Адамдардың темпераментін анықтау



Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1.1. Темперамент туралы алғашқы ой.пікірлер.
1.2. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.
1.3. Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі.


II. Қорытынды.


III. Пайдаланылған әдебиеттер.
Темперамент — жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент — организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң козғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
I. Негізгі бөлім
0.1. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер.
0.2. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.
0.3. Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі.

I. Қорытынды.

II. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Темперамент -- жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент -- организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң козғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д, 460 -- 356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын -- қан, салқындататын -- шырын (слизь), құрғататын -- бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше "красис" деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сүйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорцисы артық болса, ол сангвиликалық (латынша "сангиус"-қан), ал шырын басым болса (грекше "флегма" -- шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара от басым болса меланхолик (грекше "мелай-нехоле" -- қара-өт), организмде сары от басым болса, холерик (грекше холе -- от) темпераменті деп аталған.
Гиппократ - организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың рөлін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл -- адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (129 -- 199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғүрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бүл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның төнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау -- сол кезде кең жайылған. жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темперамент организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда. қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724 -- 1804) өзінің "Антропология" деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез үғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алады. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антрополога Зеланд Н. Л. (1833-1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозгалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп тусіндірген академик И.П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады.
Жүйке процестерінің күшіне - ми қабытының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың, төзімділігі жатады. Жуйке процестерінің тепе-теңдігі деп қозумен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады.

Жүйке жүйесінің типтері

күшті

әлсіз тип

күшті қозуы тежелуінен басым (ұстамсыз тип)

күшті қозуы мен тежелуі тең (ширақ тип)

күшті қозуы мен тежелуі тең (баяу тип)

Сөйтіп, И. П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі - ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип -- жұмыс істеу қабілеті күшті қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип, Күшті типтердің екіншісі -- ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі -- қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мүндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт "сынып" кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді -- ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді -- ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтсрді -- жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас,көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар, қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байкалған. И. П. Павлов жануарлардың жүйке жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам темперамснттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: "Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидиумның барлық әрекетіне белгілі оң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Темперамент-тердің түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша)
Жүйке жүйесінің типтері (Павлов терминологиясы бойынша)
Жүйке процестерінің
(қозу, тежелу қасиеттері)

күші
тепе-теңдігі
қозғал-ғыштығы
Холерик
Ұстамсыз тип
күшті
Тең емес (қозуы тежелуінен басым)

Сангивиник
Ширақ тип
Күшті
Тепе-тең
Қозғалғыш
Флегматик
Баяу тип
Күшті
Тепе-тең
Баяу қозғалаы
Меланхолик
Әлсіз тип
Әлсіз

Соңгы жылдары көрнекті орыс психологы Б. М. Тепловтың (1896-1965) лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан ары зерттеле түсті. Егер И. П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б.М.Теплов пен оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И. П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бірі В. Д. Небылицин (1930 -- 1972) осындай зерттеулердің бірінде жүйке жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше варианттарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы күшті екендігі, осыған орай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі анықталады.

1.2. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.
И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе, үйытқымалы, қимыл-козғалысқа шапшаң келеді. Олар -- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын, бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар -- холерик темпераментінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.
Темпераменттер
Жақсы жақтары
Жаман жақтары
Холерик
Сангивиник
Флегматик
Меланхолик
шапшаң, белсенді пысық, оңтайлы ұстамды, сабырлы сезімтал
ұстамсыз, күйгелек
тұрақсыз
баяу, сылбыр
тұйық

Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап кейін тастап жүре береді. Ол жұмыска қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көніл, қызу істің адамы. Оның осал жері -- іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайттар.
Флегматик темераментіндегі адам, көбінесе, салмакты, сабырлы келеді. Олар кез-келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болалы. Осы темпераменттің бір осал жері - қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салкынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.
Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ. Бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйыктық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық -- осы темпераменттің ең бір нашар жағы. Орыстың классик жазушылары өз шығармаларында түрлі темпераментің өкілдерін тамаша көрсеткен. Мәселен, Л. Толстойдың "Соғыс және бейбітшілік" романындағы қарт князь Волконский - холерик темпераментінің, "Анна Каренинадағы Степан Облонский-сангвиник темпераментінің, Н. В. Гогольдің "Өлі жандардағы" Собакеевич-флегматик темпераментінің, мұндағы Тентетников -- меланхолик темпераментінің нағыз айқын өкілдері болып табылады.
Қызметтің түрлі салаларындағы асқан талантты адамдардың арасынан датүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бaстaуыш сынып oқушылaрының тeмпeрaмeнтін aнықтaу тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларының темпераментін анықтау жолдары
Эмоциясы күшті темпераменттер
ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
Темперамент түсінігі
Темпераменттің шығу тегі, дамуы және қалыптасуы
Темперамент түрлері және олардың ерекшеліктері
Темперамент туралы ұғым, мағлұматтар
Кәсіби бағдарлаудың қалыптасу тарихы
Кречмер бойынша дене типтерінің құрылысы
Пәндер