Қазақстан Республикасында тұрақтандыру саясатын жүргізу мәселелері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

І. Экономикалық өсудің теориялық негізі.
1.1 Экономикалық өсу түсінігі, түрлері мен факторлары ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Экономикалық өсу теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы ... ... ... ... ..9

ІІ. Қазақстан Республикасында тұрақтандыру саясатын жүргізу мәселелері
2.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Қазақстан Республикасының даму стратегияларын жүзеге
асырудың құралы ретіндегі Ел басы жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 Экономикалық тұрақтандыру саясатын жүзеге асыру мен жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Кіріспе
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы ең маңызды және қажетті құбылыс.Сондықтанда менің таңдаған тақырыбым «ҚР-дағы экономикалық өсу» өте актуальды болып келеді. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты ретінде айқындалған.
Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.
2003 – 2005 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде.
2003 – 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7,5 % мөлшерінде орташа жылдық нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған.
Үкіметтің теңгерімді экономикалық саясаты және реформаларды серпінді жүргізу 2003 – 2005 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық қарқынын жылына 9,4 % мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4 %-ды құрады.
Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір сүру деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады.Жоғарыда айтылған мәселелер менің таңдаған курстық жұмысымның тақырыбы «ҚР-дағы экономикалық өсу» өте актуальды екенін білдіреді
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына
арналған оқулық. Алматы, 1990 жыл.
2. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» Алматы 1991 жыл.
3.Әубәкіров «Экономика теория негіздері» Алматы, 1999жыл.
4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев
«Экономикалық теория» Алматы, 1999жыл.
5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева
6. «Заң» Республикалық құқықтық журнал Астана 2000ж №9
7. История экономических учений Москва, 1994г.
8. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000ж.
9. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994ж.
10. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. А, 2003ж.
11. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының стратегиясы» Алматы, 1992ж.
12. Реуэль А.Л. «Экономических учений» Москва 1972г.
13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001ж.
14. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002ж.
15.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы
және кәсіпкерлік» Алматы, 2002ж.
16. Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.
17. Ядгаров Я.С. «История экономических учений» Москва 1998г.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Менің курстық жұмысым Қазақстан Республикасында тұрақтандыру саясатын
жүргізу мәселелері қазіргі кезде ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.
1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда еліміздің 2030 жылға дейінгі
Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің
мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін,
дамуымыздың самғау сызығы қандай болуы керектігін анық білуге, айқын
түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Басым мақсатымызды дұрыс айқындап,
стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-жігер, төзімділік пен мақсаткерлік
таныта білсек, алдымызда тұрған кез келген кедергілерді ойдағыдай
еңсеретінімізге біз кәміл сенеміз.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... . .5
І. Экономикалық өсудің теориялық негізі.
1.1 Экономикалық өсу түсінігі, түрлері мен
факторлары ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Экономикалық өсу теориялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..8
1.3 Қазақстан Республикасының экономикалық даму
стратегиясы ... ... ... ... ..9
ІІ. Қазақстан Республикасында тұрақтандыру саясатын жүргізу мәселелері
2.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .13
2.2 Қазақстан Республикасының даму стратегияларын жүзеге
асырудың құралы ретіндегі Ел басы
жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 Экономикалық тұрақтандыру саясатын жүзеге асыру мен жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

Кіріспе
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына
шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты
түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр.
Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді
экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі,
адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы ең маңызды және
қажетті құбылыс.Сондықтанда менің таңдаған тақырыбым ҚР-дағы экономикалық
өсу өте актуальды болып келеді. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп
мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму,
экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру
Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты
ретінде айқындалған.
Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған
индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.
2003 – 2005 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында
Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру
деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі
нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы
өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде.
2003 – 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7,5 % мөлшерінде орташа
жылдық нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған.
Үкіметтің теңгерімді экономикалық саясаты және реформаларды серпінді
жүргізу 2003 – 2005 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық қарқынын
жылына 9,4 % мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2005 жылы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша
ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4 %-ды құрады.
Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір сүру
деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті
өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол
уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының
күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық
өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б.
жатады.Жоғарыда айтылған мәселелер менің таңдаған курстық жұмысымның
тақырыбы ҚР-дағы экономикалық өсу өте актуальды екенін білдіреді

І. Экономикалық өсудің теориялық негізі
1.1 Экономикалық өсу түсінігі, түрлері мен факторлары
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе
адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының
өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.).
Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына
негіз болады. Жоғарыдагы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты
атап өтуге болады.
- неокейнстік
- неоклассикалық
- тарихи-әлеуметтік.
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі
негізгі алты факторға тәуелді. Олар:
1.Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі
2.Еңбек ресурстарының сапасы мен саны
3.Негізгі капитал қорының көлемі
4.Технология
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп
айтуға болады.
Дәл осылар өңдірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және
технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады.
Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ,олар:
1. Сұраныс факторы
2. Бөлу, тарату факторы
Өңдіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді
дер кезінде сату да маңызды.
Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-
бірімен тығыз байланысты.
Өндіріс көлемінің ауьггқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндірі-леді.
Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс
талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік
жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруга тырысады. Бірақ өнім
көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың
жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту
экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ
мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі
ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және зандылықтарының талдауы
макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.
Экономикада нақты пайданың өсуі "экономикалық өсу" деп түсіндіріледі және
әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады.
Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты
өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандагы көрсеткіштер
қолданылады.
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса
және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті
болады. Интенсивті өсу технологиямен және өңдіріс факторларының жетілген
түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нөтижесінде ұлғайту
емес, олардың қайтымдылығы, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру.
Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті
типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе
экономиканың есуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.
Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен
топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал
интенсивтіге — технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және
маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның
қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық
сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің
дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуін тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады:
экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды
спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты. Экономика өсуінің
негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты,
экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі.
Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін
жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың
зандылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.

1.2 Экономикалық өсу теориялары

Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс
фактор-ларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда
болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік
факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы
сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше,
инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе,
капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза
инвестиция есебінен кебейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы
деп айта алмаймыз, оның бағалылығы — халықтың жағдайын көтеруге негіз
болғанында. Соңдықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну
бағасының динамикасын қарастыру керек.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге
белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.
Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып
қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-тендігінің
шарттарын анықтауға болады.
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады,
бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретіңде
қарастырылады.
Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл
бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың
Кейнстік өсу үлгісіне қатынасы Кейнстік өсу үлгісі және қор жинағы нормасы
тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады,
ол — капитал.
Экономиканың өсуінің тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың
теңестірілуінің шартында пайда болады.
Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың
тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы
қолданылады.
Егер үлгіде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестициясының
өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-тендік тұрақсыз болуы мүмкін.
Е. Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа
мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе
жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.
Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод экономикалық
өсудің арнайы үлгісін құрады.
Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып,
кесіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.
Егерде алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдары ақталып, сұраныс
ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.
Ал егерде экономикадағы сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар
өндіріс көлемін кеңейтеді. Егерде керісінше ұсыныс сұраныстан көп болса,
онда олар өндіріс көлемін азайтады.
Кепілдік пен нақты өсу қарқынының арасындағы сараптама мынадай
қорьпынды жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында
айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік жағдайынан алыстайды.
Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод табиги өсу қарқынын енгізеді. Бұл
ең жоғары өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек пен
капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.
Кейнс үлгілерінің экономикалық өсуіне қарағаңда неоклассикалық өсу
үлгілері көптеген шектеулерден айырылып, макроэкономикалық үрдістердің
ерекшеліктерін дәл сипаттайды. Кейнс үлгісіндегі динамикалық тепе-теңдіктің
тұрақсыздығының себебі, өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра
алмайтындығында екендігін Р. Солоу өзінің үлгісінде көрсетті. Ол үлгіде
Леонтьев функциясының орнына Кобб-Дугластың өндіріс функциясын пайдаланды.
Бұл функцияда өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыратын-дығы белгілі.
Р. Солоу үлгісіндегі алғышарттар төмендегідей:
- капиталдың кемімелі шекті өнімділігі
- масштаб өсерінің тұрақтылығы
- ығысудың (капиталдың тозуы) тұрақты нормасы
- инвестициялық лагтардың болмауы. Факторлардың бірін-бірі алмастыруы
(капиталмен қаруланудың өзгерісі) технологиялық шарттармен ғана
түсіндіріліп қоймайды және өндіріс факторларындағы" таза бәсеке нарығындағы
неоклассикалық алғышарттарға байланысты болады. Экономика жүйесінің тепе-
теңдікте болуы үшін қажетті шарт ол жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігі.
Бұл функция өнімділік пен капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті
көрсетеді. Бұл өндіріс функциясының тангенс бұрышы капиталдың шекті өніміне
сәйкес келеді. Капиталмен қарулану өскен сайын капиталдың шекті өнімділігі
кеміп отырады. Тауар нарығындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал
капиталдың жиналуын өндірілген өнімге деген сұраныс анықтайды. Өнім
көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал көлемі инвестиция
мен капиталдың ығысуы әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал қорын өсіреді,
ал ығысуды — азайтады.
Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс
қарастырылады және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты
табуға мүмкіндік береді. Қарастырылған үлгіде кемшіліктер жоқ емес. Үлгіде
тұрақты тепе-теңдік жағдайын ұзақ мерзім кезеңінде қарастырады, бірақ өмір
деңгейі мен өндіріс динамикасының қысқа мерзім кезеңіндегі жағдайы
экономикалық саясат үшін маңызды. Солоу үлгісінің көптеген экзогенді
айнымалыларын үлгінің ішінде анықтау керек еді, өйткені олар басқа
параметрлермен тығыз байланысты және соңғы нәтижеге әсер етеді.
Үлгіде бірқатар өсудің шектеулері жоқ, мысалы, ресурстық, экологиялық,
әлеуметтік. Үлгіде пайдаланылған Кобб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс
факторларының кейбіреуінің бір-бірімен байланысын бейнелейді, бұл
байланыстар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді. Осы және басқа да
кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.
Неоклассикалық үлгіде өнім көлемі экономиканың тұрақты жағдайында
қарқынымен өседі, ал адам басына шаққандағы өнім қарқынымен өседі, демек
тұрақты өсу қарқыны экзогенді анықталады. Эндогенді өсудің қазіргі заманғы
теориясы үлгінің ішінде тұрақты өсу қарқынын анықтауға ұмтылады.
Эндогенді түрде барлық факторлар мен сандық және сапалық ресурстық,
институционалдық байланыстыруға тырысады.
"Ұсыныс экономикасының" тұжырымын ұстағандардың айтуынша, толық жұмыспен
қамтылу жағдайында өсу қарқынының ұлғаюы нарықтық жүйеге сырттан реттеуді
қысқарту нәтижесінде мүмкін болады.
Экономистер арасында экономиканың өсуін қамтамасыз етудегі мемлекеттің
рөлі жөніндегі көзқарастары әр түрлі.
Айтылған көзқарастың біреуіне сай төменде сипатталатын басты сатылардың
болуы маңызды. Бұл талап көбінесе экономиканың өсуінің қиындығынан пайда
болады, бұған экономикасы артта қалған мемлекеттер кезігеді.

1.3 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы
Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей
елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы
мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары
Корея, Тайвань және Сингапур болса, ал қазір оларға Малайзия, Индонезия
және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз — Қытай жоғары қарқын танытып
отыр. Индия мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді. Бізге достас
Ресей де жуық арада үлы елдің жаңа келбетіне йе болады деп шынайы үміт арта-
мыз және оған сенімдіміз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін
алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең
кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына
шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы
жөнінен және басқа да „көптеген" параметрлері бойынша бізге ұқсас ел,
Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру
деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстарының нәтижесінде
бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.
Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе
алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай
Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі
болады деп сенемін.
Бізде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін Қар Барысы
дүниежүзілік қоғамдастыққа онша таныс емес. Жануарлар әлемінде Жолбарыс
туыстас болғанымен Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар.
Бұл — өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды
білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс
болмақ. Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды әрі тікелей
соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ егер өзінің еркіндігі мен
тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы
барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік
пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада
өмір сүре алмайды. Ол жаңа асулар мен шыңдарды бағындыруда, мақсатына
жетелейтін елеусіз, бірақ сенімді соқпақтарды іздестіруде табанды да
бірбеткей болуға тиіс. Ол қауіп-қатерден қаймық-пауға, тоқшылықтан
босаңсымауға тиіс. Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген
қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның
саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез келген ортадағы
қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге
жетелеп, көрегендік танытады.
Ол өзі ішетін тұнық судың ылайланбауын, ал өз аясында тіршілік ететін
табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады.
Ендеше қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдыңғы қатарлы үздік
деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі мен
төзімділігі де тән болуға тиіс.
Ол өзінің талпыныс-ұмтылыстарында, жеңістері мен сәтсіздіктерінде бір
ананың сүтін төл емген өзінің бауырлары — Өзбек, Қырғыз және басқа да
Орталық Азия барыстарымен ләйім бірлікте болып, олардың өрлеуі мен
жетістіктерін мақтаныш тұтатын болады.
Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз
өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы
тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз
болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске
асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке
ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.
Еш нәрсеге бірден қол жетпейді. Табысты әрі тұрақты дамуға объективті
түрде белгілі бір сатылар тән, оған құлашты бір сермегеннен жетуге
болмайтыны да белгілі. Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз
қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық
және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке
басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.
Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси
тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді.
Ал бұл үшін Президенттің саясатын іске асыруға, ескінің қарсылығын
еңсеруге, әрі күмәнданушыларды соңынан ерте білуге қабілетті кәсіпқой,
зерделі, батыл және отансүйгіш Үкімет қажет.
Бұл жұмыста табысқа жету Қазақстан азаматтарының қолдауына байланысты. Ал
мұндай қолдау адамдар істің оңалуға беталысы мен әділеттілікке көзі жеткен
жағдайда ғана көрсетіледі. Нақ сондықтан адамдардың әл-ауқатының өсуі
біздің күллі күнделікті жұмысымыздың күретамыры болуға, ал сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес батыл жүргізілуге тиіс. Осындай болашақтың іргесін
тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымас үшін, бізге өзіміздің нені
қалайтындығымызды білуге тиіспіз. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында
айтқан кезде, мен, мемлекет басшысы ретінде, біздің еліміздің мұраты:
ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының
экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты
Қазақстанды сомдау деп санаймын.
Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы —
өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар.
Біздің ілгері жылжуымызға қарай бүл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып
қалуға тиіс.
Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің
жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі,
білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі
дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында
жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі,
күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады. Біздің
балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер
және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер,
зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылары бола-
ды. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретш әрі олармен
әлемдік экономи-каны қамтамасыз ететін болады.Көпшілігі халық тұтынатын
жоғары технологиялық тауарларды және әлемдік рынокта өзінің арзан бағасы
мен үздік сапасына орай жоғары сұраныспен пайдаланатын өнімнің көптеген
басқа да түрлерін өндіруші болады.
Біздің жас ұрпақтың кей өкілдері мемлекеттік қызметке тұрады. Олар жоғары
ақы төленетін, жақсы оқытып-үйретілген, Қазақстан мен Қазақстан халқының
мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын мамандар бола отырып,
жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейтін болады.
2030 жылдың азаматтары - мемлекеттің өздерінің құқықтарын
қорғайтынына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады. Бұл ретте
олар қолайсыз жағдаяттар себебімен өмірден өз орнын таба алмай, мемлекетке
әлеуметтік көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да
мемлекеттің қамқорлық жасайтынын білетін болады.
2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға
тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен
бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз бен балаларымыздың
балалары кінәрәтсіз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады.
2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың
қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны
Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан, үш аймақтың —
Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен
мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.
Оны барлық ұлттар үшін тең мүмкіндіктер барына сенімді, бірақ бәрінен
бұрын өздерін Қазақстанның азаматтарымыз деп санайтын көптеген ұлттардың
өкілдері мекендейтін болады.
2030 жылғы Қазақстан әлі де барынша кемелдене алмайды. Ол әлі
әлемдегі ең бай, ең білімді, ең дамыған ел бола қоймайды, бірақ ол күрделі
жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан
ел болады.
Үкіметтің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы осы
Баяндама Қазақстан Республикасы Конституциясының 67-бабының
2-тармағына сәйкес енгізіліп отыр.
Баяндаманың негізгі ережелері Үкіметтің қызметіндегі Мемлекет басшысы
айқындап берген орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтарды толық көлемде
ескереді және 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын және Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын
одан әрі іске асыруға бағытталған.

ІІ. Қазақстан Республикасында тұрақтандыру саясатын жүргізу мәселелері
2.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың
ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы экономикасының өсуі. Республикадағы
болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір деңгейінде білінеді.
Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық
құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-
экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп
соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер,
жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады.
Халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату мемлекеттің әлеуметтік саясатындағыең
басты басымдылықтарыдң бірі болып табылады. Экономикалық ілгері басудың
жоғары қарқындары халықтың өмір сүру деңгейіне оңды әсері етті. Жан басына
шаққандағы ЖІӨ өсімі, сонымен қатар елдегі жұмыссыздықты азайту бойынша
жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында 2005 жыды табысы ең төменгі күнкөріс
деңгейінен төмен халықтың үлесі 9,8 % дейін, және табысы азық – түлік
қоржыныың құнынан төмен халықтың үлесі 1,6% дейін азайды. Күнкөріс төмен
табысы бар халық үлесінің қысқаруымен кедейлік те төмендеуде. 2000 жылдан
бастап кедейліктің осы индикаторының тұрақты төмендеуі, күнкөріс шамасының
деңгейінен табысы төмен үй шаруашылықтары мүшелерінің саны үнемі азаюынан,
кедейлердің табыстары көбейіп, кедей үй шаруашылықтарынң табыстарындағы
айырмашылықтар деңгейлесуін куәландырады.

Кесте 1. Халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері


Жан басына есептегендегі ЖІӨ
ЖІӨ нақты АҚШ АҚШ Жұмысс
Жыл өзгеруі Мың теңге доллардолларыыздық
өткен ы СҚП деңгей
жылғы % Ұлттықбойыншаі %
банкті
ң
ресми
бағамы
бойынш
а
Орат айлық атаулы жалақы, 17303 20323 23128 28329 34066
теңге
Жалақының ең төменгі 3484 4181 5000 6600 8100
мөлшері, теңге
Жан басына шаққандағы орта
есеппен күнкөріс шамасының 4596 4761 5128 5427 6014
ең төмен деңгейі, теңге
Еңбекке жарамды жастағы
адамның ең төменгі күнкөріс4960 5145 5552 5865 6504
деңгейі, теңге
Атаулы жалақының сатып алу
қабілеттілігі (еңбекке
жарамжы жастағы адамның
күнкөріс шамасының ең 3,5 4,0 4,2 4,8 5,2
төменгі деңгейімен ара -
қатынасы)
Ең төменгі мөлшердегі
жалақының сатып алу
қабілеті (ең төменгі
мөлшердегі жалақының және
еңбекке жарамды жастағы 70,2 81,3 90,1 112,5 124,5
адамның күнкөріс шамасының
ара – қатынасы %)
Бір зейнеткерге
тағайындалған айлық 4773 5655 8060 8451 11877
зейнетақының орташа
мөлшері, теңге
Зейнетақының ең төменгі
мөлшері, теңге 4000 4336 5500 5800 6200
Зейнеткердің күнкөріс
шамасының ең төменгі 3851 4086 4370 4683 5128
деңгейі, теңге
Орташа зейнетақы мөлшерінің
сатып алу қабілеттілігі
(орташа зейнетақы мөлшері
мен зейнеткердің күнкөріс
шамасының ең төменгі 123,9 138,4 184,4 180,5 231,6
дейгейінің ара – қатынасы
%)
Ең төменгі мөлшердегі
зейнетақының сатып алу
қабілеттілігі (ең төменгі
мөлшердегі зейнетақы мен
зейнеткердің күнкөріс 103,9 106,31 125,9 123,9 120,9
шамасының ең төменгі
дейгейінің ара – қатынасы
%)

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақының сатып алу қабілетін
қарастырған кезде, оның 2001 жылмен салыстырғанда 2005 жылы барлық бағыттар
бойынша көтерілген атап өту керек. Жалақының сатып алу қабілетінің
өскендігі, әсіресе әртүрлі қызметтердің ұсыну саласында, қонақ үй және
мейрамхана бизнесінде, денсаулық сақтау саласында байқалған.
Халықтың табыстары елдің экономикалық дамуының және адамдардың әл –
аухаты өсуінің анағұрлым жалпы көрсеткіші болып табылады. Табыстардың
нақты толықтырылуының өсімі бағалар өсуіне тәуелді. Халықтың ақшалай
табыстары мен тұтыну бағаларының теңгерімді өсімі, халықтың әл – аухаты
көтерілуінің кепілі болып табылады. 2005 жылы халық табыстары Қазақстанның
барлық өңірлеріндегі күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейінен асты, ал
Астана және Алматықалаларында – 2-3 есеге артты.
Тұтынуға жұмсалған табыстардың сатып алу қабілеті (күнкөріс шамасының
ең төменгі деңгейімен ара - қатынасы) табыстардың материалдық
толықтырылуының нақты өсімінің толық көлемде көрсетеді.
Елдегі күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейі 2001 жылы айына 4596
теңгеден 2005 жылы айына 6014 теңгеге дейін (30,9% - ға) өскеніне
қарамастан, орташа жан басына шаққандағы табыстардың сатып алу
қабілеттілігі 2001 жылғы 124,7% - дан 2005 жылы 162,1% дейін көтерілді.
Демек, ол Астана қаласында (323,3%) және Алматы қаласында (203,0%)
анағұрлым жоғары болды.
Табыстар мен олардың сатып алу қабілеттілігінің өсуімен, республикадағы
кедейлік сақталуда. өңірлердегі өмір сүру жағдайлары, табиғи климаттық
жағдайларға, демографиялық факторларға және өндірістің орналасуына қарай әр
түрлі.
Қазақстан аумағында кедейліктің бөлінуі де бір қалыпты емес. Табыстары
күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейіндегі халықтың анағұрлым көп үлесі бар
обылыстар Атырау және Қызылорда обылыстары жатады (тиісінше, 25,0% және
16,3%). Алматы қаласында табыстары күнкөріс шамасының ең төменгі
деңгейдегі халықтың үлесі 2005 жылы не бары 0,3% астана қаласында – 1,1%
құрады. Қазақстанның қалған өңірлерінде табысты төмен халықтың үлес салмағы
4,7%- дан 13,6% шамасында болады.
Кедейлер саны индексінің серпіні, қалалық және ауылдық жерлерде оның
тұрақты түрде төмендегенін айқындады. Қаладағы кедей халықтың үлесі 2001
жылғы 20,0% - дан 2005 жылы 5,3% - ға дейін, ауылда 38,5% - дан 15,3% - ға
дейін төмендеді. Бірақ бұрынғыдай кедейлік ауылдық жерде анағұрлым көп
дәрежедентаралған, бұл ең алдымен, қала мен ауыл халықтарының табысы
деңгейлеріндегі айырмашылықтың салдары болып табылады.

Кесте 3. Өңірлер бойынша кедейліктің көрсеткіштері
пайызбен
Тұтынуға жұмсалған табыстың, азық
– түлік
қоржынның құнынан төмен халықтың
үлесі

барлығы қала
ауыл

2001 2005
интервалмен интервалмен интервалмен интервалмен
жан басына халық жан басына халық
шаққандағы табысының шаққандағы табысының
табыстың үлесі, % табыстың үлесі, %
орташа орташа
мөлшері, теңге мөлшері, теңге
квинтильдің топтар бойынша
Бірінші топ
(ең аз табысы 2102 7,25 4164 8,45
бар)
Екінші топ 3378 11,64 6139 12,45
Үшінші топ 4713 16,25 8288 16,81
Төртінші топ 6666 22,98 11244 22,81
Бесінші топ
(ең көп табысы12151 41,88 19462 39,48
бар)
дицильді топтар бойынша
Бірінші топ
(ең аз табысы 1713 2,95 3552 3,60
бар)
Екінші топ 2490 4,298 4777 4,85
Үшінші топ 3081 5,31 5688 5,77
Төртінші топ 3674 6,33 6592 6,68
Бесінші топ 4334 7,47 7677 7,79
Алтыншы топ 5093 8,78 8901 9,02
Жетінші топ 6034 10,40 10301 10,45
Сегізінші топ 72398 12,58 12190 12,36
Тоғызыншы топ 9153 15,77 14927 15,14
Оныншы топ (ең
көп табысы 15147 26,12 24007 24,34
бар)

2002 жылдан бастап үй шаруашылықтарына жасалғанбақылау, бір жыл ішінде
олардың әл – аухатының деңгейі тұрақты болмағанын, себебі бір қатар дәйекті
факторлар нақты бір кезең ішінде отбасы табыстарының мөлшеріне әсер ете
алмаған көрсетті. Атап өтетін жайт, республикада мерзімдік кедейлік басым,
яғни ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз етпейтін табыстар жанұяда
тұрақты түрде емес, бір екі, кейде үш тоқсан ішінде болады. Бүкіл жыл бойы
кедейлікте отырған үй шаруышылықтарның үлесі үлкен емес, ол 2002 жылғы 6,4
% - дан 2005 жылы 2,2 % - ға дейін азайды.

Кесте 5
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 – 2008
жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы*
  2005 жыл болжам
  бағалау  
2006 2007 2008
жыл жыл жыл
ЖІӨ, млрд. теңге 7300 8676 9881 11272
ЖІӨ-нің нақты өзгеруі өткен 109,4 108,3 108,3 108,9
жылға %-бен
ЖІӨ дефляторы, % 113,7 109,8 105,1 104,8
ЖІӨ, ресми бағам бойынша млрд. 54,9 65,3 74,4 84,8
АҚШ долл.
ЖІӨ, сатып алу қабілетінің 157,5 173,0 192,1 214,5
шамасы (СҚШ) бойынша млрд. АҚШ
долл.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ, 3620 4263 4814 5450
ресми бағам бойынша млрд. АҚШ
долл.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ, СҚШ 10385 11294 12436 13789
бойынша АҚШ долл.
Тұтыну бағаларының индексі,      
бір жылға орта есеппен %-бен 7,6 5,7-7,35-7 5-7
**
Тауарлар экспорты, млн. АҚШ 28249,0 28761,328616,229562,1
долл. (ФОБ)
Тауарлар импорты, млн. АҚШ 17882,5 20360,522147,924096,3
долл. (ФОБ)
Сауда теңгерімі, млн. АҚШ долл.10366,6 8400,8 6468,3 5465,8
Негізгі капиталға инвестициялар        
өткен жылға %-бен 122,1 115,0 115,0 114,0
Ауыл шаруашылығының жалпы        
өнімінің көлемі
өткен жылға %-бен 106,7 102,0 102,2 103,0
Өнеркәсіптік өнім көлемі        
өткен жылға %-бен 104,6 104 104,2 106,7
Құрылыс        
өткен жылға %-бен 134,1 115,0 112,0 110,0
Көлік қызметтері        
өткен жылға %-бен 104,8 106,6 107,0 108,0
Байланыс        
өткен жылға %-бен 127,7 122 122 120
Сауда        
өткен жылға %-бен 109,5 109,5 109,7 110,0
Еңбек өнімділігінің 6,6 6,3 6,6
өзгерісі, өткен жылға %-бен

