Жұмысшы уақытының және жабдықты пайдалану уақытының шығындарын сыныптау



1. Жұмысшылардың жұмыс уақытын сыныптау
2. Жабдықты пайдалану уақытын сыныптау
3. Еңбек шығындарының нормативті шамасына әсер ететін факторлар
Орындаушының жұмыс уақыты шығындарының нормалары мен нормативтерін белгілеген кезде жұмыс уақытының нақты шығындарын зерттеу, бақылау нәтижелерін салыстыру және талдау, еңбек процессінің жекелеген элементтерін орындау ұзақтығын айқындау үшін уақыт шығындары нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді.
Нормаланатын уақыт шығындары өндірістік тапсырманы орындау бойынша жұмыс уақыты және регламенттелген үзілістер уақыты болып бөлінеді.
Өндірістік тапсырманы орындау бойынша жұмыс уақыты дайындау-қорыту уақытынан, жедел уақытта және жұмыс орнына қызмет көрсету уақытынан тұрады.
Дайындау-қорыту уақыты деп тапсырылған жұмыс пен әрекетті орындауға дайындау үшін жұмсалатын оның аяқталуына байланысты уақытты айтамыз: құралдарды, аспаптарды, технологиялық және жоспарлы-есептік құжаттаманы алу; жұмыспен, чертежбен танысу; жұмысты орындау тәртібі туралы нұсқама; құралдар мен аспаптарды орнату және алу; жабдықты жұмыстың қажетті технологиялық режиміне баптау; дайын өнімді, құралды, аспапты, технологиялық құжаттамалар мен материалдың қалдықтарын тапсыру. Дайындау-қорыту уақыты бір рет еңбек нысанының толық бір партиясына жұмсалады және осы тапсырма бойынша орындалатын жұмыс көлеміне байланысты болады.
Жедел уақыт деп еңбек нысаны формасының, өлшемдері мен қасиеттерінің өзгеруіне, сондай-ақ осы өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажетті қосымша әрекеттерді орындауға жұмсалатын уақытты айтамыз. Жедел уақыт шығындары өнімнің әрбір бірлігімен немесе жұмыстардың белгілі бір ауқымымен қайталанады. Ол негізгі және қосымша деп бөлінеді.
Негізгі (технологиялық) уақыт еңбек нысанының мақсатты өзгеруіне (оның өлшемдерінің, формасының, құрамының, қасиеттерінің, жағдайы мен орналасуының өзгеруіне) жұмсалады.
Қосымша уақыт – барысында шикізатты, дайындамаларды толтыру, дайын өнімді алу, жабдықты басқару, оның жұмысы режимінің өзгеруі, технологиялық процесс барысы мен өнім сапасын бақылау жүргізілетін уақыт.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 4. Жұмысшы уақытының және жабдықты пайдалану уақытының шығындарын сыныптау
1. Жұмысшылардың жұмыс уақытын сыныптау
2. Жабдықты пайдалану уақытын сыныптау
3. Еңбек шығындарының нормативті шамасына әсер ететін факторлар

1. Жұмысшылардың жұмыс уақытын сыныптау

Орындаушының жұмыс уақыты шығындарының нормалары мен нормативтерін белгілеген кезде жұмыс уақытының нақты шығындарын зерттеу, бақылау нәтижелерін салыстыру және талдау, еңбек процессінің жекелеген элементтерін орындау ұзақтығын айқындау үшін уақыт шығындары нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді.
Нормаланатын уақыт шығындары өндірістік тапсырманы орындау бойынша жұмыс уақыты және регламенттелген үзілістер уақыты болып бөлінеді.
Өндірістік тапсырманы орындау бойынша жұмыс уақыты дайындау-қорыту уақытынан, жедел уақытта және жұмыс орнына қызмет көрсету уақытынан тұрады.
Дайындау-қорыту уақыты деп тапсырылған жұмыс пен әрекетті орындауға дайындау үшін жұмсалатын оның аяқталуына байланысты уақытты айтамыз: құралдарды, аспаптарды, технологиялық және жоспарлы-есептік құжаттаманы алу; жұмыспен, чертежбен танысу; жұмысты орындау тәртібі туралы нұсқама; құралдар мен аспаптарды орнату және алу; жабдықты жұмыстың қажетті технологиялық режиміне баптау; дайын өнімді, құралды, аспапты, технологиялық құжаттамалар мен материалдың қалдықтарын тапсыру. Дайындау-қорыту уақыты бір рет еңбек нысанының толық бір партиясына жұмсалады және осы тапсырма бойынша орындалатын жұмыс көлеміне байланысты болады.
Жедел уақыт деп еңбек нысаны формасының, өлшемдері мен қасиеттерінің өзгеруіне, сондай-ақ осы өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажетті қосымша әрекеттерді орындауға жұмсалатын уақытты айтамыз. Жедел уақыт шығындары өнімнің әрбір бірлігімен немесе жұмыстардың белгілі бір ауқымымен қайталанады. Ол негізгі және қосымша деп бөлінеді.
Негізгі (технологиялық) уақыт еңбек нысанының мақсатты өзгеруіне (оның өлшемдерінің, формасының, құрамының, қасиеттерінің, жағдайы мен орналасуының өзгеруіне) жұмсалады.
Қосымша уақыт - барысында шикізатты, дайындамаларды толтыру, дайын өнімді алу, жабдықты басқару, оның жұмысы режимінің өзгеруі, технологиялық процесс барысы мен өнім сапасын бақылау жүргізілетін уақыт.
Жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты - жұмысшының өзінің жұмыс орнын күтуіне және оны жұмыс жағдайында сақтауға жұмсайтын уақыты. Ол ұйымдық және техникалық қызмет көрсету болып бөлінеді.
Жұмыс орнына техникалық қызмет көрсету уақыты нақты бір жұмысты орындаған кезде жабдықты күтуге (тозған құралды ауыстыру, жабдықты ретке келтіру, жұмыс орнындағы қоқыстарды жинау және т.б. ) жұмсалатын уақыт.
Ұйымдық қызмет көрсету уақыты ауысым барысында жұмысты орындауға байланысты жұмыс орнын күтуге жұмсалады. Бұл санатқа ауысымның басында құралды іске қосу және соңында жинауға, жабдықты тазалау және майлауға жұмсалатын шығындар кіреді.
Жұмысшының тапсырылған жұмысты (операцияны) орындауға қатысуы сипатына байланысты жедел уақыттың құрамында:
жұмысшының машина мен механизмдерді пайдаланбай орындайтын қол жұмысына;
механикаландырылған қол құралдарын пайдалана отырып, орындайтын қолмен механикаландырылатын жұмысқа;
жұмысшы орындау механизмдерінің көмегімен орындайтын машина және қол жұмысына;
жабдық жұмысын белсенді бағалауға, оның барысында өнімнің тиісті сапасы мен жабдық жұмысының дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жұмысшы машинаның жұмысын, технологиялық процестің барысын, жабдық жұмысы режимінде белгіленген өлшемдердің сақталуын және т.б. белсенді түрде бақылауы қажет. Осы уақыттың барысында жұмысшы дене жұмысын орындамайды, алайда оның назары жабдықтың жұмыс істеп тұрған механизмінде, өңделетін затта, аспаптың көрсеткішінде болады, бұл оның жұмыс орнында болуға және үздіксіз бақылауға міндеттейді;

пассивті бақылауға (операциялық күту ішінде), яғни машина жұмыс істеп тұрған кезеңде жұмысшының жабдық жұмысын немесе технологиялық процесс барысын үнемі бақылауы қажет емес, алайда басқа жұмыс болмағандықтан, ол бақылауды жүзеге асырады;
жұмысшының жабдықтың бірнеше бірлігіне қызмет еткен кезде жұмыс аймағында станоктардың, машиналардың, агрегаттардың арасында қозғалуына (өтуіне) уақыт бөлінеді.
Машиналық операциялардағы қолмен орындау уақыты машиналық уақытпен орны толтырылатын немесе орны толтырылмайтын болып бөлінеді. Уақыт нормасының құрамына тек қана машиналық уақытпен орны толтырылмайтын қолмен орындау уақыты кіреді, ал орны толтырылатын қолмен орындау уақыты жұмысшының жұмысбастылығы мен жүктемесін айқындау кезінде ғана есепке алынады.
Регламенттелген үзілістер мынадай үзілістерді қамтиды:
жұмысшыларға жұмыс ауысымы ішінде қалыпты жұмыс істеу қабілетін демеу және шаршаудың алдын алу мақсатында демалу үшін, өндірістік гимнастика жасау үшін берілетін демалыс;
жұмысшының жеке гигиена және табиғи қажеттіліктерге жұмсайтын жеке қажеттіліктерге арналған үзілістер; қандай да бір еңбек процестерін орындаудың өзіндік технологиялық және ұйымдық шарттары көзделген жұмыстағы үзілістер.
Нормаланбаған уақыт шығындары өндірістік тапсырмада көзделген жұмыс уақыты және регламенттелмеген үзілістер уақытына бөлінеді.
Өндірістік тапсырмаларда көзделмеген уақытқа жұмысшының өндірістік қажеттілік туғызған кездейсоқ жұмыстарға жұмсаған уақыты, сондай-ақ өндірістік емес (артық) жұмыстарды, яғни өнімді көбейтуге және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік бермейтін жұмыстарды орындауға жұмсаған уақыт кіреді.
Регламенттелмеген үзілістерге:
еңбек процессінің қалыпты ағымының жұмыс орнына қызмет көрсетудегі және оны үздіксіз жұмыс істеуге қажетті барлық заттармен (шикізатпен, материалдармен, дайындамалармен, құралмен) жабдықтаудағы ұйымдық және техникалық ақаулықтардың салдарынан, сондай-ақ электр энергиясы, газ, бу, ауа, су және т.б. келуі тоқтатылудың нәтижесінде бұзылуы салдарынан өндірістік тапсырманы орындау кезінде пайда болатын;
әр түрлі себепсіз жағдайлар бойынша жұмысшының жұмыстан кездейсоқ алаңдауының нәтижесінде еңбек тәртібінің бұзылуы салдарынан туындаған үзілістер кіреді.

2. Жабдықты пайдалану уақытын сыныптау
Жабдықты пайдалану уақытының шығындары нормаланатын және нормаланбайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уақыт нормативтерін базалық жүйе негізінде әзірлеу
Еңбекті ұйымдастырудың мәні
Өндірістік кәсіпорындағы жұмыс уақытын пайдалануды талдау
Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру «Доссормұнай» МГӨБ
Жұмыссыздық және халық табысы
Кәсіпорынның еңбек ресурстары
Жұмыс орнына қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Нарық жағдайындағы еңбек потенциалын тиімді пайдалану мәселелері
Кәсіпорынның персоналын басқару
Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру
Пәндер