық жасау,
темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты әдеттерге
икемдене бастаған.
Бұл топқа тәртібі нашарлаған, құқық тәртібін бұзушы жасөспірімдер
жатады, бірақ бұл балалар әлі бұзыла қоймаған, өз жүріс – тұрыстарын
түзетуге мүмкіндік – қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап
етеді.
Үшінші топқа - өз мінез – құлықтарын басқара алмай, өзін - өзі
тәрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға
жат мінез – құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс
қылықтарына талдау бере алмайтын кәмелетке жасы толмаған қылмыскерлер. Бұл
топқа қатігездік, зорлық – зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік
және наша тарту істеріне әбден машықтанған жасөспірімдер енеді.
Төртінші топқа жұйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі
қылатын әдет) шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге
педагогтар мен дәрігерлер тарапынан дербес қарым – қатынас, ілтипат, сый –
құрмет, жылы лебіз қажет. Енді девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің
пайда болуына себепші объективті және субъективті факторларға назар
аударайық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына әлеуметтік орта мен
күнделікті жағдай себеп болады деп дәлелдеген [28].
Әлеуметтік жағдай негізінде (қоғамдағы экономикалық қарым – қатынас,
қоғамдық сана, тап және ұлттар қатынасы т.б). Жеке адамдардың қалыптасуына
объективтік мүмкүндік туғызып, жастардың әлеуметтік белгілерді сақтап,
құқық тәртібін бұзуға жол бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын
мойындамауы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтамауы, үлкен – кішіні сыйламауы
сияқты қылықтар ұжымда, топта, отбасында, жора – жолдастарының арасында т.б
шағын ортада ғана қалыптасады. Өйткені баланың алғашқы қадамы отбасында,
мектепте, жора – жолдастары мен ата – анасының арасында жасалады.
Нақтылай айтқанда жасөспірімдердің бойында девиантты мінез – құлықтың
пайда болуына бірден – бір себеп болатын және жағымсыз жағдай туғызатын
отбасы тәрбиесі. Оның бастылары біріншіден, баланың күнделікті жүріс –
тұрыстарын қадағаламау, оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс –
керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі – баланы киіндіру, тамақтандыру,
мұң – мұқтажын қамтамасыз ету деп санау. Үшіншіден, жастайынан баланың
еңбектену дағдыларын қалыптастырмау, оқушының жан – дүниесіне көңіл
аудармау, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасына мүше болып енуі де
түрткі болады. Төртінші себеп – ата – аналардың бір топтары адамгершілік
талаптардың мән – мағынасын түсінгенімен, оларды күнделікті өмірде нық
ұстамай, екі жүзділік көрсетіп, сөз бен істердің арасында алшақтық туады.
Олар балаларына мораль талаптарын сақтауды міндеттегенімен өздері бұған
немқұрайды қарайды. Кейбір ата – аналар олардың туған – туыстары қызмет
бабын пайдаланып, заң нормаларын сақтамаса, кейбіреулері ала жіптен аттап
қылмыстық әрекеттермен айналысады. Мұндай қылықтарды көретін жасөспірімдер
сол шағын ортаның салт – санасын қабылдайды.
Бесінші себеп – кейбір ата – аналар өмірлік бағдарламасында ала беру,
жинау, мансапқорлық, менмендік пиғылдар орын алып, адамдарды ақыл –
парасатына қарай емес, “байлығына”, “қажеттілігіне” қарай сый құрмет
көрсету баршылық. Осындай ортадан шыққан балалардың ұрлық, тонау, жәбірлік,
зорлық – зомбылық жасауға бейім екенін байқауға болады.
Алтыншы себеп – балаларын шектен тыс мәпелеу, еркелету, ерекше жақсы
көру, тұрмыстық еңбекке қатыстырмай “ақ саусақтылыққа” дағдыландыру,
алдарындағы қиындықтарды жеңуге баулымау, еңбек, әдет дағдыларын
қалыптастырмау. Өмірге икемсіз балалар қоғамға жат қылықтарға, темекіге,
ішімдікке, нашаға, ұрлыққа икемделе бастайды.
Отбасында кеткен кемшіліктер мектепте одан да бетер шиеленісе түседі.
Себебі мектепте де балалардың жеке басын сыйламау, әкімшілік көрсету
баршылық. Мектеп мұғалімдері мен девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің
қарым – қатынасы көбінесе “ақыл” айту, ұрысу, ар – ожданына тию тәрізді
педагогикада жат әрекеттермен сипатталады.
Ата – ананың баламен дұрыс қарым – қатынас жасамауы және баланың
тәрбиесіне тікелей әсер ететін теледидар арнасынан сапасыз хабарлардың
көрсетілуі. Осының әсерінен елімізде нашақорлық, ішімдік және әртүрлі
қылмыстар мен теріс қылықты жүріс – тұрыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, әлеуметтік жұмыста әдістер мен технологияның жүргізілу жолдары
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Мінез - құлқы қиын балалармен жұмыс жүргізудің негізі
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлық мәселесінің теориялық аспектілері
Девианнттық мінез-құлық әлеуметтануының өзектілігі
Девиантты мінез - құлықтың теориялық негіздері
Пәндер