Азаматтық құқықтың рөлі және мүліктік пен мүліктік емес қатынастарды реттеу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Азаматтық құқықтың рөлі.

Азаматтық құқық - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз - мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар -материалдық игіліктермен(мүлік, ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету және т. б. ) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату - сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.

Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді -мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.

Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.

Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын - мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т. 6. ) .

Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.

Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.

Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі және бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.

Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерек-шеліктері:

біріншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір-бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар; екіншіден, азаматтық құқықтық қатынастар занда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болады; үшіншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рөл атқарады; төртіншіден, азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелілігі.

Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуьшың негіздеріне заңды фактілер жатады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер зандарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен занды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық зандарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабына сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер:

1) зандарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ зандарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден; 2) зандарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;

3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен; 4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе ием­дену нәтижесінде; 5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде; 6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан; 7) азаматтар мен занды тұлғалардың өзгеде әрекеттері салдары­нан; 8) зандар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын бай-ланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: мүліктік пен мүліктік емес қатынастардың тұжырымдамасы
Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы мен түрлері: мүліктік және мүліктік емес құқықтар
Азаматтық құқықтың негіздері: мүліктік қатынастар және мәмілелер
Азаматтық құқық объектілері: мүлік пен мүліктік емес құқықтардың синтезі
Қазақстан Республикасында материалдық емес игіліктер мен жеке мүліктік емес құқықтарды азаматтық-құқықтық реттеу және қорғау
Қазақстан Республикасындағы жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды азаматтық-құқықтық реттеу және қорғау
Автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары: құқықтық негіздері мен қорғалуы
Абылай ханның азаматтық-құқықтық рөлі және мүліктік қатынастар тарихы
Мүліктік емес құқықтарды қорғау: Қазақстан Республикасының азаматтық-құқықтық теориясы мен практикасы
Ерлі-зайыптылардың жеке (мүліктік емес) құқықтары мен міндеттері: құқықтық табиғаты мен мүліктік қатынастармен өзара байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz