Жеңіске рух берген әндер


Жеңіске рух берген әндер
Жарияланды 18-10-2012, 18:13 Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жеңіске рух берген әндер»
Мақсаты:
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.
Көрнекіліктері: Жеңіске арналған плакаттар, тақырып жазылған бильборд.
Бабалар мұра еткен елдігіне,
Тамсандық ағалардың ерлігіне.
Қан төгіп, жан қиып жатқан Ұлы Жеңіс,
Бүгінде 65 жасқа толды міне.
Әлемге той деп бүгін жар саламыз,
Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.
Төрлетіңдер достарым төрлетіңдер,
Жеңіс күні біз бүгін ән саламыз.
Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! 9 мамыр Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне арналған «Жеңіске рух берген әндер» атты патриоттық ән байқауын ашуға рұқсат етіңіздер!
Сіздерді 9 мамыр Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға қуаныш, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.
Келесі құттықтау сөзді Майлыбас ауылдық округінің әкімі Рахметов Шудабай ағайға береміз.
Ардақты елім, кең елім,
Құтты болсын мерекең.
Ырыс көктеп жеріңде,
Арта берсін берекең.
Енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. 2. 3.
Байқауға әннің орындалу шеберлігі ескеріледі және ұпайы бірден хабарланады.
Жоғарғы ұпайы -10
Төменгі ұпай - 5
І, ІІ, ІІІ орын белгіленеді.
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Сонымен кешімізді бастаймыз біз.
Таңданайық өнерге тамсанайық,
Биші - Бақнұр ортада қарсы алайық.
Шабыттансын, көңілі көтерілсін
Өнерліні мадақтап жар салайық.
Би:
Отаным менің кең байтақ Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!
«Отаным» орындайтын 5 сынып оқушысы Абылай Әсем
Жырлайды сені жел жұпар шашқанда,
Жырлайды көктем гүлдерін ашқанда.
Тұрасың сен мәңгі жас болып жүректе,
Жүресің сен мәңгі ән болып аспанда.
«Мәншүк» орындайтын 6а сынып оқушысы Өмірзақов Ерлан
Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан - Қазақ елім?
«Қазақстан елі» орындайтын 9б сынып оқушысы Жәуміт Ақтоты.
Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі,
Қаһарманы заманымның бұл енді.
Отан даңқын мүддесі үшін қажеттік,
Сарбаздар ол - елдігімнің тірегі.
«Сарбаздар « орындайтын 7б сынып оқушысы Мықтыбай Фатима
Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде
«Атамекен» орындайтын 9асынып оқушысы Өмірзақов Дінмұхамед
Қыр қызы орындады, берген антты,
Халқына адал болу ердің салты.
Елі үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты
«Мәншүк туралы жыр» орындайтын 6а сынып оқушысы
Зинелбай Арайлым
Саған жырдан - сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім,
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін!
10 сынып оқушысы Төлепбергенова Айгерімнің орындауында «Саржайлау» әні
Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,
Егеменді алғаныма қуанам.
6б сынып оқушысы Нұрмағамбетов Әлібидің орындауында
«Егеменді ел Қазақстан» әні
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңменен жер қойнына кірер денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен
Ойлансаңшы бос қақпай елең-елең.
«Катюша» орындайтын 8а сынып оқушысы Муса Зарина
Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,
Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.
Кенжебектей баламыз ән шырқаса,
Жан бар ма екен қызығып, тамсанбаған.
«Қазақ жігіттері» орындайтын Болатбек Кенжебек
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
10 сынып оқушысы Ізенова Перизаттың орындауында
«Синий платочек»
Армысың ата-қоныс, атамекен,
Киелі қасиетті туған өлкем
Саған деген сезімім, сағынышым,
Жыр болып төгіледі жүрегімнен.
«Атамекен» орындайтын 5 сынып оқушысы Жәуміт Айшабибі
Батыр болған бабалар
Ел бастаған даналар
Байтақ жерге жау тигізбес,
Сарбаздар қазақтың сарбаздары
«Сарбаздар » әні орындайтын 8б сынып оқушысы Жұмабай Дәуірхан.
Астанам -нұрлы астанам,
Гүл жайнаған жас қалам
Егеменді елімді
Болашаққа бастаған.
«Астана» орындайтын 9а сынып оқушысы Тынысбек Қарлығаш
Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,
Отан - әнмен жүрегім тербеледі.
«Қазақ жігіттері» орындайтын 9б сынып оқушысы Қанатбай Құрманғазы
Бейбітшілік жанымыздың
Гүл саясы шешек атқан
Ырғағы ол әніміздің
Көгершіндей қанат қаққан
«Ақ көгершін» әні орындайтын Нұрберді Айжан
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан -елім менің
«Тәуелсіз қазақ елі» орындайтын Жаңабай Нұртуған
Осымен байқауымыз тәмамдалды. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіске рух берген әндер» атты патриоттық әндер байқауы аяқталды.
Мемлекет басшысының құттықтауы.
Қымбатты ардагерлер, мен сіздерді бүгінгі қасиетті де қастерлі мереке - Жеңіс күнімен құттықтау үшін Астанадан Алматыға арнайы келдім. Сұрапыл соғыстың біткеніне, міне, 66 жыл болды, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да жақындап келеді. «Кеңес Одағы» деген үлкен мемлекеттің миллиондаған халқымен бірге, Қазақстан да бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Қасиетті де қастерлі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен шейіттерді жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету - біздің, кейінгі ұрпақтың ең басты парызы. Егер де ойлап қарасақ, халқымыздың басына түскен 30-шы жылдардағы зұлматтан кейінгі қазақтың басына түскен екінші бір сұрапыл қырғын Ұлы Отан соғысы болғандығы ақиқат. Бұл соғыста біздің азаматтарымыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғары деңгейдегі үлгісін көрсетті.
558 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды, ал оның ішінде қазақ азаматтар да аз емес еді. Уақыт өткен сайын аға толқын - сіздердің қол жеткізген ауқымды жетістіктеріңіздің, ірі табыстарыңыздың маңызы артып келеді. Соғыстан кейінгі күйреген экономиканы қалпына келтіруде ардагерлер қажырлылық танытып, атсалысты. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз, отансүйгіштіктеріңіз, бірліктеріңіз, бауырмалдық және ынтымақтастық қасиеттеріңіз бүгінгі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан үлкен құндылық болып табылады. Сондықтан да сіздерге басымызды иеміз. Мұның өзі, әсіресе, биылғы жылы өз тәуелсіздігінің жиырма жылдығын атап өтетін жас мемлекетіміз үшін өте маңызды. Бір құптарлығы, аға ұрпақтың ұланғайыр жеңісі мен еліміздің бүгінгі жеңісі бір-бірімен тығыз байланысты. Егер де жеңімпаз әкелеріміздің ерлігі болмағанда, біз мұндай мемлекетті құра алмас едік.
Туған Отанының бостандығы мен азаттығы үшін ауызбен айтып жеткізгісіз қиындыққа төзіп, Ұлы Жеңіске қол жеткізген майдангерлерден қалыспай, тылда қажырлылықпен еңбек еткен, сөйтіп, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қоса білдіңіздер.
- Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға көпшіліктің, анығырақ айтқанда, бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз, - деді Елбасы.
Тағы бір айта кететін жәйт, көпшілікке жақсы белгілі, сол бір сұрапыл соғыс жылдары көптеген зауыттар мен фабрикалар Қазақстанға көшіріліп, онымен бірге, көптеген адамдар да келді. Қазақ халқы олардың барлығын құшағын жайып қарсы алып, бауырына басты. Соғыс жылдары елдің мерейі, біздің халқымыздың беделі үстем болды. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезеңде әлемде қолайсыз жағдайлар орын алғанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін бейбіт аспан астында, бейбітшілікті көзіміздің қарашығындай сақтап келеміз. Ең бастысы, көп ұлтты халқымыздың арасындағы достықтың нәтижесінде тату-тәтті тіршілік жалғасуда. Қазақстанның бүгінгі жетістігі, әлемдік деңгейдегі абырой-беделі, сіздерді, ардагерлерді қуантады деп ойлаймыз.
Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған салтанатта ардагерлермен жүздесу кезінде Елбасы республика халқының арасында ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытындағы ауқымды іс-шаралар мен жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, оларды ерлік рухында тәрбиелеу жұмыстарының жалғасуы нәтижелі екендігін де назардан тыс қалдырмады. Игілікті іс қашанда өз жемісін беретіндігі сөзсіз. Тәуелсіздік алғанына небәрі жиырма жыл ғана толатын жас мемлекеттің аз ғана мерзім ішінде экономикасының қарыштап дамып, әлемде танымал мемлекетке айналуы осы уақыт ішінде атқарылған орасан еңбектің нәтижесі. Халықтың әлеуметтік ахуалы айтарлықтай жақсарды.
қасиетті Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Басқыншылардың «фашистік армия жеңілмейді» деген аңызының күл-талқанын шығарып, жойқын шайқасқа немістің 50 танкісі қосылғанда танктер шабуылын қатарынан екі рет тоқтатқан 28 панфиловшы батырлардың ерен ерлігі мен қаһармандығы ешқашан ұмытылмақ емес және ұмытылмайды да. Соғыстың соңғы нүктесінің Қостанай облысында құрылған Кутузов орденді 150-ші Идрицтік атқыштар дивизиясының қатысуымен қойылуы да көп нәрседен хабар берсе керек.
Елдің басына үлкен қауіп пен қатер, алапат қайғы мен қасірет төнген сол бір ауызбен айтып жеткізгісіз ауыр уақытта оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлердің көрсеткен өшпес ерлігін, қаһармандық өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру ең басты мақсатқа айналуға тиіс.
- Ерлікке - мәңгі тағзым, біз мұны әрдайым есімізде сақтаймыз және уақыт өткен сайын майдангерлердің, яғни сіздердің жауынгерлік қаһармандық ерліктеріңізді жиі еске алатын боламыз. Майдангерлердің соғыстан кейінгі қираған қалаларды, мемлекетті қалпына келтіруге қосқан үлестері де сүбелі. Біз бүгін Қазақстанда мақтаныш етіп отырған экономика да сіздердің көмектеріңізбен, тікелей ықпалдарыңызбен жүзеге асырылды. Кезінде мен күш-жігерлеріңіздің бар кезеңінде сіздермен бірге еңбек еткен адаммын, енді бүгінде жаңа толқынмен еңбек етудемін. Жас қазақстандықтардың аға ұрпаққа деген құрметі мен терең түсіністігі, туыстық рухы қаншалықты күшті екендігін көріп те жүрмін. Осы қиыншылықтың бәрін көрген, басынан кешкен еліміз бейбіт, ядролық қарусыз өмір үшін күрестің, сондай-ақ көрші елдермен туыстықтың, ынтымақтастықтың қолдаушысы болып келеді. Бір құптарлығы, біздің елімізде бейбітшілік, тыныштық, тұрақтылық салтанат құрған, әрине, онда сіздердің - соғыс ардагерлерінің де үлесі зор. Сіздерге тағзым етеміз, құрметті ардагерлер. Мықты денсаулық тілей отырып, өз еңбектеріңізбен, өз сөздеріңізбен жас ұрпаққа бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін қажетті патриоттық рухта тәрбиелеудің, баулу мен өзара құрметтің үлгі-өнегесін көрсете беріңіздер, өйткені бұл күллі әлемге қажет құндылық.
***
Құрметті астаналықтар және қала меймандары!
Сіздерді 9-мамыр - Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке - жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де - осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz