ӘМІР ТЕМІР тарихы



1 Ақсақ Темір.
2 "Бір жаһанда екі билеуші болуы мүмкін емес"
3 Ақсақ Темір әлемді тітіркенткен ұлы қолбасшы
Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі - Ақсақ Темір. Атақпен бірге аңыз бен аярлық ілесіп жүретінін ескерсек Темір туралы түрлі мысалдар жетерлік. Біреулер оның ақсақтығын іштен біте туған кемістікпен байланыстырса, екіншілер кезінде қарақшылар басшысы болған жігіттің аяғана барымта кезінде жебе қадалған дейді. Ал, тарихқа сүйенсек Ақсақ Темір 1336 жылы Бұхар хандығының құрамындағы Кеш шаһары маңында дүниеге келген. Түбі монғол-түрік тайпасы атанған Барлас руынан. Оның әкесі Тарағай осы тайпаның көсемі болыпты.
Темірдің кезеңі сан қилы оқиғаларға толы. Шағатай мемлекетінің құлауы, Мәуренахрды түрік әмірлерінің тулақтай етіп тартысқа салуы, моңғолдардың тұтас Шығыс Түркістан мен Құлжа аумағын, Жетісуды қарамаққа алып Тұқылық Темірді таққа отырғызатын осы тұс. Қарақшыларымен келіп Кеш шәрінің билеушісі Қажыға қызмет ете бастаған Ақсақ Темірдің билікке қол жеткізуіне Тұқылық Темірдің Мауренахрға жорық жасауы ықпал еткен. Кеш билеушісі қашқан соң Ақсақ темір Тұқылықпен келісімге келіп, кенттің билеушісі атанады. Ал, 1361 жылы ол тек шаһар әмірі емес, Тұқылықтың Мәуренахрды билеген ұлы Ілияс қожаның сенімді серіктерінің біріне айналады. Уақыт өте келе Әмір Темір көреген сұңғылалық танытады да моңғолдармен атқұйрығын кесісіп, түрік әмірі Қазағанның немересі Құсайынмен бірігу арқылы бұрынғы достарына соққы бере бастайды. Осының арқасында 1364 жылы Мәуренахр түбі түрік Құсайын ханның қолына өтеді. Бірақ, анасынан қан уыстап туған Темір өзіне бұрынғы Кеш шаһарының қайтарылғанын ғана канағат тұтпай, Құсайынға қарсы екі мәрте соғыс ашады

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘМІР ТЕМІР.

ӘМІР ТЕМІР.
Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі - Ақсақ Темір. Атақпен
бірге аңыз бен аярлық ілесіп жүретінін ескерсек Темір туралы түрлі
мысалдар жетерлік. Біреулер оның ақсақтығын іштен біте туған кемістікпен
байланыстырса, екіншілер кезінде қарақшылар басшысы болған жігіттің
аяғана барымта кезінде жебе қадалған дейді. Ал, тарихқа сүйенсек Ақсақ
Темір 1336 жылы Бұхар хандығының құрамындағы Кеш шаһары маңында дүниеге
келген. Түбі монғол-түрік тайпасы атанған Барлас руынан. Оның әкесі
Тарағай осы тайпаның көсемі болыпты.
Темірдің кезеңі сан қилы оқиғаларға толы. Шағатай мемлекетінің құлауы,
Мәуренахрды түрік әмірлерінің тулақтай етіп тартысқа салуы, моңғолдардың
тұтас Шығыс Түркістан мен Құлжа аумағын, Жетісуды қарамаққа алып Тұқылық
Темірді таққа отырғызатын осы тұс. Қарақшыларымен келіп Кеш шәрінің
билеушісі Қажыға қызмет ете бастаған Ақсақ Темірдің билікке қол
жеткізуіне Тұқылық Темірдің Мауренахрға жорық жасауы ықпал еткен. Кеш
билеушісі қашқан соң Ақсақ темір Тұқылықпен келісімге келіп, кенттің
билеушісі атанады. Ал, 1361 жылы ол тек шаһар әмірі емес, Тұқылықтың
Мәуренахрды билеген ұлы Ілияс қожаның сенімді серіктерінің біріне
айналады. Уақыт өте келе Әмір Темір көреген сұңғылалық танытады да
моңғолдармен атқұйрығын кесісіп, түрік әмірі Қазағанның немересі
Құсайынмен бірігу арқылы бұрынғы достарына соққы бере бастайды. Осының
арқасында 1364 жылы Мәуренахр түбі түрік Құсайын ханның қолына өтеді.
Бірақ, анасынан қан уыстап туған Темір өзіне бұрынғы Кеш шаһарының
қайтарылғанын ғана канағат тұтпай, Құсайынға қарсы екі мәрте соғыс
ашады. Ақырында 1370 жылы 34 жасында Құсайынды өлтіріп, бар тізгінді
қолына алады. Бірақ, ол хан деген атақтан қашқақтап, Ұлы Әмір-дегенді
қалайды.
Ақсақ Темір билікті алысымен әуелі өз тәртібін қабылдамаған көрші
билеушілерді мойынұсындыра бастады. Жетісу мен Шығыс Түркістанға жорық
жасады. 1379 жылы Хорезмді талқандады. Ал, келер жылы Парсыларға жорыққа
шықты. Темірдің ұстанғаны "Бір жаһанда екі билеуші болуы мүмкін емес",-
деген ұран еді. 2 жыл ішінде Герат, Хорасан, Сейстан алынды. Жалпы,
Ақсақ Темір Парсы еліне үш мәрте жорық жасаған. Айналдырған 4-5 жыл
ішінде Ақсақ Темір моңғол иелігіндегі Қара Ертіске дейінгі,
алтынордалықтар ат суарып жүрген Еділге дейінгі аралықты түгел иемденді.
Парсының батыс бөліг імен Бағдатты уысында ұстаған Жалайырлар бұл кезде
жергілікті соғыстардан ығыр болған еді. Осының салдарынан күллі өңір
Темірдің ұлы Омар шейхтің қол астына кірді. Ал, Каспий жағалауы,
Әзербайжан мен Қап тауының бір бөлігі Әмірдің екінші ұлы- Миран шахты
мойындады.
Темірді көп мазалаған өз көмегімен Мамайды жеңіп, Алтынорда тағына
отырған Тоқтамыс хан болды. Мәуренахрға тұмсық сұғып бір жеңілген
Тоқтамыс, Қап тауында да қиғалақ салды. Ұлы Миран шахқа көмек беруге
аттанған Әмір Темір 1395 жылы орыс елінің оңтүстігін басып алды да,
Тоқтамыспен Терек өзені бойында қылыш жүздестірді. Қаһарға төтеп бере
алмай қашқан жауын өкшелеген билеуші жолындағы Астрахан Сарай, Азов,
Кафу сынды шаһарларды тас-талқан еткен. 1398 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмір Темір құрған мемлекет
Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі - Ақсақ Темір
Әмір Темір мұрасы
Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы
Моғолстанның алғашқы хандары
Моғолстан мемлекеттінің құрылуы және алғашқы хандардың саясаты
Әмір Темірдің Кіші Азияға жорық бағыттары
Моғолстан мемлекетінің құрылуы
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
Моғолстанның құрылуы, жер аумағы жайлы
Пәндер