Кеңес жүйесінде кедейшіліктің ресми түрі болған жоқ, бірақ жағдайы нашар
отбасылардың болғаны белгілі. Халыққа әлеуметтік ақша төлемдерін төлеу
жұмыссыздардың қажеттілігін қанағаттандырды. Кеңес жүйесінде кедейшіліктің
ресми түрі болған жоқ, бірақ жағдайы нашар отбасылардың болғаны белгілі.
Халыққа әлеуметтік ақша төлемдерін төлеу жұмыссыздардың қажеттілігін
қанағаттандырды.
Жалпы, КСРО бойынша 1975 жылы жұмысшылардың табысы 16% болды, ал
колхозшылар арасында — 39%, 1985 жылы - 16, 3% пен 27,6% болды. Халықтың
жалпы санының 16-25%-ы әр түрлі бағалаулар бойынша кедейлер тобына жатты.
Реформаға дейінгі жылдары кедейлерге демографиялық белгілері бойынша
адамдардың өте аз тобы ғана жатты. Төменгі квалификация едәуір рөл ойнады,
бірақ ол да тұрақты табысты бола алмады. Адамдардың әр түрлі жерлерде
тұруы, аймақтық экономикалық дамуы теңсіздікке әкеліп соқтырады. Кедейлік
көптүрлі жағдаймен түсіндіріледі, адамзат әлуеті дамуының көзқарасынан
қарағанда мүмкіндік пен тандаудың жоқтығын көрсетеді. Кедейліктің
анықтамасы жоқ, ал оның өлшемі концептуалды сипаттың қиыңдықтарымен, толық
мәліметтердің болмауымен және субъективті бағалаумен байланысты. Кедейлік
көрсеткішін құру үшін республикада "табалдырық" ретінде өмір сүру
минимумының көлемі пайдаланылады.
Өтпелі экономикалы мемлекеттерде жалақы мен әлеуметтік трансферттен
басқа да отбасыларда табыс көздері бар деп есептеледі. Сондықтан кедейшілік
деңгейін білу үшін баға тұтыну индексі арқылы есептеледі.
Кедейлік деңгейі терең деп жағдайы нашар топтардың тұтынуы күнкөріс
минимумынан төмен болғанда айтылады. Қазақстанда тапшылықтың орташа тұтыну
көлемі күн көру минимумынан үштен бір есе төмен, Ресейде ол 42,6%-ды
құрады, Украинада 32,5%, Әзірбайжанда 51,8% және т.б. Кедейліктің тереңдігі
Шығыс Еуропаға қарағанда көбірек болып келеді, Еуропада ол 10% бен 15%
ара сында ауытқиды. Барлық әлемдегідей, республикада да жұмыссыздық
кедейлікпен үйлеседі.
Ауылдық жерде қалалық жерге қарағанда кедейліктің жоғары жене терең
екендігін атап өту керек: қаладағы тұрмысы нашар тұрғындар кедейлік сызығы-
нан 30% кем тұтынады, 1999 жылы олар ауыл тұрғындарының 49,6%-ын құрады.
1993 ж. қарашасынан бері дербес макроэкономикалық саясат ұстанғаны-мызға
12 жылдан асса, нарықтық қатынастарға өтуге кіріскенімізге 14 жыл толды.
Терең дағдарыстан есімізді жинай бастауымыз алтыншы жылды алқымдап қалды.
Базалық нарықтық институттар қалыптасып, соған сәйкес зандар қабылданды.
Инфляцияның қатерлі деңгейі ауыздықталып, банк секторы аяғынан нық тұрды,
үлттық валютаның курсын реттеу құралдары меңгеріліп, қаржылық
тұрактандыруға қол жеткізідді. Экономиканы алға сүйрелеуші локомотив
ретінде минералдық ресурстар өндірісі мен экспорты басымды түрде дамыды.
Дүниежүзілік шикізат нарығында Қазақстан үшін оңтайлы бағалар конъюктурасы
қалыптасып, соның арқасында елдің төлем балансының он сальдосы мүмкін
болды. Ақша-несие саясатымен қатар бюджет-салық саясаты да уақтылы
реформаланып, ұлттық капитал қордаланды. Макроэкономикалық тұрақтандырудың
қысқа мерзімдік салыстырмалы формасы орнықты. Өндірістік-құрылымдық
реформалардың аяқталмағандығынан сапалы экономикалық өсуіміздің шарты
ретіндегі шынайы макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткіздік деп айту
әзірге ерте. Бұл мақаланың мақсаты — қазіргі экономикамыздың шынайы
келбетін, бірқатар бекем және осал тұстарын көрсету.
Республика экономикасының шикізаттық бағдарлануынан туындайтын
голландиялық синдромы белгілерінің асқынуы еліміздің алдына жаңа міндеттер
қойғаны белгілі. "Голландиялық синдром" концепциясы экономикалық әдебиетте
елдің табиғи ресурстарды игеруі, өндіруі және экспорттауы арқасында шынайы
айырбас курсының артуы салдарынан әуелде сыртқы бәсекелестік эрозиясының
орын алуын, соңында елдің өндірістік базасының әлсіреуін сипаттауда
пайдаланылатындығын ескерте кетейік. Бұл синдромды женіллететін қауіпсіздік
тұрғысынан экономиканың оңтайлы құрылымын қалыптастыру үшін оны
диверсикациялау қажеттілігі. Осы тұрғыда және Дүниежүзілік Сауда Ұйымына
мүше болудың қарсаңында сыртқы сауданы ырықтандыру (ли-берализациялау)
жүргізілуі тиіс. Басты реттеу құралдарының бірі — валютаның айырбас курсы.
Әлеуметтік бағдарланған экономиканы құру үшін мүмкіндігінше өркениетті
нарыктық қатынастар қалыптастырылуы керек. Соңғысының орын алуы үшін
дүниежүзілік еңбек бөлінісінде бәсекелесгікке қабілетті экономикасы бар
мемлекет атануымыз қажет. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін индустриалдық-
инновациялық стратегияға сай сервистік-технологиялық келешегі жоғары
салаларды дамыту көзделгені белгілі . Өндірістік кластерлер жасау, мүнай
химияны дамыту, инвестициялық құрылымдарды өндеуші салаларға бағыттау, жаңа
технологияларды тарту сияқты шаралар қолға енді алына бастады. Кластерлер
деп аталатын технологиялык өзара тығыз байланысты және бәсекелестік
кдбілетті өнеркәсіп топтарын құрмай отандық экономикамыздың әлемдік нарықта
келешегі жоқ екендігі 1996—1997 жж. бері айтылып келді.
Бүгінгі уақытта перспективті жеті кластер анықталған. Олар: туризм,
тамақ өнеркәсібі, мұнайгаз саласындағы машина жасау, мақта-мата өнеркә-
сібі, көліктік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия, құрылыс матер-
иалдары. Жалпы ішкі өнімнің (ЖЮ) өсуі, инфляция қарқынының төмендеуі, ресми
жұмыссыздықтын азаюы сынды макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша елеулі
жетістіктерғе жеттік. 1999 ж. бері олар тек оң сипатқа ие. 1999—2005 жж.
аралығында ЖШ өсуінің орташа жылдық қарқыны 9—10 пайызды құрайды.
Инфляцияның жылдық деңгейі 1999 жылғы 13,2 пайыздан 2005 ж. 7 пайызға дейін
төмендеген. Ресми жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді тұрғындар
санына шаққанда, сәйкесінше 14 пайыздан 8,6 пайызға түскен. 2004 жылы
өндіруші саладағы өсу 12,7 пайызды, өқдеуші салада 8,9 пайызды құрады. 2005
жылдың көрсеткіштері де позитивті болатыны анық. ЖІӨ-нің физикалық көлемі
дағдарысқа дейінгі деңгейге жеткізілді Теңгенің бекіне бастауы әлпетінде,
қаншама ларадоксальды көрінгенімен, экономиканың тиімділігі кемуде деген
пікір де орынды Өңдеуші өнеркәсіп саласының өзіндік құны артып, сәйкесінше,
рентабельділігі төмендеуде. Мәселен, 2004 ж. дайын өнімді өткізудің өзіндік
құны алынған кірістің 79 пайызын құрады.
Сонымен қатар өндіру саласында да материалдық және еңбек
ресурстарын тиімді пайдалану төмендеген. Бұл доллардың теңгеге шаққандағы
курсының төмендеуінің арқасында өздерінің түсімін доллармен есептейтін
компаниялардың ұтылуында деп білу қажет. Осы саладағы өзіндік құн деңге-йі
2003 жылғы 44 пайыздан 2004 жылы 65 пайызға дейін көтерілген. Сондықтан
доллардың девальвацияға ұшырауы кезінде экспорттаушылар-дың мүддесін
қанағаттандыру мақсатында Ұлттық банк қосымша теңге эмиссиясын жасауға
немесе "артық валютаны" сатып алуға мәжбүр. Мұнай бағасының дүниежүзілік
нарықта айрықша шарықтап кетуінің (ағымдағы жылдың ақпан айының басында 1
баррель мұнайдың бағасы 65 долларға жетті) оң жағы — республиканың сыртқы
айналысының көлемін ұлғайтудың, нәтижесінде сауда сальдосының артуынан
көрінсе, теріс жағы — сол мол валюталық түсім қайтадан қымбат бірақ
моральдық жағынан дамыған елдер үшін ескірген, біз үшін жаңа инвестициялық
тауарларды (машина, құрал-жабдық) импорттауға бағыгталуында, мәселен, алыс
шетелдерден ондай тауарлардың импорты 2004 жылы 56 пайыздан асқан. Сөйтіп
экспорт импоргты қаржыландырады. Бұл мәселенің өзектілігі республика
экспорты-ның жалпы көлеміндегі алыс шетелдердің үлесі жылдан-жылға аргу
фактісі-мен күшейеді, өйткені соның салдарынан өзара теңдестік тұрғысынан
біздің республика үшін әзірге тиімсіз айырбас жүргізілуде. Экспорттан
түсетін кіріс импорттан келетін кірістен орташа алғанда 1,5-2 есе жоғары
екендігін ескерген жөн. Экономикалық өсуіміздің сапалық әлсіз астарының
бірі осында жатыр. Мұнай өндіру саласындағы кәсіпорындардың басым көпшілігі
шетелдік капитал еншісінде екендігін ұмытпаған абзал. Мәселен, 2004 жылы
59,2 млн. т мұнай мен газ өндірілді, соның тек 8,9 млн. т немесе 14 пайызы
ғана ұлттық "Казмұнайгаз" компаниясына тиесілі болды. Басқаша айтқанда,
экспорттық түсімнің қайтарылмай қалу қаупінін алғышарттары зор.
Бағалы немесе құнды қағаздар нарығы дамуының жоқтығы — респуб-лика
шаруашылығының түрлі саласындағы кәсіпорындарының ілгерілеу мүмкіндігін
тежейді. Қомақты инвестициялық қаражатты жинаудың осы тиімді тәсілін
пайдалану және олардың дұрыс бөлінуін қадағалау қаржы жетіспей жатқан
шикізаттық емес салалардың жандануына игі әсер етіп, ұлттық байлықтың
елеулі өсуіне әкелер еді. Қазақстан экономикасының тағы бір осал тұсы —
ішкі инвестициялардың көзі болып табылатын жиынтық жинақтау нормасының әлі
де болса төмендігінде. Кейбір деректерге қарағанда, оның мөлшері 2004 ж. 8
пайыздан аспады, ал экономикамыз үшін 25 пайызға жеткені қажет. Сондықтан
қордаланған ұлттық капитал көлемі келешегі үлкен ірі коммерииялық жобаларды
игеруге шамасы жетпейді. Инвестациялық "гэп" ұғымының мәні осында.
Қысқа мерзімдік уақытта валюталық дағдарысгың болу қаупі болмағанмен,
ұзақ мерзімдік перспективада жоқ емес. Капиталдың еркін қозғалысы мен толық
конверттелінген валюта тәртібіне өту мақсатында 2005—2007 жж. аралығында
валюталық тәртіпті толық ырықтандыру көзделгені мәлім. Сөйтіп, лицензиялау
операцияларының қазіргі түрлерінің басым көпшілігі 2007 ж. кейін алынып
тасталынады. Дегенмен, ұлтгық қауіпсіздік тұрғысынан кейбір маңызды
операцияларды қадағалау сақталады деп сенеміз. Біздің пікірімізше,
2006—2008 жж. Қазақстан, "голландиялық ауруға" шалдыққандығынан, өддеуші
өнеркәсібінің сапалық және бағалық бәсекелестік қабілеті мейлінше төмен
және валюталық дағдарыс қаупі жоғары экономикасымен сипатталатын елге
айналуы мүмкін. Өндірістік-құрылымдық реформалардың жоқтығынан, егер болса,
тым баяу-лығынан, валюталық тәртіпті ырықтандыру-ды жүзеге асыруы
жағдайында республика экономикасы валюталық дағдарысқа ұшырауы ғажап емес.
Өңдеуші өнеркәсіп рөлін күшейтуге бағытталған Индустриалды-инновациялық
стратегия бойынша өндірістің интегралданған жүйесін құру тек 2010 ж.
белгіленгендіктен мұндай жағымсыз құбылыстың орын алу мүмкіндігі артады.
Валюталық ырықтандыруды тым ерте іске қосқан жағдайда экономиканың
салыстырмалы тұрақтығы мен теңгенің бекемдігі орта мерзімдік кезеңде бұзылу
қаупі бар.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы секторында
орын алған мәселелер экономиканың нақты секторының әлсіздігі мен
тиімсіздігінен туындайды. Экономикалық дамуымызға кедергі жасайтын келесі
қатерлерді атауға болады:
- шикізат экспортына тәуелділіктен туындайтын сыртқы тітіркендіргіштерден
(факторлардан) тәуелділік;
- сыртқы қарыздың артуы: мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикасының орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық
Ақша-несие саясаты туралы
Дағдарыс және оған қарсы басқару
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Ұлттық банктің басқару құрылымы және нормативтік құқықтық қызметі
Жекешелендіру
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Пәндер