Жаңа дәуірдегі Франция


Жаңа дәуірдегі Франция
XVIII ғасыр Франция үшін Ұлы француз буржуазиялық революциясымен ерекшеленді. Оның түбірлі себебі болып өндірістік күштер мен феодалдық өндірістік қатынастардың арасындағы шиелініскен қарама-қайшылықтардың өршуі табылды. Феодализм елдің объективтік тарихи дамуын тежеді, Жаңа формацияның ауқатты топтары - өнеркәсіп иелері, саудагерлер, банкирлар өздерінін жағдайына көңілі толмады.
Ішкі нарық өнеркәсіп үшін өте тар болды. 1788 жылы Францияда айрықша экономикалық тоқырау орын алды. Селолардағы астықтың шықпауы шаруалардың көтерілісіне түрткі болды. Француздың ұлы ағартушылары Ш. Монтескье, Волй гер, Ж. Ж. Руссо бұл мәселеге қатысты түбегейлі реформаларды жүзеге асыру қажеттігін негіздеді. Ш. Монтескье өзінің «Заңдардың рухы туралы» еңбегінде былай деп жазды: "Заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің бір тұлғаның немеее органның қолында шоғырлануы жағдайында бостандықтың болуы мүмкін емес".
Патша үкіметі аталған талаптарды орындауға мәжбүр болды, Ол бір жарым ғасырдан астам уақыт шақырылмаған Бас штаттарды шақыру туралы жариялады. Бас штаттарды шақыру 1789 жылғы 5-мамырда өтті. Бұдан соң бірден мына мәселелерге қатысты даулар басталды: депуттардың өкілеттігін тексеру тәсілдері, біріккен және бөлек отырыстар. Бас штаттардың мақсаттары, үшінші сословиенің (буржуазияның) құқықтары туралы. Патшаның қолдауын тапқан алғашқы екі сословие - дворяндар мен дін қызметкерлері дауыс берудің ескі тәртібін жақтады: әр сословиеден бір дауыс берілді. Бұнымен үшінші сословиенің өкілдері келіспеді. Олар отырыстардың сословиелер бойынша бөлек емес, бірге өтуін және осы отырыстардағы шешім көпшілік дауыспен қабылдануын талап етті. Үкімет дауыс берудің мұндай тәрітібін қабылдаудан бас тартты. Бұған жауап ретінде үшінші сословиенің өкілдері 17 - маусымда өздерін Ұлттық жиналыс деп, ал 1789 жылғы 9 - шілдеде француз халқының атынан заңдарды қабылдауға және жоюға құқығы бар Құрылтай жиналысы деп жариялады. Патша мен ақсүйектер Версальға (бұл жерде Құрылтай жиналыс орналасқан болатын) әскер жинай бастады. Парижде патшаның бұл шаралары туралы мәлім болған соң, халықтың көтеріліске шықты. Көп ұзамай көгеріліске шыққан халықтың жағына әскердің басым көпшілігі өтті, сөйтіп, қала толығымен көтерілісшілердің қолына өтті. 1789 жылғы 14 шілдеде халық патшаның абсолюттік билігінің рәмізі - қорған-түрме Бастилияны басып алды. Бұл күн француз халқының ұлттық мерекесі болып саналады.
Революция бүкіл елге тарады. Провинцияларды ескі органдардың орнына жаңадан өзін-өзі басқару органдары - муниципалитеттер құрылды. Революцияның қарулы күштері - ұлттық гвардия қалыптаса бастады, алайда, әскери қару-жарақтың қымбаттығынан бұл әскерге тек ауқатты адамдар алынды. Ұлттық гвардияның басына маркиз Лафайет тағайын-далды. 1789 жылғы 5 тамызда феодалдық режимді жою туралы декрет жарияланды. Сонымен, революцияның қозғаушы күші болып ірі буржуазия мен халықтың одағы табылды.
1789 жылғы 26 тамызда Құрылтай жиналысы ең алғашқы конституциялықө акт - "Адам және азаматтың құқықтары туралы декларацияны" қабылдады. Декларацияның кіріспе бөлімінде үкіметтің кемшіліктерінің себептері болып адамдардың білімсіздігі, адамның табиғи, ажыратылмайтын және қасиетті құқықтарын ұмыту табылады деп жазылды:
1) "Адамдар өз құқықтары бойынша тең және еркін болып туылады".
2) "'Әр мемлекеттік бірлестіктің (одақтың) мақсаты болып адамның табиғи құқықтарын қамтамасыз ету табылады. Олар: бостандық, меншік, қауіпсіздік, қанауға қарсылық".
Декларация адамдардың заң алдындағы тендігін ұлттын егемендігін, биліктің тармақтарға бөліну қағидасын және тағы да басқа маңызды ережелерді салтанатты түрде жариялады.
Декларацияны жасаушылардың ішіндегі Лафайет, Мираоо, Сиейс, Мунье, Дюпор сияқты ұлы тұлғалар XVIІ ғасырдағы Франциядағы алдыңғы қатарлы саяси ойлардың басты тұжырымдарын айқын, ашып көрсетіп өтті. Бұл еңбек Вольтер. Дидро. Гельвеций, Монтескье, Руссо, Мабли, ағылшын ойшылдары - Локк, Мильтон Блэкстон сияқты атақты ғалымдардың еңбектеріне сүйенді.
Декларацияда тұлға құқықтарының маңызды кепілдіктері мен зандылық қағиадалары бекітілді: қылмыс жоқ болса - жаза да жоқ кінәсіздік презумициясы (сот дәлелдемейінше ешкімді де кінәлі деп танауға болмайды) . Қылмыстарды жазалаудың әділдігі. Бұл жағдайлар Декларация авторларының демократиялық және алдыңғы қатарлы көзқарастарын, олардың жақсы теориялық базасы мен дайындығын көрсетеді.
Деклараиияда жалпы теңдік бекітілді, алайда. Декларацияны қабылдағаннан кейін бірнеше ай өткен соң, 1789 жылгы желтоқсанда Құрылтай жиналысы Сайлаушылар үшін мүліктік және басқа да ценздер енгізу туралы декрет қабылдады.
Барлық азаматтар мүліктік ценз бойынша "белсенділер" және «белсенділер» деп бөлінді. Белсенді азамат деп танылу үшін мынадай талаптар қойылды: 1) ұлты француз болуы керек: 2) жасы 25-ке толуы керек; 3) бір кантонда 1 жылдан кем емес уақыт сүруі керек; 4) үш күндік жалақы мөлшерінде тікелей салық төлеуі керек; 5) малай жағдайында болмауы керек. "Бәсең" азаматта сайлауға қатыстырылмайтын.
1790 жылдың басында бірқатар маңызды декреттер күшін енді. Шіркеу меншігін мемлекет ұлттандырды. Шіркеуде азаматтақы хал актілерін жазу құқығы алынды. Ол мемлекетті бақылауына көшті.
Жаңа әкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді. Франция 83 департаменке бөлінді, олардың әрқайсысына дистрикттер, кантондар, коммундар енді. Салық салу жүйесі біртұтас сипатты иеленді, дворяндық титулдар мен шендер жойылды.
Феодалдық режимді жойып, революция кәсіпкерлік қызметке жол ашты, бұл буржуазия үшін тиімді болды. Өз жағдайын күшейту үшін буржуазия Құрылтай жиналысы арқылы 179 жылы 21 қазанда халық көтерілістерін басу үшін қарулы күштерді қолдануға рұқсат беру туралы декретті қабылдады. 179 жылғы 14 маусымда көтерілістер мен ереуілдерді жүргізуге тыйым салған Ле Шапелье заңы күшіне енді.
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯ
17 шілдеде монархияға қарсы шыққан бейбіт демонстрттарды ұлттық гвардияның атып өлтіруі көптеген адамдар, буржуазияның контрреволюииялық сипатта екендігіне көз жеткізді. 1791 жылғы 13 қыркүйекте ҚҰрылтай жиналысы конституциялық монархияны заңдастыру үшін конституция бекітті. Бұл конституцияға сәйкес жоғарғы заң шығарушы орган ретінде 2 жылғы сайланатын бір палаталы ұлттық жиналыс (заң шығару корпусы) танылды, бұл органды патша тарата алмайтын. Атқарушы билік патша мен оның алдына жауап беретін министрлерге берілді. Патша қабылданған заңдарға вето құқын қолдана алатын. Сот билігі сайланбалы судьяларға берілді. Кассациялық және жоғарғы соттар құрылды. Консервативтік бағыты ұстанған депутаттар революцияң аяқталды деп санады, себебі, олардың ойынша негізгі нәтиж болып абсолютизмді конституциялық монархияға жеткізу табылды.
