«Эйр Астана» әуекомпаниясында сауалнама және тест жүргізу арқылы персоналдың мінез-құлқын бағалау


«Эйр Астана» әуекомпаниясында сауалнама және тест жүргізу арқылы персоналдың мінез-құлқын бағалау
Қазіргі кезде Қазақстан кәсіпорындары және мемлекеттік органдар өз қызметкерлерінің жеке интеллектуалдық қабілеттерін, мінез-құлқын және кәсіби біліктілігін анықтау үшін тест жүргізетіні белгілі. Сондай-ақ, тестілеу кәсіпорындағы персоналдың кәсіби және мінез-құлықтық мінездемесін анықтауға, қызметкерлер арасындағы іскерлік қарым-қатынасқа талдау жасауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын басқармасы және менеджері жайында персоналдың көзқарасы және басқару жүйесіне ойлары қандай екенін білу өте маңызды.
«Эйр Астана» әуекомпаниясындағы персоналдың мінез-құлқын анықтау үшін компьютер бағдарлама арқылы тест алынады екен. Бұл өте тиімді болып есептелінеді, себебі 150 қызметкерлер 10 минут ішінде жауап береді.
Персоналдың мінез-құлқын бағалау үшін жүргізілген тест нәтижесі:
Компания қызметкерлерінен алынған тест жауаптары бойынша мындай қорытындыны шығаруға болады:
№1 сұрақ психологиялық тұрғыдан алып қарасақ өте қажетті. Өйткені ұйым ішінде 26% қызметкерлер өзінің жұмысын басшы дұрыс бағаламайды деп санайды, олар осы мәселе жайлы өзінің тікелей басшысына айта алмауы мүмкін. Ұйымда мұндай жағдайлар орын алмауы керек, өйткені корпоративті кодексте көрсетілгендей, менеджер өз қызметкерлеріне еркіндік береді.
№2 сұрақ арқылы қызметкерлер жақсы қарым-қатынаста екенін білдік, яғни ұйымдағы әлеусеттік-психологиялық ахуал жағымды.
Ұйым ішінде персоналды мінез-құлқы дұрыс бағытта басқарылады, оны біз ұйым ішіндегі қызметкерлер ҚР қабылданған заңдар мен компания орнатқан ережелер мен кодестерге сәйкес жұмысты орындауға 85% тырысатыны жайында №3 сұрақтан байқаймыз.
№4 сұрақ компания қызметкерлері мекеме басшының жұмысына қанағаттанатынын және оны қолдайтынын білуге мүмкіндік береді.
Компаниядағы қызметкерлердің тәртібін тексеру үшін №5 сұрақ қойылды, тест жасырын түрде өтті, сол себепті барлық тұлғалар шынайы жауап берді.
№6 сұрақта компанияның ұстанатын саясаты қызметкерлерді жалпы қанағаттандырады, бірақ жауап берушілерді 37% өзгерістер енгізуге болады деп санайды. Ұйым саясатына қызығушылық тудыратын тұлғалардан ұсыныс хаттарын алуға болады.
№7 сұрақ арқылы қызметкерлердің ұйымға деген көзқарасы қандай екенін анықтадық. Қызметкерлердің 48% ұйымды екінші отбасым деп санауы менеджерді қуантатын жай. Яғни бұл тұлғалар компанияның дамуына және әрі қарай жетілуіне бар күшін салады.
Компания қызметкерлерінің №8 сұраққа жауабы бойынша, ұйым ішінде жапондық және американдық менеджмент жүйесі аралас жүретінін анықтады. Яғни, жұмысты топпен орындауы 47%, ал жеке өздері 34%-ды қалайды екен.
Герцбергтің ұйымдағы гигиеналық факторлардың болмауы әсерінен адам өзінің жұмысына қанағаттанбауы мүмкін. №9 сұрақ арқылы компания ішінде персоналдың тиімді қызмет етуіне жақсы жағдайлар жасауға тырысуы керек.
Соңғы сұраққа келер болсақ, қызметкерлердің көпшілігі, яғни 63% «Эйр Астана» әуекомпаниясында ұзақ мерзімде жұмыс істеуін қалайды екен. Ол дегеніміз компания менеджері және басшылығы қызметкерлерді дұрыс басқарады және әр біреуіне ыңғайлы жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар, ұйымдағы персоналдың мінез-құлқын басқарудың тағы бір құралы сауалнама жүргізу . Сауалнама сұрағы компанияның 50-ге жуық адамға қойылды. Сауалнаманың басты сұрағы «Эйр Астана» әуекомпаниясында пеерсоналдың мінез-құлқы дұрыс басқарылады ма? бұл сұраққа адмдар келесідей жауап берді:
- Йә- 31 адам;
- Жоқ- 8 адам;
- Орташа- 11 адам
Жүргізілген сауалнаманың пайыздық көрсеткіші (%)
Диаграмма сауалнама нәтижесі, %-дық көрсеткіште берілген. Яғни, бұл сұраққа йә - 62%, жоқ - 16%, орташа - 22% адамдар жауап берген.
Қорытындылай келе, жүргізілген сауалнама бойынша компнияда персоналдың мінез-құлқы жүйелі түрде дұрыс басқарылатынына көз жеткізуге болады. Алайда, болашақта алынатын сауалнама нәтижелерінде орташа және нашар басқарылады деген жауаптар мүлдем болмауы үшін, компания басшылығына тағы күш салу керек екені анық.
«Эйр Астана» АҚ-да персоналдың мінез-құлқын басқарудың жетілдіру жолдары
Әр бір кәсіпорынның даму мен өркендеуінің басты кілті- ол ұйымдағы адам ресурстарын яғни қызметкерлердің мінез-құлқын дұрыс басқару болып табылады.
«Эйр Астана» әуекомпаниясында персоналдың мінез-құлқын басқару үшін көптеген әдістер қолданады. «Эйр Астана» персоналдың мінез-құлқын басқару үшін көптеген әдістер қолданады. «Эйр Астана» персоналды басқарудың тиімді әдісі ретінде дәстүрлі жолмен «біздің байлығымыз - адам ресурсы» қағидасын культке айналдыру қажет.
Ұйымда персоналдың мінез-құлқын басқарудың тиімділігін арттыру үшін бірнеше маңызды жолдарды көрсетуге болады:
- ұйымда адам ресурсын дамытуға көңіл бөлу - ұйымның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі болып табылады. Компанияда адам ресурсын дамыту - еңбек ететін қызметкерлерге өздерінің жеке және ұйымдық дағдыларды дамытуға көмек беретін құрылым. Адам ресурстарын дамыту бірнеше мүмкіндіктерді біріктіреді: қызметкерлерді оқыту, мансабын жоспарлау еңбегін дұрыс бағалау, еңбек өнімділігін жоғарылату.
- кәсіпорындарда қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуді жетілдіру, кәсіпорында персоналдың мінез-құлқын басқару құралы ретінде ұйымда әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру керек. Ең алдымен ұйым ішінде әлеуметтік серіктестікнегізнде бөлімшелердің ұжымында дұрыс жұмыс микроклиматын құруға бағытталған, бұл қызметкерлерге өздерінің негізгі функцияларын орындауға мүмкіндік береді. Бөлімшелерде қызметкерлерді әлеуметтік қолдау туралы ережелер әзірлеп, кәсіпорынның қызмет ету саласында қызметкерлердің қалыпты қызмет етуі үшін барлық жағдайлар көзделу керек. Бағдарлама компаниядағы әлеуметтік сипаттағы төлемдердің өсуін арттырады, олардың едәуір үлесін қызметкерлердің демалысына емделуге берілетін материалдық көмек, мерейтойлық жасқа толған қызметкерлер мен зейнеткерлерге материалдық көмек, Жаңа жылға және 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған сыйлықтар құрайды. Болашақта егер компанияның күші келетін болса, қызметкерлердің тұрғын-үй жағдайларын жақсартуға және қамтамасыз етуге назар аударса болады. Көп жылдар бойы үздік жұмыс істеген қызметкерлерді қамтамасыз етуге әбден болады.
- Персоналдың мінез-құлқын ұлттық дәстүрге негіздеп басқару. «Эйр Астана» әуекомпаниясы персоналының мінез-құлқын ұлттық дәстүрге сәйкес басқару екі факторларға негізделуі керек:
- Ұйымды және персоналды басқару бойынша шет ел тәжірибесін меңгеріп, шығармашылық нәтижеге негізделе компанияда оны қолдану;
- Әрқашан ұлттық ұлттық дәстүр мен құндылықтарды сақтау арқылы.
Бұл қағидалардағы басты түсінік, компания қызметкерлердің еңбек өнімділігін және кәсіпорын деңгейін көтеру мақсатында өздерінің қызметкерлерін дамығын мемлекеттерге білімін жоғарлату үшін оқу курстарына жібереді. Әрине шет елдерде персоналды басқару жүйесіндегі ерекшеліктерін компания менеджері білуі тиіс. Бірақ, олардың басқару жүйесі біздің кәсіпорынға, басқару стиліне және біздің дәстүрімізге сәйкес келмеуі мүмкін екендігін ескеру қажет.
- Кәсіпорында персоналға жағымды әлеуметтік - психолгиялық ахуал жасау. «Эйр Астан» әуекомпаниясы өздерінің қызметкерлеріне зейнетақыға дейін жұмыспен қамтуға мүмкіндік бере алады. Егер маман ұйым ішінде өзінің болашағына сенімді болса, онда ол ұйымға тез бейімделеді, басқа қызметкерлермен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысады, бар күшін салып еңбек етеді, уакқыт өте келе ұйымда ол өзін отбасындай сезінеді. Сәйкесінше, ұйымда әлеуметтік-психологиялық ахуал жағымды болады, ішк дау-жанжалдар минимумға түсіріледі. қызметкерлер ақылдаса отырып, біріге жұмыс істейді.
- Персоналды ынтландыру тәсілдерін жетілдіру. Ұйымдағы жақсы жұмысымен ерекшеленген қызметкерлерді әрқашан ынталандырып отыру керек. Ынталандыру тек материалдық қана емес, яғни жұмыс мансабын жоғарылату, премия тағайындау, авторлық куәлік беру, акцияларды сатып алуға көмек беру, әуе ұшуларына пайыздық жеңілдік құжатын беру, кәсіпорын есебінен отбасымен демалысқа жіберу, қызметкерлердің мақаласы мен ұсыныстарын кәсіпорын ішіндегі баспаларға шығару және т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz