Ауғанстан: сәуір төңкерісі бастаған соғыс



1 Ауған соғысы (1979—1989)
2 «Ауған ақиқаты»
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Соғыстың аяқталғанына 15 ақпанда 20 жыл толады.
Сәуірдегі әскери төңкеріс – Ауғанстан қасіретінің бастамасы
Сәуір төңкерісі қарсаңында экономикалық даму жағдайы жөнінен 1977 жылы Ауғанстан 129 дамушы мемлекеттердің арасында 108-ші орынды иеленді. Елдің ауыл шаруашылығы феодалдық және оған дейінгі көптеген ескілік сарқыншақтарына әбден шырмалған еді. Халықтың 90%-ы ауылдық жерде өмір сүрді, ондағы билік феодалдардың, тайпа көсемдері мен молдалардың қолында болды. 13 миллионнан астам адам отырықшылық күй кешсе, ал 3 миллион ауғандықтар көшпелі немесе жартылай көшпелі тұрмыс құрды. Халықтың едәуір бөлігі сауатсыз еді.
Елде саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды. Монархиялық тәртіптің террорлық қысымына, сосын Мұхаммед Даудтың “республикалық” үкіметінің тыйым салуына қарамастан Ауғанстан Халықтық Демократиялық Партиясы (АХДП) жасырын түрде өз күресін жалғастырды. Бірақ М.Даудтың тәртібіне айтарлықтай өзгеріс әкеле алмады. 1977 жылы мемлекеттік аппараттан көптеген адамдар қуылды.
Елде мұндай жағдайдың өріс алуы халықтың жаппай наразылығын туындата бастады. 70-ші жылдардың екінші жартысында Ауғанстанда ша¬руалар мен помещиктік-ұсақ буржуазия арасында қайшылықтар үдеп, халық жағдайы бірден шиеленіске тап болды. М.Даудтың аграрлық реформасы еш нәтиже шығара алмады.
Елдегі әлеуметтік-таптық қайшы¬лықтар мен саяси күрестердің шиеленісуі офицерлердің көп бөлігін қамтыған армияда да оппозициялық көңіл-күйді байқатты. М.Дауд 1973 жылы 17 шіл¬деде офицер-коммунистерді (А.Қадыр¬ды, А.Ватанджарды және С.Гуляб¬зой¬ды) шебер пайдалана отырып “Парчам¬ның” жетекші қайраткерлерінің көме¬гімен іс жүзінде қан шашылмаған төңкеріс жасап, король Захир Шахты биліктен шеттетті, монархияны таратып, өзін республи¬каның президенті деп жариялады.
Қызметке кіріскеннен кейін ол АХДП-ның көшбасшыларымен санаса¬тынына сендіргенмен, олардың ұсынған жолдарына бой ұсынбай, мұндай жолбикелерден тезірек құтылуға асықты. Сөйтіп, өзінің маңайындағы кеңесші¬лерін парчамистерден түгел тазартты. Оған төңкеріс жасауға көмектескен офи¬цер¬лер далада қалды. Бұл жағдай кейі¬ні¬рек М. Даудтың өз басына таяқ боп тиді.
1977-1978 жылдары Кабул, Кан¬да¬гар, Герат және тағы басқа ірі қалаларда жаппай манифестациялардың болуы және оған адамдардың мыңдап қатысуы ел ішіне қандай да бір төңкерісті алып келетінін байқатты. Елдегі прогресшіл күштерге қарсы репрессиялық шара¬ларды жүзеге асыра бастаған М.Дауд АХДП басшыларын қудалай бастады.
АХДП басшылары Н.М.Тараки мен Б.Кармаль тұтқындалды. Саяси қарсы¬л¬ас¬¬тарын осылай тұқыртқан үкімет өз көңілдеріне ризашылық сеніммен қарады. 26 сәуір күні елдегі бүкіл әскери бөлімдерде коммунистерді басып-жаншудың құрметіне мереке өткізілді. Ауғанстанның Қорғаныс министрі М.Х. Расули әскери қызметшілер үшін салтанатты кешкі тамақ пен көңіл көтеру шараларын ұйымдастыруға бұйрық берді. Осыны пайдаланған халықшылдар тиісті дайындық жұмыстарын қолға алып, шаралар өткізуге әзірлік жұмыстарын жүргізді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
АУҒАНСТАН: СӘУІР ТӨҢКЕРІСІ БАСТАҒАН СОҒЫС
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Соғыстың аяқталғанына 15 ақпанда 20 жыл толады.
Сәуірдегі әскери төңкеріс - Ауғанстан қасіретінің бастамасы
Сәуір төңкерісі қарсаңында экономикалық даму жағдайы жөнінен 1977 жылы Ауғанстан 129 дамушы мемлекеттердің арасында 108-ші орынды иеленді. Елдің ауыл шаруашылығы феодалдық және оған дейінгі көптеген ескілік сарқыншақтарына әбден шырмалған еді. Халықтың 90%-ы ауылдық жерде өмір сүрді, ондағы билік феодалдардың, тайпа көсемдері мен молдалардың қолында болды. 13 миллионнан астам адам отырықшылық күй кешсе, ал 3 миллион ауғандықтар көшпелі немесе жартылай көшпелі тұрмыс құрды. Халықтың едәуір бөлігі сауатсыз еді.
Елде саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды. Монархиялық тәртіптің террорлық қысымына, сосын Мұхаммед Даудтың "республикалық" үкіметінің тыйым салуына қарамастан Ауғанстан Халықтық Демократиялық Партиясы (АХДП) жасырын түрде өз күресін жалғастырды. Бірақ М.Даудтың тәртібіне айтарлықтай өзгеріс әкеле алмады. 1977 жылы мемлекеттік аппараттан көптеген адамдар қуылды.
Елде мұндай жағдайдың өріс алуы халықтың жаппай наразылығын туындата бастады. 70-ші жылдардың екінші жартысында Ауғанстанда ша - руалар мен помещиктік-ұсақ буржуазия арасында қайшылықтар үдеп, халық жағдайы бірден шиеленіске тап болды. М.Даудтың аграрлық реформасы еш нәтиже шығара алмады.
Елдегі әлеуметтік-таптық қайшы - лықтар мен саяси күрестердің шиеленісуі офицерлердің көп бөлігін қамтыған армияда да оппозициялық көңіл-күйді байқатты. М.Дауд 1973 жылы 17 шіл - деде офицер-коммунистерді (А.Қадыр - ды, А.Ватанджарды және С.Гуляб - зой - ды) шебер пайдалана отырып "Парчам - ның" жетекші қайраткерлерінің көме - гімен іс жүзінде қан шашылмаған төңкеріс жасап, король Захир Шахты биліктен шеттетті, монархияны таратып, өзін республи - каның президенті деп жариялады.
Қызметке кіріскеннен кейін ол АХДП-ның көшбасшыларымен санаса - тынына сендіргенмен, олардың ұсынған жолдарына бой ұсынбай, мұндай жолбикелерден тезірек құтылуға асықты. Сөйтіп, өзінің маңайындағы кеңесші - лерін парчамистерден түгел тазартты. Оған төңкеріс жасауға көмектескен офи - цер - лер далада қалды. Бұл жағдай кейі - ні - рек М. Даудтың өз басына таяқ боп тиді.
1977-1978 жылдары Кабул, Кан - да - гар, Герат және тағы басқа ірі қалаларда жаппай манифестациялардың болуы және оған адамдардың мыңдап қатысуы ел ішіне қандай да бір төңкерісті алып келетінін байқатты. Елдегі прогресшіл күштерге қарсы репрессиялық шара - ларды жүзеге асыра бастаған М.Дауд АХДП басшыларын қудалай бастады.
АХДП басшылары Н.М.Тараки мен Б.Кармаль тұтқындалды. Саяси қарсы - л - ас - - тарын осылай тұқыртқан үкімет өз көңілдеріне ризашылық сеніммен қарады. 26 сәуір күні елдегі бүкіл әскери бөлімдерде коммунистерді басып-жаншудың құрметіне мереке өткізілді. Ауғанстанның Қорғаныс министрі М.Х. Расули әскери қызметшілер үшін салтанатты кешкі тамақ пен көңіл көтеру шараларын ұйымдастыруға бұйрық берді. Осыны пайдаланған халықшылдар тиісті дайындық жұмыстарын қолға алып, шаралар өткізуге әзірлік жұмыстарын жүргізді.
27 сәуірде таңертеңгі сағат 6-да Кабулдағы хайуанаттар паркінің ма - ңайында Саид Мұхаммед Гулябзойдың (ішкі әскерлер мен әуе шабуылының қорғанысына жауапты), Асадулла Пйяманың (4-танк бригадасына жау - апты), Алиш Паймаанның (зениттік-ракеталық бригадаға жауапты), Мұхам - мед Досттың (32-ші "командос" полкіне жауапты) қатысуымен әскери төңкеріске басшылық жөніндегі үйлестіру тобының мәжілісі болып өтті.

Осы мәжілісте таңертеңгі сағат 8-ге таман барлығы да өз әскери бөлім - де - рінде толық даярлықпен іске кірісіп, ішкі әскердің, әуе қорғанысы әскер - лерінің және жаяу әскердің әрекетін үйлестіруге шешім қабылданды. "Саид Мұхаммед" атты пароль, " Миг-21" атты шақыру белгіленді.
Бұл күні Кабулдың ауасы шайдай ашық болып, күн жарқырап тұрды. Алдыда болатын оқиғадан бейхабар қала тұрғындары күнделікті тіршілігімен айналысып жатты. Министрлер кабинеті сағат 9-да өздерінің мәжілісін бастады. Оған М. Дауд төрағалық етті. Күн тәртібінде партия басшыларын тұтқынға алғаннан кейінгі қалыптасқан ахуал ту - ра - лы сұрақ тұрды. Министрлердің ба - сым көпшілігі, М.Даудтың өзін қосқанда тұтқындағыларға өлім жазасын жария - лауға қарсы болмады. Осы шешім тө - ңірегінде оны қолдаушылар мен қарсы шығушылар арасында қызу айтыс-тар - тыс - тар да өтті. Кабул радиосы бұл уа - қыт - та АХДП басшыларын астыртын төң - керіс жасауға қатысушылар деп айыптап, қамауға алғанын хабарлап та қойды.
27 сәуір күні сағат 9-да майор Мұхаммед Аслам Ватанджар өзінің бригада командирінің кабинетіне кіріп, коммунистік басшылар тұтқынға алынғаннан кейінгі қауіпсіздікті күшейту және президент сарайына күшті күзет қою мақсатында, қарамағымдағы батальонға оқ-дәрі бөлуге рұқсат етуіңізді өтінемін деді.
Бригада командирі батальондағы әрбір 12 танкіге 6 снарядтан бөлуге рұқсат қағазын берді. Тік тұрып құрмет көр - сеткен жас офицер кабинеттен шықты. Ал командир болса үкіметті құлатуға бағытталған күшке рұқсат бергенін білмеді. Оқ-дәрі бөлуге берілген рұқсат қағазындағы 6 санына нөлді қосқан М. А. Ватанджар, әрбір әскери машинаға 6-дан емес, 60-тан снаряд алды.
Белгіленген жоспар бойынша сағат 12-де ауғандық Әскери Әуе Күштері (ӘӘК) эскадрильясы әскери қала - шықтар, оның ішінде президент сарайының үстінен ұшуды бастады. Бұл әрекет сарайға шабуылды бастау үшін танкішілерге берілген белгі еді. ӘӘК-нің подполковнигі Абдул Кадыр Баг - рам - дағы ӘӘК-і базасын басып алғаннан кей - ін, өзінің жақтаушысы Хашаммен бірге тік - ұшақ - пен Кабул әуежайына ұшып келді де, әуе күштерінің әрекетін өз басшы - лығына алды.
12 сағат 15 минутта танкішілер рота - сының аға капитаны Омардың қолбас - шылығымен 4-ші танкішілер бригадасының алғашқы легі президент сарайы қақпасының алдында тұрды. Кабинет мәжілісі бұл уа - қыт - та жалғаса берді. Оларға майор Ватан - д - жар, майор С.Д.Тарун, майор Назар Му - хам - - мед, майор Маздурьяр және капитан Ахмед Хан сияқты офицерлер басшылық жасады.
Бір уақытта Ватанджар сарайға алғашқы оқты атуға бұйрық берді. Ол атылысымен сарайға жан-жақтан оқтар атыла бастады. М.Дауд мәжілісті тоқтата салып: "Кімде-кім өз өмірін сақтағысы келсе, сарайды тастап қашуға болады", - деп министрлерге мәлімдеді.
"Халық" жағындағылар дереу қару-жарақ және басқару пункттерін басып алуға кірісті. Қарсылық көрсетушілер ескертусіз атылды, қалғандары қамауға алынды. Қорғаныс министрі Г.Х.Расулидың нұсқауымен шабуылға шыққан 7-ші және 8-ші дивизиялардың, 88-ші артилле - рияшылар бригадасының кейбір бөлім - шелерінің іс-қимылы бейтараптандырылды. Кешке қарай 4-ші танкішілер бригадасына "командос" бөлімінің үлкен тобы келіп қосылды. Осыдан кейін М.Даудқа берілген бөлімшелер әлсіздендірілді. Сағат кешкі 1730-да С.Д.Тарун тұтқында отырған АХДП басшыларын қамаудан босатты.
Сағат 1700 және 1730 аралығында көтерілісшілер радиостанцияны басып алды. Эфирден билік басындағылар ауысқан кезде дәстүрлі түрде орындалып отыратын "Рага Мальхар" ұлттық әуені берілді. Артынан революцияның жеңгендігі туралы хабарланды. Радиодан хабар тарасымен ауған ӘӘК-нің ұшақтары көтерілісшілерге әлі де қарсылық көрсетіп жатқан М.Дауд пен оның жақындары және оған адал қызмет ететін күзет орналасқан президент сарайын соққының астына алды. "Командос" тобы М.Даудтың сарайына басып кірді және олардан қарсылық көрсетуін тоқтатуды талап етті. Атыс кезінде М.Дауд және оның барлық отбасы мүшелері оққа ұшты.
28 сәуір күні таң ата танкішілердің, ұшқыштардың және "командостың" бірлескен күш жігерімен президент сарайын қорғаушы гвардияның қарсылығы басылып, билік АХДП жағына көшті. Біраз уақыттардан кейін Кандагар, Желалабад, Герат, Газни гарнизондары, Шинданд, Мазари-Шарифтегі әуежайлар көтерілісші офицерлердің бақылауына көшті. Әскери қызметшілер арасынан 43 адам қаза тапты. Жалпы шығын 100 адамға жетті.
1978 жылдың 27 сәуірінен 3 мамырына дейінгі аралықта Кабулда бірде-бір газет шықпады. Елдегі болып жатқан жағдайлар жөнінде халық тек радиодан ғана ақпарат алды. 28 сәуір күні сағат 1730 - да Кабул радиосынан Әскери-революциялық кеңестің мәлімдемесі хабарланды.
Қарапайым халық сәуір төңкерісінің жеңісін қуанып қарсы алды. Өйткені, ауған халқы өз өмірлерінде оң өзгеріс күтіп, ол өзгерістерге осындай төңкерістің нәтижесінде қол жеткіземіз деп үміттенді.
Ауғанстанның Қарулы күштері елдегі жағдайға толық бақылау орнатты. 29 сәуір күні таңертең жұмысшылар , қызметшілер, сатушылар, студенттер, еңбекшілер өздерінің күнделікті жұмысын бастады. Барлық дүкендер ашылып, тұрғындар азық-түлік және басқа тауарлармен толық қамтамасыз етілді. Елдегі шаруашылық механизмі бір қалыпты жұмыс істей бастады.
Жағдайдың тұрақтануы, ел басқару аппаратын азаматтық жүйемен алмастыруға мүмкіндік берді. 1978 жылдың 29 сәуірі күні кешкі сағат 9-да Әскери-революциялық кеңестің қарулы күштері өз билігін АДР-дың Революциялық кеңесіне өткізді.
Әскери-революциялық кеңестің Жар - лығында оған қоса мынадай мәлімдемелер баяндалды: "1357 жылы 7 сәуірде (1978 жыл 27 сәуір) елде офицерлер мен солдаттардың бастауымен Ауғанстанда революциялық төңкеріс болды. Бұл төңкеріс 24 сағат ішінде Мұхаммед Даудтың жүйесін жойды. Әскери-революциялық кеңес өз билігін Ауғанстан Демократиялық Республикасының ең жо - ғарғы мемлекеттік өкіметті Революциялық кеңеске өткізді. Революциялық кеңестің құрамына 40 адам кірді, оның бесеуі қарулы күштерінің өкілі болды.
1978 жылдың 30 сәуірінде АХДП өзде - рінің бірінші мәжілісінде ОК Бас хатшысы қызметіне Н.М.Таракиді сайлады және ол үкімет басшысы (Министрлер Кеңесі Төра - ғасы) болып та есептелді, ал Бабрак Кармаль - Революциялық кеңес төрағасының орынбасары және Ауғанстан үкіметі басшысының орынбасарлығына сайланды".
Ең жоғарғы мемлекеттік өкімет органы деп есептелген Революциялық кеңес, 30 сәуір күні елді Ауғанстан Демократиялық Республикасы деп жариялады.
Алайда, революцияның алғашқы айлары революциялық бағыт елеулі түрде бұрмалаушылыққа ұрынып, қателіктер мен селкеуліктер елдегі оң процестің дамуын едәуір күрделенідіріп жіберді, революцияға бүйрегі бұратын одақтастарды үркітіп алды, сөйтіп, олардың көпшілігі революцияның жауына айналды. Бұдан бөлек, жер және басқа да реформаларды жүзеге асыру барысында асыра сілтеушілікке, революция заңдылықтарын бұзуға жол берілді.
Әсіресе, АХДП-ның шаруаларға қатысты теріс саясаты елдегі революциялық процестің дамуына кері әсер етіп, оны ауыр зардаптарға ұрындырды. Шаруалардың ең кедей топтарын билік басына келушілердің өз жағына тарта алмауы жергілікті жердегі контрреволюцияның ықпалын күшейтті.
Түрлі қолайсыздықтардан және контрреволюциялық насихаттың әсерінен шаруалардың едәуір бөлігі Пәкстан мен Иранға кетіп қалды, онда олар контрреволюцияның қарулы отрядтарының сарқылмас күшіне және оның қатарын толықтырудың негізгі көзіне айналды.
1978 жылы жазда АХДП-дағы алауыздықтың күшейе түсуі армияның бетімен кетуіне ықпал етті. Өкімет 1979 жылдың аяғына дейін армияда онға тарта жаппай тазалау жүргізді, мұның өзі офицерлер корпусының едәуір әлсіреуіне ықпал етті. Егер 1978 жылы маусымда армияда штаттағы саны 110 мың адам болуға тиіс жағдайда, 70 мың әскери қызметші болса, 1979 жылдың аяғында армия қатарында 40 мың адам қалды. Оқыту жағы да нашар болды. Кіші офицерлердің басым көпшілігі 6-8 апталық жеделдетілген курстарды ғана бітірді. 1979 жылдың аяғында ауған армиясында ұйымдасқан тәртіп бұзушылықтар етек ала бастады. Офицерлер құрамының арасында ұлтаралық қайшылық шиеленісіп кетті.
1979 жылдың аяқ шенінде-ақ Пәкстан аумағында революцияға қарсы күресу - шілердің 30-дан астам базалары мен оқу орталықтары құрылды. Бұл базаларда 1980 жылдың өзінде 30 мыңнан астам бүлікшілер даярлықтан өтті. Бұдан кейін Ауғанстанмен көршілес елдерде 100-ден астам оқу орталықтары жұмыс істей бастады, ал олардағы бүлікшіл күштер 100 мың бандиттер мен жалдамалыларға дейін өсті. 1979 жылғы мамыр айының аяғында 22 провинция соғыс жағдайына көшті. Осы жылдың қарашасынан жаңа өкіметтің бас орталығына нақты қауіп төне бастады.
Сәуірдегі әскери төңкерістен кейін АХДП басшыларының арасында, алғашқы жылдарда сақталған бақталастықтар қайта пайда болды. Бұл жағдай сонау 1967 жылы көктемде АХДП-ның екі топқа: Н.М.Тараки басшылығындағы "Халық" және Б.Кармаль басшылығындағы "Парчам" топтарының жікке айырылуын қайта еске түсірді. Төң - ке - рістен жеті ай өткеннен кейін, 27 қара - ша - да "парчам" тобының тоғыз адамы партия - дан шығарылып, халық жауы деп жарияланды.
Күннен-күнге адамдардың көпшілігі жаңа өкіметке деген сенімін жоғалтты. Осыдан барып, ел ішінде бүлікшілер легі көбейді. Бірдестен кейбір сыртқы елдер тарапынан Ауғанстанның ішкі ісіне араласушылық етек алды.
Осындай ахуалдың аясында 1978 жылдың көктемінен - 1979 жылдың күзіне дейінгі уақытта ауғандық басшылар арасында қарама-қайшылықтар күшейді. Н.М.Тараки мен Х.Амин арасында билік үшін күрес басталды.
Ауған соғысы қалай басталды?
Ауғанстандағы және оның айнал - ас - ын - дағы шиеліністі жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан АДР-ға өз әскерлерімен көмек беру жөнінде Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады. Мұн - дай өтініштер Кабулдағы кеңестік өкіл - дер: КСРО-ның Ауғанстандағы төтенше және өкілетті елшісі А.М Пузанов, Мем - ле - кеттік Қауіпсіздік Комитетінің өкілі генерал-лейтенант Л.Н.Горелов арқылы берілді. Ауғандық үкімет басшылары өз елінің ішіндегі жағдайды Кеңес Одағын тікелей қатыстыра отырып шешуге тырыс - ты.
1979 жылдың 15 наурызында Гератта 20 мың адамнан тұратын тұрғындардың үкіметке қарсы бүлігі бұрқ ете түсті. Оған командирлерінің ынтасымен әскери гарнизон бөлімшелері де белсене қатысты. Мыңға жуық адам қаза болды.
Жағдай әлі түсініксіз болса да, КСРО Қор - ғаныс министрі Д.Ф.Устиновтың бұйрығымен Ауғанстан шекарасына жақын аудандарда кейбір шараларды жүргізу басталды. Ол КСРО Қарулы Күштерінің Бас штабына керек болған жағ - дайда бір әуе-десант дивизия - сын уақытша әуеден түсіру үшін дайындауға, Түркістан әскери округінің танкшілер мен атқыштар полкының әс - ке - ри дайындығын күшейтуге және Орта Азия әскери окру - гінің кейбір дивизияларын Тер - мез ауданына қарай жылжытуға бұйрық берді.
Үш күннің ішінде (17-19 наурыз) Л.И.Брежневтің ұсынысымен Гераттағы бүлікшілердің әрекетіне қарсы, сонымен бірге Гераттағы қарулы қақтығыстарды басып-жаншуға көмек беру үшін кеңес әскерлерін енгізу өтініші КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде талқыланды.
Н.М.Таракидің бастауымен ауғандық жетекшілер бірінші рет кеңестік әскерлерді жіберу туралы өтініштерін білдірді. Оны Н.Тараки 1979 жылдың 18 наурызында А.Н.Косыгинмен телефон арқылы болған әңгімесінде айтты. Осыдан кейін "ауғандық үштік" Ю.В.Андропов, А.А.Громыко және Д.Ф.Устинов жиналды. Сөйтіп, АДР басшысы Н.Тараки жасырын түрде жедел Кеңес Одағының астанасы Мәскеуге шақырылды. Мәскеуде және Кабулда бұл істі ат төбеліндей адамдар ғана білді. Н.М.Тараки 20 наурызда Мәскеуге келді.
Н.М.Таракидің көңілі күпті болмас үшін сол күні Л.И.Брежневпен АДР басшысына кездесу ұйымдастырылды. 1979 жылғы мамырдың басында Орта Азия респуб - ли - каларының түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім қабылданды. 2 мамырда КСРО Қарулы Күштері Бас Штабы барлау басқармасының бастығы армия генералы П.И.Ивашутин осы басқарманың аға офицері В.В.Колес - никті өзіне шақырып, мұсылман ұлты өкілдерінен құралатын батальонды жасақтауға және дайындауға басшылық етуді табыстады.
Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы Түркістан және Орта Азия әскери округтерінің, мұсылман ұлты өкілінен, әсіресе, барлаушылар, атқыштар және танкішілер бөлімшелерінен таңда - лынып алынды. Шығыс тілін білу және қайратты болу - басты талап бол - ды. Батальон тек жаңа тех - никамен және қару-жарақпен жасақталынды. Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан тұрды. Саны 500 адамнан сәл артық болды. Баталь - он командирі болып В.В.Колесниктің ұсынысы бойынша өзбек ұлтының өкілі, майор Хабид Тәжі - байұлы Халбаев тағайын - далды. Мамыр айының аяғына қарай "мұсыл - ман - дық" батальон құрылып бітті. Ол Ташкент ма - ңын - дағы Шыр - шықта танкі - шілер училищесіне жа - қын жердегі әскери қала - шыққа жайғасты. Жаз бойы әскер құрамы ар - найы маман - дықтар бой - ынша атыс такти - каларын игеруге және жалық - пай дене шынықтыру ісіне (қа - ру-жарақтың бар түрінен ату, бетпе-бет ай - қасу, жүгіру, мина істе - рін игеру және т.б.) дайын - далды. Оларға қоса бірте-бірте КСРО МҚК-нің айрықша мақсаттағы бөлім - шелері дай - ындыққа кірісті. Кейбіреулері Кабулға ертерек апарылып тасталынды.
Ауғандық жетекшілер Кабулдағы кеңестік өкілдер арқылы өз өтініштерін жеткізу туралы сұраныстарын тоқтатпады, ал кеңестік өкілдер болса ауғандық жетекшілердің өтініштерін тізбектей жаза отырып Мәскеуге хабарлама беруден жалықпады. Ал, бұлай хабарлама жіберіп отыру, Кеңес әскерлерінің 1979 жылдың 25 желтоқсанында Ауғанстанға енгенге дейінгі күнделікті дағдысына айналды. Х.Амин өз өкілеттілігін күшейту мақсатында Ауғанстанда кеңес әскерлерінің болуын өте қатты қалады және осы мақсатқа жету үшін қолынан келгенінің бәрін істеп бақты. Ол сол уақытта кеңестік әскердің өзінің түбіне жетушілер болатынын ойламады.
Сол жылдардағы кеңестік сарапшы - лар - дың бағалауы бойынша, КСРО басшылары қорыта келе қандай революцияны қорғауға жиналғанын білмейтін, оған қоса өздері соңына дейін шеше де алмаған қиын қадамға тап болды. Бірте-бірте Аминді қызметінен шеттететін және оның орнын оған қарағанда адал істейтін қайраткермен алмастыру ойлары пайда бола бастады. Бұл уақытта Чехос - ловакиядан жасырын түрде келіп, 1978 жылдың тамызынан бастап КСРО-да жер аударылушы құқында өмір сүріп жатқан, "Парчам" фракциясының көсемі Бабрак Кармаль Мәскеуде жүрді. Сөйтіп, ол сарапшы - лардың берген бағасы бойынша, Х. Амин - нің көзін құртатын күреске жетек - ші болу ұсынылды. Бабрак Кармаль оған келісім беріп, тез арада КСРО Мем - лекеттік Қауіпсіздік Комитетінің бақылауына алынды.
Бұл уақытта "мұсылмандық" баталь - онды дайындап болған полковник В.В. Колесник Мәскеуге шақырылып, өзінің күнделікті міндетін атқаруға кірісті. Ал батальонның жеке құрамасы 10-12 қарашада Ташкент және Шыршық әуежайынан ұшырылып Ауғанстандағы Баграм авиабазасына түсірілді. Мұсыл - мандық батальондағы барлық офицерлер мен солдаттарға ауғандық әскери киім - дер кигізілді және жергілікті әскери қыз - метшілерден олардың айырмашылығы аз еді. Бір ай ішінде айрықша мақсат - тағы батальон Ауғанстанға келген соң өздері түсірілген әуежайда жауынгерлік және арнайы дайындықпен айналысып, Ауғанстан астанасы Кабулға жылжуға дайындалды.
Тек 1979 жылдың 10 қазаны күні Н.М.Таракидің қазасы туралы хабар ресми түрде таратылды. Осы күнге дейін екі күн бұрын Х.Аминнің бұйрығы бойынша, Н.М.Таракидің буындырылып өлтірілгеніне қарамай, оны жүрек талмасынан қаза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес – ауған соғысы
Ауған-Кеңес қақтығысы
Ауған ақиқаты
Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері
Горошко Ярослав Павлович
Қоғамда экстримизм мен терроризмге қарсы діни сананы қалыптастыру
Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі - ауған соғысы
Ресейдегі тарихи оқиғалардың қысқаша жылнамасы
Ауғанстанның саяси жүйесінің демократизациялауы
1945-1980 жылдардағы КСРО туралы ақпарат
Пәндер