1791-1792 жылдары ұлттық жиналыс атқарушы билікпен бірқатар мардымсыз мәселелер бойынша шиеліністі қатынастарды орнатты. Осы кезде дворяндық-монархиялық контрревалюция өз қызметін белсендете түсті. Антифеодалдық лагерьде де ішкі қарама - қайшылықтар мен келіспеушіліктер байқалды. 1791 жылы негізгі үш топ бөлініп шықты:
1) фельяндар (фейяндар) констуциялық-монархиялық буржуазия мен либералды дворяндардын мүдделерін білдірді;
2) жирондистер (көптеген басшылары Жирондэ провинциясының депутаттары болып табылды) провинциялық сауда-өнеркәсіптік буржуазияның мүдделерін білдірді;
3) якобиндер (қасиетті Якоба монастыры кітапханасының атауымен) ұсақ орта буржуазияның қолөнершілердің шаруалардың мүдделерін қорғады.
1789-1791 жылдары саяси өмірде фельяндар үстемдік құрды.
ЖИРОНДИСТІК РЕСПУБЛИКАНЫ ЖАРИЯЛАУ
1792 жылы революциялық Франиия Еуропанын ірі монархияларының Францияға қарсы әскери коалициясын сезінді, олардың басты мақсаты болып революциялық Францияны әскери тұрғыдан құлату табылды. Контрреволюция патша мен сөз байласып елді соғысқа дайындады. Халық фельяндарға қарағанда әлдеқайда революциялық болып саналған якобиндерге өз ү мітін артты. 1792 жылғы 10 тамызда Парижде халық кө-терлісі басталды. Патша сарайы басып алынды және XVI Людовик қамауға алынды. Билік біраз уакытқа Париж Коммунасының қолына көшті. Ұлттық конвентті шақыру туралы декрет қабылданды.
1792 жылғы 17 тамызда қабылданған декретпен контррево-люционерлерді жазалау үшін Төтенше қылмыстық трибунап құрылды.
Қыркүйек айында Конвентке сайлау аяқталды. Нәтижесінде, 783 депутат сайланды (соның ішінде колониялардан 34 депутат), олардың ішінен 200-і жирондистер, 100-ге жуығы якобиндер болды, қалған депутаттар «болот» деп аталды.
21 қыркүйекте Ұлттық конвент монархияның жойылуы туралы жариялады. Конвенттің 1792 жылғы 25 қыркүйектегі декретімен Франция республика ретінде жарияланды. Алайда, революцияның басты мәселесі - деревнядағы феодалдық қатынастардың толық және түбегейлі жойылуы өз шешуін таппады. Азык-түлік мәселесі де күрделі жағдайда болды.
21 қаңтарда XVI Людовик өлтірілді. Якобиндер монархияның қайта орнауын болдырмау үшін оның өлімін қалады. 1793 жылғы наурызда Вандейде роялистік көтеріліс басталды, және сонымен бір мезетте соғыстағы жағдай да нашарлады. Яковиндердің абыройы түсе бастады. 1793 жылғы 2-маусымда Париж Коммунасының революциялық комитеті басшылық еткен Париждықтар мен ұлттық гвардия Жирондистік үкіметті құлатты.
10 маусымдағы декретпен ауылдағы феодалдық тәртіп жойылды. Ал 17 маусымдағы декретпен бүкіл феодалдық құқық жойылды. Шаруалардың көпшілік бөлігі бөлек жер алып, жер иелеріне айналды. 1793 жылғы 24-маусымдағы Конвентпен конституция қабылданды. Ол өзінің ішкі мазмұны бойынша 179? жылғы "Адам және азамат құқықтары туралы декларациядан" және 1793 жылғы Конституциялық актіден тұрды. Якобиндер конституциясы анағұрлым демократиялық сипатта болған еді басқарудың республикалық режимін бекітті. 1793 жылғы «Адам және азамат құқықтары» туралы декларацияда халық егемендігі әлдеқайда радикалдық қағидалары көрініс тапты. Бұл акт 21 жасқа толған барлық француз азаматтары үшін жалпы сайлау құқығын бекітті. Сайлаушыларды "белсеңділер" және "бәсенді деп бөлу жойылды. Мемлекеттік басқару функциялары 24 мүшеден құралған Атқарушылық кеңеске жүктелді, ол қабылданған декреттер мен заңдардың шегінде жұмыс істеуте тиіс болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz